Экономикалық талдаудың әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 10:43, реферат

Описание

Экономикалық талдау – басқару жүйесіндегі маңызды буын. Экономикалық талдауда ақпараттық база қызметін бухгалтерлік және басқару есебі мен қаржылық есептілік атқарады. Экономикалық талдаудың мәліметтері экономикалық жүйеде басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданылады, олар өнеркәсіптің, қызмет көрсету, сауда, банктер, ауылшаруашылық бірлестіктер және басқа кәсіпорындар, сонымен қатар ҚР бюджеті, субьекттері және мемлекеттің толығымен экономикасының кәсіпорындары ретінде шығады.

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық талдаудың әдістерін жіктеу.docx

— 25.96 Кб (Скачать документ)

Экономикалық талдаудың әдістері

 

Экономикалық талдау –  басқару жүйесіндегі маңызды  буын. Экономикалық талдауда ақпараттық база қызметін  бухгалтерлік және басқару  есебі мен қаржылық есептілік  атқарады. Экономикалық талдаудың мәліметтері  экономикалық жүйеде басқару шешімдерін қабылдау үшін  қолданылады, олар өнеркәсіптің, қызмет көрсету, сауда, банктер, ауылшаруашылық бірлестіктер және басқа кәсіпорындар, сонымен қатар ҚР бюджеті, субьекттері  және мемлекеттің толығымен экономикасының кәсіпорындары ретінде шығады.

Экономикалық талдаудың  әдістерін келесі белгілері бойынша  жіктеуге болады:

  1. Оңтайлық критериясын пайдалануы бойынша – дәстүрлі, оңтайлық критериясына ие емес,  тек түрлі факторлардың әсер етуімен талданатын көрсеткіштің өзгерісін динамикада көрсетеді; экономика-математикалық, оңтайлық критериясына ие және оның орындалуна кепілдік береді; эвристикалық, оңтайлық критериясы айқын емес,бірақ оны тұспалдайды және оның орындалудын талап етпейді; психологиялық – оңтайлық критериясы айқын түрде көрінбейді, бірақ тұспалданады;
  2. Алынған нәтижелер бойынша – нақты және шамаланған;
  3. Бастапқы ақпаратты қолдану бойынша – детерминациялық, статистикалық, стохастикалық;

Қазіргі кезде талдаушылар  экономикалық талдаудың барлық әдістерін  үш топқа бөлді:

    1. Дәстүрлі, олар құрамына статистикалық, бухгалтерлік, графикалық әдісті,сонымен қатар есептік ақпаратты өңдеудің түрлі әдістері мен тәсілдерін кіргізеді.
    2. Экономика-математикалық
    3. Эвристикалық
    4. Экономикалық талдаудың дәтүрлі әдістерін толығырақ қарастырайық.

Экономикалық талдаудың  статистикалық әдісі талдамалық топтардың жұмыстарының тәжірибесінде  біршама жиі қолданылады. Оларға жатады:

    • Статистикалық қадағалау, берілген қағидалар бойынша және нақты мақсатпен ақпараттарды жазуды білдіреді;
    • Кәсіпорын қызметінің абсолютті және қатысты көрсеткіштерді коэффициенттер мен пайыздар арқылы есептеу;
    • Орташа шамаларды, соның ішінде  арифметикалық, жай, өлшенген және геометриялық шамаларды өлшеу;
    • Абсолютті өсім, қатысты өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны енетін динамика қатарларын есептеу;
    • Нақты белгілері бойынша экономикалық көрсеткіштерді  топтастыру  мен жинастыру;
    • Кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін  бәсекелестердің ұқсас көрсеткіштерімен, нормативтерімен динамикада салыстыру;
    • Салыстырылатын көрсеткіштерге факторлардың әсерін көрсететін индекстерді есептеу;
    • Экономикалық көрсеткіштің құрамдастарға ажырауын талдап тексеру (мысалы, жылдық еңбек өнімділігі сағаттық өнімділікке және жыл барысында пайдаланылған уақытқа тәуелді)

Бухгалтерлік әдістерге  кіреді:

      • Екі жақты жазба әдісі;
      • Бухгалтерлік баланс;
      • Басқа бухгалтерлік әдістер.

Графикалық әдістер  жазықтықта және үш өлшемді кеңістіктегі экономикалық көрсеткіштердің өзгерісінің графиктері мен диаграммаларынан тұрады.

Экономика-математикалық  әдістер  экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын  математикалық әдістерге жатады. Олар экономикалық талдауды жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады.  Олардың талдамалық жұмыстарда қолану кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен оның бөлімшелерінің талдауының тиімділігін арттырады. Бұған талдауды жүргізу мерзімін қысқарту есебінен, дәстүрлі әдіспен мүлдем орындалмайтын талдаудың көп өлшемді есептерін шешу мен қою, шамаланған немесе қысқартылған есептеулерді нақты есептеулермен алмастыру, коммерциялық қызметтің нәтижелеріне факторлардың әсерін толығымен қамту  есебінен  қол жетеді. Экономикалық талдауда экономико -математикалық әдістерді  пайдалану үдерісі эконмикалық талдаудың математикалық есептерін тұжырымдау және алдыңғы уақытта осы жағдайда оны кез-келген ыңғайлы  математикалық әдіспен шешуден басталады.

Экономика-математикалық әдістер   нақты белгілері бойынша біріккен келесі әдістер тобын енгізеді:

    • Элементарлы математика әдістері;
    • Дифференциалдау, интегралдау, мен вариациялық есептеу жататын математикалық талдаудың классикалық әдістері;
    • Бір өлшемді және көп өлшемді статистикалық жинақтарды зерттеу әдістері жататын математикалық статистиканың әдістері;
    • Өндірістік функциялардан және «шығын –өнім» әдістерінен тұратын эконометрикалық әдістер, оларға кәсіпорынның матрицалы техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспары, сала арасындағы баланс, ұлттық есепшілік;
    • Сызықтық, сызықтық емес, бүтін сандық, топтамалық және динамикалық бағдарламалауды қамтитын математикалық бағдарламалаудың әдістері;
    • Қорларды басқару; жабдықтарды ауыстыру мен техникалық тозуды анықтаудың әдістері; ойындар теориясы; кестелер еориясы; жаппай қызмет көрсету теориясы; жоспарлау мен басқару желілік теориялары жататын операцияларды зерттеу әдістері;
    • Экономикалық кибернетика әдісі, оның құрамына талдаулар жүйесі мен жүйелер теориясы, еліктеу теориясы, модельдеу әдістері, іскер ойындар, образдарды тану теориясы кіреді.

Дифференциалдау мен интегралдау экономикалық талдауда таза түрінде сирек қоладанылады. Алайда, олар нақты әдіс емес, шамаланған әдіс болып табылатын факторлық талдаудың түрлі әдістерінде қолданылады.  Мысалы, алға қойылған міндетте қандай да бір экономикалық көрсеткішке түрлі факторлардың әсерін тізбекті қойылымдар мен интегралды әдіспен шешу жолымен анықтай отырып, біз әрқашан есептеудің түрлі нәтижелерән аламыз. Бұл құбылыстың себебі,  интегралдау кезінде бізде әрқашан шамасы белгісіз  қалдық болады.

Математикалық статистика әдісі факторлық талдауда қолданылады. Олар басқару шешімін бермейді, тек қандай да бір көрсеткішке бір өлшемді немесе көп өлшемді жиынтықтардың әсерін көрсетеді. Бұл әдістердің ұсынбалы сипаты бар, бірақ сапалы талдау үшін өте маңызды.

Эконометрикалық әдістер жоспарлаудағы сияқты, экономикалық жүйенің қызметін экономикалық талдауда да үлкен құндылығы бар. Экономикалық жүйе ретінде кәсіпорын немесе бүтін мемлекет болуы мүмкін. Жобалар деңгейінде матрицалы техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспары мен сала арасындағы баланс моделинде төрт квадранттың таңдауы мен олардың орындалуы кәсіпорын мен, сәйкесінше, мемлекеттің даму жоспарының болашақ стратегиясын қалыптастыру үшін құнды экономикалық ақпарат береді.

Математикалық бағдарламалау  әдістеріне сызықтық бағдарламалау әдісі жатады. Оған кіреді: ресурстардың әртекті түрлерін бөліп тарату міндеттерін шешетін симплексті әдіс, өзгерген симплексті әдіс; құрамына потенциалдар әдісі, таратушылық әдіс және т.б кіретін көлік түріндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін  көліктік әдістер. Осылардың көмегімен жабдықтарды тиеу, кәсіпорын деңгейіндегі өндірісті мамандандыру мен мемлекеттің барлық аумағы және аймақтар деңгейінде өндірістік күштердің оңтайлы орналастыру талдауының  міндеттерін шешеді.

Математикалық бағдарламалау  әдісі экономикалық талдау тәжірибесіінде компьютерлік техниканы қолдануды  болжайды. Қоспалар мен рцептураларды жасау сияқты жеңіл міндеттер үшін, компьютерлік техниканы қолдану және симплексті әдістің стандартты бағдарламасы немесе өзгерген симплексті әдіс бойынша  талдау жүргізу жеткілікті. Симплексті әдісті қолдану арқылы рецептураларды талдау басқа ешқандай әдісне тәсілмен ала алмайтын екі жақты баға алуға мүмкіндік береді. Бұл бағалар ресурстарды пайдалану тиімділігі бойынша маңызды экономикалық ақпаратты береді.

Осы топтағы ерекше орынды динамикалық бағдарламалау алады. Оның ерекшелігі: құрамдастыру әдісімен орындауға болатын көптеген шешімдердің  бөлігі  экономикалық талдаудың  нақты міндетін шешуде динамикалық  бағдарламалау алгоритмін орындағанда  кесіп тастылынады. Әдістің мәні мынада: бірінші этапта барлық ресурстар бірінші обьектіге беріледі. Екінші этапта ресурстарды бөлу бірінші этап пен екінші этап шешімдері арасында жүзеге асырылады. Үшінші этапта бөлу екінші әне үшінші этап шешімдері арасында болады.  Үдеріс ресурстарды бөлу n обьектісі арасында болғанға дбейін жалғаса береді.  Осы жағдайда ерсурстардың біртекті түрі бөлінеді: қаржы қаражаттары, с шикізаттың біртекті түрі және т.б.

Операцияларды зерттеу  әдісі  басқарудың әр түрлі деңгейінде экономикалық, технико-экономикалық зерттеулерде және басқару шешімдерін жасауда қолданылатын қазіргі заманғы математикалық әдістерді білдіреді. Экономикалық жүйенің өмірінің  қысқа аралығыныда басқару шешімдерін оңтайландыруға әсер ететін стратегиялық шешімдерді жасауда қолданылғандай, ағымдағы уақыт масштабында өндірістің ұйымдастырылуында да қолданылады.

  Қорларды басқару – экономикалық жүйені түрлі масштабында шешілетін көп қырлы міндет. Ол шикізаттың, өнімнің әр түрлі түрлерінің, қарулануды қосқанда, азық-түліктің стратегиялық қорларын анықтауда мемлекет деңгейіндегідей, өнімнің үздіксіз өнеркәсіптік өндірісін қамтамасыз еті үшін қажетті толымдайтын бұйымдар, материалдар, шикізаттар қорлары қалыптасатын өнеркәсіптік кәсіпорын деңгейінде де шешіледі.

Жабдықтың тозуы мен ауыстырылуы  – ғылыми және тәжірибе көзқарасы тұрғысынан  қызықты мәселе болып табылады. Жабдықты ауыстырғанда  оның физикалық және моральдық тозуын ғана емес, сонымен бірге бәсеке жағдайында  орнатылған жаңа жабдықтың немесе жаңа технологияның экономикалық жүйенің болашақ дамуына әсерін де ескеру қажет. Шешімнің біршама жеңіл нұсқасы – жабдықты ауыстыру шешімін бүтін сандық бағдарламалаудың сызықтық моделіне жинақтау.

Ойындар теориясы -  операцияларды зерттеудің ең бір маңызды бағыты. Мысалы, өнімді шығаратын, оны кәсіпорынға сататын,  және сатып алатын кәсіпорындардың қызығушылықтары. Кәсіпорын үшін өнімнің нақты түрлері ттиімді және тиімсіз болып келеді. Ұқсас жағдай сататын ұйым үшін де бар. Кәсіпорын үшін тиімді тауар сататын ұйымға осы тауар түрінің нашар өткізілуіне байланысты  оған тиімсіз болуы жиі кездеседі, нжәне, керісінше, кәсіпорын үшін тиімсіз өнім сататын ұйым үшін тиімді болады. Ет комбинатының шұжық зауытына шикі сүрленген, жартылай сүрленген шұжық өнімдерін өндіру тиімді және сосиска, сарделька, пісірілген шұжықтың кейбір түрлерін олардың табыстылық деңгецінің төмендігіне байланысты тиімсіз болады. Сататын ұйым үшін сосиска, сарделька, пісірілген шұжықтың кейбір түрлерінсату тиімді, себебі олар тез сатып алынады, сәйкесінше капитал айналымының жылдамдығы жоғарылайды. Осылайша, ет комбинаты мен сататын ұйым арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұрынырақ олар « сен менен осы тауарды ал, мен саған керек тауарды берем» деген қағидамен интуитивті келісіп отырған. Бұл мәселені екі көпестің саудасын ойын ретінде елестетіп, екі жаққа да ыңғайлы алтын ортаны табуға мүмкіндік беретін сызықтық бағдарламалау міндетіне қосып  шешуге болады.

Жаппай қызмет көрсету теориясы – математикалық статистикаға негізделген маңызды математикалық аспаптардың бірі. Мысал ретінде, ет өнімдерін: шұжық өнімдері, сүрлер, субөнімдер және басқа да өнім түрлерін шығаратын шұжық зауытының экпедициясын қарастырамыз.қоймашыға түсетін экспедциялары талаптарының орындалу уақыты әр түрлі және кездейсоқ сипатта. Ол әкелінетін ет өнімдерінің көлеміне және көптеген басқа да факторларға тәуелді. Ет өнімдері талаптарының келу уақыты да кездейсоқ. Егер қоймашылар көп болса, онда талаптарға қызмет көрсету үшін қоймашылардың реті кезегі болады. Жалпы қызмет көрсетуші жүйе ысырап болмау үшін,  жүйенің қызметіне келіп түсетін талаптар саны мен қызмет көрсетудің каналдар саны арасында ең жақсы жағдайлар жиынтығын табу керек. Жаппай қызмет көрсету теориясы бұл проблеманы қызмет көрсетуде қандайда бір кезек болатын өндіріс, сауда және басқа кез-келген экономикалық жүйе үдерісінде шешуі тиіс. Қызмет көрсету жүйесінің экономикалық талдауы кез-келген экономикалық жүйені тиімділігін арттыруда маңызды бағытты білдіреді.

Эвристикалық  әдістер – бұл бұрынғы тәжірибе, интуиция, мамандардыі эксперттік бағалауы мен басқа әдістердің негізінде орын алған шаруашылық жағдаймен байланысты экономикалық міндеттерді шешудің бейресми әдістері.

Оларға кәсіпорынның басшыларына  алға ойған міндеттерді шешуге мүмкіндік  беретін бейресми әдістер мен  тәсілдердің жиынтығы кіреді. Іс-тәжірибеде біршама жиі қолданылатын әдістерге жатқызуға болады:

  • «ми шабуылы» әдісі, ол қандай да бір міндетті шешуді ұсыну туралы мамандардың сұрастыруын білдіреді. Жауаптары кез-келген болуы мүмкін. Шешімді іздеу жолында топ немесе мамандардың үлкен ұұжымы қатысуына болады. Ұсынылатын шешімге әр қатысушы жауапкершіліксіз және  қысылмай-ақ қойылған міндетке өз шешімін ұсынатын атмосфера пайда болады.  Ұйымдастырушымен бұл сұрастыру нәтиижесінде шешімдердің ең жақсысы таңдалынады;
  • Әр эксперт маман оған ұсынылып отырған шешімді бағалайды деп  эксперттік бағалау әдісі тұжырымдалады. Бұл шешімдер он бағалы баға түрінде немесе қанай да бір басқа жүйе бойынша бағалануы мүмкін.бұл экспериментте топ немесе мамандар ұжымы қатысуы мүмкін. Соңында орташа шешімнің өлшенген көрсеткіш бойынша нұсқасы таңдалынады.

Үш өнім түрін өндіретін  кәсіпорын үшін қойылған міндет маркетолог, экономист-программсит мамандармен шешілген. «ми шабуылының» қызықты сәті болып маркетологтың сөз сөйлеуі болды. Ол ассортименттік міндетті симплекстік әдіпен шешу   нарықты өнімнің бәсекеге қабілеттілігін ескермейтіндіктен  оңтайлы жоспарды бермейді. Қағаздағы ең жақсы жағдайлар жиынтығы негізгідегіні көрсетпейді.  Симплексті әдіс статикалы. Тауарлар нарығы әрқашан динамикада болады. Өнімнің бірінші түрі, сөзсіз, қағазда кәсіпорын үшін тиімді, бірақ оның сату жылдамдығы өнімнің үшінші түрінің сату жылдамдығына қарағанда 7 есе кем. өнімнің екінші түрінің сату жылдамдығы  өнімнің бірінші түрінің сату жылдамдығына қарағанда 3есе тез. Осылайша, симплексті әдіс, капитал айналымы жылдамдығын аңғармай өнімге бір бағаны ғана ескереді. Сондықтан кәсіпорынның қуаттылығы мен шикізатына қарай өнімнің үшінші түрін көбірек өндіру керек, одан кейін екінші түрін, өндірістік қуаттық пен шикізаттың қалдығын сататын ұйымдармен келісімді ескере отырып, өнімнің бірінші түріне бағыттау керек. Экономистер өнімнің бірінші түрін көбірек өндір деп қателесті деуге де болады. Бағдарламалаушылардың да симплексті әдісті қолдана отырып ассортименттік міндетті  шешуді ұсынғаны да қате. Алайда ассортименттік міндетті қалыптастыруда капитал айналымының жылдамдығын ескерсек, онда симплексті әдіс кәсіпорын шығаруы тиіс өнімнің оңтайлы ассортиментін береді.

Информация о работе Экономикалық талдаудың әдістері