Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 19:38, курс лекций
«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
1) ақшалай қатынастардың болуы, яғни ақша ғана қаржылық қызметтің негізін құрайтындығы (ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды);
2) екі субъектінің болуы, әрі екеуінің біреуінде ерекше міндеттердің болуы (бұл субъектілердің біреуі - мемлекет);
3) ақшалай қатынас негізінде жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаржыларының қолдануы;
4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзге де төлемдерін қалыптасуынсыз болмауы.
Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары
Қаржыландыру көздері
Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі
Жыл |
Таза ақша ағымы |
Дисконттеу факторы, B=12%, 1/(1+k)n |
Келтірілген құн |
0 |
5000 |
1,000 |
5000*1.000=5000 |
1 |
1000 |
0,893 |
1 000*0,893=893 |
2 |
2 000 |
0,797 |
2 000*0.797=1594 |
3 |
2 000 |
0,712 |
2 000*0.712=1424 |
4 |
1500 |
0,636 |
1500*0,636=954 |
NPV |
-135 |
IRR=8+331/331-(-135)*(12-8)=
Тақырып 11. Инвестициялық жобаның ақша ағымдарын болжамдау. Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
Дәріс сұрақтары:
1. Қаржылық талдау әдісі
2. Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері
1. Қаржылық талдау әдісі
Қаржылық операциялардан ақшалай ағымдарды бағалаған кезде үш негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:
есептеу мерзімі – n.Дисконттеу. Ақшаның уақытша құны туралы екі пікір бар:
1. Ақшаның уақыт бойынша құнсыздануы. Инфляция әсерінен бүгінгі ақша құны бірнеше жылдан соң құлдырауы мүмкін.
2. Әр түрлі
альтернативке байланысты
Бүгінгі қолдағы бар ақша құны белгілі бір уақыттан соң неше теңгені құрауы мүмкін? Ақшаның уақыт бойынша өзгеру құнын анықтау үшін пайыздық мөлшерлеме қолданылады. Белгілі бір пайыздық мөлшерлемеге сәйкес ақшаның белгілі бір уақыттан кейінгі өзгеру құнын анықтау процесін өсім деп атайды. Ақшаның болашақ құнын өсім сомасы дейді. Өсім сомасы келесі формуламен анықталады:
FV=PV+PV*r=PV(1+r)n;
Бұл формуламен кәсіпорынның ақша қаражаттарының ағымын анықтауға және болжауға болады.
Күрделі пайыз бойынша бастапқы ақшаның өсім сомасын анықтауды капиталдандыру дейді. Болашақ ақша ағымының бүгінгі құнын ағымдық құн дейді. Ағымдық құнды анықтау үшін дисконттеу ұғымы қолданылады. Дисконттеу - әр келгі кезеңдерде ақша ағымының уақыт бойынша реттелуі немесе құнсыздануы. Ағымдық құн келесі формуламен анықталады:
PV=FV/(1+r)n;
Пайыз жылында бірнеше рет есептелсе, онда ағымдық құн: PV=FV/(1+r/m)n*m; m өскен сайын PV азаяды.
Дисконттеу мазмұнын түсіну үшін пайыздық мөлшерлеменің мәнін білу керек.
Пайызды есептеудің екі түрі бар: жай және күрделі.
Жай пайызды есептегенде есептеу базасы өзгермейді.
FV=PV+PV*r +......+ PV*r =PV(1+n*r) немесе FV=PV(1+n*r/Т); Т=365
Қаржылық операциялардың ұзақтығы бір күемен анықталады. Уақыт мерзіміне байланысты пайыздың екі түрі бар:
1. Нақты пайыз – бір жылдағы нақты күндер санымен анықталады. 1 ж – 365-366; 1 кв – 89-92; 1 ай – 28-31;
2. Жай пайыз – жуық шамамен анықталады: 1ж-360; 1кв -90; 1 ай – 30.
Кезеңнің ұзақтығы екі жолмен анықталады:
1. Нақты күндер санын анықтау;
2. Күндер санын жуық шамамен анықтау.
Есептеу үш тәсілмен жүргізіледі:
1. жай пайызды
нақты күндер санымен есептеу:
Бельгия, Францияда
2. жай пайызды жуық шамамен алынған күндер санымен есептеу: Германия,Швеция; Дания.
3. Нқты пайызды нақты күндер санымен есептеу: АҚШ, Англия.
Жай пайыз қысқа мерзімдік несиенің, векселдің сомасын анықтау үшін қолданылады.
Пайыз жылында бірнеше рет есептелсе, онда өсім сомасы келесі формуламен анықталады: FV=PV(1+r/m)n*m m- бір жылдағы пайыз есептелетін кезеңнің саны.
Пайыздық төлем бөлшектік мерзім бойында есептелсе, онда өсім сомасы келесі формуламен анықталады: FV=PV(1+r)w*f ; w – бүтін мерзім, f – бөлшектік мерзім. Мысалы: пайыз 1,5 жылға есептелсе, онда w=1 жыл; f=0,5 жыл. w +f=n
Есептеу мерзімі бүтін және бір жылда бірнеше рет есептелсе, онда өсім сомасы: FV=PV(1+r/m)w*f
Бұл қарастырылған есептеулер белгілі бір дискреттік мерзім аралығында пайызды есептеуде қолданылады. Дискреттік мерзімді азайту және ұлғайтуға байланысты пайызды есептеудің шегі болады. Мұны үздіксіз пайыз дейді. Ең жоғарғы өсім сомасын алу үшін жылдық интервалды шексіз бөлшектеу керек, яғни: FV=limPV(1+r/m)n*m=PVer*n. Пайызды үздіксіз есептеу үшін қолданылады. Екінші тамаша шексіздік бойынша limPV(1+1/m)m=e – Эйлер саны – 2.718281. Жылдық пайыздық мөлшерді номиналдық пайыздық мөлшерлеме дейді. Номиналдық пайыздық мөлшерлеме тиімділікті анықтай алмайды. Сондықтан тиімді пайыздық мөлшерлемені анықтау керек. Ол келесі формуламен анықталады: FV=PV(1+r/m)m FV=PV(1+re)n*m re =(1+r/m)m-1, m өскен сайын re өседі. Болашақ ақша ағымының ағымдық құнын анықтауды дисконттеу д.а. Дисконттың ағымдық құны: PV=FV/(1+r)r=FV(1+r)-n, (1+r)r-болашақта алынатын 1 тг пайданың ағымдық құнын сипаттайтын дисконттық көбейтінді.
Егер пайыз 1 жылда m рет есептелсе, онда ағымдық құн: PV=FV ,
Егер n мерзім шексіздікке ұмтылса, онда ағымдық құнның шекті мәні келесі формуламен анықталады: limPV=lim , m өскен сайын, PV азаяды.
Аннуитет.
Егер пайыздық төлем дискреттік емес мерзімде есептелсе, онда мұндай жағдайда аннуитет ұғымы қолданылады.
Аннуитет (қаржылық рента) – бірдей уақыт мерзімі аралығында қатаң түрде төленетін төлемнің ұласпалы қатарын айтамыз. Егер төлем мерзімнің басында төленсе, онда мұндай төлемді пренумерандо, ал мерзімнің соңында төленсе, онда постнумерандо деп атайды.
Аннуитетті
күрделі пайыз бойынша есептеу
үшін өспелі геометриялық прогрессия
қолданылады. S=x1+x1*r1+x2+(x1+x2+x1*r1)r2+
S= xi((1+r)n-1)/(1+r)-1=xi постнумерандо, -1 жазылу себебі төлемді кезеңнің басында немесе соңында төлеуге байланысты.
