Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 17:44, курсовая работа
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін
Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек
нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мазмұны
Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек
нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Кіріспе
Осы
уақытқа дейін біздің елімізде
жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым
жүйенің болуы тұрғындарды
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар екендігі.
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және де басқа шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қыруарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротыққа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздық мөлшері асып немесе кеміп кетсе, нарықтық экономикаға залалын тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыссыз қалу қаупі - әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.
Еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екендігіне күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді, яғни біз оған немқұрайлы көзбен қарадық.
Еңбеккерлерге белгілі бір жұмыс орны бекітіліп, тіпті, оның зейнетке шығуына дейін қамтамасыз етіліп отырды. Оларды жұмыстан шығаруда көптеген жағдайлар тосқауыл болып отырды.
Ал қазіргі жағдай аз да болса да өзгеріп келеді. Меншіктің әр түрлі формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орнын ерікті түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың қоғамдастырылған өндірісте (мемлекеттік немесе ұжымдық) жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір адамның өз еліндегі орнын анықтауына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы
күшінің жұмыс орнынан босау процесі өрістеуде.
Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды,
яғни еңбекке жолдау нақты түрде жүзеге
асырлатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнімділігін
арттыруға, еңбеккерлердің табысының
өсуіне, ғылыми техникалық прогресті тежейтін
формаларды жоюға жол ашады.
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс,
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Ағылшын экономисті А.Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, - “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ” ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д.Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д.Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық” қамтамасыз етуге болады.
Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік “сұранымның молшылығы” жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.
Экономикалық
сілкіністер, шиеленіскен экономикалық
құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік
түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен
ұштасатын, бақылауға келмейтін
созылмалы инфляция кейнстің теориялық
негізі ретінде пайдаланған
Қазіргі кезде де даусыз болып қала береді. Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктік бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады; ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.
Егер,
жұмысбастылық толық болған жағдайда
жұмыссыздық деңгейі “
Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық – фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып келеді.
Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа.
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т.б.
Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.
Жалпы
жұмыссыздық – үш критерийге қатар
жауап беретін адам жұмыссыз болып
есептелетін кездегі
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) – жұмыс істеглері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Информация о работе Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары