Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:06, доклад
Корпоративтік мәдениет қызметкерлердің бойында топтасу және бастамашылық сезімдерін қалыптастыруды, Қор тобына бейілділік, корпоративтік құндылықтарға бейім, аса күрделі жағдайларда тиімді шешім таба білетін пікірлестер командасын қалыптастыруды көздейді.
Корпоративтік мәдениетті дамыту, копоративтік құндылықтарды, қызметкерлердің іскерлік этикасы мен мінез-құлық нормаларын енгізу мақсатында Қоғам мыналарды көздейді:
корпоративтік рухты арттыруға, командалық жұмысты нығайтуға (team building), қарапайым болуға, ұжымда қолайлы және шығармашылық ахуалды қалыптастыруға, ішкі коммуникацияны дамытуға бағытталған корпоративтік іс-шаралар жүргізу;
қазіргі проблемалар мен ахуалды бірыңғай түсінуге және шешуге, стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар жүргізу;
қызметкерлердің тартылуына зерттеулер жүргізу (социометрия, социологиялық сауалнамалар), қызметкерлердің өз жұмысы мен еңбек жағдайларына қанағаттанғандығын айқындау үшін, ынталандыру жүйесін пайдалана отырып еңбек өнімділігінің өсуі мен сапалы жұмысқа қол жеткізу үшін қызметкерлердің іс-қимыл уәждемесін айқындау.
Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы қызметінде стратегиялық басқарудың корпоративтік мәдениеті
Корпоративтік мәдениет қызметкерлердің бойында топтасу және бастамашылық сезімдерін қалыптастыруды, Қор тобына бейілділік, корпоративтік құндылықтарға бейім, аса күрделі жағдайларда тиімді шешім таба білетін пікірлестер командасын қалыптастыруды көздейді.
Корпоративтік мәдениетті дамыту, копоративтік құндылықтарды, қызметкерлердің іскерлік этикасы мен мінез-құлық нормаларын енгізу мақсатында Қоғам мыналарды көздейді:
Корпоративтік мәдениеттің әлеуметтік мәдениет феномені сияқты көптеген көріністері (корпоративтік құндылықтары, қызметкерлердің өздерін ұстау нормалары мен ережелері, ұйымның дәстүрі, ұйымның қалыптасу және даму кезеңдері туралы «мифтер мен аңыздар» және т.б.) бар. Іс жүзінде бұл көріністердің әрқайсысы бір уақытта корпоративтік мәдениетті қолдау және қалыптастыру факторлары ретінде жүреді. Зерттеушілер менеджменттің корпоративтік мәдениетке персоналдарды басқару құралы ретінде көңіл бөліп отырғанын атап өтеді.
Әрбір ұйымда корпоративтік мәдениеттің болатынын ескеру керек. Ұйым басшылығы белгілі бір құндылықтарды ресми түрде жариялап, ережелер мен стандарттар кіргізеді, бірақ қызметкерлер (басшылардың өзі де!) оны елемейді, сондықтан ұйымның корпоративтік мәдениеті ресми емес құндылықтармен және «жазылмаған » ережелермен сипатталады. Дәлірек айтқанда, бұл жерде корпоративтік мәдениет «қос стандартпен» сипатталады.
Корпоративтік мәдениеттің басқарманы қызметкерлердің өздерін ұстау нормаларымен қамтамасыз ететін «толық» элементтері ғана емес, сонымен қатар осы нормаларды (құндылықтарды) сақтауға бағытталған ішкі сана-сезімі де болуы керек. Сонымен бірге корпоративтік мәдениет құрамында қызметкерлер санасына құндылықтарды (рәсім, дәстүрлер, ұйымның «мифтері мен аңыздары», оның «кейіпкерлері», кеңістікті ресәмдеу және толтыру ерешелігі) қондыруды қамтамасыз ететін элементтер де болады. Бұл элементтер кездейсоқ немесе мақсатты түрде қалыптасады және ұйым мүшелерінің (басшылықтың және қатардағы қызметкерлердің) санасындағы құндылықтарды көрсетеді.
Корпоративтік мәдениетті жүйе ретінде қарастырсақ, оның жүйе құрайтын факторы басқа элементтерден (нормалар, ережелер, стандарттар, мифтер мен аңыздар, мінез-құлық үлгілері, қарым-қатынас үлгілері және т.с.с) басым құндылықтар болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан корпоративтік мәдениеттің ұйым өмірі үшін маңызын көруге болады. Ол персоналдардың жұмысқа, клиенттерге, әріптестеріне, басшылыққа және ұйым жұмысының табыстылығына ықпал ететін басқа факторларға қарым-қатынастарын анықтайды. Сондықтан басшылық корпоративтік мәдениетті ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде қолдануға тырысады.
Қорытындыда корпоративтік мәдениетті ұйымдастыруды мақсатты құруда жиі қолданылатын құралдарды атап өтейік: ұйымның миссиясын, құндылықтарын формалау, корпоративтік тарих, аңыздар мен мифтерді жағымды, жағымсыз кейіпкерлерімен бірге тарату, дәстүрлер мен рәсімдерді қалыптастырып, жалғастыру, қызметкерлердің өздерін ұстау және қызмет ережелері мен стандарттарын әзірлепенгізу. Әрбір жаңа қызметкерге берілетін корпоративтік кодекс, корпоративтік радио, Интернет, корпоративтік газет, фирманың стилі, киімі – бұның бәрі корпоративтік мәдениеттің бейнесі, қалыптасу факторы.
Корпоративтік мәдениетті құру және оны жалғастыру үшін мына себептерді шебер қолдана білу керек: жұмысқа қабылдау кезінде әңгімелесу, үміткерлерді корпоративтік мәдениетке сәйкестілігіне қарап іріктеу, жұмыстан босату корпоративтік білім, корпоративтік мерекелер, қиындықтар мен проблемалар, бәсекелестік.
Корпоративтік мәдениет басқару құралы ретінде - «адами факторды басқару жүйесіне» енгізудегі жалпы әлемдік беталыстың көрінісі.
Қонақ үй немесе мейрамхана қызметкерлері арасында арнайы тренингті ұйымдастырып өткізуге болады: Осы тренинг қызметкерлерге мыналарға мүмкіндік берді: