Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:07, курсовая работа
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді1.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-териалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Кіріспе.......................................................................................................................3-4
І-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты..........................5-6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..........6-10
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері..........................................................10-12
ІІ-бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы....13
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау.....14-21
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау......................................21-29
ІІІ-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..................................................................................................................30-32
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..................................................................................................................32-34
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру......................................................34-35
Қосымшалар..........................................................................................................36-37
Қорытынды...........................................................................................................38-39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................40-41
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын тұрақтандырудың
ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның
ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына
келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы
төлем қабілетсіздікті жою
сурет–2
Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары.
Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акция-ларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.
Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [24].
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.
Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды іске асыру мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады [25].
Меншікті
капиталдың жетіспеушілігін азайтудың
бір жолы ол – оның айна-лымдылық
жылдамдығын арттыру болып
Меншікті қаржы ресурстарынының көлемін арттыру жолдары:
-тұрақты шығындар сомасын азайту
-айнымалы шығындар сомасын азайту
-жедел амортизацияны пайдалану
-пайдаланылмайтын мүліктерді сату
-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады [24].
Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш про-блема кездеседі:
-Төлемқабілеттіліктің
төмен болуы, яғни ақша
-Меншік
иелерінің мүдделерін толық
-Қаржылық
тәуелсіздігінің немесе
Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезін-де ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жа-ғынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұ-рақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді мін-деттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға кө-мектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қа-ражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзін-дік құнды төмендету негізінді арттырса.
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолда-рын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [30].
Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.
Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.
Жоғарыда
айтылғандарға қосымша
ІІІ-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. Кәсіпорынның
активтерінің өтімділігі мен төлем
қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.
Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.
Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.
М.А.Федотов
өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау”
атты еңбегінде өтімді-лікті
а)жарғылық капиталды арттыру;
ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;
б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;
в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;
е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).
Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін баланс құрамында өзгерістер күтіледі.
Бірінші әдіс 25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредитор-лық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өз-геріссіз қалады делік.
Сонда жүргізілген іс-шараның нәтижесін төмендегі 7-кестеден көруге бола-ды:
Кесте-7
Қысқа
мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімді
міндеттемелерге қайта
Көрсеткіштер | Өзгеріске дейін | Өзгерістен кейін | Өзгеріс |
Меншікті айналым қаражаттары | 52 625 | 67 625 | +15000 |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті | 2,2 | 3,7 | +1,5 |
Аралық өтімділік коэффициенті | 0,98 | 1,68 | +0,7 |
Абсолюттік өтімділік коэффициенті | 0,1 | 0,2 | +0,1 |
Жалпы осы есептеулерден кейін 25 млн. теңге қысқа мерзімді міндеттеме-лерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар активтердің өтімділігін арттыратына, яғни тиімді екеніне көз жеткізуге болады.
Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азай-тып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ақша қаражаттары” статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың теңге-ге дейін артады, ал “тауарлы-материалдық қорлар” 53600 мың теңгеден 28600 мың теңгеге дейін азаяды.
Жүргізіліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмендегі 8-кестеден көруге болады.
Кесте-8
Тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.
Көрсеткіштер | Өзгеріске дейін | Өзгерістен кейін | Өзгеріс |
Меншікті айналым қаражаттары | 52 625 | 52 625 | 0 |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті | 2,2 | 2,2 | 0 |
Аралық өтімділік коэффициенті | 0,98 | 1,4 | +0,42 |
Абсолюттік өтімділік коэффициенті | 0,1 | 0,5 | +0,4 |
Кестеден көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту және оларды ақша аражаттарына айналдыру тек екі көрсеткіштің, яғни аралық және абсолюттік өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі.
Сондықтан бұл әдісті басқа әдістермен біріктіріп пайдалану ұсынылады.
Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.
Екі әдісті бірге пайдалану кезіндегі кәсіпорын өтімділігінің артуын төменде-гі 9-кестеден көруге болады.
Кесте-9