Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 21:11, реферат

Описание

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары.doc

— 243.00 Кб (Скачать документ)

     1 Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі                                     1.1 Нарық ұғымы мен мәні

    Қоғамдық  өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің  қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.  Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.      Саяси экономикалық мағынада нарық - айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.    Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын - соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.  Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.     Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. [2]          Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. [3]         Нарық - тауарларды сатып алу және сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси экономия - Алматы,“Ана тілі”).  Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. [5] Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Шын мәнінде тауар – ақша, нарықтық байланыстар сату, сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар - ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.  Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе - теңдік қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.      Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Нарық түралы ілім. Ағылшын экономисі А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм алғашында оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде. А. Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз - еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.       А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау” -дейді В.И. Ленин,- “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. В.И. Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды.      Міне, сондықтан да социализм орнатуда және социалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігі туралы В.И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары: В.И.Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында атқаратын рөлі; Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері туралы жалпы теорияның айқындала түсуі; Өтпелі дәуір кезеңіндегі экономиканы мемлекет тарапынан басқару механизмінің дамуы;            Нарықтың пайда болу себептері. Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың қажеттілігіне қарағанда, табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілеті бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды. Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б. жатады. Ресурстарға тән нәрсе - олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл феномен шамасы “Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурсттар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеген   «Көрінбейтін қол» деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де.  Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты - өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол, оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады.  
 

    1.2 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері

    Нарықтық  экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: нарық әлемінің пайда болуы; натуралдық айырбас кезеңі нарығы; тауар болмысы кезеңінің нарығы; тауар емес балама кезеңінің нарығы;                                                          1) Кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болады.               2) Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т1-т2 көруге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.                                                                                                            3) Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т1-т2 балама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтұну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иеленушісі қызметін атқара бастайды.                4) Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1-тауар емес балама –Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иеленушілері - несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы - қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.            Стихиялы нарық - капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит (1723-1790 ж.) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” (1776ж.) деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге  араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” рөлін атқару қажет. Мемлекет “мейлі өзінен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын “жаман әдеттеріне” мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше, жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты. Монополиялық нарық ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогресстің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.         Қазіргі заманда өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек.      Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып өттік. 
 

     2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы

     2.1 Нарық қызметтері 

    Нарықтың  мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:

- Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;

--Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;

--Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ, бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;

- Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макро пропорциялар белгіленеді; Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциялданады.  
 

     2.2 Нарық инфрақұрылымы 

    Нарық экономикасының қызмет етуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

    Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтұнушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.

    Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

    Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз: 1 баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. 2 осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін транскациондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

    Нарық экономикасының төртінші орталық буыны - екі құрылымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтұнушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды элементі.

    Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы субьектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы” деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің: бағаның, пайда нормасының, проценттің т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.         Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылуын және қызмет етуін талап етеді.  

НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЛЫМЫ
АУКЦИОНДАР КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДЕЛДАЛДЫҚ  ФИРМАЛАР
БИРЖАЛАР  ЖӘНЕ  БРОКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕР БИЗНЕСТІҢ КОМЕРЦИЯЛЫҚ  ОРТАЛЫҚТАРЫ
БАНКТЕР САҚТЫҚ ЖӘНЕ АУДИТОРЛЫҚ  КОМПАНИЯЛАР
КОММЕРЦИЯЛЫҚ  ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ КОМПАНИЯЛАР ЖАРНАМА-АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ЖӘНЕ БАНКТЫҚ ҚОРЛАР ҚОЙМА,ЭЛЕВАТОР,ТОҢАЗЫТҚЫШ, ТРАНСПОРТ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ  ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ОРЫНДАРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ САУДА ҮЙЛЕРІ
БАҒАЛЫ  ҚАҒАЗДАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН ИНСПЕКЦИЯ МАРКЕТИНГТІК  ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ КӨТЕРМЕ САУДА  ОРТАЛЫҚТАРЫ
ЛИЗИНГТІК КОМПАНИЯЛАР КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ  ОРТАЛЫҚТАРЫ
КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР
БАҒАЛАР МЕН СТАНДАРТТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК  ИНСПЕКЦИЯ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ  ӘРТҮРЛІ БІРЛЕСТІКТЕРІ (АССОЦИЯЦИЯЛАРЫ)
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ  ҚОҒАМДАРЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ
 

1 сурет – Нарықтың инфрақұрылымы. 

    Нарық конъюнктурасы. Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық конъюнктураға байланысты, яғни нарыктың белгілі мерзімдегі уакытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменде көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:                        --өндіріс пен кұрылыс динамикасы, тауар запастарының мөлшері, баға, процент, бағалы кағаздар курсының козғалысы;                                - пайда, еңбек акы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;        --еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас; Экономикалық конъюнктураға "циклдық", "циклдық емес" және "кездейсоқ" факторлар әсері бар;              а)-циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың (өндірістік құрал- жабдықтардың) кезекті жаппай жаңаруына байланысты;

б)-циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етеді (оған ең, алдымен ғылыми-техникалық прогресс жатады);

в) кездейсоқ (уакытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.

    Экономикалық конъюнктураны жақсартудың әдістері:

а) Инвестициялық ахуалды қалыптастыру;

б) Фирмаларға мемлекеттік заказдардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;

в) Салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;

    Халықтың  ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.                                      Қазір барша кәсіпорындар немесе жекелеген нарықтар конъюнктураның өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

- Маржиналдық (шекті) талдауға;                                  - Балама таңдау шығындарына;                                           - Экономикалық рационалдыққа;      

    Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы, нарық экономикасына, ондағы сұраныс пен ұсынысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әркайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарыктық ортаның, үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

Информация о работе Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары