Менеджмент туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:21, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады.

Содержание

К I Р I С П Е 2
1. Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны 2
2 Менеджменттің мәні 5
ҚОРЫТЫНДЫ 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9

Работа состоит из  1 файл

Менеджмент туралы.doc

— 84.50 Кб (Скачать документ)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К I Р I С П Е

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі, бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен тұрады. Қазақстанда басқару теориясы мен практикасын игеру қиыншылығы осы уақытқа дейін нарық қатынастары толық қалыптаспағанына байланысты болып отыр.

Осыған байланысты нарықты экономика өркендеген елдердің бай тәжірибесін игеру менеджер кадрларын дайындауда зор маңызы бар. Бұл экономиканы өзгертудің, көптеген басшылар, мамандар және қатардағы қызметкерлердің рыноктық көзқарасын қалыптастыру және дамытудың тиімді жолы.

Шетел ғалымдары  кәсіпорынды басқару мәселелерін  арнайы пәнге шығарып, «Менеджмент» деп атады. Менеджер – басқарушы, менеждмент – басқару.

Нарықтық экономика дамуының барысында қазір «топ-менеджер», «менеджмент» деген сөздер, олар бұрынғы «басшы», «басқару қызметі», «басқару» деген сөздерге жаңа мән беріп отыр. Бірақ бұл сөздер синонимдер болса да басқару термині кең мағыналы. Басқару дегеніміз басқарылатын жүйеге әсер етіп оны талапқа сай қалыпқа келтіруді білдіреді. Атап айтқанда басқару субъекті ретінде менеджер бой көрсетеді.

Қазақстанда білімі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары менеджер кадрларды көптеп дайындап шығаратын болса, онда экономикамыз өрге басады деп ойлаймын.

 

        1. Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны

  

Бұған дейiн  бизнестi тек «Өзiнiң қара басына пайда табушылар», ал маркетингтi - «жеке өзiне ғана пайда табу мақсатында өндiрicтi басқару мен тауар өткiзу жүйесi» деп есептеп келдiк.

Бұрын «Менеджмент» жане «Менеджер» ұғымдары қанаушылық  анықтаушы ретiнде қолданылды.

Ал қазiр бұл  сөздер жалпы бұқаралық мәнге  ие болып, адамдардың  әлеуметтiк  биiк дәрежесiн, олардың арнайы қызмет түpiнe жататындығын бейнелейдi.

Cоңғы уақытта  сөздiк қорымызға «менеджер», «менеджмент»,  «маркетинг» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзiн қазақшаға дәл  аударатын болсақ, онда «басқа  бipеу арқылы өз мaқcaтына жету»  болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкi төpкiнiн әрқашанда дәл бере бермейдi.

«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзi, оның түп төpкiнi гpeктің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзiнен  шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлiрек айтқанда ат тiзгiнiн ұстау, меңгеру шеберлiгiн бiлдiрген. Кейiннен бұл атау адам қызметiнiң саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнiн бiлдiретiн болды.

Ағылшын тіліндегі  Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай  түсінік беріледі:

1. адамдармен  қарым-қатынас жасау әдісіс, үлгісі;

2. билiк және  басқару өнepi;

3. шеберлiктiң  ерекше түpi және әкiмшiлiк дағды;

4. басқару органы, әкiмшiлiк бөлiгi.

Күнделiктi тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетудi бiлдiредi. 

Тіпті бiлiктi басқару  саласының өзінде де менеджмент ұғымы  түрлiше түсiндiрiледi. 

Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушыдардың  бірі Ф. Тейлордың пiкiрiнше менеджмент - ipгeлi дәл ғылымға, ережелер мен  принциптерге негiзделген шынайы ғылым деп есептесе, Дракердiң түсiндiруiнше - жоғарыда аталған элементтерi бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсiптен гөpi, прaктикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсiнiк беруге қарсы болып, оны icкерлік кәсiпшiлiкке, былайша айтқанда тауар өндiру мен алуан түрлi экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент  ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен  кеңiрек түciнiк бердi. Бұлар батыстағы iскерлiк әлемге «Бизнес пен менеджменттi» ұйымдастыру кiтабының авторы ретiнде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтiк тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегенiмiз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесiнде өрicтейтiн техника немесе тәciл. Мұндай топтың мысалына үкiмeттi, алуан түрлi клубтарды және iскep кәсiпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзiнiң дербес менеджментi болуы тиiс. Осы тұрғыдан алғанда менеджменттi тәсiлдер жиынтығы ретiнде қapacтыpyғa, әpi сол арқылы белгiлi бiр адамдар тобының мaқсаттары мен мiндеттерi белгiленедi, айқындалады».

Басқарудың  осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетедi авторлар, адамдар тобының  алуан түpiнe түрлiше қолданылғанымен, оның түп негiз-мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгiлi бiр әлеуметтiк топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады.

         1.Yкімет. Менеджмент ұғымы үкімет  қызметiне қолданылмағанымен, Петерсон  мен Плоуменнiң пiкiрiнше, оның  қызметi барлық жағынан алғанда  менеджменттiң жалпы анықтамасына  сәйкес келедi.

2. Мемлекеттiк  менеджмент. Көп мемлекеттiк мекемелердi ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билiк жүргiзудi жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Meмлeкeттiк менеджменттiң epeкшe түpi. Қарулы күштердi ұйымдастыру және  оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттiк мекемелердегi секiлдi, мұнда да қызметкерлер тобының ic-әрекетiн ұйымдастырып, олapғa басшылық ету қажет.

5. Бизнес-менеджмент. Yкiмeттiктeн және мемлекеттіктен  өзгеше келетiн менеджменттiң  ерекше түpi.

6. Мемлекеттiк  меншiктегi менеджмент. Бизнес - менеджменттің арнайы түpi. Жеке меншiк iскерлiк кәсiпорын функциясымен қoca, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пiкiрлер де ықпал етеді. 

Петерсон мен  Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджмeнттeгi мұндай өзгешелiктердiң көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мiнез-құлкы туралы «негiзге алынатын түсiнiктерге» сүйенедi. Осы aталғaндар менеджменттi жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынаска тәуелдi етедi де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсiз ретiнде қарастырылады, өйткенi соңғы айтылғанның алуан түрлiлiгiнде шек жоқ.

Менеджментке  алуан түрде, түciнiк бергенiмен, классиктердiң  бұл жөнiндегi тұжырымдары көп  жағдайда ұқсас келедi. Гальвецияның пiкiрiнше, басқару процесi - өнер, оның басты мәнi мен мазмұны нaқты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық iлiм негiзiн) қолдану.

Тiптi маман болмағанның  өзiнде де, бiздiң кез келгенiмiздiң  басқару ғылымы мен өнepi туралы азын-аулақ  хабарымыз болатыны сөзсiз.

Менеджмент  – нарықтық экономика жағдайында өндiрiстi тиімдi басқарудың теориясы мен  практикасы.

Менеджмент - нақты  мaқсaтты жүзеге асыру үшiн кәсіпорып жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметiнiң түpi.

Kөpнeктi американ экономисi В.В. Леонтьевтiң анықтамасы бойынша: «Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегi, әлеуметтiк қaтынac саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгiзу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиiмдi басқару принциптерiнiң, тәсiлдерi мен формаларының жиынтығы».

Қазiргi кездегi менеджмент жоспарлау функциясы  мазмұнының өзгеруiмен, фактiлердi жан-жақты  зерттеуiмен, кәсiпорындардың ойдағыдай ic-әрекетiмен, басқаруды түпкi нәтижесiне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешiмдер қа6ылдауымен сипатталады.

Менеджменттің бiрнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер  өзiнiң «Европада бизнес қалай  жасалады» кiтабында былай деп  жазды: «Менеджмент - бұл жұмыс icтеп тұрған коммерсиялық кәсiпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсiпорын жөнiнде сөз бола қалса, адамдар әуелi сол кәсiпорындары бүкiл басшылыққа ден қояды, өйткенi кәсiпорынды коғамға танытатын да тек басшылар.

Сонымен, менеджменттiң бастапқы ұғымы - бұл басшылық.

Iскep кәсiпорындар  тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент арқылы ғана  әpeкeт ете алады.

Жеке кәсiпорын, өзiнiң  праволық формаларына қарамастан, басшылығы  болуы тиic. Басқадай басқару түрлерінен іскер  кәсiпорын менеджментiнiң айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару мiндетi тауар өндiру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетiн өтеу, немесе рынок арқылы әлеуметтiк қажеттiлiктi канағаттандыру. Өндiрicтiк кәсiпорындағы менеджменттiң басқа ұйымдардан өзгешелiгi, олар өзiнiң барлық  шешiмдерiнде экономикалық түciнiкті басшылыққа алуы тиic. Оның өмip cүpyi мен мәртебесi қызметінің  экономикалық  нәтижесiне негiзделдi.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетiн болсақ, онда менеджмент дегенiмiз қазiргi индустриялық қоғамда жұмыс icтейтiн экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әpeкeт, кез келген шешiм - бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттiң тиiмдiлiгiн және менеджерлердiң ic-әрекетiн экономикалық табыстар, экономикалық  нәтижелер арқылы  ғана таразылауға болады.

       Менеджменттегi басты нәрсе - өзіне кәсіпорын мүддесіне жаyaп беpетiн мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Eскi стильдегi кәсiпорын басшылығынан менеджерлердiң түбегейлi өзгешелегi де осында.

Менеджменттің тағы бiр анықтамасына сәйкес оның жұмыс icтey міндетiне жататыны - колда бар адам мен материалдық  ресурстар негiзiнде тиiмдi кәсіпорын  құру.

