Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 18:18, курсовая работа
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпау шылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Азаматтық хұқықтық қатынастар
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпау шылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Лицензияланатын
қызметпен айналысу құқығына лицензия
қызметінің осы түріне қойылатын
талаптарға біліктілік деңгейі сай
келетін субъектілерге
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері болуы мүмкін, олар заңды тұлға құрмайды, тек заңды тұлға мүлкі беріледі және бекітілген ережелердің негізінде жұмыс істейді. Филиал мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілдік берген органы тағайындайды және оның берген сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
1.8. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
Меншік құқығы
дегеніміз субъектінің заң
Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пай да табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Азаматтық құқықтың түсінігі. Азаматтық-құқықтық қатынас
Азаматтық
құқық Қазақстан
Қазақстан Республикасы
Азаматтық құқық ғылымы
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Әрбір құқық қатынастарында
Құқық қатынастарына
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына
Азаматтық құқық нормалары
Кейбір заңдылық фактілер осы
фактілер нәтижесінде туатын
құыққ қатынастарына қатысушы
тұлғалардыңөздерінің қалауы
Заңдылық салдар, яғни белгілі
бір құқық қатынастарын
Көп жағдайларда құқықтар мен
міндеттер құқық тәртібінде
Мәмілелермен қатар, тікелей
Кейбір әрекеттер құыққ
Меншік құқығы
және меншіктің түрлері
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.
Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.
Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншікдегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.
Меншік құқығын иемдену тәртібі
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.
Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.
Меншік құқығың тоқталуы
Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.
Меншікті иелену, пайдалану, билік ету
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
Иелену құқығы
дегеніміз
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.
Пайдалану құқығы дегеніміз
Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа
Билік ету құқығы дегеніміз
Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.
Өзге де заттың құқықтар
Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyі. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару
Жерді пайдалану құқығы
Жерді пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мүлікті иелену меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуі және пайдалануы.
Шаруашылықты жүргізу құқығы
Шаруашылықты жүргізу құқығы — мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етуді заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.
Оралымды басқару құқығы
Оралымды басқару
құқығы — меншік иесі мен қазыналық
кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған,және
мемлекеттен мүлік алған
Өзге де заттық құқықтар
Өзг де заттық құқықтар — сеніп тапсырылған басқару құқығы жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы жер асты байлығын иелену құқығы; кепіл.
Меншік құқығын қорғау
Егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін: меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды.
Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялық талап қойылғанда, мүліктің жаңа иесінің (иеленуші) адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал емес деп есептелінеді. Негаторлық талап— бұл мүлік иесінің үшінші тұлғаға меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайтын бөгеттерді жою туралы талабы. Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен талап қоюшыға өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды. Талап қоюшының талабы өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруына жауап беруінің құқыққа қарсы мінез- құлқы мен кедергі жасамауына ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарын жоюға, яғни шығындарды қайтаруды талап етуге бағытталған. Бұл талапқа талап ету мерзімі қолданылмайды.