Банк менеджменты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 11:56, курсовая работа

Описание

Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті – қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. қаржылық мекемелер іске асырады.

Работа состоит из  1 файл

Курсовая для Акмарал Банк менеджменты.docx

— 67.78 Кб (Скачать документ)

      Коммерциялық  банк  стратегиясын құрудың типтік  схемасына мыналар кіреді:

а) жалпы  мақсат;

ә) уақытша  ауқым;

б) стратегиялық бағдар:

  • банктің болашақтағы рөлі;
  • басқару міндеттері;

в) банктің жағдайын талдау:

  • банктің жағдайын (статусын) бағалау;
  • бэселестік позиция;
  • клиенттермен қарым-қатынас;
  • каржылық жағдай;

г)іс-әрекеттің жаңа ауқымын игеруде артықшылықтарды 
анықтау:

  • жаңа қаржылық қызмет көрсету;
  • жаңа қаржылық қүралдар;
  • жаңа клиенттер;

ғ) жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;

д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;

е) банктік әлеуеттің дамуы;

ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;

з) қосарланушы талдау жүргізу.

      Коммерциялық  банктің несиелік операцияларын  басқаруға мыналар кіреді:

  1. несиелік қатынастар технологиясы;
  2. несиелік тәуекелділік.

     Қорытынды 

     Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға  қажетті жалпы принциптері мынадай:

  1. Нақты нарықтық мақсатқа – барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.
  2. Маркетинг – бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау).
  3. Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.
  4. Маркетингі нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған маркетингілік ишешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.
  5. Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақты түрде ынталандырып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.
  6. Маркетингі ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.

     Банк  маркетингісінің негізгі мақсаттары:

  1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.
  2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.
  3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.
  4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

     Әлеуметтік  фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл  ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты нақты техникалық әдістермен ұштастыратын құрал ретінде  түсіндірілетін болады.

     Жаңа  тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін» дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен  – клиент пайдасы, содан кейін  – банк мүддесі. Клиентке бағдарлану – жетістікке жеткізетін басты фактор.

     Банктегі  маркетингтің негізгі міндеттері:

  1. Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
  2. Көрсетілетін қызметтің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.
  3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.
  4. Несиегерлермен әрі салымшылармен ынтымақтастық құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде банк өтімділігін қамтамасыз ету.

     Бұл міндеттер сәтті шешімін табатын  болса банктің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарады.

     Маркетингілік қызметті ұйымдастырудың негізгі элементтері:

  1. Нарықтың жағдайын және оның даму келешегін кешенді түрде зерделеу арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге сатып алушының әлеуетті сұранысын жедел әрі шынайы анықтау.
  2. Өнімнің жаңа үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың көптеген талап-тілегін қанағаттандыратын тиісті қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру.
  3. Өндірісті және қаржыландыруды үйлестіру әрі жоспарлау.
  4. Өнімді өткізудің және бөлудің оңтайлы жүйелерін құру әрі жетілдіру.
  5. Барлық қызметті өткізуді ұлғайту шараларының аясында өзгерген жағдайларға сәйкес жүйелі түрде реттеу әрі түзету.

     Маркетингінің құрамдық элементтері мен әр түрлі  шараларында оның бірнеше түрі болады.

     Банк  маркетингісінің тәсілдері:

  • Клиенттермен тіл табысу;
  • Акционерлерге дивиденттерді және пайдалы қызметті қамтамасыз ету;
  • Өзге несиелік және банктік емес мекемелердің өнімдерімен салыстырғанда банк қызметін падалану барысында клиенттерге артықшылықтар тудырады;
  • Банк жұмыскерін қызмет көрсетулерді өткізуге материалдық тұрғыдан мүдделі етіп қою.

     Клиентпен тіл табысу аясында банк маркетингісі белсенді маркетингке айналады.

     Белсенді  банк маркетингісі мыналарды:

  • Тікелей маркетингті, яғни, поштаны, телефонды және теледидарды пайдаланатын белсенді жарнаманы;
  • Халықтың арасында, оның ішінде, көшеде сауалдама жүргізуді;
  • Әлеуетті клиентпен жеке тіл табысуды, оның қажеттілігін зерделеуді, оның ішінде, оның қажеттілігін банк жұмысының процесінде зерделеуді;
  • Жекелеген маркетингілік проблеманы талқылау үшін банк ұйымдастыратын пікірталас клубына ұқсас клубты білдіретін «фокус-групп» құруды қамтиды.

     Банктің маркетинг стратегиясы. Нарықтағы жетістік, маркетингтің үлкен жетістігі ахуалды жүйелі түрде ұғуға, банктің күш-жігерін нақты үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді дәл белгілеуге және жетістіктерді бағалаудың ең жетілген әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың сапасымен анықталады.

     Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспардың негізгі  элементі болуы тиіс.

     Бұл саладағы  жоспарлау банктің күшті  және әлсіз жақтарын, банк өз қызметіне  алдағы 3-5жыл ішінде кездестіруі  мүмкін қолайлы және жағымсыз факторларды  детальды түрде талдай алатын экономикалық болжау бойынша тәжірибелі мамандарды жасақтаудан басталады. Бұл арада  банк жұмыс істейтін орта мен жағдай тиянақты талданатын болады. Саяси  және экономикалық факторлардың ықтимал  ықпалы, банк заңдарының ықтимал өзгерістері,  технологиялық және әлеуметтік факторлар  қарастырылады.

     Сонымен қатар соңғы 2-3 жыл ішіндегі банк қызметінің пайдасы, активтегі табысы, операциялардың өскен мөлшері, басқа  банктермен салыстырғандағы банкаралық нарықтағы позициясы, төленген дивидендтердің мөлшері, жұмыскерлердің саны мен кәсіби дайындық деңгейі және өзге де шешуші көрсеткіштері параллельді түрде  талданады.

     Маркентинг  стратегиясын банк мақсатына маркетинг  мақсатына маркетинг құралы арқылы қол жеткізудің ең жақсы жолы ретінде  анықтауға болады.  
 
 
 
 

                                 Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж.
  2. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2006 ж.
  3. Бердалиев К. Менеджмент: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2005 ж.

Информация о работе Банк менеджменты