Персоналды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 13:01, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Басқарудағы еңбекті ынталандыру саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, еңбекке жарамды халықтың зейнетақы корына салған қаражаттарын бағалау және оны жетілдірудің жолдарын іздестіру. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалынды:
– персоналды басқарудың мәні мен мазмұнын айқындау ;
– персонады басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі;
– персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың шетелдік тәжірибесі ;
– «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау;

Содержание

Кіріспе
1 Басқарудағы персоналды еңбегін ынталандырудың теориялық негіздері
1.1 Персоналды басқарудың мәні мен маңызы
1.2 Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
1.3 Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың шетелдік тәжірибесі
2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық қызметін талдау
2.1 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның жалпы ұйымдастырушылық сипаттамасы
2.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.3 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның басқарудағы персоналды еңбегін ынталадыруды бағалау
3 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды еңбегін басқару және ынталандыру жолдары
3.1 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персонал еңбегінің тиімділігін ұйымдастыру
3.2 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды басқару мен ынталандыру бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Kursovoy.doc

— 856.50 Кб (Скачать документ)

1 «Қазақстанның Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ - 25,4%

2 «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ - 22,2%

3 «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ - 14,2%

4 «БТА Казахстан» ЖЗҚ» - 10,3%

 

1-кесте – Жинақтаушы зейнетақы   жүйесінің 2009-2011 жылдарға ЖЗҚ жəне ГНПФ салымшылар санының динамикасы.

 

Көрсекіштер

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1

ҚР  жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі МЗЖ бойынша салымшылардың жалпы саны

9 411 365

7 587 586

7 838 873

2

«ГНПФ»  ЖЗҚ» АҚ салымшылар саны

2 426 176

1 760 657

1 741 045

3

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ салымшылар үлесі %

25,78

23,21

22,21

Е с к е  р т у - Зейнетақы жүйесіндегі салымшылардың шоттарына қарап, автор құрастырған


 

 

Келтірілген деректерден шығатыны, МЗЖ бойынша салымшылар санының  төмендеу тенденциясы «ГНПФ» ЖЗҚ  бойынша ғана байқалмайды, сонымен  бірге барлық ЖЗҚ бойынша да байқалады. Бұл «автоаударымдар» жүйесін енгізумен байланысты.

Қазіргі уақытта ГНПФ мемлекеттік  емес жинақтаушы зейнетақы қорларының бəсекелестік ортасында жұмыс істейді  жəне бірінші кезекте назарын  өзі қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге аударады. Қордың Қазақстан бойынша ауқымды өңірлік желісі бар. «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ барлық облыс орталықтарында 18 филиалы, 97 агенттік пункттері, 9 қосымша операциялық залы, 2 дербес қызмет көрсету орталықтары (Астана жəне Алматы қалаларында) бар.

   Бүгінгі күні салымшылардың арасында жинақтардың саны және сомасы жағынан көбі 41 жастан бастап 50 жас аралығында байқалады. Ескеру керек, бұл жастық категория 8-13 жылдан кейін төлем алушылар категориясына кіреді, Қорға жасы жағынан 21 жастан 40 жас аралығындағы категорияның салымшыларын тартуға негізделуі керек

 

1 – сурет  -Қазақстандағы салымшылардың жас  топтары бойынша статистикалық  көрсеткіштері.

 

  Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері халықтың жеңіл (тез) тартылатын бөлігі болып табылады, сондықтан Қор оларды 21жастан 40 жас аралығындағы  тарту үшін жұмыс істейді. Сонымен қатар паралельді шағын және орта бизнес субъектілерін тартумен айналысады.

 

2-кесте – 2011 жылға рейтингілік агенттіктердің бағам деңгейі бойынша«ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның инвестициялық қаржынының құрылымын  рейтингтік бағалау.

 

   Рейтинг

Үлес 

Рейтингілік агенттіктердің бағамы

ААА

7,5%

Проценттерді  төлеу және салымдарды кері қайтарудың ықтимал мүмкіндігі

 

АА

2,8%

Проценттерді  төлеу және салымдарды кері қайтарудың жоғары ықтималдығымен сипатталады және жоғары разрядтан сәл айырмашылығы ғана бар.

 

 

ВВВ

50,8%

Проценттерді  төлеу және номиналдық құнның баламалылық  мүмкіндігіне ие болып саналады, қолайлы  жағдайларда барынша қорғалған  болып саналады, алайда қолайсыз экономикалық шарттар немесе жағдайлардың өзгеруі жоғары санаттағыларға қарағанда оның проценттерді төлеу және салымдарды кері қайтару сипаттамаларын күштірек әлсіретуі мүмкін

ВВ

9,1%

Аталған рейтинг  бағамы алыпсатарлықтың ең төменгі  деңгейіне ие және мұндай міндеттемелердің белгілі бір сапа мен қорғанысты сипаттамалары бар. Қазіргі уақытта ҚР эмитенттер мен ҚР ұйымдарының бағалы қағаздарының мұндай рейтингілік бағамы жоғарғы бағамға жатады.

 

В

2,8%

 

 

СС

0,5%

Осы рейтингілік  бағамы бар эмитенттер және бағалы қағаздар өздерінің міндеттемелерін мезгілімен орындайды, алайда олардың қаржылық жағдайының құлдырау мүмкіндігі бар.

SD

4,0%

Өздерінің кейбір міндеттемелері бойынша іріктеме дефолтқа жол берген эмитенттер.

І санат

20,1%

«Үлестік бағалы қағаздар бірінші санатының (ең жоғарғы санат) рейтингтік бағалауынсыз» қор биржасының ресми тізімі.

ІІ санат

2,3%

«Үлестік бағалы қағаздар екінші санатының (ең жоғарғы  санаттан кейінгі) рейтингтік бағалауынсыз»  қор биржасының ресми тізімі.

 

Е с к е  р т у - «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ын Рейтингтік агенттердің бағалауы негізінде автор құрастырған


 

Осы көрсетіліп кеткен 2-кестедегі көрсеткіштерді қорытындылай келсек: 2009 жылға рейтингілік  агенттіктердің бағам деңгейі «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның  инвестициялық қаржынының құрылымы бойынша есепті күнге  596 554 393 мың теңгені құрады. ГНПФ салымшыларының есептелген инвестициялық кірісінің мөлшері 2010 жылдан бастап 2011 жылға дейін 26 606 240 мың теңгені құрады, осы көрсеткіштің өсу қарқыны 27,66% құрады деуге болады.

3  «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның персоналды еңбегін басқару және ынталандыру жолдары

 

3.1 «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның   персонал еңбегінің тиімділігін ұйымдастыру

 

Персоналды  басқарудың  тиімділігі  кадр  қызметінің  рационалды  ұйымдық  құрылымын  бағалау  арқылы  бейнеленеді.  Себебі,  құрылымының  тиімділігін  тікелей  көрсеткіш жоқ,  басқарудың  құрылымның  қамтамасыз  етілуіне  шығын және  кәсіпорынның    жалпы өндірістік  шығымның  бір бөлігі  ретінде жанама  көрсеткіштер  қолданылады.  Байланыстардың  саны  көп және   күрделі болған  сайын басқару жүйесін қалыптастырудың  тиімділігі  төмендей  түседі.  Құрылымдылық  бөлімшелер  санының  көбейе  түсуі – бір  функцияны  бірнеше  бөлімшелердің  орындауына,  іс-әрекеттің  үйлесімдігі  мен  келісімінің  қиындауына,   басқаруыш  лауазымының  санының  көбеюіне,  жұмысшыжүктемесінің  төмендеуіне,  аппаратты қамсыздандырудың    қымбаттауына  әкеп  соғады.  Персоналды  басқару  қызметінің  ұйымдық-құрылымының  тиімділігі  көп  жағдайда   құрылымының  өзінің  қозғалысының  молдығына  өзгерістерге  және  тапсырмалардың қиындауына ,  қалай тез бейімделуіне,  шаруашылықтың жаңа  шаруашылық  жағдайына   қалай бейімделуіне  тәуелді береді. Сонымен,  әр  қаралып өткен экономикалық  тиімділікті бағалауға   (бейімділік)  үйлесімділіктер өзінің  оң уақыттарына және  өзінің  іске  асуында   қиындықтарға  ие.  Бір  немесе  басқа  үйлесімділікті  қабылдау  таңдаудың  мақсаттарына,  жұмыс  күшінің  шығымдарын  есептеу  әдістеріне  байланысты  болады.Тәжірибе  жүзінде,  жұмыстың  бөлек  бағыттарын   бағалауды  қолдануға  болады.  Ол  жетілдіру  кезіндегі  шығымдармен қатысты.  Әкелетін  тиімділікті  нақтылы  анықтауға көмектеседі: Бірақ  бұл  жолда  кішкентай  мәселе  бар.Себебі,  жұмыс  күшіне  қаражат  жұмсау  нұсқаларын  таңдаған  кезде  жұмысты  тек  бір  бағытына  арналған  нұсқалар  емес,  кадр  жұмысының  әр  түрлі  бағытына  арналған  нұсқалар  туралы  айтылады. Персоналды    басқарудың  тиімділігі  мәселесін  қарағанда,  әуелі шығынның  өзімен  бірге  не  ұсынатындығын  және  экономикалық  тиімділіктің  астарында  не жатыр соны  анықтап алған жөн.

Бұл  үйлесімде   персоналды  басқару  тиімділігі  басқару  жүйесінің    өзінің  үстемділігін,  басқару  еңбегінің   техникамен  жабдықтау  деңгейін,  жұмысшылардың  біліктілігін,  жетекшінің  шапшаңдылығын  бағалау  арқылы  анықталады.  Басқарудың  тиімділігін  көтеру  факторы  бола  тұра,  олар  кәсіпорынның  өндірістік  және  шаруашылық  әрекетінің  нәтижесінде  айтылмай  қалмайды.Жалпы  түрде  жүйенің  үнемділігі  оның  қалыптасуына  кеткен  шығынның  бөлігі  ретінде  көрсетілуі  мүмкін

«ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ салымшыларының саны, жинақталған зейнетақы қаражатының және төленген зейнетақы төлемдерінің көлемдері жағынан көшбасшы позицияға ие, еліміздегі ең ірі зейнетақы қорларының бірі болып табылады. Қазақстандағы зейнетақы жүйесін тиімді ұйымдастыру, Чили тәжірибесіне  негізделеді. Бұл қолданыстағы жүйе қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

 Зейнетақымен қамсыздандыруды қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі әлемдік деңгейде табысты танылғандардың бірі. Реформаның мәні жинақ ақша пайдасына ынтымақтастықты кестеден ақырындап бас тарта отырып жасалады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту жоспарлы түрде жүзеге асырылады және 2038-2040 ж.ж. кезеңге дейін түбегейлі аяқталғанша жалғасады.

    «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ- қордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы қызметін дұрыс ұйымдастыра білуді, шетелдік тәжірибені ұтымды пайдалануды жүзеге асыра отырып, оны бақылап отырады. Сол арқылы мемлекеттің болашақ жағдайы айқындалып отырады.

Қазіргі таңда  зейнетақы жүйесін тиімді ұйымдастыру бірнеше функциялар арқылы жүзеге асырылады. Олар:

   – бар салымшыларды ұстап қалу, жаңа салымшыларды тарту бойынша шараларды жасау және енгізу;

   –  зейнетақы қызметі нарығына талдау жүргізу; туындайтын  жағдайларға уақтылы жауап қайтару мақсатында бәсекелестердің жүргізіп отырған тактикасына талдау жүргізу;

   –  қордың филиалдар жүйесін дамыту мен жетілдіру туралы нұсқаулықтар дайындау (қосымша агенттік пункттер, филиалдар ашу және т.с.с.);

   – ағымдағы маркетингтік іс-шаралардың нәтижесін, кіріс және шығыс ағындары көрсеткіштерін талдау; сату облысындағы аймақтық бөлімшелердің іс-әрекетінің мінездемесі мен нәтижелері туралы ақпараттарды талдау; зейнетақы қызметін жылжыту процесінің жоспардан ауытқу көрсеткіштерін зерттеу және оны болашақта жақсарту жөніндегі нұсқаулықтар жасау;

    – сату жөніндегі менеджерлер мен агенттердің жұмысын ынталандыру (мотивация жүйесі) жөнінде нұсқаулықтар жасау;

  – нарықты сегменттеу жөнінде нұсқаулықтар жасау, аймақтық бөлімшелердегі сату бөлімінің қызметін оңтайландыру үшін сегмент көрсеткіштерін зеттеу;

  – қосымша қызметтерге (банктік, сақтандыру, медициналық және т. б.) сұранысты зерттеу, Қордың көрсететін қызметтер саласын кеңейту, осы  қызмет түрін көрсететін ұйымдармен серіктестік келісімін бекіту және серіктес-компанияның қызметін үйлестіру және мониторингілеу;

  – алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны қолданумен байланысты жаңа қызметтерді дамыту;

  – маркетинг облысында аймақтық бөлімшелердің іс-әрекетіне пайдалы бағыттарды іздестіру және жасау;

  – салымшылардың қалаулары мен қажеттіліктерін зерттеу; олардың Қордың қызметтеріне деген қарым-қатынасын  зерттеу (сауалнама, сұраулар және т.б.). 

