Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:37, реферат
Бітіру жұмысының мақсаты – Қазақстандағы және «Тау-Дастархан» отбасы демалыс кешенінің сервистік қызмет көрсету жұмысының мәселелері мен оны жетілдірудің негізгі бағыттарын қарастыру болып табылады. Мақсатты бағыттар жұмыста қарастырылатын негізгі міндеттерді анықтап отыр:
- заманауи экономика жағдайында сапалы қызмет көрсетудің теориялық аспектілерін талдау;
- сервистік қызмет нарығында қызмет көрсетудің сапасын бағалау әдістемелерін анықтау;
- сервистік қызмет көрсетудің кәсіпорынның маркетингтік қызметі үшін алатын орны мен ролін қарастыру және талдау;
- Қазақстан Республикасында сервистік қызмет көрсетудің жағдайын қарастыру;
- «Тау-Дастархан» отбасы демалыс кешенінде сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қарастыру;
- «Тау-Дастархан» отбасы демалыс кешенінде сервистік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында негізгі мәселелер мен оларды шешу бойынша қажетті ұсыныстар жасау.