Менеджмент технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 07:45, контрольная работа

Описание

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең тиімді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндеті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
Менеджмент технологиясының негізі мен мазмұны..........................................5
Шешім қабылдау әдістерінің мінездемесі............................................................8
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................13

Работа состоит из  1 файл

разработка упр решений.docx

— 32.44 Кб (Скачать документ)

     МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

  1. Менеджмент технологиясының негізі мен мазмұны..........................................5
  2. Шешім қабылдау әдістерінің мінездемесі............................................................8

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................11

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................13

 

КІРІСПЕ 

     Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең тиімді мәселе. Шешім қабылдау басқару  процесінің міндеті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде  белгілі бір шешім қабылдаудан  басталады.

     Кәсіпорынның  және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді  дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны  жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі  мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы  білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

     Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің  өзі болып саналады.

     Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің  қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылмаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы, т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.

     Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша  түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі  кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру  әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.

     Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен  басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен  шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара  қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік  іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшемімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек. Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын бүгінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. 

 

     1 МЕНЕДЖМЕНТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ  МЕН МАЗМҰНЫ 

     Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға  «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез  енді. Менеджмент сөзін қазақшағы дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшыдық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

     Басқарудың  жалпы қағидасы адамдар тобының  алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол  қалпында сақталады. Осыған орай белгілі  бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін  менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

  1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
  2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
  3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
  4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
  5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
  6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

     Менеджмент  төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

  • кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
  • ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет;
  • сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
  • басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
  • алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

     Менеджмент  құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент және т.б.

     Менеджмент  – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар, т.б.) басталған  кезеңде пайда болды. Басқару  практикасы өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы  еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет  болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Академиялық  зерттеу аймақтары сияқты менеджмент жиырмасыншы ғасырдың өнімі.

     Ұйымның негізгі ортақ мақсаты – айқын  анықтадлған өмір сүру себебі –  миссия ретінде байқалады.

     Мақсаттар осы миссияны іске асыру үшін анықталынады. Басқарудың алғашқы аттану нүктесі  болып басқару мақсатын анықтау, құрастыру, белгілеу есептелінеді.

     Мақсаттылық – бұл басқару жүйесінің негізгі  қасиеттерінің бірі.

     Басқару мақсаты – басқару жүйесі тапсырмасының  еңбек әрекеті, нәтижесі оған қол  жеткізу үшін басқару объектісінің жұмыс жасауы бағытталынады.

     Менеджмент  басқарудың мақсатына адамдардың еңбек  белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының  негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік  дағды алуға болады, осы мақсаттарға  жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде  басқаруға мүмкіндік береді.

     Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің  де теориясы болады, онда осы пәнге  тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.

     Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру  және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісіндегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.

     Менеджментті  кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп  қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген  экономикалық нәтижеге жету үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.

     Әр  салада басқару іс-қызметтің жалпы  қағидаларымен бірге өзіне тән  ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны  алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.

     Менеджмент  стратегиялық және тактикалық мақсаттарға  оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың  және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысмен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.

     Мененджмент макро және микроэкономиканың негізгі  қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл  бірыңғай экономикалық пән болып  табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына  айтарлықтай ролді психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады. 

 

     2 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ӘДІСТЕРІНІҢ МІНЕЗДЕМЕСІ 

     Басқаруда, сондай-ақ адамдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.

     Шешім қабылдау процесінің институвтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.

     Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір  балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.

     Пайымдауға  негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.

     Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін  жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген: 

Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау Проблемалар мәселесіп  қою Жинақталған мәліметтерді талдау Шешім мәселелерінің  негізделуін бағалау Мәселе бойынша  шешімді таңдау және қабылдау
 

     Шешімді жасаудың және қабылдаудың принципі осы схемасы, шешімді қабылдаудың  «Технологиялық» процесінің енгізілу – енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезеңдері мен линиясы  шешім түріне байланысты. Қарапайым  міндеттерді шешкен кезде аталған  кезеңдердің барлығын пайдалану  міндетті емес, және де керісінше, біршама  күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім  қабыдауға, әдетте барлық кезеңдер енгізіледі.

     Келтірілген кезеңдердің көрсеткеніндей, басқару  шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.

     Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде  кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды  бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

     Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі  тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады – бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешілетін болады.

Информация о работе Менеджмент технологиясы