Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 17:44, курсовая работа

Описание

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін

Содержание

Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек
нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Работа состоит из  1 файл

жұмыссызықұ1.doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)

   Нарықтық  қатынастар  қалыптасуы  және  дамуы  кезеңiндей  ел  экономикасындағы  құрылымдық  өзгерiстер  жұмыс  күшiне  сұраныс  пен  Ұсыныстың  тепе – теңдiгiнiң  бұзылуымен  жұмыссыздықтың  өсуiмен  бiрге  жүрдi.  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  жұмыссыздарды  азайту  мақсатында  iс – шаралар  қолдануда.  Соңғы  жылдары  экономиканың  нақты  секторындағы  өндiрiстiң өсуiне  байланысты  жаңа  жұмыс орындары  құрылып жатыр,  бұл жұмыс бастылықтың өсуiне  және  жұмыссыздықтың  кемуiне  әкелдi.  2006  жылы  Қазақстан Республикасындағы   жұмыссыздар саны  906,4  мың адам  болып,  2007  жылы  бұл көрсеткiш 780,4  мың адамды  көрсеттi.

   Кестеде  көрiп  отырғанымыздай  жұмыссыздық  деңгейi   2006  жылғы  қарағанда  2,4 % - ға  төмендеген.  2007  жылы  экономикада жалпы жұмыспен  қамтылғандар  6699,1  мың адам  болса,  оның  3863,6  мыңы  жалдамалы жұмысшылар,  ал  өз  еркiншi  жұмыс iстейтiндер  саны  2835,5  мың адам.

     Қазақстан  Республикасында  2007  жылдан  бастап  бiрiншi  рет  жұмыссыздық  мәселесi  бойынша  халықты  таңдамалы  зерттеу   жүргiзiлдi.  Алынған  ақпаратқа  сай,  жұмыссыздар  арасында  әрбiр  алтыншы  адам  (16%)  штат  қысқаруына  байланысты,  әрбiр 8 – шi  адам  (11,6 %) – кәсiпорынның  жойылуына байланысты  жұмыстан  босатылған.

                                                 
 
 

       Кесте -1

   Қазақстан  Республикасының  еңбек  ресурстары

   мың. адам 

Көрсеткiштер 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Еңбек  ресурстары 9140,1 8813,6 8471,2 8399,0 8531,4 -
Экономикалық  белсендi  халық 7489,5 7440,1 7052,6 7055,4 7107,4 7479,5
Экономикада  жұмыс  бастылар 6518,9 6472,3 6127,6 6105,4 6201,0 6699,1
Оның  iшiнде:

Жалдамалы  жұмыскерлер

 
 
4418,4
 
 
4271,3
 
 
3783,0
 
 
3354,2
 
 
3504,4
 
 
3863,6
Өз еркiнше  жұмыс  iстейтiндер 1600,5 2201,0 3783,0 3354,2 3504,4 2835,5
жұмыссыздар 970,6 967,8 925,0 950,0 906,4 780,4
Жұмыссыздық  деңгейi, % 13,0 13,0 13,1 13,5 12,8 10,4
 

     Халық  жұмыссыздығын  төмендету  және  жұмысбастылықты  қамтамсыз  ету  мәселесi  үнемi  Үкiметтiң  назарында.  2006  жылы  “ Кедейлiк және  жұмыссыздықпен  күрес”  бағдарламасы  қабылданды.  Оның  негiзгi  бағыттары келесi  болып табылады:

  • халықтың  кедей  бөлiгiне  әлеуметтiк  көмек  көрсету  және  белсендi  жұмыстылық  саясатын  жүргiзу  арқылы  кедейлiк  масштабын  қысқарту;
  • экономикалық  өсу  және  әлеуметтiк  саладағы  жалғаспалы  реформалар  жүргiзу  негiзiнде  халықтың  өмiр  сұру  деңгейiн  жоғарылату;
  • халықтың  нашар  бөлiктерiн  әлеуметтiк  бейiмдеу,  экономикалық  реабилитациялау  және  әлеуметтiк  қолдау  шаралары  негiзiнде  кедейшiлiкпен  күресудi  iске  асыру.

     Қазақстанның  еңбек  нарығындағы   Бүгiнгi  күндегi  ең  маңызды  мәселелер  -  ол  халықты  жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздық.  Осы  мәселелердi  шешу  үшiн  ең  алдымен  еңбек  нарығын  жүйелi  түрде  талдап, сонан  соң  ондағы  болып  жатқан  өзгерiстердi   бағалап, әрбiр  аймақтың  өзiндiк  ерекшелiгiн  ескере  отырып,  еңбек  ресурстарын  басқару  жүйесiн  жетiлдiру  қажет.

  Статистика  органдары зерттеуді арнайы іріктелген және оқытылған сұхбат   жүргізушілердің  күшімен жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің  деректері бойынша 2003 жылдың қаңтар- маусымда жұмыспен қамту жөніндегі уакілетті органдарға  жұмыссыздар ретінде  146,5 мың. aдам, маусымда – 24,9 мың адам өтініш білдірген тиісінше олардың 51,2 мыңы және 9,2 мыңы – ауыл тұрғыны. .

  2003 жылғы маусымның соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған адамдар саны – 172 мың, бұл өткен айдағыдан 11,5 мың адам (6,3%) , 2002 жылғы тиісті кезеңдегіден 84,1 мың адам (32,8%) кем. Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесі 2003 жылдың мамырындағы 2.5%–дан маусымда 2,4%–ға қысқарды.

        Облыстық статистика басқармасы халықтың жұмыспен қамтылуы туралы өткізген іріктеме зерттеу материалдары бойынша 2003 жылдың ІІІ – тоқсанында облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 985,4 мың адамды  (15 және одан үлкен жастағы халықтың  жалпы санының – 71,2 пайызы) құрады, одан 92,4% -- экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар, 7,6% -- жұмысы жоқтар ( Республика бойынша – 8,2% ).

        Экономика салаларында  жұмыспен қамтылғандардың 44,8% —жалдамалы жұмысшылар, 55,2% — өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.  Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі (62.6% ) ауылдық жерде еңбек етеді.

     2003 жылдың ІІІ –  тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздардың жалпы саны 74.9 мың адамды құрады, оның 63,8% -- қала, 36,2% -- ауыл халқы.

     Осы уақыт ішінде облыстағы енжар  халықтың саны 398,4 мың адам болды. Экономиколық енжар халықтың негізгі бөл ігін күндізгі оқу нысанындағы оқушылар ( 43,9% )және зейнеткерлер ( 39,6% ) құрады.

        2003 жылдың ІІІ-тоқсанында 2001 жылмен салыстырғанда облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны  16,6% артты. Жұмыс орындарының көбеюі, салық бағдарламаларын енгізу мен еңбек рыногындағы теңсіздікті түзету шаралары, оның ішінде орта және шағын бизнеске  несие беру осындай мүмкіндік туғызды.  Сараптама көрсеткендей, еңбек рыногындағы жағдайдың өзгеруінің негізгі бағыты – жұмыспен қамтылғандар санының артуы мен жұмыссыздар санының кемуі.  Осы кезең ішінде жұмыспен қамтылғандар саны – 21,8%, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 18,8%, өз бетінше жұмыс қамтылғандар – 24,4% артты.  Жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыздық бірлікке төмендеді.

  2003 жылдың желтоқсанында Қазақстан  Республикасы  бойынша 15 және  одан  жоғары жастағы экономикалық  тұрғыдан  белсенді халық саны (бағалау бойынша) 7,6 млн. адамды  құрады. Экономикада жұмыспен қамтылғандар саны-6,9 млн. адам немесе өткен жылдың тиісті айымен салыстрғанда  489,2 мың адамға көп, жұмыссыздар – тиісінше, 686 мың адам немесе 37,8 мың адамға кем.  Жұмыссыздық деңгейі 9,1% анықталды.

  2003 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 7,6 млн. адамды құрады және 2002 жылмен салыстрғанда 239,3 мың адамға немесе 3,2% өсті. 2003 жылдың төртінші тоқсанындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары 2 кестеде көрсетілген.

     2004 жылы халықты жұмыспен қамту саясаты еңбек саласында пайда болған дисбаланстар мен диспропорцияларды жоюмен, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бәсекелкстік қабілетінің өсуімен байланысты міндеттерді шешуге бағытталған. Дисбаланс пен диспропорция туралы мәліметтер бойынша өткен жылы жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталықтарына 22,1 мың адам келіпті, олардың 11 мыңы ғана, яғни 50,6 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың басынан бері жұмыс іздеп келушілер санының өсуі есебінен 42 пайызға дейін жұмыссыз отырған бүгінгі жағдайда жаңадан ашылған жұмыс орындары мен бос орындары мен бос орындар еңбек рыногындағы сұраныстың 1/10 бірлігін, яғни 10 пайызын ғана қанағаттандырады.

      Жалпы жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халықты  жұмыспен қамту дәрежесін көтеру туралы нұсқауын орындауда тыңғылықты істер атқарылмай жатқанын білдіреді. Бұл мәселе Елбасы биылғы жылғы Жолдауында атап өтті. Кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарлама халықты жұмыспен қамтуды жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, индустриалды-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде білікті мамандарды жұмыссыздар арасында дайындауды көбейту шаралары жүзеге асырылуда.

      2004 жылдың I-жартжылдық қорытындысы  тұтас алғанда оң нәтижеге  қол жеткізілгенін көрсетеді, оны біз еңбек рыногының негізгі индикаторынан байқаймыз. Бағдарламада қарастырылған халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал ететін факторлар бойынша көрсеткіштер артығымен орындалған. Осы кезеңде 7363 жаңа жұмыс орындары ашылған, бұл жылдық бағдарламаның 120,8% құрайды. 5886 адам жұмысқа орналастырылған (138,4%), 5562 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданған (134,4%), кәсіби оқуға 271 жұмыссыз жіберілген (165%).  Жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламасын артығымен орындаған Кентау қаласы, Түлкшбас, Сайрам, Мақтаарал аудандарының жұмыстарына оң  баға беруге  болады. Жартыжылдық  қорытындысы бойынша  Шымкент қаласы мен Төлеби ауданы осы мәселедегі артта қалуларын  жоятындарына күмәніміз жоқ .

      Облыста жаңа жұмыс орындарын ашу  мен  халықты жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 11,6 мың жұмысыз жұмысқа орналасты. өткен жылмен салыстырғанда аудандық, қалалық халықтық жұмыспен қамту деңгейінің  өсуін қамтамасыз етті, бұл жыл басымен салыстырғанда ресми тіркелген жұмыссыздар деңгейін төмендетугу әкелді. Бұған жұмыс берушілердің Қ.Р –ның  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптарын уәкілетті органларға бос жұмыс орындар мен вакансиялар мәліметтерді беруді орындаулары тікелей әсер етті. Егер де 2003 жылы бос жұмыс орындары туралы орта есеппен айына 900 орын жөнінде мәлімет берілсе, 2004 жылдың маусым айында  бұл көрсеткіш 1283 орынға дейін көтерілді.

2006  жылы  жалдамалы  жұмысшылар  саны   4,8   млн.  адам,          яғни   алдыңғы   жылдың   осы   айымен  салыстырғанда   185,7  адам  жоғары  (4%).      Осының  ішінен     мемлекеттік   және  мемлекеттік  емес   кәсіпорындарда   81,4%  жұмыс  істеді,  жеке   тұлғаларда     11,6 %,  ал  ауыл  шаруашылығында  7%   құрады. 

        

   Кесте -2                                  

Жұмыспен   қамту  органдарының  жәрдемімен  жұмысқа                                          орналасқандар   саны

  қаңтар-наурыз 2005ж қаңтар-наурыз 2006ж
Облыс  бойынша 2418 2339
Қалалық елді мекен 1373 1187
Ауылдық  жер 1045 1152
Шымкент 556 430
Арыс 80 69
Кентау 189 233
Түркістан 235 212
Бәйдібек  ауданы 108 87
Қазығұрт 173 68
Мақтаарал 187 229
Ордабасы 62 101
Отырар 32 32
Сайрам 154 152
Сарыағаш 232 214
Созақ 1 29 98
Төлеби 131 125
Түлкібас 66 193
Шардара 84 65

        

        Ірі   және   орта  кәсіпорындарда  2006  жылдың   2—тоқсанында   жұмыспен  қамтылғандар  саны  2,7  млн.  адам    немесе  жалпы жалдамалы жұмысшылар    56,4%-ды   құрады.  Бұл   алдыңғы    кезеңмен  салыстырғанда 120,7  мың адам  артық (4,7%).

   2006  жылдың   шілде  айында   жастар  арасындағы  , яғни                       15  жастан  бастап,  ары  қарай   8 млн.   адам,   оның  экономикада  жұмыспен  қамтылғандары—7,4  млн.,   ал  жұмыссыздары--613,5     мың   адам  болды. 

    Республика  халқының  15 жас   және  одан  жоғары     2—тоқсанда   жұмыспен  қамтылғаны      7,4  млн.  немесе   64,4%  адам.  Соның  ішінде   қалада  4,2  млн.  немесе   56,5%,  ауыл  шаруашылығында  3,2  млн.,  яғни  43,5%.

     2006  жылдың   2—тоқсанында   жұмыссыздарсаны   623,3  мың   адам,   жұмыссыздық  деңгейі—7,7%.   Орта  есеппен  қалалық  елді  мекендерде  388,5  мың адам  немесе  62,3 % (жұмыссыздық  деңгейі  8,5%),  ауылдарда—234,8   мың  адам  немесе   37,7% (6,8% ) жұмыссыздар  тіркелген.   Жастардың  жұмыссыздық  деңгейі         11,9%-ды  құрады.  Әйелдердің  жұмыссыздығы  бірқалыпты—361,3  мың  (58 %)  ,   ал  ерлер  262 мың   адам  құрады.

    Жас  ерекшеліктеріне  келетін   болсақ, жұмыссыздардың  көп  мөлшерін   15—24  жас  аралығы—27,1%,  келесілері  25—29 жас—17,8%,   30—34  жас—13,1%,   40—44 жас—9,8%,   35—39  жас—9,6%.  Жұмыссыздардың  арасынан  жоғары  білімділер  115,3 мың  адам,   орта  профессионалдылар—152,6   мың,  жалпы   орташа  білімі   барлар—237,1 мың,  бастауыш   профессионалдылар—74,6  мың  адам.

     Бір  жылдан  аса    жұмыссыз  отырғандар—203  мың адам  немесе 34,8% , 1—6   айға  дейін –148  мың немесе  25,4% ,  6—12  ай  аралығы—99  мың адам  немесе  17%.

          Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау   Минмстрлігінің   еңбекпен   қамту   органдарының  хабарлауы   бойынша  2006  жылдың   қаңтар—шілде  айларында 175  мың адам  тіркелген, ал  ауыл  елді  мекендерінен—71,9  мың адам.   Қаңтар—маусым   айларында еңбекпен  қамтылғандар  117,6  мың адам. 2005 жылдың ІІІ тоқсанында облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 1017,2 мың адамды құрады, оның 92,6  пайызы экономикамен айналысса, 7,2 пайызы жұмыс болғанымен, егер табыла қалса, кірісіп кетуге дайын тұрды. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 69,5 пайызды құрады.

      Облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандар санының 47,6 пайызын жалдамалы жұмысшылар, 52,4 пайызын өз бетінше жұмыс істейтіндер құрады. Еңбек рыногындағы жұмыспен қамтылған халықтың өсуі тұрғындардың өз бетінше жұмыс істеу есебінен, әсіресе,  ауылдық жерлерде қосалқы шаруашылықты дамытқан немесе жеке бау- бақшамен айналысқан адамдардың есебінен жүзеге асып отырды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары