Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:06, доклад
Корпоративтік мәдениет қызметкерлердің бойында топтасу және бастамашылық сезімдерін қалыптастыруды, Қор тобына бейілділік, корпоративтік құндылықтарға бейім, аса күрделі жағдайларда тиімді шешім таба білетін пікірлестер командасын қалыптастыруды көздейді.
Корпоративтік мәдениетті дамыту, копоративтік құндылықтарды, қызметкерлердің іскерлік этикасы мен мінез-құлық нормаларын енгізу мақсатында Қоғам мыналарды көздейді:
корпоративтік рухты арттыруға, командалық жұмысты нығайтуға (team building), қарапайым болуға, ұжымда қолайлы және шығармашылық ахуалды қалыптастыруға, ішкі коммуникацияны дамытуға бағытталған корпоративтік іс-шаралар жүргізу;
қазіргі проблемалар мен ахуалды бірыңғай түсінуге және шешуге, стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар жүргізу;
қызметкерлердің тартылуына зерттеулер жүргізу (социометрия, социологиялық сауалнамалар), қызметкерлердің өз жұмысы мен еңбек жағдайларына қанағаттанғандығын айқындау үшін, ынталандыру жүйесін пайдалана отырып еңбек өнімділігінің өсуі мен сапалы жұмысқа қол жеткізу үшін қызметкерлердің іс-қимыл уәждемесін айқындау.