Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 19:47, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Фискальдық саясат теориясы
1.1 Фискальдық саясаттың түсінігі және мәні..........................................................5
1.2 Фискальдық саясаттың механизмі.......................................................................6
ІІ. ҚР –ң фискальдық саясаты
2.1 ҚР –ң фискальдық саясатының жағдайы..........................................................10
2.2 ҚР –да фискальдық саясатты жетілдіру жолдары............................................21
Қорытынды..............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................25
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Фискалдык саясат.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

     2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының  әлеуметтік-экономикалық дамуының  орта мерзімді жоспарының негізінде еңбекақы төлеу қорының көлемі анықталды. Еңбекақы төлеудің өсу қарқыны өткен жылдың қатынасы бойынша 2008 жылы 126,6 %, 2009 жылы – 130,9 %, 2010 жылы – 132,9 % деңгейіне жоспарлануда.

     Өнеркәсіп өнімдері 2008 жылы 17,9 %, 2009 жылы – 23,9 %, 2010 жылы – 24,4 % көлемдерінің болжамдық өсуі есептеулерде ескерілді.

      Жеке  меншікке салықтар 2007 жылдың бағасына 2008 жылы өсумен 13,1 %, 2009 жылы – 15,1 %, 2010 жылы – 16,7 % болжануда.  Жыл сайын мүлік салығы бойынша тіркелген көлік қаражаттарының саны ең аз есептік көрсеткіштердің өсуі – 6,0 %, 2008 жылы аумағы 132,2 мың ш. метр, 2009 жылы 135,0 мың ш. метр  және 2010 жылы 138,8 мың ш. метр жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға ендіру есептеулерде ескерілді.

      Алкогольді  өнімдер бойынша акциздер түсімі «Әділ» АҚ мен «Тамила плюс» ЖШС  қолданыстағы ставкалардың есебімен ұсынылған  есептердің негізінде жоспарланды.

      ӨӨБ салықтық емес түсімдердің үлесі 2007-2009 жылдары бір деңгейде – 0,01 % болжануда. Коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер, әкімшілік айыппұлдар мен өсімдер, басқа да салықтық түсімдер шығындарда қарастырылды.

      Капиталмен  операциялардан кірістер ӨӨБ-ға 2008 жылы 0,4 %-дан ӨӨБ-ға 2009 жылы 0,08 % төмендеуі 2007-2008 жылдары негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін атап айтқанда 2007 жылы 1706,9 млн. теңге, 2008 жылы – 834,0 млн. теңге бұрын республикалық бюджеттен қайтару негізінде бөлінген қаражаттарды құрайды.

      2008-2010 жылдары бюджеттік саясатты жедел  әлеуметтік-экономикалық дамыту  мақсаттары мен міндеттерін кешенді  шешуге және ағымдағы міндеттемелерді  бір мезгілде орындауға негізделетін  болды. 

      Орта  мерзімді кезеңдегі бюджеттік саясаттың жалпы бағдары сақталады және келесі басымды бюджеттік шығындары анықталды: білім беруді дамыту; әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету; көлік желісі мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту; Меновной ауылдық округін дамыту; тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету; жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру; ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

      Орта  мерзімді кезеңде бюджет шығындары  ӨӨБ-ға 2,0 % деңгейінде болжануда (Қосымша Д. Кесте 5).

      Келер орта мерзімді кезеңде шығындар саясаты даму бағдарламасы аясында мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануды арттыруға, бюджет заңнамасының ережесін қатаң сақтауға, әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттарды тиімді қолдануға негізделді.

      2008-2010 жылдарға арналған қалалық бюджеттің  шығындары салааралық ерекшеліктерімен  және функционалдық бағыттары  бойынша біріктірілді.

      2008-2010 жылдары «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,071 % деңгейінде шама-ланды.

      Келер болашақтың аса өзекті мәселесі мемлекеттік  қызмет жүйесін жетілдіру сұрағын  шешу болып табылады – ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын  халықаралық стандарттарға көшіру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы мемлекеттік басқарудың тұтас аппаратын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін айтарлықтай арттыру және оларды дайындау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.

      «Электрондық  әкімдікті» құру бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындарға электрондық қызметтердің дамуын қамтамасыз ету үшін базалық ақпараттық құрылымды құру жүргізілуде, қаланың жергілікті атқарушы органдарында бірыңғай құжатайналым жүйесі ендірілуде, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақыты қысқаруда. Жергілікті органдармен ұсынылатын алғашқы кезектегі базалық электрондық қызметтер жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2008 жылы  8,4 млн. теңге бағытталады.

      «Қорғаныс»  функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.

      Шығындар жалпы әскери міндеттерді орындау аясында іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.

      «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,008 % деңгейінде шамаланды. Шығындар қалада жол қозғалысын реттеу бойынша құралдарды ұстау мен пайдалануға қарастырылды.

      Құқық бұзудың алдын алуға және тәртіпті күшейтуге, нашақорлық пен алкоголизмді қысқартуға, жол қозғалысы линиясындағы құқық бұзудың алдын алуға  бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған орта мерзімді кезеңде жалғасын табады.

      «Білім  беру» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,894 % деңгейінде шамаланды.

     Білім беру саласындағы бюджеттік саясат білімге негізделген қоғам мен  тұлғаның сұранымдарын қанағаттандыру және әлемдік білім кеңістігінде шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарының негізгі басымдылығы көпсалалы үздіксіз білім беру үлгісін модернизациялауға бағытталатын болады.

     Осы мақсаттарға жету үшін 2010 жылға дейін  Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы және 2005-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленді, шағын-орталықтардың жұмыстарын ұйымдастыру, бұрынғы балабақша-лардың бос тұрған ғимараттарында балалардың мектеп алды мекемелерін құру, білім берудің 12-жылдығына көшу бойынша жұмыстары, жоғары буын оқушыларын жеке сала бойынша оқыту қарастырылуда.

     Крылов  көшесі, 86а және Ғарышкер көшесі, 6/2 екі балабақшаны жандандыру және Пролетар көшесі, 99/2 бойынша балабақшаны  қайта жаңарту есебінен 2008 жылы балалардың мектеп алды мекемелерінің санын 28 ден 31 бірлікке арттыру көзделуде. 2009-2010 жылдары балабақшалардың санын тағы 4 бірлікке арттыру жоспарлануда және  2010 жылға 35 бірлікті құрайды.

     ЖМК ықшам ауданында мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің салынуына байланысты 2009 жылы желіде 1 бірлікке арту пайда болады.

     2007 жылмен салыстыру бойынша 2010 жылға  оқушылардың саны 150 адамға қысқарады  және 35,6 мың адамды құрайды. Демографиялық  жағдайдың тұрақтану есебнен  2007 жылмен салыстыру бойынша 2010 жылы 1-сыныпқа қабылданатындардың саны  480 адамға артады.

     Ауылдық жерлерде білім берудің талап  етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін 2008 жылы Ново-Троицк ауылындағы мектепке 108 орынды қосымша жайдың құрылыс  аяқталады, оған 72,0 млн. теңге бөлу жоспарлануда. 

     «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,07 % деңгейінде шамаланды.

     2008-2010 жылдары әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы бюджеттік саясаттың негізгі мақсаттары кедейшілікті төмендету, әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржылық тұрақты, әлеуметтік әділ жүйесін құру, әлеуметтік көмек алуды жетелдету болып табылады.

     Атаулы  әлеуметтік көмек алушылардың орташа жылдық саны болжам бойынша 2008 жылы 6,1 % төмендейді. Күтілетін бюджет сомасының шығыны 8,0 млн. теңгені, орташа айлық төлеу сомасы 1445 теңгені құрайды. 2009 жылға шығын сомасы 7,9 млн. теңгеге дейін төмендейді.

     2007 жылдан бастап тұрғын үй көмегінің  орташа айлық мөлшері 100 теңге  шеңберінде өседі. Осы көмек түрін төлеу үшін бюджет шығындары 2008 жылы 14,5 млн. теңгені, 2009 жылы – 14,3 млн. теңгені, 2010 жылы – 14,2 млн. теңгені құрайды.

     «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,498 % деңгейінде шамаланды.

