өндірістік инфроқұрлым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 14:13, реферат

Описание

Қоғамдық өндiрiс екi үлкен сферадан тұрады. Оның бiрiншiсiне – қоғамның материалдық-заттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын салалар жататын болса, екiншiсiне – оның материалдық емес (информация, әр түрлi қызметтер т.б. ) сұраныстарын қамтамасыз ететiн салалар жатады. Дегенмен, бұл сфералардың дұрыс дамуы үшiн белгiлi бiр сыртқы жағдайлар (материалдық өнiмнiң айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, информацияны өндеу және жеткiзу т.б.) қажет. Кәсiпорындар жұмысының сыртқы жағдайларын қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде “инфрақұрылым” алатын, экономиканың өзiнше бөлек сферасы айналысады.

Содержание

Кiрiспе.
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi.
Өндірістік инфрақұрлымдағы көлік жүйесі
Қортынды

Работа состоит из  1 файл

Өндірістік инфрақұрылым 16 бет.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

          Әуе жолы көлiгi өздерiнiң атқаратын мiндеттерiмен ерекшелiнетiн үш түрлi кешеннен тұрады. Бiрiншiден, әуе қозғалысын басқару кешенi. Кез келген егемендi мемлекетте бiр тұтас аэронавигация мен қозғалысты басқару жүйесi болуы шарт. Бұл жүйе, Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдаланғаны үшiн және көрсетiлген қызметке төлем жасаса кез келген меншiктегi әуе компанияларының ұшақтарының ұшуын қамтамасыз етедi. Және де, Қазақстанның әуе кеңiстiгi “Ата заңда” көрсетiлгендей, Қазақстан Республикасының ерекше меншiгi. Сондықтан, әуе қозғалысын басқару кешенi жекешелендiрудiң ешқандай түрiне жатпайды.

           Екiншiден, ұшу- техникалық кешенi. Оған барлық типтегi пайдалануда бар ұшақтар кiредi.

           Үшiншiден, аэропорт кешенi. Оның негiзгi мiндетi - әуе жолымен жүктер мен жолаушыларды тасуды, ұшақтардың қонуы мен ұшуын және осы әрекеттермен байланысты жұмыстарға деген сұранысты қанағаттандыру.

             Соңғы екi кешенде барлық түрдегi меншiктегi кәсiпорындар жұмыс iстей  алады.

          Автомобиль көлiгi темiр жол  және әуе жолы көлiктерi сияқты күрделi техноқұрылымен байланыспаған, сондықтан оны жекешелендiру қиын емес. Жекешелендiру процесiбасталғанға дейiн республикада 480-нен астам автокөлiк кәсiпорындары болған. Жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңiнде олардың барлығы толық шаруашылық, қаржылық еркiндiк алған. Бiрақ, бiздiң ойымызша, экономиканың өтпелi кезеңiнде, автокөлiктiң республиканың агроөнеркәсiп кешенiнiң дамуындағы атқаратын рөлiн ескере отырып (мысалы, егiн жинау компаниясындағы) шамамен 12-13 мың жүк таситын автомобильдердi мемлекет меншiгiнде ұстаған жөн.

          Мұнай, мұнай өнiмдерiн және  газды тасымалдаумен айналысатын  құбыр желiсi көлiгi ерекше жағдайда. Анығына келгенде, көлiктiң бұл  түрi жалпы пайдалану көлiгiне  жатпайды, ол, дұрысын айтсақ, ведомстволық (өндiрiстiк) көлiк, бiрақ халық шаруашылығының барлық салалары үшiн пайдаланылады және республика үшiн стратегиялық маңызы өте зор. Бiздiң ойымызша, көлiктiң бұл түрi мемлекет меншiгiнде қалуы тиiс. Дегенмен, қазiргi таңда газ тасымалдау құбырлары шетелдiк компанияларға сатылған немесе басқаруға берiлген.

           Көлiктiң басқа түрлерiнiң жүк  тасымалдауда алатын орны шамалы, сондықтан оларды реформалау  мәселелерi бұл жұмыста қаралмады.

           Бiз көлiк кешенiн жекешелендiру  мәселелерiне кеңiрек тоқталған  себебiмiз, нарықты экономикада экономиканың мемлекеттiк реттеу әдiстерiн қолданылатын  болса, керiсiнше, жеке меншiктегi кәсiпорындардың жұмысына мемлекет жанама әдiстердi қолдану арқылы араласады.

         Экономикада мемлекеттiк реттеудiң  ұтымды механизмдерiнiң қатарына  болжау мен жоспарлаудың жататыны белгiлi. Үкiмет қаулысы мен (16 мамыр 1996ж.) “Қазақстан Республикасының әлеуметтiк –экономикалық дамуының индикатифтi жоспарларын жасау ретi мен тәртiбi туралы Ереже” бекiтiлдi. Осы Ережеге сәйкес, Экономика және сауда министрлiгi басқа да атқарушы билiк органдарымен бiрге Қазақстан Республикасының әлеуметтiк –экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдiк (10-15 жыл), орта мерзiмдiк (3-5 жыл) және ағымдағы ( бiр жылдық ) жоспарларын дайындайды. Осы жоспарлардың құрамында республика көлiк кешенiнiң даму жоспары да жасалады.

          Республика көлiк кешенiнiң құрама  жоспары бiрнеше бөлiктерден тұрады. Олар:

  1. жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жоспары – тұтас және көлiк түрлерi бойынша;
  2. көлiк торабын дамыту жоспары;
  3. жылжымалы составтарды пайдалану жоспары.

    Жоспардың әр бөлiмiнде өзiне тән экономикалық көрсеткiштер есептелiнедi. Көлiк кешенiнiң  даму жоспарының негiзгi көрсеткiштерi шартты түрде 4 топқа бөлуге болады.

    Бiрiншi топқа – тасымалдау көлемiнiң деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер жатады. Атап айтқанда, жүк (жолаушылар) тасымалдау көлемi (тонна немесе жолаушылар саны); орта тасымал қашықтығы (км); жүк айналымы (т)(км) және жолаушы айналымы (ж)(км).

      Екiншi топқа -  көлiктiң жылжымалы составтарын, техникалық құралдарын пайдалану көрсеткiштерi жатады. Мысалы: темiр жол көлiгiнде: вагонның статикалық және динамикалық салмағы, т.б.

    Үшiншi топқа – көлiк торабы көрсеткiштерi жатады. Мысалы: темiр жол торабының ұзындығы; оның iшiнде екi жолды темiр жолдардың ұзындығы; автомобиль жолдарының ұзындығы, оның iшiнде қатты қабатты (асфальттандырылған) жолдардың ұзындығы, т.с.с.

    Төртiншi топқа – көлiк кешенiң қозғалыс составтармен, яғни вагондармен, электровоздармен, автомобильдермен, ұшақтармен қамтамасыз ету көрсеткiштерi жатады.

        Жоғарыда аталған көрсеткiштер жоспарда кәсiпорынның меншiк нысанына байланысты дерективтi не индикативтi болуы мүмкiн. Ендi, көлiк кешенiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жоспарлау процесiнде нақтылау әдiстемесiне тоқталайық.

         Жүк тасымалдау жоспарын жасау  алдымен тасымалдауға жататын барлық жүктiң көлемiн анықтауды, оны көлiк түрлерi арасында бөлудi, тасымалдау қашықтығын есептеудi талап етедi. Содан соң жүк айналымы көрсеткiшi жоспарланады.

         Жүк тасымалдау көлемi iрiленген  өлшегiштер әдiсiмен және баланстық  әдiспен есептелiнедi.

          Iрiленген өлшегiштер әдiсi негiзiнде  ұзақ мерзiмдiк жоспарлар жасалған  кезде қолданылады. Жүк тасымалдау  көлемi белгiлi бiр жүктердiң  өндiру көлемi мен тасымалдау  көлемiнiң арасында өткен жылдарда  қалыптасқан заңды қатынасқа  байланысты анықталады.

          Сандық қатынас тасымалдау коэффициентi  түрiнде берiледi.

    .

     

             Бұл жерде: 

    Тк – тасымалдау коэффициентi;

    Ж.К. – тасымалданған  жүк көлемi;

    Ө.к. - өндiрiлген өнiм көлемi.

       Алынған  көрсеткiш жоспарлау кезенiнде тасымалдау iсiне ықпал жасайтын факторларды ескере отырып түзетiледi.

        Қағида  сай, бұл коэффициент бiрден  артық болмауы тиiс, бiрақ қайталанған  тасымалдар болса (Мысалы, көмiрдi байыту комбинатына апару, содан  соң тұтынушыларға жеткiзу) онда  бiрден артық болуы мүмкiн.

         Қысқа және орта мерзiмдiк жоспарлар  жасау кезiнде негiзгi әдiс ретiнде  баланстық әдiс қолданылады. Тасылуға  тиiстi жүктiң көлемiн анықтау үшiн  аудандық өнiм өндiру және тұтыну  балансы жасалынады (6-үлгi).  

    6-үлгi. Аудандық өнiм өндiру және тұтыну балансы 

Өнiм-нiң  түрi Қоры Бөлiнуi Жос-парлы  кезең-нiң со-ңын-дағы қал-дық 
Жос-парлы  кезең-нiң ба-сын-дағы қал-дық Өн-дi-рiс кө-ле-мi Бас-қа көз- дер-ден Бар-лы-ғы Жер-гiлiктi тұтыну Жалпы пайдала-нуға жат-пайтын көлiкпен тасымал-дау Жалпы пайда-лану көлiгi-мен тасы-малдау Соның iшiнде: темiр  жол, авто-мобиль авиация, т.б.
Тас көмiр                  
Темiр  руда-сы                  
Т.б.                  
 

   Тасымалдауға  тиiстi жүк көлемi анықталған соң,  оны көлiктiң әр түрлерiне тиiстi тасымалдау көлемiне бөлу керек. Бұл кезде әр көлiктiң өзiндiк ерешелiктерi, тасымалдаудың өзiндiк құны, мүмкiндiктерi ескерiледi. Себебi, көлiктiң жалпы экономикалық тиiмдiлiгi көбiнесе тасымал көлемiнiң көлiктiң әр түрлерiнiң арасында дұрыс бөлiнуiне байланысты.

     Сонымен қатар жоспарлау органдары практика жүзiнде республика және облыстар көлемiнде көлiк балансын жасайды (7-үлгi). 
 
 
 
 
 
 
 
 

7-үлгi. Көлiк  балансы 

 

Көрсеткiштер

Көлiк  түрлерi
Темiр  жол  Авто-мобиль Iшкi су жол-дары Т.б. Барлығы
1. Жүк жөнелту          
2. Жүк қабылдау          
3. Республика iшiндегi тасы-мал          
4. Сыртқа (басқа елдерге) жүк тасымалдау (-)          
5. Сырттан (басқа елдерден) жүк тасымалдау (+)          
6. Тасымалдау сальдосы (+,-)          
 

   Бұл баланстың  мәлiметтерi тасымал көлемiн көрсетiп  қана қоймай, сонымен қатар республика (облыс) экономикасының даму деңгейiн, басқа республикалармен(аймақтармен) көлiктiң байланыс дәрежесiн көрсетедi.

    Жүк  айналымын анықтау үшiн және  де орташа тасымал қашықтығын  бiлу керек. Осы көрсеткiштердi  есептеу үшiн  аймақаралық жүк алмасу жоспары және тиiмдi жүк тасу желiсi (схемасы) жасалынады (8-үлгi). 

8-үлгi. Аймақаралық  жүк алмасу жоспары (шахматтық  баланс) 

Өндiру облыстары Тұтыну  облыстары
Алматы Астана Шы-ғыс Қазақ-стан Оң-түстiк Қазақ-стан Т.б. Бар-лы-ғы
Алматы

Астана 

Шығыс Қазақстан

Оңтүстiк Қазақстан

Т.б.

Барлығы

           
 

   Осы балансты  жасау негiзiнде облыстар (аймақтар) арасында жүк тасу қашықтығын  қысқарту арқылы қоғамдық еңбектi үнемдеуге себебiн тигiзетiн тиiмдi көлiктiк байланыстар құруға тырысу  керек. Бұл өте күрделi мәселе. Оны шешу үшiн аймақаралық көлiк байланыстарының  бiрнеше варинты жасалынады. Солардың iшiнен ең тиiмдi, ұтымды варианты таңдап алынады. Бұл жұмыс экономикалық –материалдық әдiстер мен электронды- есептеу техникасын қолдану арқылы орындалады.

       Осы мақсатпен көлемдi жүктердiң  әр түрi бойынша тиiмдi жүк тасу  желiсi жасалынады. Оның көмегiмен  жүктердi тиiмдi жөнелтi бағыттары  анықталады. Бұл жұмыста өнiм өндiру  пунктерi мен тұтыну пункттерiнiң  орналасу орны ескерiледi.

      Жүк тасымалау көлемi және орташа тасымал көрсеткiшi арқылы жүк айналым көлемi анықталады.

          Ел Президентiнiң 1997 жылғы Қазақстан  халқына “Қазақстан –2030 барлық  қазақстандықтардың өсiп өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының  артуы” жолдауына инфрақұрылым, әсiресе, көлiк және байланыс 6-ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде белгiленген. Осы құжатқа сәйкес көлiк түрлерiнiң алдында тұрған стратегиялық мiндеттердi iске асыру үшiн төмендегi шараларды орындалуын қамтамасыз ету керек*.

       Темiр жол көлiгi бойынша:

  • халықаралық көлiк және сауда байланыстарын, сондай-ақ Трансазия магистралi бойынша транзиттiк жүк тасқының қамтамасыз ететiн негiзiгi темiр жол бағыттарын жаңарту;
  • Достық станциясын дамыту мен Достық- Ақтоғай учаскесiн нығайтуды аяқтап, оның өткiзiм қабiлетiн 10 мың тонна жүк тасымалына дейiн жеткiзу;
  • жүк жинақталатын аудандарда көп модульдi терминалдар ұйымдастыруға кiрiсу, сол арқылы көлiктiң сан түрлерiнiң ** технологиялық бiрлiгiн қамтамасыз ететiн контейнерлiк және бумалық тасымалды қолдана бастау;
  • барлық көлiктiк- коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру, оларды бейiне сәйкес келмейтiн кәсiпорындардан арылту.

     Автомобиль жолдары және автокөлiк бойынша:

  • автомобиль жолдарын шапшаң аралықтар құру арқылы халықаралық тасымалды қамтамасыз етеiн бағыттарды дамыту;
  • жеке меншiк автомагистральдар салу, қазiргi барларын жекешелендiру мен концессияға беру жөнiндегi жұмыстарды бастау.Оларға осы заманғы халықаралық талаптар деңгейiне қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету;
  • ауылдық жерлердегi автожолдардың желiсiн басымдық тәртiбiмен дамыту және ұзақ мерзiмдi келешекте олардың тығыз табанды жолға көшiрiлуiне жету, автомагистральдар мен көпiр конструкцияларның өткiзiм қабiлетiн жақсарту.

Информация о работе өндірістік инфроқұрлым