Менеджмент технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 07:45, контрольная работа

Описание

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең тиімді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндеті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
Менеджмент технологиясының негізі мен мазмұны..........................................5
Шешім қабылдау әдістерінің мінездемесі............................................................8
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................13

Работа состоит из  1 файл

разработка упр решений.docx

— 32.44 Кб (Скачать документ)

     Проблема  мен мақсат дұрыс тұжырымдалғанжағдайда  міндеттің шешілуі 50 %-ға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті – өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта  басқару жүйесінде пайда болуы  мүмкін проблемаларды дер кезінде  айқындау.

     Басшы кез келген проблеманы ең алдымен  ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын  шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне, осында. Проблеманы тұжырымдау көп  жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра  білуіне байланысты.

     Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын  қарастырған кезде басшы жағдайды – оның пайда болу себептерін, орындауды  неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін, т.б. айқындайды.

     Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың  дәл, әрі айқын болуының айрықша  маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені  өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар қарама-қайшы болуы да мүмкін.

     Дұрыс шешімді қабылдау жеткілікті, әрі  айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

     Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау  үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған нышан  бойынша сұрау салады, жекелей  бақылау жүргізеді, мамандармен  әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен  танысады, эксперттердің пікірін  таңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық  зерттеу жүргізеді.

     Шешімдер  варианттарын (баламаларын) тұжырымдау. Шешімдер варианттары санының (баламаларының) болуы проблемаларды шешудің  ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік  береді. Бір вариантты ғана ойластырып қою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас міндетті шешкен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатындығы да қолданады.

     Шешімнің  қолайлы вариантын таңдау. Шешім  варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында  әр түрлі варианттардың қиындық  дәрежесі мен орындау мүмкіндігін  айқындау қажет. Ең тәуір вариантты  таңдау басқару шешімінің жауапты  кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып  тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады.

     Проблеманы  жедел шешудің кең таралған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау – «ми шабуылы» тәсілі. Мұның мәнісі эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескерте отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешім қабылдау амалдарын қарастыру.

      Басқару функцияны зерттеу мен жобалау  кезінде осы факторлар қалай  ескерілетінін қарастырайық.

      «Жүйе ретінде ұйымның  мінездемелері» факторы  функцияларды өндірістік үрдістер мен өнімдермен жұмыс істейтін негізгі қорларын, ресурстарын басқару бойынша ерекшелеуге мүмкіндік береді. Оларға материалдық-техникалқы, еңбектік, энергетикалық, ақпараттық және басқа да ресурстарды басқару функциялары, сонымен қатар өндірістік үрдістерді басқару – кәсіпорындардың қызметтердің нәтижелелерін басқару жатады.

      «Өнімнің  тіршілік циклінің сатылары»  факторы тіршілік циклінің барлық сатыларында басқару функцияның толық жиынтығын зерттеуін: дайындаушы, өндіретін, жинақтайтын, сынайтын ұйғарады.

      «Шешімдерді қабылдау циклі» факторы  басқару шешімдердің барлық дайындық сатыларын жазуға болады. Оларға жатады:

    1. Шешімді дайындау.
    2. Шешімді бекіту.
    3. Шешімді енгізу.
    4. Шешімді енгізу нәтижелерін бағалау.

      Шешімді дайындау – бұл шешімнің дұрыстығын негіздеу, құру мен тексеру, олар басқару аппаратымен құрылады және жаңадан дайындаған құжаттар қол қоюмен аяқталады.

      Шешімді бекіту – шешімді қабылдау фактіні бекіту. Осы қызметті қабылдаған шешімге жауапты бөлімше немесе ұйым бастығы жүзеге асырады.

      Енгізу  – басшылардың және орындаушылардың лайықты бұйрықтарын беруімен байланысты қызмет.

      Осы сатысында алдында қабылданған  басқару шешімдерінің іске асырудан кейінгі алынған нәтиже бағаланады; шешімнің өзі және басқару шешімдерді енгізу нәтижелері бағаланады.

      Осымен  басқару функцияның құрамын құрастыру  реті:

  1. зерттелетін объектіні таңдау;
  2. ерекше функция жиынтығын құрастыру;
  3. зерттеуге жататын нақтылы ерекше функцияны таңдау;
  4. таңдалған ерекше функция шектеуінде басқарудың жалпы функцияларын қолдану қажеттіліктерін зерттеу;
  5. басқару шешімдер терминінде нақтылы функцияларды құрастыру.
 

 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Экономикалық  нарықтық өатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды  кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің  ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық  жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге  ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқара білу керек. Бұның  өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала  болжап бағалай білетін, дер кезінде  стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілік етуді қазіргі заман  талаптары деңгейінде жүзеге асыра  алатын жаңа типті басшы – менеджерлерді  дайындауды талап етеді.

     Менеджментте  батыл шешімге барғысы келмейтін  басшы ұйым үшін қауіпті, оны тоқырауға  ұшыратушы деп саналады. Әдетте батыл  шешім қабылдаудан тайсақтайтын менеджерлер творчествалық ізденіске  бейімсіз, шаруашылық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз адамдар ретінде  бағаланады.

     Практикада  мәні шамалы міндеттер деген сирек  болады. Өзінің табиғаты жағынан олар мүмкін болатын, демек, тәуекел міндеттер. Мәлімет жетіспегенде және фактілер айқын болмаған жағдайда басшы түрліше таңдау жасауға тура келеді.

     Отандық және шетелдік тәжірибелердің көрсеткеніндей, іскерлік тәуекел ету, белгілі бір  принциптерге сәйкес әрекет ете білуге байланысты. Сондықтан да іскер басшылар батыл шешім қабылдаудан қорықпайды. «ДД» компаниясынан Джеймс Бэрктің  айтуы бойынша, оның фирмасының бірден-бір  қағидасы – «Сіз сәтсіздікке әрқашанда  дайын болуға тиіссіз».

     Осы келтірілген жіктеулер басқару  шешімдерінің барлық жағын қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан  түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарастыруға  көмектеседі. Сонымен қоса бұлайша  жіктеудің практикалық пайдасы  да бар. Соның арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайды мұқият талдап, неғұрлым тиімді, әрі  заңды шешімдерді таңдап алады, сондай-ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын  шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік  береді.

     Менеджмент  басқару үрдісінде адамдардың өзара  қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды  бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.

     Менеджменттің әдістемелігі үрдістік, ахуалдық, жүйелі және бағдарламалы-мақсатты тәсілдерге негізделеді:

     Үрдістік  тәсіл басқаруды негіpгі функцияларды жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау үздіксіз өзара әрекетінің үрдісі ретінде қарастырғанды ұйғарады;

     Ахуалдық  тәсіл басқаруды жай жағдайда қарай болғанын талап етеді;

     Жүйелі  тәсіл саланы тұтас ретінде және әрбір кәсіпорынды толық жүйе ретінде қарауға және олардың  іс-қимылының оңтайлы параметрін анықтауға мүмкіншілік береді;

     Бағдарламалы-мақсатты тәсіл мақсаттардың айқын анықталуын, олардың қатарларының лайықты болуын және дәйектілікпен жүруін күні бұрын  ескереді.

     Басқарудың  заңдылығы – бұл басқару үрдісінде  дұрыс байқалатын, қайталанып отыратын және әртүрлі элементтермен және құбылыстардың арасындағы мәнді  өзара байланыстарады.

     Басқарудың  принциптері – бұл басқаруды  ұйымдастыруға, оның құрылымына және жүйесіне қойылатсын негізгі талаптарды анықтайтын басшылықтың ережесі.  

 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

     
  1. Литвак  Б. Г. Разработка управленческого решения. Учебник. – М.: Дело, 2003г
  2. Фатхутдинов Р.А. Разработка управленческого решения. Учебник. – М.: ЗАО Бизнес-школа “Интел-синтез”, 2008г
  3. Бирман А.Л. Управленческие решения. Учебник. – М.: Дело, 2004г
  4. Балдин К.В. и др. Управленческие решения. Учебник. – М.: Дело, 2006г
  5. Лафта Д.К. Управленческие решения. Учебник. – М.: Дело, 2004г

Информация о работе Менеджмент технологиясы