     Қаражаттарды  шығындаудың негізгі бағыттары:

     1) Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысы;

     2) сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту;

     3) мемлекеттік тұрғын үй қорын ұйымдастыру;

     4) қаланы көріктендіру және санитарлық ұстауды қамтамасыз ету.

     Жаңа  тұрғын аудандардағы инженерлік-коммуникациялардың құрылы-сына 2008 жылы 420,0 млн. теңге қарастырылды. мемлекеттік апаттық тұрғын үй қорынан  азаматтарды көшіру үшін 9 қабатты 143 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 2009 жылы 530,8 млн. теңге жоспарланды.

     Жоспарланған  кезеңге сумен қамтамасыз ету  жүйесін дамыту бойынша Меновной ауылдық округінің, қаланың шалғай аудандарының (Аблакетка, Әуежай, Жыланды, Красин, Северный және Ескі Согра кентерінде,) сумен қамтамасыз ету және канализациялар желісін қайта жаңарту, КСС-17-ден Ертіс өзені арқылы өтетін дюкерлік өткелдің қысымдық канализациялық коллекторын қайта жаңарту енгізілді.

     Өскемен қаласының аумағын көріктендіру мен ұстау шығындары көшелерді  жарықтандыру, жолдарды орташа және шұңқырлы жөндеу, туысы жоқтардың жерлеу орындарын ұстау, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және көгалдандыру бойынша жұмыстарды қарастырды.

     «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,074 % деңгейінде шамаланды.

     «Мәдениет»  функционалдық тобы бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары:

     - қала аумағында мәдениет пен  өнерді дамытудың бірыңғай мемлекеттік  саясатын жүзеге асыру, адамгершілік  және эстетикалық тәрбие беруде  мәдениет мекемелері мен мәдени-бос  уақыт ұйымдарының рөлін арттыруды қамтамасыз ету; театр, музыка, кітапхана, мұражай және өнердің басқа да түрлерін, халық шығармашылығын, өнер қызметін дамыту; ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту;

     - қаланың барлық санаттағы азаматтары үшін мәдениет қызметтерінің қазіргі заманғы сапасына тең мүмкіндігін қамтамасыз ету және мәдениет саласы мекемелерінің қызметін модернизациялау;

     - мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық  базасын нығайту;

     - қазақстандық патриотизмді, халықтар достығын дамытатын, салауат-ты өмір салтын насихаттайтын мәдениет мекемелерінің мәдени-бос уақыт іс-шараларының мазмұнын тереңдету;

     - мүмкіндігі шектеулі тұлғалар  үшін мәдениет мекемелерінде  демалыс-тың қажетті жағдайларын  құру;

     - мәдениет мекемелерінің әр түрлі бағытындағы қызметінде мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау көрсету.

     Мәдениет  мекемелерімен және оның мамандарының рөлін қоғамда гармониялы дамуын оңалту. 

     Мәдениет  саласы мекемелерінің мүмкіндігін  белсенді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, сапалы тұрмысты қалыптастыруда олардың қатысуы.

     Мәдени-бос  уақыт мекемелерінің желісін  кеңейту үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 1000 орынды қазақ  музыкалық-драматургиялық театрын  салу жоспарлануда.

     Спорт және туризм саласындағы шығындар келесі мақсаттарға бағытталады:

     - қалада дене шынықтыру және  спортты одан әрі дамыту;

     - спорттың бұқаралық және ұлттық  түрлерін дамыту үшін жағдайлар  жасау;

     - облыстық және республикалық  спорт жарыстарына облыстың құрама  команда мүшелерін дайындау және  қатыстыру;

     - спорттың материалдық-техникалық  базасын дамыту.

     Тұрғындарды спорт имараттарымен, сапалы инвентарь  және жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі  айтарлықтай артты. 2008 жылы республикалық  бюджет қаражаты есебінен жасанды мұздан жабық хоккей модулінің құрылысы, ал 2010 жылы ЖМК ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланды.

     2009-2010 жылдарға жергілікті бюджет қаражаты  есебінен қала мектептерінің  жанынан хоккей қораптарының  құрылысы жоспарлануда.

     «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы фискальдық саясат