Жапон менеджментінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 21:35, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі, бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен тұрады. Оларды зерттеуде, біздің ойымызша, белгілі тепе-теңдік керек.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім......................................................................................................4

Жапондық менеджмент ерекшеліктері.......................................................4
Басқарудың жапондық типінің түрлері......................................................4
Жапондық менеджмент ерекшеліктері. Қызметшілерді басқару...........7
Менеджер туралы түсінік және оның маңызы..........................................10
Жапон кәсіпкерлерінің басқаруды ұйымдастыруы..................................13
ІІІ. Қорытынды......................................................................................................15

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................16

Работа состоит из  1 файл

жапон менеджмент.docx

— 42.68 Кб (Скачать документ)

      Жапонияда негізінен алты конгломерат бар: оларға «Мицубиси», «Мицуи», «Сумитомо», «Фуйо», «ДКВ» және «Санва». Ал жоғарыдан төмен қарай бағынатын компаниялар тобына 39 компаниялар топтары жатады. (Хитачи, Тойота, Тос(ш)иба және т.б.)

     Жапонияда өз жұмыс орнын қорғап қалу маңызды роль атқара қоймағандықтан оларда жаңашылдыққа деген талпыныс басым. Өйткені оларда жұмыс орны өле-өлгенше сақталып қалады. Сол себепті олардың басшылыары ұйымның ұзақмерзімді даму жоспарларына көп көңіл бөліп, ал қысқамерзімді жоспарларды күнделікті шешеді. Жапондықтар өздерінің өзіндік сезімін ұйымның мүддесіне бағындыра алады, сол себепті қысқа мерзімдік жеке мүдделер ешқашанда шешім қабылдау ісіне әсер ете қоймайды.

     Жапон басшылары ұзақмерзімді перспективаларға мән беріп, обьективті ойлана алады. Сондықтан олар барлық жоғары технологиялық тауарларды шығаруда көш бастап келеді. Жапон басшысы өз жұмысының нәтижесін он жыл тіпті жиырма жыл күтуге дайын. Олар сол орнында болатынына және өз істерінің жемісін көретініне сенімді, сондықтан да барлық назарын жедел нәтиже шығаруға аудармайды.

     Жапон корпорацияларының әлемдік нарықтағы бәсекелестігі көбінесе ел ішіндегі нарықтағы өте жоғары бәсекелестігінен туындайды. Жапония компаниялары өз нарығында дамып өсуі үшін өз өнімдерінің сапасын жоғарылатып, өнімдерді өте үлкен көлемде автоматты түрде шығарып, шығасыларды азайта түсумен болады. Жапон корпорациялары көбінесе өнімді сатуға және оның бәсеекелілігіне басым көңіл бөледі де, қаржы нәтижелеріне оншалықты көңіл бөле қоймайды. Олар алдымен нарықты жаулап алуды дұрыс деп тауып осы бағытта еңбек етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Қорытынды

      Қазіргі таңдағы нарық қарым-қатынастарына  көшу кезеңіндегі қоғамымыздың қым-қуыт экономикалық жағдайында менеджменттің  және менеджердің ролі мен маңызы ұдайы өсіп келеді.

      Біз қарастырған екі ұғым бір-бірімен  тығыз байланысты екенін біршама  ашып көрсеттік. Әлбетте жапон менеджментінің ролі қазіргі таңда жаңа сатыларға  көтерілуімен айқындалып отыр. Жапония  әлемдегі екінші экономикалық держава  болғанының өзі жапон менджментінің  мейлінше дамығандығын байқатады. Сондықтан  Қазақстан менеджерлерінің басты  назарда ұстайтын бағыт-бағдары  осы жапон менеджерлері болуы  тиіс деп ойлаймын. Себебі шығыстық салт-дәстүрді сіңіріп өскен қазақ  менеджерлері жапондықтардан сабақ  алатын болса экономикамыз дамыған  үстіне дамып Қазақстан жылдам дамыған  елу елдің қатарынан көрінеді деген сенімім бар.

     Жапон басшылары ұзақмерзімді перспективаларға мән беріп, обьективті ойлана алады. Сондықтан олар барлық жоғары технологиялық  тауарларды шығаруда көш бастап келеді. Жапон басшысы өз жұмысының нәтижесін  он жыл тіпті жиырма жыл күтуге дайын. Олар сол орнында болатынына және өз істерінің жемісін көретініне сенімді, сондықтан да барлық назарын  жедел нәтиже шығаруға аудармайды.

      Әрине көлемі кішкентай курстық жұмыста  жапон менеджменті туралы егжей-тегжейлі жазу мүмкін де емес. Дегенмен біз бұл  салада біраз жұмыс тындырдық  деп ойлаймын. Өйткені жапон кәсіпкерлерінің  пір тұтатыны атақты Коносукэ Мацусита туралы оқып-білу біршама білім көкжиегін  өсіреді емес пе.   
 
 
 
 
 
 
 

                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

     1. Майкл Мескон и др., “Основы  менеджмента”, - М., 1995 г.

          2. Тейлор Фредерик Уинслоу, “Менеджмент”, - М., 1992 г.

     3. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С., Менеджмент: Оқулық. - Алматы; Қазақ 

         университеті, 1998 ж.

     4.  Каору И. “Японские методы управления качеством” М., 1980 г.

     5.  Оучи У. Г. “Методы организации производства: японский и

          американский подходы” М., 1978г.

     6.  Пронников В.А., Ладанов И. Д. “Управление персоналом в Японии”

          М., 1985г. 
 
 
 
 

Информация о работе Жапон менеджментінің ерекшеліктері