-рента өсімінің коэффициенті д.а. – бұл n мерзім аралығында ақшаның жинақталуын сипаттайтын көрсеткіш.
Пренумерандо бойынша рентаның есептелінуі:
FV=x(1+r)
Егер төлем кезеңнің ортасында төленсе, онда: FV= FV 0(1+r)0,5, FV 0-постнумерандо рентасы. Егер жыл сайын бірдей салым салынса, онда: FV=PV
Аннуитеттің ағымдық құнын есептеу: PV =FV
Егер n мерзімінің соңына дейін пайыз есептелсе, онда аннуитеттің ағымдық құны: PV =FV (1+r)k, k-негізгі қарызды өтеу мерзімі.
2. Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері
Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері:
1-ші әдіс
компаундинг процесіне
FV = ∑PV * (1 + і) n = ∑PV * ҒМ1 ҒМ1 = (1 + і) n
ҒМ1-ң мөлшері
мультипликациялық көбейткіш
2-ші әдісі
дисконттау процесіне
PV= ∑ FV / (1+ і) n = ∑ FV * FM2 FM2= 1/(1 + і) n
ҒМ2 – дисконттау
көбейткіші. Оның экономикалық мәні келешектегі
ақшалай бірліктің белгілі
Тақырып 12. Бюджеттеу
Дәріс сұрақтары:
1. Ішкі фирмалық жоспарлау - әлемнің барлық елдерінің алдында тұрған басты проблема. Экономикалық өсу- бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі және сапалық тұрғыда жетілуі. Әрбір елдің үкіметі экономикалық өсу қарқынын ішкі ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншік құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оның табыстылығының төмендеуімен қосарлана жүреді. Басқаша айтқанда, экономика неғұлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседі. Сондықтан жиналған ақша үлесінің көбеюі алғашқы кезеңде жылдамырақ дамуға алып келеді де, содан кейін экономика капитал мен еңбек өнімділігі артуының ең жоғары деңгейіне жеткенде баяулай бастайды. Компанияның болашақ табысы қанағаттанарлықтай болса, онда бұл бағытта ұзақ мерзімдік жоспар құру қажет. Ұзақ мерзімдік жоспарлау өз қызметін ұзақ уақыт бойы жүргізіп отыру бағытын іздеу болып табылады. Корпоративтік жоспарлау кезінде 3, 5 және 10 жылдан кейін компанияның қызметі қандай болады деген сұраққа жауап беру үшін келесі мәселелерді қарастыру керек:
Жоспарлау міндеттемесі компанияның неге қол жеткізетінін көрсетеді. Табыс табу көптеген міндеттемелердің бірі. Компания көптеген міндеттемелердің біреуі бойынша шешеім қабылдау қажет. Ұзақ мерзімдік жоспардың саны айқын және оны жүзеге асыру кестесі болуы керек. Табысты шарықтату үшін және өндіріс көлемін ұлғайту әр дайым пайдалы бола бермейді. Міндеттемелерді былай жоспарлау керек:
Ұзақ мерзімдік жоспарлау нақты табыс әкеледі. Бюджет – бұл болжам емес, ол орынды әрекеттерге негізделген, қол жеткізуге болатын түйін. Болжам – болашақта күтілген түйін. Ұзақ мерзімдік жоспары жоқ ұйымдар біртіндеп сату көлемін ұлғайту үшін жарнаманы көбеутеді. Бұл жағдай біртіндеп бюджеттің құрылуына және басқа бір бюджеттің құрылуына алып келеді.
2. Жоспарлау кезеңдері:
Бюджет – белгілі бір болашақ мерзімдегі компания тұтасымен немесе оның бөлімшелері бойынша қаржылық және сандық сипаттағы жоспарын айтамыз. Бюджет компания басшысының міндеті мен саясаты шегінде құрылады. Төмендегі сызбада функционалдық және негізгі бюджетті даярлау реті берілген: