Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:18, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған он сегіз жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.
Қазақстан
экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру
жолдары
08.00.05 –
«Экономика және халық
(қызмет ету салалары және аялары бойынша)»
Экономика
ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан
Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс Қазақ
экономика, қаржы және халықаралық
сауда университетінде
Ресми оппоненттер:
экономика ғылымдарының докторы
К.Е.Кубаев
экономика ғылымдарының кандидаты Н.М.Қасқатаев
Жетекші ұйым
Қорғау 2010 жылы «26» тамызында сағат 14:30 Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын БД 14.08.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қаласы, Жұбанов көшесі 7, мәжіліс залы.
Диссертациямен
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық
сауда университетінің
Автореферат 2010 жылы «4» шілдеде таратылды
Диссертациялық
кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы
Зерттеу тақырыбының
өзектілігі. Тәуелсіздік алған он сегіз
жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы
дамытуға барынша күш салып келеді. Оған
демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз,
бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз
куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі
биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында
алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы
дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері
де мойындап отыр.
Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін
әлемге мойындатса – бұл оның өзге елдермен
экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының
арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік
макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы
дағдарысына қарамастан оң қарқынынан
айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені
одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық
индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын
арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру
үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару
жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді
жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар
болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен
өсу дәрежесі салалық және жергілікті
елдер экономикасының жұптасуын, оған
керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін
арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін
жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын
дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар
жүйесін жасауды талап етеді.
Макроэкономика индикаторларының құрамының
тұрақтануының маңызды бөлігі осы салалық
және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі
кәсіпорындардың бостандығына, оларға
жасалған жергілікті қызметтік инфрақұрылымдардың
жұмыс сапасына тікелей байланысты. Егер
салалық және жергілікті елдер экономикасы
жүйесіндегі жұмыс жүйеленген индикаторлармен
бағаланбаса, үкіметіміз оларға басқарудың
қолпаштау механизмдерін дұрыс қолданбаса,
онда экономиканы дамытудың ішкі және
сыртқы факторларын жетілдіру, оларды
пайдалану жолдарын әділ бағалау, халықаралық
қоғамдастықта қолайлы үрдістерді жүргізу
мүмкіндігі шектеулі болады. Тек қана
елдің және оның жеке кәсіпкерлерінің
даму басымдықтарын әділ түрде айқындай
және бағалай алсақ, онда саяси-экономикалық
реформаларды барынша нық сеніммен жүргізуге,
сондай-ақ, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің
тиімді жолдарын белгілеуге мүмкіндік
туады.
Бірақ қазіргі күні салалық болсын, әлеуметтік
жағдай болсын ел экономикасын дамытудың
бар мүмкіндігі толықтай игеріліп отыр
дей алмаймыз. Жер байлығы, адам күші, қаржы
капиталының құндылықтары кейбір үлкенді
кішілі кәсіпорындарда дұрыс және тиімді
пайдаланылмай отырғаны өкінішті. Әсіресе,
осы экономика салаларын басқару, сараптау-талдау
жұмыстарын жүргізуде, басым бағыттарды
тап басып табуда, жіберіліп жатқан кемшіліктер
аз емес. Оның үстіне қолда бар қаражатты
тиімді пайдалану әдістемелері де өте
шектеулі. Әсіресе ішкі қаржының ұзақ
мерзімді көздерін қалыптастыруға жете
назар аударылмай келеді. Бұл мәселелер
дұрыс шешімін табу үшін, елімізде жобаланып
жатқан жаңа қаржы архитектурасында талдау
және жобалау жұмыстарының жаңа әдістемелерін
пайдалану қажеттігі туындайды.
Қазіргі жағдайда макроэкономиканың салалық
және облыстардың, оның ішіндегі жергілікті
елдер экономикасының даму саясатын зерттеу,
оларды дұрыс жобалайтын әдістемелер,
механизмдер мен индикаторлар жүйесін
іздестіру жұмыстары аса өзекті тақырып
болып отыр. Сол себепті де осы тақырыпты
зерттеуге арналған диссертацияның ғылыми
жағынан да, қажеттілігінің өміршендігі
тұрғысынан да маңызы зор.
Мәселенің зерттелу
деңгейі. Нарықтық қайта құрулардан
кейінгі экономикалық ахуалды сапалы
жағдайға көшірудің негізгі тиімділігі
– экономикалық өсімдердің тұрақты дамуына
қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда, ашық нарықтық экономика жағдайындағы
Қазақстан үшін сала экономикасымен облыстарымыздағы
әлеуметтік қызметтерін қосарлана дамытудың
жүйелі, әрі жұптас әдістемелерін әзірлеу
өте маңызды. Ол үшін сала және елдер экономикасының
қолданбалы әдістемелік проблемаларын
зерттеп, олардың экономикалық дамуын
талдау мен болжау, жергілікті ел экономикасының
сала экономикасымен байланыстыра отырып,
макроэкономиканың құрылымдық негізін
анықтау жұмыстарын жүзеге асыру қажет.
Осындай мақсаттарда еңбек етіп жүрген
ұлттық, салалық және жергілікті экономиканы
(экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, инвестициялық
салалар бойынша) зерттеуші шет ел ғалымдарының
ішінде Д.Адамс, Д.Гарднер, Э.Долана, Д.Линдсей,
К.Линча, П.Холланың еңбектері де ұлттық
экономиканың даму тұрақтылығына сала
экономикасымен әлеуметтік қызметтің
тигізетін пайда зиянын көрсеткен. Сонымен
қатар, отандық және ресейлік ғалымдар
–А.Алимбаев, Р.Алшанов, Д.Адильбеков,
С.Байзақов, У.Баймұратов, В.Боголюбов,
А.Добрынин, А.Есентүгелов, Р.Елемесов,
Е.Жатқанбаев, Қ.Мұхтарова, О.Сабден, Л.Спанкулова,
А.Қошанов, К.Кубаев, В.Лексин, О.Төлемісов,
Ә.Темірболатов, Н.Мамыров, Н.Нурланова,
А.Новоселов, Е.Решетникова, И.Сигов, М.Удальцова,
В.Чекалин, Л.Чернышов, А.Швецов, У.Шеденов
және тағы басқаларды атап айтқанымыз
жөн.
Бірақ Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін,
оның қазіргі кезеңдегі проблемаларға
сәйкес келетін даму тетіктерін, оларға
сала және облыстардың экономикасының
көрсеткіштері сай болуын зеттеу жағы
әлі де кемістеу.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты және
қараған мәселелері.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты – макроэкономикалық
саясатқа сәйкес келетін, еліміз алға
қойған басым бағыттарды өмірге әкелетін
салалық және жергілікті елдердің экономикасын
талдау және болжау тәсілдерінің макроэкономикалық
жобалау жолдарын жетілдіру. Бұл мақсатқа
жету жолында мына мәселелер қаралды:
Зерттеу нысанасы:
Қазақстан ұлттық экономикасының салалық
және облыстардың экономикаcы қаралды.
Зерттеудің пәні: Еліміздің салалық
және облыстар экономикасының өсу қарқынының
Қазақстан экономикасының дамуына тигізетін
әсерлерін бағалау мен жобалау әдістемелері
және оның тиімділігін анықтау тетіктері
болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік
негізі. Диссертациялық зерттеу жұмысының
негізінде отандас және шетелдік экономика
ғалымдарының мол тәжрибесі басты ұстанымға
алынып, зерттеу еңбектерінің кейбір дәйектемелері
қарастырылды.
Сонымен қатар, елдің дамуының макроэкономикалық
көрсеткіштер жүйесі және еліміздің салалық,
салааралық байланыстарын зерттеуге арналған
проблемаларды талдауға бағдарланған
Қазақстанның экономика салаларының және
облыстарының статистикалық базасы пайдаланылды.
Диссертацияда пайданылған зерттеу әдістеріне
логикалық, салыстырмалы, құрылымдық-функционалдық
әдістер мен экономикалық-математикалық
және графикалық әдістері кірді. Қолданбалы
зерттеулер барысында классификациялау,
топтарға бөлу, экономика-статистикалық
талдау әдістері, зерттеліп жатқан үрдістердің
құрылымы мен динамикасын талдау әдістері
пайдаланылды.
Диссетрацияда еліміздің экономистерінің
мемлекеттік және әлеуметтік экономикалық
даму мен стратегиялық басқару тақырыптарында
жазылған Президент, Парламент және Үкімет
тарапынан қабылданған құжаттар, қаулы-қарарлар,
тактикалық және стратегиялық шешімдер,
тағы басқа да мемлекеттік құжаттар пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде
мыналар пайдаланылды:
Нәтижелердің негізділігі мен шынайы - нақтылығы. Диссертациялық жұмыстың негізділігі мен шынайы-нақтылығы жүргізілген теориялық зерттеулермен, ресми дерек көздерден алынған статистикалық мәліметтер пайдаланумен, эконометриялық модельдер мен әдістерді қолданумен және тәжірибелік есептеулер жүргізу арқылы расталды. Қорытындылар мен нәтижелер әртүрлі салыстырмалы сараптаудан өтіп, мемлекеттік, салалық және әлеуметтік дамуды басқару тәжірибесіне үлес қосуға арналды. Нақтырақ айтқанда, диссертацияда қойылған мәселелердің шешімі мынадай әдістермен негізделді және шынайы нақтылығы анықталды:
Ғылыми жаңалығы.
Макроэкономиканың өсу мүмкіндігін, оның
тұрақты дамуының негізін қалайтын діңгектері
саналатын салалық және облыстарымыздағы
әлеуметтік экономикасының әдістемелерін
қалыптастыру және оларды жұптастыру
осы диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
болып есептеледі. Диссертациялық еңбектің
ғылыми жаңалығы қатарына, Қазақстан экономикасын
әрі қарай дамытуына пайдасы тиетін, зерттеу
негізінде алынған ұсыныстар жатады. Сондай-ақ,
салалық экономикадағы және әлеумет қызметіндегі
проблемаларды кешенді түрде жинақтап
қорытындылау, Қазақстанның экономикалық
жүйесінің салалық экономиканың облыстарымыздың
әлеуметтік дамуына тигізетін әсерін
бағалайтын моделдер және оған қажетті
жобалау әдістерін зерттеу де еңбектің
жаңалығын толықтыра түседі.
Зерттеу барысында орындалған еңбектің
жаңалығын құрайтын және қорғауға шығарылған
негізгі ғылыми нәтижелер мен ұстанымдар
мыналар:
Зерттеу жұмысының
ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы.
Қазір Қазақстан Республикасынында макроэкономикалық
саясат толықтай жолға қойылды деп айтуға
болады. Бірақ оның өсу дәрежесінің тұрақтылығы
салалық және әлеуметтік саясатты жасаудағы
әдістемелерге, жеке кәсіпкерлер мен жергілікті
басқару орындарының ара-қатынасына байланысты
екені белгілі. Мәселен, салалық болжам
мен макроэкономикалық болжамдар арасында
бірыңғай әдістеме болмаса, макрокөрсеткіштер
арасында айырмашылық туындайды. Сондықтан
да салалық және әлеуметтік саясаттарды
макроэкономикалық саясатпен ұштастыратын
тәсілдер мен әдістемелерді мұқият сараптау
қажет.
Диссертация зерттеуі бойынша алынған
қорытындылар Қазақстан Республикасының
экономикалық даму және сауда министрлігі
(бұрынғы экономика және бюджетті жоспарлау
министрлігі) және Экономикалық зерттеу
институты қажетті материалдар дайындауда
пайдаланып отырды. Оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық
даму бағдарламасын және облыстардың
экономикасына болжамдар қалыптастырғанда,
өңірлердің әкімдіктерінің экономикалық
қызметінде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелері мен негізгі ұстанымдарын
байқаудан өткізу.
Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі
бөлімдері мен зерттеу барысында жасалған
жұмыстың нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда баяндалып және талқыланды:
«Аймақтық тұрақты даму стратегиясы»
- (Қарағанды, 2005), «Қазақстан республикасының
басекеге қабілеті: жағдайы, мәселелері
және даму артықшылығы» (Астана, 2005), «Қазақстан
республикасының экономикалық өсу жағдайының
өзекті мәселелері» (Астана, 2004), «Әлемдік
қаржылық дағдарыс салдарынан арылу және
Қазақстан экономикасының даму болашағы»
(Астана, 2009), «Еуразияның жаһандық қатерлер
жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі»
II Астаналық экономикалық форум (Астана,
2009). Сонымен қатар негізгі нәтижелері
автордың ғылыми жетекшімен бірге дайындаған
жариялымдарда жарық көрді: «Проект SONA
(OSA) по системной поддержке государственного
управления (в экономическом анализе и
прогнозировании)» (Караганда, 2008), «Прикладные
инструменты системного анализа динамики
экономических индикаторов» (Караганда,
2008).
Сондай-ақ сала экономикасының индикаторларымен
байланысу жолы, және талдау мен болжамдау
жүйелері Экономикалық зерттеулер институтының
қызметіне енгізіліп жүргізілген жұмыстарға
толығынан пайдаланылды.
Тақырып бойынша басылымдар.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша
жалпы көлемі 3,9 б.п. құрайтын 16 ғылыми
жұмыс жарық көрді. Оның ішінде Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитетімен ұсынылған
журналдарда 7
мақала және халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциялар материалдарында 4 мақала,
3 мақала басқа да баспаларда жарық көрді.
Жұмыс құрылымы.
Диссертация кіріспе, үш тараудан, қорытынды
мен пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан
тұрады.
Информация о работе Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары