Экономика. Экономиканың негізгі элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2011 в 22:19, курсовая работа

Описание

Дәрістің жоспары:
• экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы;
• нетізгі экономикалық түсініктер;
• балама шығындар, көлбеу өндірістік мүмкіншіліктер;
• экономикалық теорияның әдісі.

Работа состоит из  1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)
 

    П. Қайталауға арналған сұрақтар

 

    1. Адам капиталы түсінігінің маңызы қандай?

    2. Адам капиталының өзге капитал формаларымен       несі ортақ? Ол неге капитал деп аталады?

    3. Біліктілік түсінігінің мазмұнын  түсіндіріңдер. Жауапкершілік, ептілік,  білгіштік, тәжірибе, білім түсініктерінің  мағынасын ашып беріңдер

    4. Ұлттық экономика әрекетінің  материалдық-заттық нәтижелері неден тұрады?

    5. Ресурстардың шектеушілігі және  дұрыс таңдау - экономикалық категориялар  түсініктерінде не ортақ?

    6. Ұдайы өндірістің негізгі формаларына  сипаттама бер және олардың  формалары арасында не ортақ?

    7. Кеңейтілген ұдайы өндірістің екі құрылымдық бөлімдері (Маркс формуласы бойынша) арасындағы пропорцияны көрсетіңдер?

 

    Ш. Өз білімін бақылауға  арналған тестілер

 

1. Адам капиталы  түсінігіне инвестициялар  кіреді:

а) білім  беруге, денсаулық сақтауға;

б) жол  құрылысына, мешіттер мен шіркеулер құрылысына;

в) жұмыс  күші миграциясына және ақпараттар алуға;

г) ұлттық банкі және опера театрлары ғимараттары 

    құрлысын салуға;

д) а) және в) жауаптары ғана дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.

2. Өндірістік ресурстар  мыналардан тұрады:

а) табиғи ресурстар - қалпына келтірілмейтін табиғи

    күштер мен заттар;

б) ұсақ тауар өндірушілер жасаған материалдар  мен 

    шикізаттар;

в) ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің жеке ресурстары;

г) зауыттағы  жолданбалы жұмыс күші;

д) мемлекеттің  ақша қаражаттары;

е) а) және г),д) жауаптары ғана дұрыс;

з) барлық жауаптар дұрыс.

3. Өндірістің негізгі  факторлары болып  саналатындар:

а) жер, аспаз еңбегі;

б) капитал, ұсақ және орта кәсіпкерлердің еңбегі;

в) мемлекеттік  кәсіпорындарда жұмыс істейтін

    жұмысшылардың еңбегі;

г) педагогтың, ғылымның, дәрігердің, министрдің

    жауынгердің еңбегі;

д) саудагердің, менеджердің, маркетологтың еңбегі;

е) а), б), в) жауаптары дұрыс;

з) барлық жауаптар дұрыс.

 

4. Қоғамдық ұдайы  өндіріс мына кезеңдерде  тұрады:

а) сапалық  өзгерістер, қозғалулар;

б) өркендеу, құлдырау;

в) өндіріс, бөлу;

г) айырбас, тұтыну;

д) барлық жауаптар дұрыс;

е) в), г) жауаптары ғана дұрыс.

5. Қосымша құнның (m) жинақтау қорына m1) және тұтыну қорына түсуі (m2) мыналарға (m = m1 + m2) қатысты болады:

а) қосымша өнім құнның шамасына;

б) өндірістің меншік иелерінің қалауына;

в) еңбек  өнімділігі деңгейі мен капиталдың техникалық

    құрылысына;

г) жұмыс  істеуші капиталдың өзінің мөлшеріне;

д) а), в), г) жауаптары дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.

6. Келесі анықтамалар экономикалық өсудің қандай түрлеріне (экстенсивті және интенсивті) жатады?

а) біліктіліктерін  арттырусыз, жұмыс істейтін жұмыскерлер 

    санын көбейту;

б) өндірістің  материалдық факторларын (шикізат,

     материалдар, отын және т.б.) ұлғайту;

в) өндіріске капитал жұмсауды көбейту;

г) негізгі  қорларды жаңарту;

д) өндірісті  ұйымдастыруды (басқару, маркетинг,

    кооперация және т.б.) арттыру;

е) негізгі  және айналым қорларының айналым 

    жасаушылығын жеделдету;

з) жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, еңбекті ғылыми

    тұрғыдан ұйымдастыруды жақсарту.

 

5 ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ

 

    Дәрістің  жоспары:

    • кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және оны сипаттайтын ерекшеліктері;
    • кәсіпкерлік қызметтік түрлері және олардың артықшылығы мен кемшіліктері;
    • ҚР кәсіпкерлік: экономикалық және құқықтық жағдайы, қалыптасу және даму проблемалары.
 

    Тақырыптың  мақсаты:

    Тақырып материалымен танысқаннан  кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре  аласыз:

 

   5.1 кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және оны сипаттайтын ерекшеліктері

 

    Кәсіпкер  иелігіндегі мүлікті т.б. заңды  негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті.

    Экономикалық  теорияда, кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастайды. Бірінші болып қолданылған ағылшын экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» - бұл адам белгісіз фиксерім делінген табыс табу, (шаруа шаруашылығы, ремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын белгілі бағамен сатып алып, оған белгісіз бағамен сатады, осының негізінде тәуекелге барады. Оның негізгі экономикалық қызметі тауар рыногында әрбір тауарларға сұранысты сәйкестендіру. Тауар рыногында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы – А.Смит.

    Рыноктық  экономикада кәсіпкерліктің қызметін француздың  ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір  өнімді  өндіру оның айтуынша, ол кәсіпкерліктің  белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру  арқылы білімімен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.

    Ж.Б.Сәй  кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты бейнеледі, оның табысының  бір бөлігі ерекше дарыны үшін беріледі.

    Кәсіпкерлік теорияны дамытуды неміс  экономист  В.Зомбарт кәсіпкер және австриялық  экономист И.Шумпетер  үлкен үлес қосты.. В.Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» (тәуекелге дайын рухани ойы бай, жігерлі және табынды) «ұйымдастырушы» (көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» (шеберлік тек өз тауарын өткізу емес тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары.

    Кәсіпкерлік мақсатын  жан-жақты жазу арқылы, оның  ішіндегі  бастысы деп  Зомбарт анықтайды негізгі мақсаты  ісінің өсуіне  жағдай жасау.

    И.Шумпетер зерттеуші  кәсіпкер өндірістік  меншігі болуы міндетті емес, жеке адам капиталист – болуы мүмкін, банк басқарушы  не акционерлік қоғамның мүшесі.

    Құралдар  түрлерінің пайдалы қызмет ету  уақыты көп жағдайда пайдаланған мезгілінен артық болуы мүмкін. Ұсыныс пен  сұраныстың жоғары жағдайға байланысты, кейбір құрал-жабдықтарға, үкіметтің рұқсаты арқылы амортизациялық пайызды өсіруге болады. Өз құнын жаңадан өндірген тауарларға толық аударылған құрал-жабдықтар табиғат байлығы ретінде қызмет етеді. Фирмаға, қоғам үшін де пайдалы.

    Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар  мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүлікті жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

    Басталуы  барлық шаруашылық қызметі емес, тек  тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік белгілері болып саналады.

    Кәсіпкерлікте  тұлға және нысанын бөліп қарайды.

    Кәсіпкерліктің  тұлғалары жеке тұлғалар, әр түрлі  ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым  кооперативтері және мемлекет бола алады.

    Кәсіпкерлік нысандары шаруашылық қызметтің  кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес  беру қызметтері, бағалы қағаздармен  операциялар бола алады.

    Қызмет  мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

    Өндірістік  кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

    Коммерциялық  кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.  Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

    Қаржылық  кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің  бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

    Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

    Сақтандыру  кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

    Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін  шектеулі ресурстарды  қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

   Ресурстардың  әр түрлі комбинацияларын жасау  – кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша  бес бағытты қамтиды.

  1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
  2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
  3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
  4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
  5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

    Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.

   Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

  • түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін
  • бизнес көлемі шектелмеген
  • қатаң бағамен шектелмейді.

Информация о работе Экономика. Экономиканың негізгі элементтері