Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 23:11, контрольная работа
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздерін қалыптастыру өткен ғасырдың он жылдығында басталды. Бұл процесс тез арада жан-жақты сипат ала тұрса да, оның ойдағыдай өркендеу ортасы өнеркәсіптік өндіріс болды. Ғылым мен техниканың дамуы өндірісті шоғырландыруға, ал соңғысы өз кезегінде жаратылыс – техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру жұмыстарына ықпал етті.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Менеджменттің бастапқы теориялары
Ғылыми басқару (1856-1920)
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950)
Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950)
Бихеовиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
ІІІ Қорытынды
5. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін психология мен социологияның дамуы, зерттеу әдістерінің жетілдіруі жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Арджирис, Ренсис Ликерт, Дуглас Мак Грегор, Фредерик Герцберг және бихевиористік мінез-құлық мектебінің басқа да өкілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің, мотивацияның, билік пен бедел сипатының, ұйымдық құрылымдарының, ұйымдастырудағы жетекшіліктің, жұмыс мазмұнын ескертудің және еңбек тұрмысы санасының алуан түрлі жайларын зерттеді.
Бихевиористік мектеп адамгершілік қатынас мектебінен едәуір ауытқып, адамдар арасындағы қатынасты орнықтыру тәсілдеріне назар аударды. Бұл жаңа бағыт көбінесе адамдардың өз мүмкіндіктеріне ықпал етуге, ұйымды құруға және басқаруға негізделеді. Тұтастай алғанда бұл мектептің басты мақсаты адам ресурстарының тиімділігін арттыру арқылы ұйымдастыру тиімділігін арттыру болды.
Мұндағы басты мәселе мынада: мінез-құлық туралы ғылымды дұрыс қолдану жеке жұмысшыларды да, тұтастай ұйымның да тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Алайда менеджментті зерттеушілердің атап көрсеткеніндей жұмыс мазмұнын өзгерту және жұмыскерлердің басқаруға қатысуы секілді адамдар тек кейбір жұмысшыларға ғана, әрі кейбір жағдайда ғана тиімді болады екен.
Шет
елдегі басқару теориясының жаңа
бағыттарының бірі – «басқару ғылымы»
деп аталатыны – басқару
«Жаңа» мектептің ең көрнекті өкілдеріне Р.Акофф, Л.Берланфи, С.Бир, А.Гольдбергер, Н.Джорджеску-Реган, Р.Каллин секілді ғалымдар жатады. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетика мен операцияны зерттеудің пайда болуына байланысты. Алғашқыда операцияны зерттеу сандық талдау әдістерін тұтастай, оны бөлімдерге жіктемей дайындаумен шектеледі.
Кейіннен операцияны зерттеу ғылымының дербес саласы ретінде қалыптасып, негізгі екі бағытта дамытылды. Біріншісі – басқаруда неғұрлым жиірек кездесетін құбылыстың математикалық моделін құруға, запастарды басқаруға, ресурстарды бөлуге, бұқаралық қызмет көрсету міндеттеріне, ескі жабдықтарды алмастыруға, жұмыс уақытын реттеуге, т.б. байланысты болды. Екіншісі – жүйені зерттеуге «жүйе техникаларын» құруға айрықша мән берді.
Әрі
қарай дербес ғылыми пән – басқару
шешімдерінің теориясы қалыптасты.
Қорытынды
Қорытындылай келсек, менеджмент – дәстүрлер тарихы, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған кезде пайда болды.
Басқару практикасы ұйымдастыру сияқты өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі 3 мыңжылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.
Басқару практикасы мынадай кезеңдерден өткен:
- Ғылыми басқару (1856-1920)
- Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950)
- Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950)
- Бихеовиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
Әрбір кезеңдеріне қысқаша тоқталып өтсем: ғылыми басқару кезеңінде Фредерик Тейлор өзінің басқару жолдарын ұсынды, ол жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайландырылған еңбек ақыны қолдануды, т.б. көздеді. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің негізгі өкілі француз зерттеушісі Анри Файоль өзінің басқаруда 14 принципін ұсынды. Оның пікірінше, басқару жоспарлардан басталып, бақылаумен аяқталатын үздіксіз процесс болып саналады. Сол себептен де оның еңбегі күні бүгінге дейін жұртшылықтан кең қолдау тауып отыр. Адамгершілік қарым-қатынас мектебінің өкілдері Мэри Паркер Фоллет пен Элтон Мэйо еді. Олар егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігін де жоғары болады. Тікелей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-қатынас жасауға барынша толық амалдарын пайдалануды ұсынды. Бихеовеористік мінез-құлық мектебінің басты мәселесі мынада еді : мінез-құлық туралы ғылымды дұрыс қолдану жеке жұмысшыларды да, тұтастай ұйымның да тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Яғни әр мектеп басқарушылық теориясының қалыптасуында өзіндік үлес қосты.
Қазіргі кезде басқару шешімдерінің теориясы саласындағы зерттеулер мынадай бағыттарды жүргізіледі:
- ұжымдарда шешімдер шығару процестерін математикалық моделдеу тәсілдері;
- статистикалық шешімдер теориясын, құбылыс теориясын қолдана отырып қолайлы алгоритмді шешімдер;
- экономикалық
құбылыстардың сандық
Қазіргі
кезде нарықтағы фирмалардың
стратегиясына байланысты салаларда
зерттеу жұмыстары, ұйымды болжалдау
мен қайта құру тәсілдері кең
көлемде жүргізілуде. Нарықтағы
күшейіп отырған бәсекелестік және
дербес өндірістік конгломераттар құру,
өзгеріп отырған факторларға сәйкес
жетістіктерге жету проблемасы туды. Осы
мақсатта жаңа ұйымдық фирмалар жан-жақты
талдау жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа
есептеу техникалары, барынша децентрализациялауға
ықпал ететін жаңа басқару психологиясы,
нақты міндеттерді қою мен шешу яғни
мақсаты басқару қолданылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Ахметов
К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С.,
Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. «Менеджмент
негіздері» - Ақтөбе-Орал, 2005 жыл.
2. Бердалиев
К.Б. «Менеджмент негіздері» - Алматы,
2007 жыл.