Экономикалық талдаудың психологиялық әдістері
сұраныс және ұсыныс заңы шеңберінде сатушы
мен сатып алушының психологиясын, психология
түрғысынан экономикалық және технико-экономикалық
жағдайлардың талдауын енгізеді. Мысалы,
шетел мемлекетінің ірі фирмасының бірінде
«лифтпен» байланысты мәселе пайда болды.
Биік ғимаратта лифт қызмет көрсетті,
ол фирма қызметкерлерінің талаптарын
қанағаттандыра алмады. Әр қабатта лифт
маңында кезек тұрды. Бұл қызметкерлердің
жүйкесіне тиді, ол алдағы кезеңнің жұмыс
міндеттерінің орындалу сапасы мен жылдамдығына
әсер етті. Бірнеше нұсқа ұсынылған болатын:
ғимарат ішінде тағы бір лифт салу немесе
бұрынғыны жылдамдығы жоғарысына ауыстыру.
Алайда барлық ұсынылған нұсқалар қымбат
тұратын немесе өткізу үшін қолайсыз болды.
Фирмада жұмыс істейтін психолог, лифт
есігінің қарсы жағына әр қабатқа үлкен
айнадан қоюды ұсынды. Әйел адамдар айнага
қарай бастады. Әр адам одан шашын, жағасын
жөндеуге, өзін өзгелерге көрсетуге амалын
тапты. Жалпы, барлық әйел адамдар айнаны
қолданды, оның бар болғанына риза болды.
Осы уақытта ер адамдар әйел адамдар қарап
қызықтады. Әрқайсы озі ушин қазақты нарсемен
айналысты. Фирма қызметкерлерінің лифт
тосқандағы жүйке тозуы елеулі төмендеді.
Мәселе минимум шығынмен шешілді. Фирма
қызметкерлері айна үйренгенше, ғимараттын
сыртқы жағынан тағы бір лифт салынды.