Қаржы менеджментінің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 19:38, курс лекций

Описание

«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
1) ақшалай қатынастардың болуы, яғни ақша ғана қаржылық қызметтің негізін құрайтындығы (ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды);
2) екі субъектінің болуы, әрі екеуінің біреуінде ерекше міндеттердің болуы (бұл субъектілердің біреуі - мемлекет);
3) ақшалай қатынас негізінде жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаржыларының қолдануы;
4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзге де төлемдерін қалыптасуынсыз болмауы.

Содержание

Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары
Қаржыландыру көздері
Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі

Работа состоит из  1 файл

лекций менеджмент.doc

— 695.00 Кб (Скачать документ)

 

Жалпы рентаб (Жр)=Экон.рент.(Эр)=БТz/Активтер x 100%


 

     БТ-баланстық табыс немесеТТ(таза табыс)

                                       БТz

                            МКР= —

                                       МК;

МКР-меншіктік  капитал рентабелдігі;МК-меншік капиталы.

                                    (1-СС)x(ЭР-ОЕПС)ʎҚК

                          ҚТТ=–――――――――――

                                              МК

Мұндағы; ЭР-экономикалық рентабельдік;

ҚТТ-қаржылық тетік  тиімділігі;

СС-салық ставкасы(корпоративтік салық ставкасы);

ОЕПС-орта есептік  проценттік ставка;

ҚК-қарыздық капитал.

                                    НШ

                      ОЕПС=——

                                    ҚК

Мұндағы; ОЕСП-жалпы кәсіпорынның несие бойынша шығындарын көрсететін көрсеткіш.

   НШ-несиелік  шығындар(несиені рәсімдеу бойынша,%-р  бойынша шығындар )

          Несиелік ресурстарды тарту бойынша  саясатты әзірлеген кезде кәсіпорындар  қаржылық тетік  тиімділігін  есептей отырып,ең басты диференциалға  назар аудару керек.Егер дифференцияда оң мөлшер болса және өсуге тенденциясы болса ткәсіпорынның несие қабілеттілігі жоғарлайды,яғни несие арқылы қызметін қаржыландыруға мүмкіншілігі бар.

    Қаржылық  левередж.

                                               ТТ

                                    ҚЯ=—―—―

                                              Бос*Т

 

                                    БТ=ТТ-МШ

 

 

 

МШ-за табыстан алынған міндетті шығындар.

 

                              БТ-СШ

                            —―—―

                            БТ-СШ-Ш

 

Таза табыстан төленетін міндетті шығындарға ерекшелігі бар акциялар бойынша девидорлар,өнімнің  өзіндік құнына жатпайтын%-р,бюджетке төленетін айыппұлдар жатады.Міндетті шығындардың және басқа шығындардың  көлемі өскен сайын кәсіпорынның таза табысы төмендегенде оның бас табысы тіпті көп төмендейді.Қаржылық тәуекел осы табыстардың өзгеруінің айырмашылығында болады.

Кәсіпорынның  қызметіне келесідей факторлар  әсер етеді:

1. Өндірістік  ресурстар,яғни ғимарат,машиналар,жабдықтар,тауарлы-материалдық қорлар

2. Табиғи ресурстар-жер,су;еңбек ресурстар-жұмысшылар.

Кәсіпорынның  жалпы қаржылық-өндірістік қызметін атқару үшін қаржыландыру қайнар көздерін тарту мен байланысты шығындар жүзеге асырылды.

 

 

 

Тақырып 7. Капитал құрылымының теориясы. Моделяни-Миллер үлгісі; ымыра үлгісі

 

Дәріс сұрақтары:

1. Кәсіпорынның  капитал құрылымы және оны   басқару

2. Негізгі капиталдарды  бағалау әдістері

 

1.  Кәсіпорынның капитал құрылымы  және оны  басқару

Қаржы ресурстары – экономикалық теорияда да практикада да кеңінен қолданылады. Оған банктегі ақша қаражаттарының шамасынан болжап кәсіпорын қаржының ғалама көрсеткіштеріне дейінгі әртүрлі мәне бар терминдер кіреді. Экономикалық ғылыми практика жүзінде қаржы ресурстары термині қолданылады, әртүрлі түсіндірмелер кіреді.

Қаржы Республиканың  мемлекеттік корпорацияларының  шығындарын өтеу және олардың қарамағында  әртүрлі ақша қаражаттары ретінде  түсініктеме беріледі.

Қазақстан республикасында  мынадай анықтама беріледі: Бұл ақша – несие және бюджеттік халық  шаруашылығын қамтамасыз ету және дамыту үшін үздіксіз пайдаланылатын әлеуметтік – мәдени шараларға басқару мен қорғанысқа жұмсалатын қаражат ретінде жүретін экономика жүйесінің құрамдас бөлігі.

Өзіңіз ақша табыстарымен шеттен  түсетін түсімдерін ақша ресурстары деп қарауға болады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектінің қарамағында болу, оның қаржы міндеттемелерінің орындалуы үшін арнайы жасалады да ағымдағы шығындарына және өндірісті кеңейтуге байланысты кететін шығын үшін жұмсалады. 

Кәсіпорын капиталы – ол пайда түсіретін кәсіпорын мүлігінің қаржылары. Капитал кәсіпорынның құру және дамыту басты экономикалық  база  болып табылады. Себебі, ол материалдық және материалдық емес формаларда инвестициялық активтерінің жалпы ақша құнын қалыптастырады.

Капитал өз функциялану  процесінде  жекеменшік, кәсіпорын персоналы сонымен қатар мемлекеттің қызығушылықтарын қамтамасыз етеді. Дәл осы капиталдың кәсіпорын қаржылық басқаруының негізгі объектісі ретінде анықтайды, ал оның тиімді пайдалануы қаржылық менеджменттің ең негізгі мақсаттарының бірі екенін дәлелдейді.

Жалпы кәсіпорын  капиталы ұғымында оның көптеген әртүрлі  түрлері түсіндіріледі, сондықтан  олардың белгілеріне қарай түрлерін қарастырайық. Иелігіне қарай: жекеменшік және қарыздық капитал. Жекеменшік капитал  жалпы фирманың қаражаттарының құнын білдіреді, себебі ол жекеменшік құқығына ие болады. Оның  құрамында жарғылық, қосымша, резервтік капитал, бөлінбеген пайда және басқа да резервтерн есептеледі.

Жарғылық капитал  мемлекет,  басқа меншік иесі  немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі  болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдарды) - өндіріс  процесінің  натуралдық заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.

Жарғылық капиталдың  мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі  капиталға  жұмсалатын инвестициялар (күрделі  жұмсалым), таза табыс есебінен болатын  айналым капиталдың өсімі, тауарлы  – материалдық құндылықтарды  бағалауға дейінгі және капиталдың басқа  толықтыру нәтижесінде көбейді.Негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тоғызын есептеу,зияндарды шығару, туралы материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.

Қосымша капитал  мыналарды қамтиды:

  • бағалауға дейінгі негізгі қаражаттардың сомасын;
  • фирмаға қайтарусыз берілген құндылықтар;
  • орналасқан акциялардың номинал құнына қосымша алынған сома (акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі).

Қосымша капитал  кәсіпорынға жыл ішінде жоғарыда көрсетілген каналдар арқылы түсетін ақша қаражаттарын басқарады. Бұнда негізгі канал – негізгі қорларды жоғары бағалау болып табылады.

Резервтік капитал  жарғыда бекітілген мөлшермен табысты  бөлуден құралады, ол жарғылық капиталдың 15 % нен кем болмауы керек. Жыл  сайын резервтік капиталға таза табыстың кем дегенде 5%  түсіп отыруы қажет, жарғыда бекітілген мөлшерге жеткенге дейін . Резервтік капитал мүмкін болатын кәсіпорын шығындарын жабуға, сонымен қатар кәсіпорынмен эмитенттелген облигацияларды жабу үшін, және өз акцияларын сатып алу үшін құрылады.

Қарыздық капитал  қайтару негізінде  фирманың қызметін, дамуын қаржыландыруға алынған ақша қаражаттарынан және басқа да мүліктік құндылықтардан тұрады. Фирмада қолданылатын қарыздық капиталдың барлық түрлері  белгілі мерзімде қайтарылатын қаржылық борыш болып табылады.

Инвестицияландыру  объектісіне қарай кәсіпорын  капиталды, негізгі және айналам  капиталы болып бөлінеді.

Негізгі капитал  – кәсіпорын қызметінде бір жылдан аса пайдаланып өз құнын дайын  өнімге бөлшектеп аударатын қаржылық құны болып табылады.

Байланыс капиталы пассивтері  активтердің құрылуы  үшін қызмет  етеді. Корпорация активтері  – бұл мүлікті құқықтар жиынтығы, яғни мүлікке ие болу, басқару, пайдалану  құқығы бар екенін білдіреді.

Активтер 2 түрлі  болады:

1. Айналымнан  тыс активтер;

2. айналым активтер.

Айналым активтері  – бұл бір өндірістік цикілінде  немесе ібр жылда ақша қаражатының  активтері.

  Айналым тыс  активтер – мобильдік активтер бөлігі. Айналымнан тыс активтер шаруашылық айналымнан шығып қалған кәсіпорын ақшалай қаражаты болып табылады.

Айналымнан  тыс активтер немесе негізгі капитал  өндірістің материалдық  базасын  техникалық деңгейін сипаттап, оларды ұлттық байлығының маңызды бөлігі ретінде  көрсетеді.

Негізгі қаражаттар – негізгі қорларға салынған ақшала қаражаттары болып есептеледі. мақсатына, міндетіне, рөлі мен атқаратын қызметіне байланысты негізгі қорлар белгілі  топтарға топталады. Негізгі өндірістік  қорларды типтік тоқталуына бірнеше топтар, құрылыстар, ғимараттар, лабораториялық есептеу техникалары, машиналар мен автоматты құрал – жабдықтар, көлік құралдары, кәсіпорын меншігінде болатын жер учаскелері.

Негізгі қорлар – шаруашылық процесінде бірнеше  рет қолданылатын бірақ өзінің формасын өзгертпейтін еңбек құралдары, олардың  құны, аммортизациялық аударымдар түріндегі өндірілген өнім бірлігіне (атқаратын қызметтер немесе көрсетілген қызмет немесе кәсіпорын мұқтажын өтеуіне қажет материалдық құндылықтар жатады. Олардың құны 12 айлық көрсеткіш немесе олардың әрбір бірлігі сатып алынған күннен бастап 50 айлық есептеу көрсеткіштерінен асып тұруы керек.

Айналымнан  тыс активтер (ұзақ мерзімді активтер) келесідей бөлінеді:

  • Материалдық активтер;
  • Материалдық емес активтер;
  • Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

Материалдық активтер – ол құрал жабдықтарға, машиналарға, жерге, жұмыс істейтін малға және  тағы сол сияқтыларға жұмсалып отыратын қаражаттар. Материалдық емес активтер – бұл шаруашылық жұмыстарға ұзақ мерзімде пайдаланатын әрі табыс әкелетін материалдық емес объектілерге салынған ақша қаражаттары. Яғни заттық формасы жоқ активтерге салымдар болады. Мысалы, кәсіпорынның   басқа кәсіпорынмен байланысы, табиғи ресурстарын пайдалану құқығы, патенттер, ноу-хау өндірістік құрылысы және т.с.с.

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға салынатын салымдар. Басқа жарғылық капиталдың үлесті қатысуға жұмсалатын шығындар.

Өндірістік  қорлар – тікелей немесе жанама түрде материалдық өндіруге қатысады. Өндірістік емес қорларға тұрғын үйлер, бала-бақшалар, санаториилер, яғни материалдық  емес салымның негізгі қорлары жатады. Өндірістің негізгі қорларының активтік және  пассивтік түрлері болады. Активті негізгі қорлар – шикізаттар мен материалдардың және жартылай фабрикаттарды өндеуге және тасуға тікелей қатысатын машиналармен  жабдықтайды. Пассивті негізгі қорлар өндірістік негізгі қорлардың қызметіне тікелей қатыспайды, бірақ сол өнімді өндіру үшін қажетті жағдай жасайды.

Экономикалық  салаларында негізгі құралдар құрылымы біркелқі болмайды, ол техникалық жабдықтауға  технологияның маман даярлау  мен өндірістік ұйымдарға байланысты болады.

Айналым капитал  ол кәсіпорын қызметінде 1 жыл арасында немесе 1 өндірістік циклде пайдаланып өз құнын  дайын өнімге толық аударылған қаражаттардың құны.

Тауарлы материалдық  запастар - өндірістік запастар (шикізат, материалдар, отын, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, дайын өнім).

Дебиторлық  қарыздар – ол қоғамға басқа тұлғалармен  ішкі бөлімдердің жұмысшылардың  қарыздары.

Ақшалай қаражат  – кәсіпорында қолма – қол  ақша (кассадағы, есептік, валютадағы шоттардағы ақшалар).

Келешек кезең  шығындары – ол қарастырылатын кезеңде  жиі асырылып, бірақ нәтижелі, келешек  кезеңдерде күтілетін шығындар.

Қысқа мерзімді қаржы салымдар – ол қысқа мерзімде бағалы қағаздарға салымдар.

Негізгі капитал  айналым капиталына қарағанда өз заттық формасын өзгертпейді (1 жылдан асатын қаржылар). Қаржылық менеджмент негізінде және айналым капиталдарының заттық формасы маңызды болмайды, ең бастысы олардың құны болады.

Кәсіпорындардың капиталы – ол пайда түсіретін  кәсіпорынның мүлігі және қаражаттары. Кәсіпорынның мүлігі ретінде капитал негізгі және айналым капиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал және айналамнан тыс активтер, ұзақ мерзімді активтер. Оған:  материалдық активтер, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жатады.

Айналым капитал немесе қысқа мерзімді активтер немесе ағымдағы активтер деп аталады. Оған: тауарлы материалдық запастар, дебиторлы қарыздар, ақшалай қарыздар, келешек кезең шығындары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.

Негізгі капитал  – ол кәсіпорынның қызметінде 1 жылдан аса пайдаланып, өз құнын дайын өнімге бөлшектеп аударатын қаражаттың құны болып табылады. Материалдық активтер дегеніміз құрал – жабдықтарға, машиналарға, жерге, жұмыс істейтін мамандарға салынатын қаражаттар. материалдық емес активтер – заттың формасы жоқ активтерге салымдар болады. Мысалы: кәсіпорынның құны,  патент т.б. Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – ол ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға салымдар болып табылады.

Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны