Экономика. Экономиканың негізгі элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2011 в 22:19, курсовая работа

Описание

Дәрістің жоспары:
• экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы;
• нетізгі экономикалық түсініктер;
• балама шығындар, көлбеу өндірістік мүмкіншіліктер;
• экономикалық теорияның әдісі.

Работа состоит из  1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

    Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:

  • жеке тұлғалар
  • серіктестік (жолдастық)
  • корпорация (акционерлік қоғам)

    Жеке  кәсіпкерлік деп, бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

    Оның  артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған  формасы.

    Серіктестік деп – екі немесе одан да көп  адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы  сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.

    Корпорация  деп бір кәсіпкерлік қызмет істеу  үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

    Корпорация  артықшылықтарына мыналар жатады.

    Кәсіпкерлік экономикалық ойлардың ерекше түрі, көзқарастық  жиынтығы ретінде сипатталады және шешім қабылдайды, оны практикалық қызметте   іске асырады.

    Кәсіпкерлік болудың мәні біреудің істегенін істемеу дейді И.Шумпетер. Ескішілікке  елестетуге ие болу, көріп білу, тұрақты қарсы тұру.Жаңаны табуға дайын болу және оның мүмкіншілігін пайдалану үшін тәуекелге баруға үйрену, қорқуды жеңу және игілікті ықпал ету болып жатқан жағдайға байланысты емес – бұл процесті өзің анықтау керек.

    Кәсіпкер  ой өрісі жағынан өте тайыз, себебі оның көзқарасы өте тар  шеңберге негізделген. Кәсіпкердің көзқарасының шектесуі, көп жағдайда өз вариантын  іске асыруда өте көп тербелуді  керек етуі мүмкін. Кәсіпкердің дамуы капитализм кезінде жоғары сатыда.

    Біздің  отандық әдебиетте кәсіпкерлікті  шаруашылық искуствосының призмасы ретінде қарастырады. Экономикалық және ұйымдастыру творчествосы  ретінде инициативасының еркін, новаторлық, тәуекелге бару табыс табу үшін. Бұл толық табиғи мүмкіншілік: басқарудың өзі мүмкіншілік искусствосы өндірісті ұйымдастыру нақты шаруашылықта индивидуалдық бейімділікке әдет, тапқырлық, ой жүйріктігі.

    Кәсіпкердің қаралып отырған қызмет түрі материалдық, еңбек, финанс, информациялық ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Сондықтан да тәуекелділік бұл ресурстарды толықтай немесе кейбір бөліктерін жоғалту қаупы жөнінде болуы мүмкін. Бұдан басқа тәуекелдің апатты аймағы да болады. Мұндағы шығынның ең көп мөлшері кәсіпкер мүлкінің құнына тең келеді. Бұл жағдайда кәсіпорын қарызын төлеуге дәрмені болмай, күйрейді.

   Сондықтан да ол өз төлеуге дәрмені жетпей, мүлкін сатып, кәсіпорынды жабуға мәжбүр болады, оны кәсіпкерліктің формалары  мен ерікті экономикалық түрлерінен көруге болады.

 

   Фирма жӘне кӘсіпкерлік

 

    1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері. Кәсіпкерліктегі тәуекел

    2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі  формалары, олардың жетістіктері  мен кемшіліктері

    3. Фирма нарықтық қатынастар жүйесінде.  Фирма теориясы

    4. Фирманың жетілген және жетілмеген бәсеке рыногындағы экономикалық тепе-теңдігі

   Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда, рынок атрибуты ретінде  ол капитализм дамуы кезеңінде айқын  көріне бастады.

    А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

      Кәсіпкерлік тәуекелділігі потенциалды  қауып-қатерлі болуы. Ресурстарды   жоғалту немесе ресурстарды   рационалды пайдалану жолымен  белгілегенге қарағанда табысты кем алу қаупімен сипатталады. Былайша айтқанда, тәуекелділік кәсіпкерлерге белгіленген жоспарға, жобаға қарағанда қосымша шағын жұмсау қаупінің төнуі.

    Егер  тәуекелділік ресурстарды жоғалту  немесе кірісті азайту қаупімен анықталатын  болса, онда абсолютті түрде анықтағанда, оның материалдық-заттай формасымен немесе ақша формасында да өлшеуге болады.

    Сөзсіз, тәуекелділік ықтималды категория, бұл мағынада алғанда ғылыми тұрғыдан неғұрлым барынша негізделген және белгілі деңгейде шығын болуы  ықтимал, сонымен қатар оны өлшеуге де болады.

    Тәуелділікті  жан-жақты талдап, бағалағанда абсолют  және салыстырмалы түрде мүмкін болатын  шығындар көлемінің әрқайсысының пайда  болуы ықтималдығы жеке-жеке қарастырылған  жөн.

    Ықтималды қисық сызықты сызу -  тәуекелділікке баға берудің алғашқы сатысы. Бірақ та шамамен кәсіпкерлікке мұны келтіру аса күрделі міндет болып табылады.

   Тәуекел – айтып өткендей кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

    Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған  вариантпен салыстырғанда табыс  алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.

    Енді  тәуелділіктің кейбір негізгі көрсеткіштеріне  тоқталып өтелік. Осы мақсатпен шығын көлеміне байланысты тәуекел жасау аймағын бөлу қажет.

    Егер  шағын қуат болмайтын болса, онда оны тәуекел жасалмайтын аймаққа  жатқызуға болады.  Ал, тәуекел  жасау аймағына – кәсіпкерлік  қызмет түрінің экономикалық жағынан  пайдалылықтың болуын жатқызуға  болады. Мұнда, әрине, шығын болады, бірақ, оның мөлшері алынатын пайдадан аз.

    Келесі  неғұрлым  ең қауіпті болатын  – қиын-қыстау аймағы.

    Мұнда шығын көлемі алынуға тиісті пайдадан асып кетуі де мүмкін тіптен бұл  аймақта кәсіпкерлік іске жұмсалған  барлық шығындардың орыны толмай қалу жағдайына жетуі де мүмкін Мұндай жағдайда кәсіпкер өз ісінен зиян шегіп, барлық шығынды өз мойнына алады.

    Жоғарыда  аталған мүдделерге байланысты шағын  кәсіпкерлікке қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан тұрады: бірінші  – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.

    Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан  Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы жақсы  ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай  кезек күттірмес мәселелер ауқымы анықталған:

  • Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды құру;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);
  • шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.

    Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа барлық аймақта іс жүзінде  шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінен  құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.

    «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік  мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар ендіру туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы» Заңдар дайындалды және қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.

    Күшіндегі заң бойынша шағын кәсіпорынды  дамыту оның барлық қызметтері салаларында  ынталандырылуы тиіс.

    Шағын кәсіпорындардың  кейбір салаларындағы  қызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статесеп бойынша қонақ  үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар ағынды болып келеді екен.

    Кәсіпорындардың  және оларда жұмыс істейтін жұмыскерлер  санының тұрақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәсіпкерлердің өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады. Мәселе, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттың шектеулігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық  және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік  құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің  жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық  жергілікті масштабта, ұлттық экономиканың айрықша секторы түрінде әлдебір бүтін секілді өмір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген.

    Шағын кәсіпкерліктің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:

    - меншіктік құқықтың бүтіндігі  және кәсіпорынды тікелей басқару,  бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың  қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі ролі мен мәнін күшейтеді;

    - кәсіпорын масштабының шектеулілігі  және қожайын мен жұмыскердің  арасындағы тікелей байланыс, бір  жағынан, басқару тиімділігін  арттырады, екінші жағынан - өндіріске  тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;

    - кәсіпорын мүмкіндігі мен ресурстардың  шектеулілігі, бір жағынан, оған  тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген  бағаға және тауарлы рынок  жағдайына айтарлықтай ықпал  ету мүмкіндігін тудырады, екінші  жағынан – қызметтің түрін  тез өзгертуге жағдай жасайды;

    - тұтынушылар шеңберінің шектелінуі  және жергілікті рынокқа бағдарлануы,  бір жағынан, сатуды кеңейтуді  шектейді, екінші жағынан – тұрақты  сұранымды қалыптастырады және  қызмет көрсету сапасын көтеруге  ынталандырады;

    - қаржылық ресурстарға  жол ашуды шектеу, бір жағынан өндірісті кеңейту мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы рыноктарын (жеке жинақ, таныстар мен туысқандардың қаражаттарын, өсімқорлар капиталын) пайдалануға итермелейді.

    Шағын кәсіпкерлік - өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшілік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:

    - өте бимәлімділігімен, белгісіздігімен  және стихиялығымен сипатталынатын  жергілікті, бір маңайдың  бір маңайдың аумағынан аспайтын рынокта кәсіп етеді. Бұл – ондай рыноктарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;

    - мемлекетпен қатынас жүйесінде,  ірі және орташа бизнестермен, қаржылы-несиелі институттармен, ұйымдасқан  қылмыспен объективті түрде «әлжуаз»  позицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;

    - өзінің айтарлықтай ішкі резерві  болмағандықтан ол сыртқы ортаның  әсеріне өте сезімтал келеді.

    Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл ос саласына қайтадан бағдарлап жіберді.

Информация о работе Экономика. Экономиканың негізгі элементтері