Менеджмент туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:21, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады.

Содержание

К I Р I С П Е 2
1. Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны 2
2 Менеджменттің мәні 5
ҚОРЫТЫНДЫ 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9

Работа состоит из  1 файл

Менеджмент туралы.doc

— 84.50 Кб (Скачать документ)

Нарықтық  экономика  жағдайында  басқарудың  басты объектісі - кәсіпорын болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда зерттеледі, сондықтан "бизнес-менеджмент" туралы айтқанда, ең алдымен ірі корпорацияларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін анықтауда және де т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.

Еңбек процесін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен бұл тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек кооперациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған. Меншік иесі - капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы қызметкерлердің көптеген штаттары, ал кейін басқару органдарының біртұтас жүйесі пайда болды.

Өндіріс орны техникалық, материалдық және адам ресурстарының  күрделі қисындастыруы деп атауға болады. Техникалық-технологиялық жүйе мен кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен органикалық бірлікте болады. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін, ұйымдасуы мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспектілерді ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процесінде адамдардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қарым-қатынастар жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және т.с.с. зерттейді.

Басқару адам қызметінің ерекше, өзгеше саласын құрғанмен, өз алдына мүлдем дербес процесс ретінде қарауға болмайды. Ол басқарудың түр ерекшеліктерін анықтайтын әлдеқайда кең жүйе құрамына кіреді.

Басқару формаларының түр ерекшеліктері басқару объектісіне  байланысты. Бұл оның барлық түрлеріне қатысты жалпы басқару принциптері, заңдылықтары болмайды деген сөз емес. Өзімізге белгілі бұл басқарудың ортақ заңдылықтарын, универсалды мәніне сүйене отырып, сапалық тұрғыдан өзгеше кез келген жүйеде қолданылатын принциптерін кибернетика қарастырады.

Кәсіпорынды басқаруға, оның өзгешелігіне қарамастан, жалпы  басқарудың нышандары тән. Олар мейлі  табиғатта, тірі организмдерде немесе қоғамда болсын, басқару процестерінің  бәрінен көрінеді. Бұл жалпы нышандарға: жүйелік анықтаулық, басқарушы параметр, кері-байланыс, бағытталғандық және т.с.с. тән.

Жалпы нышандардан  басқа кәсіпорынды басқаруға, әлеуметтік басқару түрлерінің кейбір белгілері  тән. Праксеология, ұйымдастыру теориясы және тағы сол сияқты ғылымдардың  тұжырымдары да кәсіпорынды басқару процестерін ғылыми танып-білуге пайдалы.

Басқару теориясының  маңызды мәселесі - басқарудың жалпы  және өзгеше нышандағының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы  принциптердің ролін асыра сілтеу дұрыс емес (орынсыз), әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнін анықтай отырып, онда кез келген басқа жүйедегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттайды.

Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, информация өңдеу жүйесінде орын алады және т.с.с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.

Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әр түрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.

Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару  мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру (мотивация) және бақылау. Басқару органдары мен процестері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процесінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді., интеграциялынады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процестерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.

 

                              ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, қазiргi кездегi менеджмент жоспарлау  функциясы мазмұнының өзгеруiмен, фактiлердi жан-жақты зерттеуiмен, кәсiпорындардың ойдағыдай ic-әрекетiмен, басқаруды түпкi нәтижесiне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешiмдер қа6ылдауымен сипатталады.

Күнделiктi тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетудi бiлдiредi. 

Тіпті бiлiктi басқару  саласының өзінде де менеджмент ұғымы  түрлiше түсiндiрiледi. 

Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың  бірі Ф. Тейлордың пiкiрiнше менеджмент - ipгeлi дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негiзделген шынайы ғылым деп есептесе, Дракердiң түсiндiруiнше - жоғарыда аталған элементтерi бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсiптен гөpi, прaктикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсiнiк беруге қарсы болып, оны icкерлік кәсiпшiлiкке, былайша айтқанда тауар өндiру мен алуан түрлi экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент  ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен  кеңiрек түciнiк бердi. Бұлар батыстағы iскерлiк әлемге «Бизнес пен менеджменттi» ұйымдастыру кiтабының авторы ретiнде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтiк тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегенiмiз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесiнде өрicтейтiн техника немесе тәciл. Мұндай топтың мысалына үкiмeттi, алуан түрлi клубтарды және iскep кәсiпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзiнiң дербес менеджментi болуы тиiс. Осы тұрғыдан алғанда менеджменттi тәсiлдер жиынтығы ретiнде қapacтыpyғa, әpi сол арқылы белгiлi бiр адамдар тобының мaқсаттары мен мiндеттерi белгiленедi, айқындалады».

Басқарудың  осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетедi авторлар, адамдар тобының  алуан түpiнe түрлiше қолданылғанымен, оның түп негiз-мағынасы сол қалпында сақталады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі  

 

 

1. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері. Алматы, 1993.

2. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С., Менеджмент: Оқулық. - Алматы; Қазақ университеті, 1998 ж.

3. Менеджмент  негіздері  Е.Н. Сағындықов  Алматы  2004ж.




Информация о работе Менеджмент туралы