Бөлім өзінің жұмысында  аймақтар бойынша бөліммен тығыз  қарым-қатынас жасайды, Қордың имиджін  жетілдіру жөніндегі бірыңғай және келісілген стратегия қалыптастыру үшін жарнама, қоғаммен байланыс бөлімімен және әдістеме департаментімен тығыз байланыста болады. Бөлім өз жұмысы барысында барлық құрылымдық бөлімшелермен, Қордың филиалдарымен өз өкілеттілігі негізінде қарым-қатынастар жасайды.

     Жалпы қазіргі уақытта «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастырылуы БАҚ көздері мен тығыз байланысты. Қор өзінің экономикалық жағдайын жандандыра түсу барысында ақпарат көздерін неғұрлым ұтымды пайдаланса,соғұрлым оның салымшалар саны да арта түседі. Халыққа сауалнама жүргізу арқылы, болашақ резервтерін осы уақыттан жинай беруінің тиімділігі туралы үгіт – насихат жүргізудің де пайдасы зор.

    Қазіргі  кезеңде зейнетақы қоры қарқынды  түрде дамығанымен ,оның ұйымдастырылу  жағына дұрыс көңіл бөлінбеуде. Мысалы қазіргі уақытта қандай да болмасын кәсіпкерлікті іске асыру үшін оған көптеген жарнамалар, еңбекті оңтайландыру мақсаттары, программалық-техникалық қамтамассыз ету, оперативті ақпаратпен қамтамасыз ету деген сияқты іс- шараларды міндетті түрде жүргізіп отырады. Мұндай ақпарат көздері адамдар арасындағы қызығушылықты , әрі оңтайлы ақпаратпен қамтылуын аша түседі. Ағымдағы уақытта «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ тиімді ұйымдастырудың басты міндеті- салымшыларға қызмет көрсету, жаңа салымшыларды тарту және бар салымшыларды ұстап қалу жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар, инструкциялар, жағдайлық жобаларды дайындауға қатысу. Сонымен қоса, Қордың ішкі корпоративтік мәдениетін дамыту жөніндегі шараларды дайындауға қатысу да жақсы әсерін тигізетіні сөзсіз.     

      Қордың ұйымдық мақсаты –қордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету мақсатында зейнетақы қызметін жылжыту процесін дамыту, үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесін ұйымдатырудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және нормативтік құқықтық  база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды

Сондай-ақ, мемлекет зейнеақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1млн. 735 мың зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу туралы міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін ұйымдастырудың алғашқы жылдарында таысты ораша зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегі (1991 жылы - 42,5% 2001 жылы34,2-%) төмен болған болса, 2003 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондайө ақ соңғы үш жылғы жыл сайынғы 25-30%- дық өсірулерді ескеретін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46,1%- ды құрайды, яғни бұдан келіп шығатын қорытынды, зейнетақы жүйесі бірнеше жылдар ішінде көптеген өзгерістерге ұшырап, шетелдік тәжірибеге негізделіп жаңа дәуірге бастама алды. Жалпты осы факторлар арқылы да тиімді ұйымдастырудың маңызы бар екенін, басқа елдерден үлгі ала отырып дамуға септігін тгізетінін байқауға болады. Бәрімізге мәлім , қазіргі уақытта ешқандай фирма, ешқандай ұйым жоспасыз, дұрыс басқарушысыз алға жылжи алмайды. Егер басқарушы алдына қатаң тәртіп , әрі жоспар қоя білсе өзінің персоналын бір натижеге жеткізетіні сөзсіз. Мұндағы менің айтқым келетіні, «ГНПФ»ЖЗҚ» АҚ-ның дамуының барысында да көптеген кемшіліктер байқалды, бірақ соған қарамастан қазіргі уақытта бұл ұйымның үлес салмағы Қазақстан Республикасы бойынша үлкен көрсеткіштерге жетіп отыр.Бұдан келіп шығатын қорытынды, Қор өзінің дамуы барсында алдына қойған  мақсаттарына 2011 жылы зейнетақы активтерінің кірістілігі мен меншікті капиталының өсуіне қарай пруденциалды талаптарын орындап, жоғары дәрежеде ұйымдастырылуымен  сипат алды.

Информация о работе Персоналды басқару