Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 11:56, курсовая работа
Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті – қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. қаржылық мекемелер іске асырады.
Кіріспе
Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды
арқылы мерзімділік және қайтарып беру
шартымен тарту және орналастыру үшін
құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті
– қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып
алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын
аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық
қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды
аударуды банктермен қатар инвестициялық
қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік
фирмалар және т.б. қаржылық мекемелер
іске асырады.
Банк дегеніміз – Қазақстан Республикасының
31.08.1995 ж. (10.07.2003 ж толығымен) «Банк және
банкілік қызмет туралы» Заңы банкілік
қызметті іске асыратын коммерциялық
ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банктің
басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан
жері болып табылады. Банктің түріне қарай
Ұлттық Банк жылдық есеп беру, бухгалтерлік
баланс және пайда мен шығынды есептеудің
әр түрлі стандартын бекітеді. Банктер
мемлекеттік меншік негізінде құрылатын
мемлекеттік банктен басқа, кез-келген
меншік формасы негізінде құрылады. Қазақстан
Республикасында 3 мемлекеттік банк бар.
Олар:
1. Даму банкісі – 01.07.01 ж;
2. Қазақстан Эксимбанкі;
3. Тұрғын үй құрылыс сақтау банкі – 2003
жылдың қыркүйек айында құрылған.
Банк құрылтай шарт негізінде
құрылады және өзінің заңына сай қызмет
етеді. Банкті құру жөніндегі құрылтай
шартында мынадай мәліметтер көрсетілуі
керек:
- құрылтайшылар туралы мәліметтер: олардың
әрқайсысының толық фирмалық атауы, орналасқан
жері, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік
тіркеу туралы мәлімет, жеке тұлғалар
үшін – аты-жөні, азаматтығы, жеке басын
күәландыратын құжаттың мәліметтері,
тұрғылықты жері;
- акциялардың құны, саны және категориясы
туралы мәліметтер Банктің заңында міндетті
түрде төмендегідей мәліметтер болуы
керек:
- банктің толық және қысқаша атауы;
- банктің меншік формасы және құқықтық-ұйымдастырылу
формасы туралы мәліметтер;
- банктің қорларын құру және оларды пайдалану
принциптері;
- банкті басқару органдарының шешім қабылдау
тәртібі. Банк өзінің Заңдарына
жазылған фирмалық атауды банктің атауы
ретінде қолданады. Бірде-бір банк негізгі
Заңда жазылған атаудан басқа атауларды,
құжаттарда, хабарландыруларда және жарнамаларда
пайдалануға құқығы жоқ. Ұлттық Банктен
басқа барлық банктерге өз атауында Ұлттық
сөзін қолдануға тиым салынады.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттерін
қамтамасыз етуге қызмет етеді және банкілік
операцияларды жүргізудің негізгі қайнар
көзі болып табылады. Банктің жарғылық
қоры / мемелекеттік банктік есепке алмағанда
/ алғашқы кезде акцияларды сату немесе
құрылтайшылардың жарнасы есебінен құрылады.
Құрылтайшылар мен акционерлер өздері
алатын акцияларға тек қана ақшалай қаражат
төлеуі керек. Акционерлік қоғам формасында
қызмет ететін банктің акциялары үшін
несиеге алынған, кепілдікке берілген
қаражаттарды қолдануға тиым салынады.
Осы талаптарды бұзу жолымен жарғылық
қорға түскен қаражат сондай-ақ, банкті
пайдаланудан келіп түскен табыстар республикалық
бюджет пайдасына өндіріліп алынады. Ал,
акциялар одан әрі іске асырылу үшін банкке
қайтарылады. Банк акцияларын алғаш рет
сату олардың номиналды құнынан төмен
емес бағамен және барлық құрылтайшылар
үшін бірдей жүргізіледі.
Жаңадан құрылған банктің құрылтай
құжаттарында көрсетілген жарғылық қоры
оның тіркелу сәтінде өзінің акционерлерімен
50% төленген болуы керек. Қалған бөлігі
банк заңды тұлға түрінде тіркелген күннен
бастап бір жыл ішінде төленуі керек. Банктің
жарғылық қорын көбейту мынадай жолдармен
жүргізіледі:
- қосымша акциялар шығару;
- акциялардың номиналдық құнын көтеру.
Бәрінен бұрын банктерге анықтама
берудің маңызы зор. Экономикалық тұрғыдан
да, заң ғылымында да банкті несие алу
немесе беру жөніндегі делдалдық қызметті
атқаратын кәсіпорын деп түсіндіреді.
Профессор, юрист М. М. Агарков пікірінше,
банктер келесідей қызметтер атқарады.
Банк өзінің клиенттеріне үш категориядағы
қызмет көрсетеді. Біріншіден, банк бөтеннің
ақшасын сақтау міндетін мойнына ала отырып
тұлғалардың ақша қаражаттарын жинайды.
Бір сөзбен айтқанда өз клиенттерінің
кассирі болады. Екіншіден, банк клиенттен
процентсіз ақша талаптары, көбінесе вексель
талаптарын алу формасында несиелік қызмет
көрсетеді. Атап айтқанда, заем немесе
кепілдік несие формасында. Үшіншіден,
банк клиенттердің төлем ақыларды қабылдау
және іске асыру жөніндегі әр түрлі тапсырмаларын
орындайды. Мысалы: чектерге, аударымдарға,
аккредитивтерге ақы төлеу, вексельдер
және басқа да құжаттар бойынша төлемдер
инкассациялау. Қызметтің осы үш категориясына
сәйкес банктерге тән үш міндетті ажыратып
айтуға болады: 1) бөтеннің қаражатын жинау;
2) несие беру; 3) төлем айналымына ықпал
ету.
Қазақстан Республикасындағы «Банктер
және банкілік қызмет туралы» 1995 жылдың
31 тамызында шыққан заңының 1 бабында банк
дегеніміз заңдарға сәйкес банкілік қызметті
іске асыруға өкілеттігі бар коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға деп
бекітілген.
Акционерлік қоғам түрінде қызмет
ететін банктердің жарғылық капиталы
жеке және заңды тұлғалардың арасында
бөлінетін номиналдық құнын тең бөлетін
акциялардың белгілі бір санына бөледі.
Банктердің акциялары акционерлердің
басым көпшілігінің келісімімен ғана
қолдан-қолғаөтеді.
1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері.
Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады.Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі.Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. /2.166-172б/ Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:
• нақты
мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің
әрекетін
бағыттау;
• мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі;
• өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі;
Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міңдеттері банктерге де тән болып саналады.Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы."Банктік менеджмент" - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді.Адам — басты түлға.Машықтанған — жетекші немесе жетекші — кәсіби шебердің дұрыс екеңдігін түсіну маңызды болып табылады.Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады.Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар.Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:
•
ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық
жүргізуші субъекті ретіндегі банктің
• несие беруші мен салымшы мүдделерінің
сақталуы мен
банк сенімділігінің кепілі ретіңде банк
балансының өтімдігін
камтамасыз ету;
•
олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым
толық жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін мамандарды
даярлаудын, қайта да-
ярлаудың жөне орналастырудың тиімді
жүйесін жасау.Банктік менеджмент атап
көрсетілген мақсаттарга сәйкес бірсыпыра
сандық, сапалық жөне әлеуметтік көрсеткіштерді
орындауға бағдарланады.Сандық көрсеткіштердің
банк қызметін басқарудың барлық аясына
қатысы бар. Банк клиенттерінің саны мен
олардың шоттары (есептері), депозиттер
көлемі, несие салымдары, инвестициялар;
банк жасайтын операциялар мен қызметтердің
көлемі - міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін
талдау мен бағалау үшін пайдаланылатын
көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.Сапалық
көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге
болады. Бірінші топты банктің кірістер
мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің
тиімділігін (рентабельділігін) басқару
соның көмегімен жүзеге асырылады. Екінші
топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының,
операцияларды жасауға жұмсалатын еңбек
шығындарының, құжаттарды өңдеу жылдамдығының
көрсеткіштерін қамтиды. Үшінші топқа
банк көрсететін қызметтердің көлемі,
құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің
талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің
көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ
іскерлік келіссөздердің конфиденциалдығы
мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз
етудегі банктің қабілетін жатқызуға
болады.Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым
мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын,
олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік
мәселелерді шешу дәрежесін сипаттайды.Банктік
менеджменттін тағы бір ерекшелігі, салымдар
мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін
қорғау мақсатына мемлекет тарапынан
банк қызметінің неғұрлым тез реттелетіндігімен
байланысты.
Макро - және микро деңгейлердегі несие қатынасы мең ақша айналымы, ақша операцияларын орындау кезіндегі айтарльіқтай тәуекелдің болуы сияқты басқару аясының аса кеңдігі, банк қызметін басқарудың тағы бір өзгешелігі болып саналады. Атап көрсетілген тәуекел ақша нарығы, яғни институттар қызметі үшін тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың күрделі әрекеттерінен туындайды. Сондықтан да банкте неғұрлым жауапты шешімдерді ұжым болып қабылдау қағидасы қолданылады, несие берушілерді болуы мүмкін тәукелдерден қорғаудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңесі мен филиалы арасындағы несие операцияларын жасау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады. Банктік менеджментті екі көзқарас тұрғысынан үйрену көзделеді:
1.
Банк қызметі
тарапынан
(жүмыстың өзімен)
Банктің
мақсаты
Банктің
міндеттері
Қабылданатын
шешім
Банктің күрделі операциялары адамдар арқылы атқарылады. Олар операцияларды басқарады, клиенттерге қызмет көрсетеді, ақша аударымдарының сенімділігіне жауап береді.Банктер алуан түрлі қызметтер көрсетеді (әлемдік тәжірибеде — коммерциялық банктер 200-250-ге дейін қызмет түрлерін көрсетеді).Банк қызметкерлері өте білікті болуы қажет, банктің ішіңде және сыртында болып жатқандардың бүкілін (экономиканы, нарықты, заңдарды және т.б.) білуі тиіс.
Дамыған еддердің (АҚШ; Англия, Франция, Жапония) коммерциялық банктеріндегі үжым менеджменттетінде былайша топтастырылады:
(бөлімдердің, комитеттердің, ► Техникалық қүрылым
сарапшылардың бастығы)
3. Арнайы қызметкерлер, қызмет ► Қосымша (көмекші) деңгей
көрсету процесі
4. Операциялық зал,
касса, инкассация, ► Жұмысшылар бөлігі
инспекторлар, басқа кіші
қызметкерлер
Атап
көрсетілген топтарға мыналар жатады:
Банк стратегиясын айқындайтын, басты
идеяларды туғызатын Директорлар Кеңесі,
банк Президенті және вице-президенттер.Банктегі
бүкіл қызметтер мен операцияларды, негізгі
жүмыстарды орындайтын несие комитеті,
депозиттік бөлім, қаржы бөлімі, аудит,
бөлім бастықтары деңгейіндегі талдау
бөлімі, бас мамандар.Заңгер, психолог,
социолог, бағдарламашы, математик, физик,
геолог және ғылыми орталықтар банктің
позициясын күшейтеді, сапаға әсерін тигізеді.Инспекторлар,
бөлімдердің қызметкерлері, бухгалтерлер,
кассирлер, техниктер, инкассаторлар және
т.б. орындалатын жұмыстың барлық түрлерін
тексереді және құжаттық түрде жүзеге
асырады.