өндірістік инфроқұрлым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 14:13, реферат

Описание

Қоғамдық өндiрiс екi үлкен сферадан тұрады. Оның бiрiншiсiне – қоғамның материалдық-заттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын салалар жататын болса, екiншiсiне – оның материалдық емес (информация, әр түрлi қызметтер т.б. ) сұраныстарын қамтамасыз ететiн салалар жатады. Дегенмен, бұл сфералардың дұрыс дамуы үшiн белгiлi бiр сыртқы жағдайлар (материалдық өнiмнiң айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, информацияны өндеу және жеткiзу т.б.) қажет. Кәсiпорындар жұмысының сыртқы жағдайларын қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде “инфрақұрылым” алатын, экономиканың өзiнше бөлек сферасы айналысады.

Содержание

Кiрiспе.
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi.
Өндірістік инфрақұрлымдағы көлік жүйесі
Қортынды

Работа состоит из  1 файл

Өндірістік инфрақұрылым 16 бет.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия  ұлттық университеті

Экономика факультеті

«Менеджмент»  кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Өндірістік менеджмент»  пәні бойынша 

  «Өндірістік инфрақұрлым»

тақырыбына  жазылған  

Реферат   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                             Орындаған: Мн-41қ тобының студенті

Кокченова.Н.К

Тексерген: «менеджмент» кафедрасының

Доценті  Әуезова.Қ.Т 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар:

  1. Кiрiспе.
  2. Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi.
  3. Өндірістік инфрақұрлымдағы көлік жүйесі
  4. Қортынды
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Өндiрiстiк  инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк  рөлi.

                                                 Кіріспе

  Қоғамдық  өндiрiс екi үлкен сферадан тұрады. Оның бiрiншiсiне – қоғамның материалдық-заттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын салалар жататын болса, екiншiсiне – оның материалдық емес (информация, әр түрлi қызметтер т.б. ) сұраныстарын қамтамасыз ететiн салалар жатады. Дегенмен, бұл сфералардың дұрыс дамуы үшiн белгiлi бiр сыртқы жағдайлар (материалдық өнiмнiң айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, информацияны өндеу және жеткiзу т.б.) қажет. Кәсiпорындар жұмысының сыртқы жағдайларын қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде “инфрақұрылым” алатын, экономиканың өзiнше бөлек сферасы айналысады.

      Экономиканың дербес сферасы  болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық  өндiрiстен қоғамдық еңбек бөлiнуiнiң  тереңдеуiне және оның сыртқы  жағдайларын қамтамасыз етуге  деген сұраныстың өсуiне байланысты бөлiнiп шықты. Өндiрiстiк инфрақұрылым - өндiрiс процестерiнiң тiкелей сыртқы жағдайларын  қамтамасыз ететiн салалар кешенi. Оған жүк тасу көлiгi, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, информацияны өндеу салалары және iскерлiк қызметтер сферасы жатады. Iскерлiк қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтiк қызмет көрсетудi, жалға алу (беру) мен лизингтi, басқару, инвестициялық саясат, т.б. жөнiнде консультациялық қызмет көрсетудi, инжинирингтi қамтиды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

 Кәсiпорындардың  сыртқы жағдайлары бiркелкi болмағандықтан, инфрақұрылым салалары да бiркелкi  емес. Сол себептi, инфрақұрылымды  төрт түрлi iрi салалар тобына  бөлуге болады:

  1. Өндiрiстiк инфрақұрылым - өндiрiс процестерiнiң тiкелей сыртқы жағдайларын  қамтамасыз ететiн салалар кешенi. Оған жүк тасу көлiгi, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, информацияны өндеу салалары және iскерлiк қызметтер сферасы жатады. Iскерлiк қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтiк қызмет көрсетудi, жалға алу (беру) мен лизингтi, басқару, инвестициялық саясат, т.б. жөнiнде консультациялық қызмет көрсетудi, инжинирингтi қамтиды.
  2. Әлеуметтiк инфрақұрылым – жұмыс күшiн ұдайы өндiрумен байланысты салалар кешенi: денсаулық сақтау, бiлiм беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлiгi, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б. салалар.
  3. Институттық инфрақұрылым – экономиканы макроэкономикалық реттеудi жүзеге асырушы салалар мен қызмет сфераларының кешенi. Оған мемлекеттiк аппарат, несиелiк- қаржылық сфера, т.б. жатады.
  4. Экологиялық инфрақұрылым – адам тiршiлiгiнiң зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндiрiсi дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлiк құрылыстардың кешенi.

             Бiз бұл тақырыпта өндiрiстiк  инфрақұрылымның негiзгi саласының  бiрi – көлiк кешенiнiң дамуын мемлекеттiк реттеу мәселелерiне тоқталып өтемiз. Себебi, бiрiншiден, көлемi шағын жұмыста барлық инфрақұрылым салаларының мемлекеттiк реттеу ерекшелiктерiн, әдiстерiн, қағидалары мен механизмдерiн оқушыға түсiнiктi болатындай етiп қысқаша  жазу мүмкiн емес; екiншiден, көлiк кешенiнiң халық шаруашылығындағы рөлi өте жоғары. Ол экономикалық, әлеуметтiк, қорғаныс, саяси және мәдени маңызды мiндеттердi атқарады.

          Көлiк кешенiнiң экономикалық маңызы  оның орындайтын қызметiне байланысты. Көлiк кез келген өндiрiстiң  айырылмас бөлiгi болып саналады  және қоғамдық еңбек бөлiнуiнiң  негiзгi материалдық базасы болып есептеледi. Көлiк тауар өндiрушi мен тауар тұтынушының, аймақ пен аймақты, кәсiпорындарды бiрiмен -  бiрiн байланыстыру қызметiн атқарады. Көлiксiз жаңа кең орындарын, жаңа аудандарды игеру мүмкiн емес. Көлiк халық шаруашылығының iрi бiр саласы. Оның  негiзгi қорлары халық шаруашылығындағы барлық негiзгi қорлардың 13 % - ын құрайды. Егер бұған ведомсволық көлiктiң қорларын қосса бұл көрсеткiш әлдеқайда жоғары болады. Халық шаруашылығында жұмыс iстейтiн жұмысшылардың 20 %-ы көлiкте және көлiк үшiн жұмыс iстейдi. Көлiк тауардың бағасына өте үлкен ықпал жасайды. Көлiк шығындары көптеген жүктердiң бағасының 40 % бөлiгiн алады.

         Республика көлiк кешенiң мемлекеттiк  реттеу жүк тасымалдау шығынының  аз болуын, тасымал жылдамдығының  неғұрлым жоғары болуын, тасымалдаудың үздiксiз болуын қамтамасыз етуi тиiс.

         Қазақстан Республикасының көлiк  кешенiнiң дамуын мемлекеттiк реттеудiң  негiзiн 1994 жылы қыркүйектiң 21 жұлдызында  қабылданған “Қазақстан Республикасындағы   көлiк туралы” Заң құрайды. 

           Осы заңға сәйкес көлiк кәсiпорындарының қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық базаны қалыптастыру, лицензиялау, салық салу, несиелеу, қаржыландыру мен баға құру, инвестициялық, бiркелкi әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясаттарды жүзеге асыру, бақылау жолымен жүргiзiледi (5-бап).

            Қазiргi кезде Республиканың көлiк  кешенiн басқару Қазақстан Республикасының  Көлiк және  коммуникациялар министрлiгiне  жүктелген. Аталған заңға және  осы министрлiк туралы Үкiмет  бекiткен Ережеге сәйкес, оның  негiзгi мiндеттерi болып мыналар саналады:

  • көлiк саласында Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау;
  • көлiк саласында мемлекетаралық және халықаралық қатынастарды жүзеге асыру;
  • меншiк түрлерiне қарамай, барлық көлiк түрлерiнiң жұмысын реттейтiн Заң актiлерiнiң, стандарттардың, нормалардың жобасын дайындау;
  • көлiктiң барлық түрлерiнiң дамуының тұжырымдамасы (концепциясы) мен мемлекеттiк ұлттық бағдарламаларын дайындау, инвестициялық ғылыми- техникалық және әлеуметтiк саясаттарды қалыптастыру және жүзеге асыру, және де кадрларды дайындау;
  • республика халқы мен экономикасының тасымалдауға және онымен байланысты қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыруға жағдай жасау;
  • көлiк қызметiн тұтынушылардың құқын сақтауды бақылау;
  • Республиканың тасымалдауға деген мемлекеттiк қажеттiлiктерiне болжау жүргiзу;
  • Қазақстан Республикасының көлiк кешенiнiң жұмысын координациялау және оның дамуын мемлекеттiк реттеу.

               Көлiк кешенi туралы толық мәлiмет  алу және бiр сөздi әр түрлi түсiнуге  жол бермес үшiн кең қолданылып  жүрген “көлiктiк” терминдерге түсiнiк ( анықтама) бере кетейiк.

                 Көлiк жүйесi – тасымалдау жұмысын атқаруда бiрiмен- бiрi тығыз байланыста болатын әр түрлi көлiк түрлерiнiң  кешенi. Көбiнесе бұл термин жеке мемлекетке, аумаққа не iрi қалаға байланысты қолданады.

                Қазiргi кезде көлiк дегенiмiз- халық  шаруашылығының күрделi iрi кешенi. Оның құрамында магистралды көлiктiң  дербес салалары ғана емес,  сонымен бiрге қалалық және  өндiрiстiк көлiк түрлерi де бар.  Әкiмшiлiк – шаруашылықтың дербестiгiне қарамастан, көлiктiң барлық түрлерi бiрiне-бiрi белгiлi бiр тәуелдiлiкте болады, тасымалдау процесiне ғана емес, сонымен бiрге шаруашылық жүргiзудiң ақырғы техникалық- экономикалық нәтижелерiне әжептеуiр ықпал етедi.

     Көлiк торабы – республиканың не жеке аумақтың қалалары мен ауылдарын байланыстыратын барлық жол қатынастарының жиынтығы.

     Жалпы пайдалану (магистралды көлiгi) – қолданылып жүрген Заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес, меншiк тәуелдiлiгiне, кiм ұсынғанына қарамастан жүктер мен жолашыларды тасымалдауға тиiстi көлiк.

     Оған  темiр жол көлiгi, теңiз жолдары  көлiгi, өзен жолдары көлiгi, автомобиль  көлiгi, әуе жолдары көлiгi және  құбыр көлiгi жатады.

      Жалпы пайдалану көлiгi мемлекеттiң  көлiк жүйесiнiң негiзiн қалайды.  Көлiктiң осы түрi дербес “көлiк өндiрiсi” болып саналады, себебi ол мемлекеттiң тасымалдауға деген негiзгi сұраныстарының қанағаттандырылуын қамтамасыз етедi.

     Жалпы пайдалануға жатпайтын көлiк – тек қана өз ведомствосының тасымалын атқаратын және басқа клиенттердiң тасымал талабын орындаға мiндеттi емес, ведомстволық көлiк. Өндiрiстiк кәсiпорындарының ведомстволық көлiгiн көбiнесе “ өндiрiстiк көлiк” деп атайды.

     Қазақстанда  осы көлiк түрлерiнiң барлығы  да қызмет көрсетедi. Тек республиканың  географиялық орналасуына байланысты теңiз жолдары көлiгi ендi ғана құрылуда. Республикада “ Ақтау” және “Баутино” теңiз порттары бар.

      Қазақстан үшiн төменгi себептерге  байланысты көлiктiң халық шаруашылық  маңызы өте жоғары.

  • батыстан шығысқы қарай 3000 километрге, солтүстiктен оңтүстiкке 1700 километрге созылып жатқан республика аумағының кеңдiгi;
  • жүк тасымалдау қашықтығының ұзындығы;
  • негiзiнен өндiрiлетiн өнiм түрлерi – көмiр, темiр рудасы, мұнай және мұнай өнiмдерi, металургиялық өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерi – асыл жерлерге тасымалдауды қажет етедi.

             Көлiктiң әр түрiнiң тасымалдауға  тиiстi жүктiң түрiне және тасымал  қашықтығына байланысты тиiмдi пайдалану  сферасы бар. Мысалы, авиация және  темiр жол көлiктерiн алыс қашыққа  тасымалдауда пайдаланған тиiмдi. Қысқа қашықтықтарда автомобиль көлiгi басқа көлiк түрлерiне қарағанда қысқа мерзiмде жүк жеткiзудi және шығындардың аз болуын қамтамасыз етедi. Құбыр желiсi, мұнай, газ және мұнай өнiмдерiн (көлемi үлкен болса) тасымалдауда тиiмдi. Өткiзу қабiлетi бiрдей болған жағдайда 1 км құбыр желiсiнiң құрылысы темiр жол құрылысынан 2-2,5 есе арзанға түседi.

           Республиканың ыңғайлы геостратегиялық  жағдайы көлiк кешенiң дамытудың  маңызды алғы шарты болып отыр. Халықтың қоныстану тығыздығының  төмендiлiгi ( 1 шаршы км-ге 6 адам), табиғи кең орындары мен экономикалық белсендi орталықтардың бiрiнен-бiрi қашық орналасуы және шетел рыноктерiнен алшақтығы көлiк инфрақұрылымының экономикалық дамуының негiзгi факторларын құрайды. Бұл, басқа елдердiң экономикасына қарағанда Қазақстан экономикасы көлiк кешенiнiң жұмысына жоғары деңгейде тәуелдi екенiн көрсетедi.

                   2. Өндірістік инфрақұрлымдағы көлік жүйесі

            Нарық қатынастарына өту жағдайында республика көлiк кешенiнiң экономиканың басқа салаларынан ерекшелелiгi оның залалсыздығы мен табыстылығы. Қазақстанның көлiк кешенiнiң дамуын төмендегi кестелерде берiлген көрсеткiштер бойынша талдап көруге болады.

    12 кесте

    Көлiк  түрлерi бойынша жүк жөнелту және жүк айналымы.

 
Көлiк  түрлерi 
Жүк жөнелту, млн. тонна Жүк айналымы, млрд. т/км
 
1990
 
1995
 
2000
2000 жыл 1990 жылға  пайыз-бен  
1990
 
1995
 
2000
2000 жыл 1990 жылға  пайыз-бен
Көлiк, барлығы  
2612,2
 
1155,3
 
695,8
 
26,6
 
472,0
 
160,4
 
180,5
 
38,2
Соның iшiнде: Темiр жол  
345,0
 
161,1
 
171,8
 
49,7
 
407,0
 
124,5
 
25
 
30,7
Автомобиль 2235,8 954,2 384,7 17,2 44,8 10,8 4,5 10,0
Iшкi су жолдары 10,7 2,0 0,45 4,2 3,9 0,8 0,042 1,3
Авиация 0,07 0,03 0,02 28,)5 0,8 0,1 0,1 12,5
Құбыр желiсi 20,6 37,9 138,8 673,7 16,4 24,2 50,9 310,3

Информация о работе өндірістік инфроқұрлым