Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 19:47, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Фискальдық саясат теориясы
1.1 Фискальдық саясаттың түсінігі және мәні..........................................................5
1.2 Фискальдық саясаттың механизмі.......................................................................6
ІІ. ҚР –ң фискальдық саясаты
2.1 ҚР –ң фискальдық саясатының жағдайы..........................................................10
2.2 ҚР –да фискальдық саясатты жетілдіру жолдары............................................21
Қорытынды..............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................25
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Фискалдык саясат.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда  университеті 

«Экономика  және бизнес» факультеті 

«Экономика» кафедрасы 
 
 
 
 
 

«Экономикалық теория» пәні бойынша 

Курстық жұмыс 
 

Тақырыбы: «Қазақстан  Республикасындағы  фискальдық  саясат» 
 
 
 
 

                                                                              Дайындаған: күндізгі  бөлімінің

І-ші  курс ЕҚ-101 тобының

студенті  Шәріпова А.

                                            

Жетекші: оқытушы «МЖБ» магистрі

                                                   Парманов Н.К. 
 
 
 
 
 

Астана-2009 ж. 

 

ҚР –  ң фискалдық саясаты 

Мазмұны 
 
 

Кіріспе..........................................................................................................................3 

І. Фискальдық саясат теориясы

1.1 Фискальдық  саясаттың түсінігі және мәні..........................................................5

1.2 Фискальдық  саясаттың механизмі.......................................................................6 

ІІ. ҚР –ң фискальдық саясаты 

2.1 ҚР  –ң фискальдық саясатының жағдайы..........................................................10

2.2 ҚР  –да фискальдық саясатты жетілдіру  жолдары............................................21 

Қорытынды..............................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................25

Қосымша 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

    Нарықтық  қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

    Кез келген мемлекеттің экономикасының даму болашағы көп жағдайда әрекет етеуші экономикалық саясат пен салық  заңдылығында мүмкін болатын қол  жеткізілген салықтық түсімдер деңгейі мен салық жүктемесінің шекті деңгейі арқылы анықталады.

    Дағдарыстық құбылыстардың алдын алу үшін әр елдің үкіметтері экономиканы  реттеудің қабылданған теориялық  концепциясына және экономикалық дамудың  таңдалған моделіне сәйкес мемлекеттің  экономикаға әсер ету жүйесінде барлық әдістерді пайдаланады. Фискалдық саясат қазіргі мемлекеттің аса қиын мәселелерінің бірі болып табылады, оны әзірлеу күрделі міндеттерді шешуді талап етеді. Мұның негізгі себептерінің бірі – ұлттық экономиканың бірегейленуі және инвестицияға деген бүкіл әлемдік бәсекелестік.

    Нарықтық  қатынастарға көшу Қазақстан Республикасының  экономикалық дамуына, әсіресе қаржы  саласының дамуына аса көңіл  бөлуді қажет етеді. Мұнда ерекше орынды салық жүйесі алады. Ол мемлекеттік  экономикалық саясат пен нарықтық қатынастарды реттеудің маңызды аспабы болып табылады. Салықтар жекелеген салықтардың дамуын ынталандырады немесе керісінше, оларды тежейді, жеке кәсіпорындар мен фирмалардың өндіріс және айналым ұстанымдарын төмендету үшін және әлемдік нарықта олардың бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін алғышарттар құрайды.

    Тоқыраудан  шығудағы салықтардың басты міндеті  – мемлекеттің материалдық негізінде  принципиалды теориялық позициясын ұстану. Атқарушы органдардың салықтарды өз әрекеттеріне сай қалыптастыруын тежеп, оларды анық реттеуші аспап ретінде дамыту қажет.

    Сондықтан салық туралы заң шығаруда сәйкес қызметтердің тәжірибелік қызметі  де, салықты алу механизімінің  нәтижелігі де, яғни барлығы тікелеп  және аса сезімді елдің экономикасының ауқатына әсері қолайлы балансты қолдайды. Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Соған орай салықтық теоретикалық сұрақтар кешенді зерттеу және Республикадағы жүргізілетін салықтық саясаттың тәжірибелік жақтарын зерттеуге үшін, осы курстық жұмыс арналған.

    Жұмыстың  өзектілігі шет елдердің тәжірбесін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдіру қажеттілігінен туындайды.

    Берілген  мәселеге шетел өкілдерінің қызығушылығы кездейсоқ емес, Қазақстан капиталды салымдар мен жер қойнауының байлықтары сияқты және жұмысшы күштер ресурстарымен бай аймақтардың инвестициялары болып табылады. Алайда потенциалды инвесторлардың қызығушылығының бар болуы салымдардың қауіпсіздік кепілдемесін қамтамасыз ететін және адамдардың құқығы сияқты және жеке пайдалылық ынтымақтастылықтың принциптерін қадағалау.

    Курстық жұмыстың мақсаты – фискалдық саясаттың ролін мен мәнің нарықтық-экономикалық жағдайларын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу жоспарланған:

    1. Фискалдық саясаттың әлеуметтік  экономикалық мәнің ашу;

    2. Фискалдық саясаттың халықаралық  тәжірибесін зерттеу;

    3. Қазақстан Республикасында фискалдық  саясаттың ерекшеліктерін қарастыру;

    4. Фискалдық саясатты жетілдірудің  бағыттарын көрсету. 
 
 

І. Фискальдық саясат теориясы

1.1 Фискальдық саясаттың  түсінігі және  мәні 

    Қаржылық  реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

    Мультипликаторлардың  іс-әрекеттерінің жоғарыыда баяңдалған мүмкіңдіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары  тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы  фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

1)  мемлекет  шығыстарының көбеюі;

2)  салықтардың  төмендеуі;

3) мемлекеттің  шығыстары артуының үлкен нәтижесін  ескере отырып фискалдық саясаттың  бұл бағыттарының үйлесуі.

    Тежеушілік  фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

    Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

    1)  мемлекет шығыстарының азаюы;

    2)  салықтардың көбеюі;

    3)  бұл бағыттардың үйлесуі.

    XX ғасырдың аяғында жаңа теория  — тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

    Тұрақты даму теориясыңда тұрақты жұмыс  істейтін жүйелерді — төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.

    1. Кез келген ауқымдағы күрделі  экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.

    2.  Экономикалық мүдделерді үйлестіру  қағидаты қалыптасқан тепе-теңдікті  түрақсыздандыратын сан алуан  факторлардың үздіксіз өзара  іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдцдлерінің балансын сақтауды қажет етеді.

    3.  Эволюциялық қағидатының логикалық  дамуы мен оны нақтылау ретіндегі  әртараптандыру қағидаты. "Әртараптандыру" термині кең мағынада экономикалық  жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функционалдық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.

    4.  Экономикалық жүйедегі оның дамуына  қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

    Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың  терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іоәрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты  дағдарыссыз дамудың негізгі  қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың өсерін айтарлықтай төмегдетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді. 

1.2 Фискальдық саясаттың  механизмі

    Фискалдық саясаттың механизмі жалпы мемлекеттік ретінде қала үшін шынайы болып анықталады. Өткен қаржы жылындағы бюджеттің орындалуы мен экономикалық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жүргізу негізінде жыл сайын фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетіліп отырады.

      Болашақта фискалдық саясаттың рөлін осы құжатты әзірлеу кезінде  қарастырылған мақсаттардың қаншалықты орындалғаны арқылы бағалауға болады.

    Дискредициялық  емес фискалдық саясат акцентгі нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің  қаржы процестеріне аз араласуын  қажет етеді.

    Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс әрекет етеді. Бұл жағдайда эономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді.

    Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

    Пратикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер  қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

    1) фискалдық саясаттың қабылданатын  шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);

    2) ығыстыру әсерінің іс-әрекеті,  бұл ақша рыногінде пайыздық  мөлшерлемелердің өсуімен байланысты  үкімет шығыстарының көбеюі кезінде  жекеше инвестициялар элеметтерінің  қысқаруында көрінеді;

    3) сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

    4)    ашық экономикада ұлттық өндіріс  жиынтық шығыстардың элементі  ретінде таза экспорттың мөлшерін  өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат