Қаржылық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2013 в 21:55, курс лекций

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпорынның тұрақты қызметтін қамтамасыз ету үшін қаржыларды тиімді басқару қажет. Кез келген коммерциялық ұйымның мақсаты ақша қаражаттарымен және тәуекелдікпен байланысты. Сонымен қатар, ұлттық экономиканың әлемдік кеңістікке кіруі нарықтарды кеңейтіп, бәсекелестікті күшейтеді, ал отандық кәсіпорындар үшін қаражаттарды тиімді қолдануға талап туғызды.
Қаржы менеджментінің үш негізгі міндеттеріне жатады: табыстылықты басқару, ақша каражаттарының бюджетін құрастыру, өтімділікті талдау. Осы міндеттерді атқару үшін арнайы дайындық қажет.

Содержание

Кіріспе................................................................................... 3
1 Тәуекел және табыстылық: портфель теория¬сы және активтерді бағалау модельдері........................................... 4
2 Капитал құрылымының теориясы: Модилья¬ни - Миллер моделдері: ымыралы моделдер............................ 14
3 Капитал салымын таңдау критерийлері............................ 21
4 Дивидендтік саясат және капитал құрылымы.................. 25
5 Айналым капиталың басқару ............................................ 32
6 Өтімді бағалы қағаздармен және ақша қаражаттарын басқаpу.................................................................................. 38
7 Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау. Ақша каражаттарының бюджеті................................................... 45
8 Корпоративтік қайта құрылымдау.................................. 49
Әдебиеттер ……………………………………………..... 58

Работа состоит из  1 файл

қаржылық менеджмент.doc

— 575.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорын капиталы келесі түрлермен сипатталады: 

- өтілім формалары бойынша, өндіріс процессінде және жүзеге асыру жұмыстарында капиталды ақшалай, өндірістік және тауарлы формаларын ажыратады;

- ұйымды – құқықтық формалар бойынша капиталды акционерлік, пайдық және индивидуалды формаларды ажыратады;

- орындалу мақсатына қарай өндірушілік, ссудалық және спекулятивтік капиталдарды ажыратады;

- қолдану процессі бойынша капиталды алудағы қарыздық немесе жеке құралдары.

Кез келген кәсіпорын өзінің іс-әрекетін өаржыландыру үшін, құрал көздеріне дұшар болады. Қаржылық менеджмент теориясында екі түсінікті қарастырады:

- қаржылық құрылым, коммерциялық ұйымды бүтіндей тұтас алғандағы қаржылық іс-әрекет әдісін түсіндіреді, яғни барлық құралдар көздерінің құрылымы, қысқамерзімді қоса алғанда;

- капитал құрылымы (капитализацияланған құрылым) құраладар көзінің нығызырақ бөлігіне жатады: СК+ДО.

Кәсіпорын капиталының  құрылуының негізгі мақсаты болып  алынған шынайы активтердің қажеттілігінің қанағаттандырылуы және капиталдың үйлесімді құрылымы.

Капиталды құрудағы принциптер:

- кәсіпорын іс-әрекетінің дамуындағы келешектегі есебі;

- капиталды қамту көлемінің арақатынасындағы және құралатын активтер көлемімен қамтамасыз ету;

- капиталдың қолайды құрылымымен қамтамасыз ету;

- капиталды құруға кеткен шығындардың минимизациясын ету;

- өндірістік – шаруашылық іс-әрекет үрдісіндегі капиталды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Капиталдың қайнар көздері. Капиталдың қайнар көздері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер – пайда және амортизация, сыртқы көздер – несиелер, бағалы өағаздар эмиссиясы. Ішкі көздер кәсіпорынның тәуелсіздігіне негіз болады және банкроттыққа ұшырауын төмендетеді, ал сыртқы көздер ЭФР-ң пайда болуына алып келеді, және администрация мен акционерлер арсындағы жалжалды жеңілдетеді (жұмсартады).

Капитал – бұл өндірістегі  қажет фактор және басқа факторлар  сияқты оның құны болады. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі қаржылық ресурстардың авансталған пайдасына ол пайыздар, дивиденттер, сыйақылар төлейді, яғни өзінің экономикалық потенциалын ұстап тұруға кеткен кейбір шығындар. Құалдардың бүкіл соммасы, қаржылық ресурстардың белгілі бір көлемін пайдалану үшін төленетін, сол көлемге пайыз түрінде болатын, капитал бағасы (құны) деп айтады. Басқа сөзбен «капитал құны», бір көзден шыққан капитал бірліктерін тартқаны үшін төленетін сомманы көрсетеді. Көрсеткіш пайыз түрінде есептеледі, ереже бойынша, жылдық көрсеткіштер бойынша.

Баланстың пассивінде көрінген капитал құрылымының әр қайнар көзінің құны әртүрлі, сондықтан WACC кәсіпорынның аванстық капиталының құны мына формулада берілген

 

,                                    (2.1)

мұндағы – і-қайнар көзінің бағасының амалы;

                                                      – баланс бойынша і-қайнар көзінің капиталының барлық   құнының құрылымы.

 

Пайыздар шығындар кезеңіне қосылғандықтан, банк кредиттерінің  бағасының толық есебінің пайдасын қарастыру қажет:

 

,                                    (2.2)

мұндағы – пайдаға түсетін салықтың есеп ставкасы.

 

Шаруашылық  субъекттің облигациясының бағасы төленетін  пайыздың көлеміне шамамен тең болады. Pн > Pm дисконттық облигациясында қайтадан жоспарланған облигацияның шығарылуының қарызы есеп кезінде оның бағасын есептегенде номиналды баға Pн және жүзеге асыру бағасының (ағымдағы баға Pm) арасындағы айырманы ескеру қажет

 

                     (2.3)

мұндағы – кәсіпорынның құралдарының қайнар көзінің облигациялық бағасы;

                   n – қарыздың мерзімі (уақыты).

 

Дәрежесі биік акциялар бойынша  белгіленген дивиденд төленеді, сондықтан  құралдардың қайнар көзінің бағасы «дәрежесі биік акциялар»

 

,                                   (2.4)

 

мүндағы Д – белгіленген жылдық дивиденттің шамасы;

Рпа – дәрежесі биік акциялардың ағымдағы нарықтық бағасы (олардың орналастыруға кеткен шығындар).

 

Кәдімгі акциялар бойынша дивиденттер өлшемін  алдын ала анықтау мүмкін емес, сол үшін құралдардың қайнар көзінің  «дәрежесі биік акциялар» бағасын Гордон моделімен есептеу болып табылады

 

                                 (2.5)

 

мұндағы – күтілетін дивиденд;

– бағалау кезіндегі акция бағасы;

g – дивиденттің күтілетін  өсу қарқыны (капитал өсімінің  пайдасы).

 

Резервтік капитал және үлестірілмеген пайда меншік құралдарының қайнар көзінің бүкіл соммасының үлес салмағының үлкен орнын алады. ((+) – тез мобильденеді, эмиссия бойынша шығындар жоқ, нарықтағы кеңелсіз әсерлер жоқ). Үйлестірілмеген пайда – бұл ағымдағы пайданың бір бөлігі, олар дивиденд түрінде төленбейді және, демек өндіріске ағымдағы жылда реинвесторланған.

Бағаның бұл  көзі бірнеше әдістермене шешілуі  мүмкін. Ең көп тараған түрінің  бірі келесі ойда негізделген: баға көзінің «үйлестірілмеген пайда» сандығы шамамен «кәдімгі акциялар» құнының көзіне тең.

Фирма үшін қарыздардың  ыңғайлы анықталу әдістері. Қаржылық менеджментте фирма үшін қарыздардың ыңғайлы анықтау әдістерінің бірніше түрі қолданылады. Солардың ең көп тарағаны түрі – экономикалық пайдалық әдісі. Ол негізгі  екі пунктан тұрады:

- жеке капитал және таза пайданың бір акцияға арналған салыстырмалы талдау үлесі;

- немқұрайлық талдау.

Салыстырмалы  талдау үлесі мыналардан тұрады:

- коэффициенттің  өтілуі және төлемқабілеттілігінің  мүмкіндігін пайдалану көмегімен  қызмет көрсету қарысын анықтау;

- ұқсас фирмалардың көрсеткіштерімен капитал құрылымының көрсеткіштерімен салыстыру;

- аналитиктер мен кредиторлардың пікірін оқып білу;

- акцияға арналған жеке капитал мен таза пайданың үлесін талдауының салыстырылуы.

«Капитал құрылымы»  ұғымы бір мағыналы емес сипатта  жүреді. Жалпылама түрде капитал құрылымы шет ел және отандық экономистерімен несиелік капиталдың (НК) өзіндік капиталға (ӨК) қатынасы ретінде сипатталады, алайда НК мен ӨК жеке экономистермен қарастырылғанда оларға әр түрлі нақты мән қосылады. Капитал құрылымы, кәсіпорынмен активтерді қаржыландыру үшін жүргізілетін өзінің шаруашылық қызметінің үрдісі барысында пайдаланылатын өзіндік және несиелік қаржы құралдарының барлық нысандарының қатынасы болып келеді.

Кәсіпорынды нарықтық бағалауда капитал құрылымы маңызды  рөл атқарады.

Кәсіпорын капиталының мақсаттық құрылымының көрсеткіші оның меншіктенушілерінің қаржылық идеологиясын бейнелейді және оның дамуының стратегиялық мақсаттық нормативтері жүйесіне кіреді.

Әлемдік тәжірибеде ең танымал болғандары және ең көп  қолданыс тапқандары капитал бағасын барынша жоғарылататын, оңтайлы құрылымның бар екендігін негіздейтін капитал құрылымының статикалық теориялары. Бұл теориялар қаржыландыру көздерін таңдау туралы шешімді капиталдың оңтайлы құрылымына сүйене отырып қабылдауды ұсынады. Бұл құрылым компания үшін мақсаттық болады.

Статикалық  амалда капитал құрылымының екі  баламалы теориялары бар:

- дәстүрлі;

- Модельяни-Миллер  теориясы.

Капитал құрылымы теориясы, фирма бағасы «V» ӨК-ның  ағымдық нарықтық бағасы (ӨК иелеріне болашық ақша ағымдары PV) мен НК-ның ағымдық нарықтық бағасынан (НК иелеріне болашақ ағымдардан PV) құралады деген пайымдауға негізделеді. Акционерлік капиталдың баланстық бағалары капиталдың «шын мәніндегі» шамасын жиі бейнелемейтіндіктен, оларды капитал құрылымы бойынша шешім қабылдауда пайдалану мүмкін емес.

Дәстүрлі амал: қаржылық тетік ұлғайғанда WACC төмендейді, себебі салықтық жеңілдіктерді қосқанда, несиелік капитал бағасы өзіндік  капитал бағасынан аз. Яғни қаржылық тетіктің, капиталды тартудағы салыстырмалы шығындар минимальді, ал фирма бағасы максимальді болатын мәні бар. Олай болса, НК бар корпорация несиелік капиталы жоқ фирмадан нарықтық жоғарырақ бағаланады.

Модельяни-Миллер теориясы. Идеальді капитал нарығы жағдайында капитал құрылымының  фирма бағасына әсері моделі (1958 ж.). Онда:

- Топ – const;

- Шексіз уақыт аралығында фирма бағасы операциялық табыстың капиталға айналуымен анықталады:

 


(2.6)

 

 

- несиелік капитал  акционерліктен азырақ тәуекелді, kd<ks ;

- ӨК = АК, яғни  таза табыс түгелдей дивидендтерге  үлестіріледі, ал тозған қондырғыларды ауыстыру амортизациялық аударылымдар есебінен жүзеге асырылады.

Модельяни-Миллер моделінде, фирма бағасы V мен фирма  капиталының құны қарызға алынған  құралдардың шамасына тәуелді емес екені және операциялық табыс  шамасы мен қаржылық тетік нөлге тең болғандағы акционерлік капиталдың қажетті табыстылығы kso бойынша есептелуі мүмкін екені дәлелденеді

 

 


 

                                    (2.7)

 

Модель бойынша  алынған нәтижені қарапайым түрде  түсіндіре отырып, Миллер «бәлішті» кесудің түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мөлшерін өзгертуге болмайтын «бәлішті» бөлумен байланысты мысал келтірген. Ресми дәлелдеме арбитражды үрдістерді (бағалары әр түрлі тәуекелі бірдей акцияларды біруақытта сатып алу мен сату) қарастыруға құрастырылады. Тепе-теңдікте қарастырылып отырған екі фирманың нарықтық бағалары олардың капитал құрылымына қарамастан теңеседі.

Модельяни-Миллер моделі бойынша тең салмақты жағдайда инвестор акцияларды сатып алу-сатудан  табыс таппайды, өйткені акционерлік  капитал құны, қарыздың шамалы өсуінің өзінде, қаржылық тәуекелге байланысты акционерлердің керек табыстылығының өсуіне өтем ретінде өсіп отырады.

НК бойынша  пайыздарды төлеу салықтық жеңілдіктерге  ие шығындар болғандықтан, қаржылық тетігі бар фирма нарықтық біршама жоғары бағаланады деп пайымдалған фирма табысына салықтары бар Модельяни-Миллердің теориясы.

Олай болса, табыс салығын ескере отырып қаржылық тетік фирма капиталының құнына төмендеткіш әсер және фирманың нарықтық бағасына жоғарылатқыш әсер етеді.

Табыс салығы нөлге тең болмаған жағдайда, несиелік қаржыландыруды пайдаланатын фирманың нарықтық бағасы, нөлдік қаржылық тетігі бар фирма бағасынан табыс салығына үнемдеу шамасына  асып түседі.

 


(2.8)

 

Ымыралы тәсіл. Ымыралы модель бойынша капиталдың оңтайлы құрылымы салықтан таса қалу пайдасы мен мүмкін банкроттықтан болатын және мониторингтік шығындардың қатынасымен анықталады.

Белігілі бір  кезеңде несиелік капиталды тарту  компанияның нарықтық бағасының  жоғарылауына жағдай жасайды және орынды болып табылады.

Алайда тәуекел шамасына қарай, несиелік қаржыландыру әсерін жоятын, болуы мүмкін қаржылық қиындықтар тәуекелінің жоғарылауымен және агенттік қатынастармен шартталған шығындар туындайды және одан әрі ұлғая түседі. Ымыралы тәсіл бойынша жалпы ұсыным, 100 % несиелік капитал да, тек өзіндік қаржыландыру да қаржылық басқарудың оңтайлы емес стратегиясы болып табылатындығына келіп саяды. 

 

3-тақырып. Капитал салымын таңдау критерийлері

 

Ұзақ мерзімді қаржы салымдарын жие инвестиция деп санайды, сондықтан «күрделі салымдар» және «инвестициялар» ұғымдарының белгілі айырмашылықтары бар.

Күрделі салымдар тек қана негізгі капиталға қаражаттарды салуды қарастырады, ал инвестициялар  сонымен бірге құнды қағаздарға, ақпарат қорларына, интеллектуалды потенциалға салымдармен байланыстырады.

Инвестициялар – жинақталуын өсіру және табыстарды алу мақсатымен  ұзақ мерзімді шығындардың, еңбек, материалдық және басқа қорларының жиынтығы.

Инвестицияның негізгі мақсаты – бұл капиталды  олжалы орналастыру

Инвестициялық қорлар өзімен инвестициялау объектілеріне салымдарды жүзеге асыру үшін қатыстыратын, барлық ақша немесе басқа активтер түрін ұсынады. Инвестициялық қорлардың қалыптастыру стратегиясы компанияның жалпы қаржылық стратегиясының маңызды құрама бөлшегі болып келеді. Осындай стратегияны жете зерттеу үздіксіз инвестициялық әрекетті қамтамассыз ету және өзіндік қаражат құралдарын нәтижелілеу пайдалану үшін қажет.

Инвестициялық әрекеттің субъектілері Азаматтық  Кодекспен немесе арнайы заңдарымен реттелетін, жалпы немесе ерекше мәртөбесі бар, әртүрлі жеке тұлғалар, заңды құқығы бар адамдар мен мекемелер, инвесторлар болып келеді. Қатысу формасы бойынша инвесторлар салушылар, несие берушілер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, объект пайдаланушылар және жұмыс орындаушылар ролінде қатысуы мүмкін. Инвестициялық әрекетті ұйымдастыру формасы бойынша субъект ретінде банктер, сақтандыру және инвестициялық қорлар, делдалдық фирмалар және басқа ұйымдастырушылық түрлері ерекшелінуі мүмкін.

Инвестициялық әрекеттің объектілеріне қайта  құрастырылатын және модернизацияланатын негізгі қорлар, айналым қаражаттары, құнды қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми-техникалық өнім, сонымен қатар мүліктік құқықтар және интеллектілік меншік жатады.

Информация о работе Қаржылық менеджмент