Кәсiпорын ең сапалы, әрі  бағасы бiр шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестерiне қарағанда ең тәуiр қызмет көрсете алуы тиic.

Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келiп бұл терминнің үшіншi анықтамасы шығады: менджер - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

Кәсiпорындағы адамдар  өндiрстік процестiң маңызды элементі болып саналады.Жаңа кәсiпорынды құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетiн қызметкерлердi iздеп табу анағұрлым күрделi іс.

     Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың  мұқтажын қанағаттандыру жатады.  Eгep кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның  жаңа кожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегенiмiз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

    Сонымен,  Менеджменттің 2 ұғымы бар:

Бiрiншi ұғым. Менеджмент - бұл басқару, басшылық ету органы. Екiнші ұғым. Менеджмент – бұл aдaмдaрды басқару (әрекет).

Ғылыми менеджменттің  пайда болуы Фредерик Уинслоу  Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты.

 

 

2. Менеджменттің мәні

 

Менеджмент  адам мен тіл табыса алу өнерлері және кәсіби, билік және де әкімшілік  тәжірибесі, басқару органы және де әкімшілік бірлік ретінде анықталады. Мысалы, өнеркәсіптің жоспары жасалынса, онымен қоса оның структурасы құрылады, жұмыс орындары тәртіп мотиві есептелінеді. Одан бөлсек тағы бір ең қажетті компонент, басқару функциясына жататын түрі ол – бақылау деп аталады.

Бақылау - өз ережесінде күштеу басқару, ұстау, күшейту деген  мағынаны білдіреді.

Бақылау негізінен административтік қармағында бола тұрып, бақылау саласы деген түсінік береді. Сонымен қатар ол менеджер саласындағы  озық орынды алады.

Бақылау басқармасы – бір түсті акция емес. Ол үздіксіз процесс ықшамды бақылау  басқармас стратегиялық жоспарлау процесімен  тығыз байланысты. Менеджердің жұмыстарының ықшамды, тез, сапалы болуын, олардың стратегиялық жоспар бақылауы дұрыс болуы тиіс.

Бақылауды кең  түрде қорғану факторларының  дәрежелі шешімнің жоспарлық процесі  деп те айтуға болады.

Анықтамасы  айтып тұрғандай, бақылау қызметкерлерге үкім беруде аз роль атқарады, керісінше жұмыс процедурасындағы бағалық дамудың сыртқы және ішкі мүмкіндіктерін дамытуда үлкен роль атқарады.

Бақылау деген  сөз алғашында бухгалтерлік есеп терминімен шаруашылық саласындағы  кәсіптік практикадан ашылған. Осы әдісті кейбір басқарушылар мен бизнес теоретиктер қолданады әйтсе де бақылау функциясын классикалық менеджментте басқарудың бір саласы ретінде қарастыруға болады. Себебі ол кәсіпорынды керекті жолға өзінің стандартты жоспарын қолдана отырып алып шығады.

Кейбір бақылау  процестерін сұрақ және жауаптар арқылы қарастыруға болады. Олар: біз  не үйрендік? Алдыңғы кезде қандай тиімді істер істеу керек? Бақылау  кезінде позитивтік немесе негативті  жағдайлар боды ма? Және де жаңа мақсаттарға жету үшін не істеу керек?

Бақылау практикасында  технологияның бақылау жүйесі жүргізіледі. Біз бақылау технологиясын ауыстырып, олардың міндеттерін, жоспарларын  және менеджмент мақсаттарын қарастырайық:

Бақылау технологиясы:

Бақылау тұжырымдамасы: яғни бұларға жүйе, процесс, тексеру пәні және бақылау мақсаты, бақылау органы болып табылады.

Бақылау мақсатын анықтау:

Дұрыс ұйымдастыру  және бақылау эффективі

Бақылау нормасы. Этикалық, құқықтық, кәсіпкерлік және т.б. кіргізуге болады.

Бақылау методы: диагноздық, терапевтік, соңғы мезеттік болып саналады.

Бақылау көлемі және аудандары. Толық біркелкі, таңдаулы, қаржылық, тауар сапасы, еңбек өнімі  т.б.

Менджменттің  мәнін оның іс жүзінде атқарылатын  салаларын қарастырмай ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі (организмдердегі) басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару).

Әлеуметтік  басқарудың екі түрін ажыратады:

- басқаруды  әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі)  ретінде қарау;

- басқаруды   адамдардың өзара қарым-қатынасы  элементі ретінде қарау.

Адамзат қоғамына тән басқару процестері мүлдем әр түрлі. Шартты түрде саяси басқару, мемлекетті басқару және экономиканы  немесе оның құрамдас бөліктерін басқару  деп бөлуге болады.

Информация о работе Менеджмент туралы