Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:40, реферат
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республикамызды әлемдік білім беру кеңістігіне шығуды қарастыратын мемлекеттің қазіргі саясатын іске асыру білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті, ол талаптардың мақсаты білімнің, дағдының және машықтың жай ғана жинағы емес, осыларға негізделген тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби біліктілік, яғни ақпаратты өз бетімен табу және оны тиімді пайдалана алу, құбылмалы дүниеде үнемді және пайдалы өмір сүру, сонымен қатар жұмыс істеу болып табылады.
Білім менеджеріне қойылатын талаптар
Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету жолдары
Мектеп менеджерінің қызметі
Білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру қызметінің ерекшелігі
Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
Мектеп директоры және оның орынбасарларының міндеттері мен оны ұйымдастыру
а) Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері
б) Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Реферат
Мектеп менеджерінің іс-әрекеті.
Ұйымдастыру қызметі
Орындаған
Тексерген,
аға оқытушы
Орал-2012 жыл
Жоспар
а) Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері
б) Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны
Мектеп менеджері
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республикамызды әлемдік білім беру кеңістігіне шығуды қарастыратын мемлекеттің қазіргі саясатын іске асыру білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті, ол талаптардың мақсаты білімнің, дағдының және машықтың жай ғана жинағы емес, осыларға негізделген тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби біліктілік, яғни ақпаратты өз бетімен табу және оны тиімді пайдалана алу, құбылмалы дүниеде үнемді және пайдалы өмір сүру, сонымен қатар жұмыс істеу болып табылады.
Басқарудың негізгі ғылымы ретінде менеджменттің теориялық жағдайы олардың көпшілігінің өндірістік, шаруашылық-экономикалық және іскерлік пен кәсіпкерлік саласының басқа да ұйымдарын басқаруға арналатынын көрсетеді.
Білім – адам, қоғам және мемлекет мүддесінде тәрбие мен білім беру үрдісі ретінде отандық білім берудің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Сол орайда менеджментті адамзат әрекетінің барлық саласында, соның ішінде педагогикалық ұжым мен жалпы білім беретін орынды басқаруда қолдануға болатынына көзіміз жетуде.
Қазіргі мектеп – бүгінгі күн шындығымен бетпе-бет келген мектеп: балалар бүгінгі күн қандай болса, сол қалпында қабылдайды, олардың бүгінгі мақсаттары, құндылықтары мен қызығушылығы, жұмысқа өте қабілетті және өмір мен жұмыс жағдайларының өзгермелілігіне қарамастан бейімделуге қабілетті мұғалімдермен жұмыс істейді. Мектептің табысты дамуы мектеп басшысының не істеу керектігін, алға қойылған мақсатқа жету үшін қандай күш пен тәсілдерді қалай меңгергеніне тікелей байланысты.
Бұл жерде, әрине, жағдайды сараптаудағы жетекшінің өзі қалыптастырған әдістер мен тәсілдерді жүйелі қолдану, кез келген істе табысты қамтамасыз ету үшін адамдарды іске бастайтын шешім қабылдаудағы тәжірибесі көрінеді.
Мектептің басқару әрекет стилі өз әрекетін, оның нәтижелерін сыни тұрғыдан өзі бағалай алатын және ұжымды сенімді қарым-қатынасқа бағыттайтын демократиялық стиль болып табылады.
Білім жүйесінде басқарудың
тиімділігін қамтамасыз ету үшін
мақсат, міндеттер мен білім беру
мекемесінің барлық деңгейлеріндегі
басқару әрекетінің мазмұнын анықтап
алу қажет. Мектепті жаңарту жағдайында
бақылау қызметін өзгерту қажет.
Жаңа жағдайда бақылау тексеру мен
оның қорытындысы бойынша шара қолданумен
шектелмеуі тиіс. Ол көбіне аралық және
соңғы қорытынды нәтижелері бойынша
сарап жұмысын қамтамасыз етуге
тиіс. Мектепті басқарудағы табыс
басқару құрылымын дұрыс
Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету мынаған байланысты:
1. Мектеп жұмысын жоспарлау, мақсаттарды дұрыс қою, оларды маңыздылығына қарай дұрыс ретімен таңдау;
2. Мамандарды бөлу, міндеттерді бөлу, бөліктер арасындағы байланысты орнату және ол байланысты жұмыс істету.
3. Мектепішілік ақпараттар жүйесін және оның тиімді кері байланысын орнату.
4. Оқу-тәрбие үрдісінің қалыпты жүруі үшін материалдық-техникалық базаны құру.
5. Ұжымдағы қажетті моральдық климаттың болуы.
6. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесі және олардың педагогтік шеберлігін арттыру жүйесіне байланысты.
Басқару – субъектілердің мығым байланысы. Өзара байланыстың мәні тікелей және кері әрекеттің үздіксіздігінен, бір-біріне әсер ететін субъектілердің органикалық байланысының өзгеруінен тұрады. Сонымен қатар, өзара байланыс – өз ішінен бөлінетін біртұтас, өздігінен дамитын жүйе. Басқарудың мәні болатын өзара байланысты бұлайша қабылдау басқарушы мен басқарылатындардың өзара өзгеруін туғызуы мүмкін, өзара байланыс жасайтын субъектілердің өзгеруін және соның күйінің ауысуы ретіндегі сол үрдістің өзін қарастыруды қажет етеді.
Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, құрылтайшылар кеңесі, мектеп кеңесі, жетекші жасаған және іске асыратын мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың мектепішілік басқару құрылымына енетін басқа органдары мен бірлестік түрлерінің белгілі қызметтері бар, олар бір-бірін толықтырады және басқару жүйесін жеткілікті дәрежеде толықтырады.
Мектеп басшысы лауазымдық міндеттерді нақты бөледі және олардың іске асуын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
Мектептегі педагогтік ұжымның құрамы қалыпты. Мұғалімдер мен ата-аналар мақсаттарын жетік түсінетін, бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде сол мақсаттарға жетуді бірлесе қамтамасыз ететін пікірлестер ұжымын құрады.
Мамандармен жұмыста мұғалімдер біліктілігін жетілдіруге баса назар аударылады. Баланың дами алатын тұлға ретінде қалыптасуын дами алатын педагогтік ұжым ғана іске асыра алады.
Басшы жұмысының бір бағыты – білім беру мекемесіне міндетті түрде қажет сыртқы іскерлік байланыстар, облыстық, аудандық ОБ, ПМБАИ, медициналық мекемелер, МАИ, бұқаралық ақпарат құралдары.
Оқушылар мен олардың
ата-аналарын білу, олардың әрқайсысына
құрмет көрсету, педагогтік және оқушылар
ұжымында және игілікті микроклиматта
ата-аналармен қатар жұмыс
Қазіргі әлемде
мектеп сырттан келетін көмексіз, өз алдына
сапалы өнім шығара алатын кәсіпорын ретінде
қарастырылады. Бұл жағдайда басшының
қызметі мен рөлі өзгереді. Ол мектеп бюджетін
белгілеуі керек, қызметкерлермен басшы
арасындағы саясатты, мектепішілік саясатты
– мектеп дамуын жобалаудан бастап жұптасқан
байланысты басқаруға дейін анықтайды.
Оқыту мен тәрбие –
білім берудің біртұтас үрдісі, ол
мұғалімдер мен мектептен тыс
жерде балаларды тәрбиелеудегі
негізгі рөл атқаратын ата-
Мектеп пен
мұғалімдер өздерінің барлық оқушыларына
бірыңғай қарауға тырысуы керек және олардың
зияткерлік білімдегі сияқты өнердегі,
музыка, спорт пен практикалық жұмыстағы
барлық жетістіктерін ескеруге тиіс. Отбасы
мен мектептің тығыз қарым-қатынасы мен
әрекеті жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуінің
айғағы болып табылады.
Жаңа қоғамға
жаңа білім қажет, онда болашақ маманның
кәсіби жоғары біліктілігіне ғана емес,
Қазақстан бүгін қол жеткізген ақпараттық
қоғамдағы оның жалпы сауаттылығына көңіл
бөлінеді, яғни маманның дайындық сапасына
талап қою деңгейі көп көтерілді. Басшының
рухани дамуы қазіргі жағдайда сапалырақ
және негізді болып келеді, өйткені қазіргі
кезде кәсіби-педагогикалық дайындық
мазмұнында басшыны құндылықтар, олардың
табиғаты туралы, даму механизмі мен қызмет
ету тәсілдері туралы, сондай-ақ қазіргі
басшының жеке тұлғасын кәсіби қалыптастыратын
және өздігінен жетілдіретін кәсіби-педагогикалық
құндылықтар, әдіснамалық, қисындық және
қолданбалы білім енетін аксиологиялық
компонент болып табылады.
Басқару жүйесінде объективті және субъективті факторлар, үрдістік һәм өнімді компоненттер икемделе бірігуге тиіс. Бұл менеджерден стратегиялық икемді және оперативті-нақты басқару механизмін жасауды талап етеді. Білім беру жүйесін астынан бастап жоғарыға дейін реформалау жағдайындағы басқару механизмі бүгінгі талаптарға сай болуға тиіс, бұған түрлі факторлар: мұғалімдер құрамының сапасы, педагогтік ұжымда қалыптасқан қарым-қатынас, моральдық-психологиялық климат, шығармашылық ізденіс үшін басшы жасаған жағдайлар, қызметкерлердің әрекетін шынайы бағалау, олардың жұмысына көңіл бөлу, оларға қазіргі заманғы білікті ғылыми және әдістемелік көмек көрсету, еңбек нәтижелерін ынталандыру және менеджердің кәсіби біліктілігін басқарушылық құзыреттер деңгейінде сақтау, дамыту тікелей әсер етеді.
Басшының берік басқару позициясы, оның беделі өз қол астындағылармен ол әр тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың еңбек әрекеті жағдайындағы әлеуметтік мәнін мойындайтын қарым-қатынас стилін дұрыс тауып, іске асырған жағдайда ғана пайда болады және ойдағы биіктікте қала алады.
Біздің тәуелсіз мемлекетіміз өз дамуында өсіп келе жатқан жеткіншектерді халық мұрасы, адамгершілік заңдары негізінде тәрбиелеуге тырысады. Қазіргі мектеп мұғалімге қоятын талаптарын өзгертті. Педагогтің психологиялық тұрғыдан қайта қалыптасу проблемасы бүгін жаңа мазмұнға ие болды: ол оның саяси ойын қайтадан құрды.
Ата-аналардың қатысуы, ата-аналардың өздік басқаруы, жалпы мектеп пен қоғам арасындағы байланыс, педагогтік ұжымның бәсекелестікке қабілеттілігін және мүмкіндіктері бойынша жұмыс, білім беру үрдісі мен оқушыларды тәрбиелеу сапасын арттыруды үдететін қазіргі технологияларды қолдану мен психологиялық-педагогтік жолдарды жетілдірудің рөлі күшейді.
Бүгін адамның адамгершілігін дәріптемей әлеуметтік ілгерілеу жолымен алға жылжып қана қоймай, жердегі тіршілікті сақтау да мүмкін емес.
Бүгін адам ақылды ғана болмай, икемді болуға тиіс, ақпараттарды таңдап, електен өткізіп, нақты жағдайға байланысты білім жүйесінде оларды реттей алуға тиіс.
Біздің шәкірттеріміз ХХІ ғасырда өмір сүруде. Бұл – басқа, альтернативтік деп аталатын өркениет, онда көптеген проблемалар шарықтау шегіне жетеді, өйткені сөз адамзаттың тіршілік ете алу-алмауында болып отыр; білім берудің мақсаты еркін, әмбебап, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Біздің тәуелсіз Қазақстан
Республикасы өз егемендігінің
осынау мерзімінде адамзат өмірінің
барлық саласында көрнекті табыстарға
жетті. Сондықтан біздің білім беру
жүйесі жақын арада әлемдік
Асылында, жаһан данагөйі Аристотельдің сөзімен айтқанда, «жақсылық барлық жерде де екі шартты орындаудан: ең соңында жететін мақсатты дұрыс таңдау мен сол мақсатқа жеткізетін құралдарды табудан тұрады.»
Мектепті басқарудың негізгі функциялары
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.