Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 21:11, реферат

Описание

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары.doc

— 243.00 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан экономикасының ерекшелігі. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикада әр түрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауынын геологиялық құрылымы біркелкі емес. Қазақстанның әр түрлі аудандары мен аймақтарындағы халық шаруашылығында қалыптаскан құрылымдарының негізгі ерекшеліктері кандай?         Өндіріс. Солтүстік және Батыс Қазақстан - өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар. Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті және кара металлургия, машина кұрылысы және металл өңдеу, химия өнеркәсібі дамымаған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннен талабына сай келмейді. Өндірілетін өнімнің 7% ғана жеңіл өнеркәсіп өнімі. Шығыс аймақтары өздерінің табиғат -ауа-райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған. Семей облысында ет, жүн, тігін бұйымдарын өндіру және т.б. салалар басым. Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі. Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің 60%, тері өндірісінің 40% орналасқан. Аймактың негізгі кәсіпорындары Жамбыл облысы мен Алматы қаласында шоғырланған. Ауыл  шаруашылығы Қазақстанда егін және мал шаруашылығын дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Олар: құнарлы қара топырақты (солтүстікте) және сұр топырақты (оңтүстікте) жер алаңдары. Республикамыз бидай өндіру мен оны сатуда бұрынғы КСРО-да 2-ші (Ресейден кейін) орын алатын. Бидай өндіретін ірі аймактар-республиканың солтүстік облыстары. Бүкіл егіс алқабының шамамен 62% осы облыстың үлесіне тиеді.            Қазақстан қой мен ешкінің саны бойынша бұрынғы одақтас республиканың ішінде екінші, ал ірі қара мал саны бойынша үшінші орын алатын. Тығыз қоныстанған еңбек ресурстары жеткілікті Онтүстік Қазақстан мал саны бойынша сирек қоныстанған Солтүстік Қазақстаннан кейін екінші орында. Сондықтан бұл айырмашылық табиғат пен ауа-райының ерекшеліктерінен ғана емес, сонымен қатар, түптеп келгенде халық шаруашылығы құрылымының едәуір айырмашылықтарынан туындап жатыр. Бұл жағдайда солтүстік аймақта Павлодар, Оңтүстікте Алматы облыстарын атап айтқан жөн. Павлодар облысындағы бұл ерекшелік Павлодар - Екібастұз ірі территориялық өндірістік кешенінің қалыптасуына, ал Алматы облысындағы өнеркәсіптің қалыптасуы, негізінен Алматы қаласында орналасуына тікелей байланысты.         Қорыта айтқанда, Қазақстанның халық шаруашылығы қалыптасқан салалар; құрылым - біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынғы одақтық біріңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейін үстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде бәрін бір өзі шешу зардабын тигізетіндігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдардын ортасында 13 жыл бойы қалыптасқан мемлекеттің халық шаруашылығының кұрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, мемлекет индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3%-н төңірегінде. Мұның өзі халыктың қажеттілігін 40-50% ғана канағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз, 20-30%-ға сәйкес келеді. Оның үстіне, шикізат пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінде жоғарылатылғандықтан, баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, мемлекет территориясындағы өнеркәсіптердің басым үлесі, яғни 93% бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды. Осы жағдайларды қалай түзеуге болады? Тығырықтан шығудың жолдары кандай?        Қазір өркендеу бағыты болып табылатын  мемлекет экономикасын нарық жолына бағдарлау кең көлемде жүргізілуде.      Нарықты қалыптастырудың алғышарты нақты  тәуелсіздік. Мемлекет тәуелсіздік - өмірдің өзі кұн тәртібіне жоғары талаппен койып отырған мәселе.  Тәуелсіздік не үшін кажет?  Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына төмендегі дерекетерге көңіл аударайық. Бұрын одақта орталықтандырылған одақтық басқару ведомствалары мен министрліктерінде басты-басты 30-өндіріс, олардың ішінде көмір және металлургия өнеркәсібі, мұнай, газ, химия және мұнай айыру, жалпы машина жасау, басқа да Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын салалар қалып қойған. Осының салдарынан мемлекетте өндіретін, осы салалар өнімдерінің басым мөлшері сыртқа кетіп, сырттан еңбек құралдары  мен тұтұну заттарын әкелуге мәжбүр болып отыруы. Бұдан шығатын қорытынды: Қазақстан өз экономикасының кұрылымын өзі айқындап, оның салдарының ара-қатынас пропорцияларын белгілеу және оған уакытында керек түзетулер енгізу, күрделі каржыларды пайдалану ісінде нағыз тәуелсіздік алуы кажет. Міне, осы жағдайда ғана мемлекет қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен сыртқа шығаруды дұрыс реттей алады. Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жағдайы. 1992 жыл Қазақстан экономикасы үшін қоғамдык өндіріс деңгейінің төмендеуі сипатты болды. Бұл тенденцияға, әсіресе, өнеркәсіптің негізгі салаларында, күрделі және тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді. Мұның себептерінің бірі көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткелі болып отыр. Бұның өзі өнімнің бағаларын кұр арттыруға әкеліп соқты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 1991 жылмен салыстырғанда олар 24,7 есе өсті өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгейімен салыстырғанда да өндірістің кұлдырауына жол берді, ал жалпы өнеркәсіп бойынша ол осының алдындағы жылдағы 0,9%-бен салыстырғанда 14,8%-ға жетті.        Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салаларда  алаңдатарлық жағдай калыптасуда. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемнің бестен бір белігін ғана құрып отыр, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға кеміп кетті.            1993 жылы Қазақстан мемлекеттің экономикасына бірнеше факторлар тікелей әсерін тигізеді.          Біріншіден, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру дәйекті жүргізіле бастады. Екіншіден, өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру және экономиканы басқаруды жетілдіруді ілгерілету шаралары жүзеге асырылды. Үшіншіден, қаржы-несие және инвестициялық саясаттарға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Осы шараларға қарамастан, материалдық өндіріс салаларында өндіріс көлемінің кемуі тоқтаған жоқ. 1993 жылы таза материалдық өнім 1992 жылмен салыстырғанда 14,8%-ке кеміді. Бұл жағдайда пайдаланылған ұлттық табыстың құрылымында тұтыну қоры 1992 жылдағы 67,3%-тен 76,5%ке дейін өсіп, ал қорлану қоры бұған керісінше 32,7%-тен 23,5%-ке кеміді. 1993 жылғы   инфляцияның   көрсеткіші-тұтыну   бағасының   индексі 22,65%-ке тең болды. Азық-түлік тауарлары 23 есе, азық-түлік емес тауарлар 18 есе қымбаттады. Осы жылы ауыл шаруашылық жалпы өнімнің көлемі 6,3 млрд. теңге немесе 1992 жылға қарағанда 9,8%-ке кеміді.  1994 жылдың бірінші жартысы өндірістің төмендеуі,  инфляцияның өрістеуі     және     біршама    халық    әл-ауқатының,    тұрмыс жағдайының төмендеуімен   сипатталады.   1994  жылдың   1-ші  шілдесінде 730 кәсіпорын толық немесе олардың бірен-сараны тоқтап тұрды, соның ішінде 55,2 мың  
жұмыскерлерді қамтитын 106 кәсіпорын толық жұмыс істеген жоқ. Сонымен қатар, 163 кәсіпорындар мен мекемелер толық емес жұмыс уақыты тәртібінде әрекет   жасады.   Осылардың   ішінде   ЖІӨ   осы   жылдың қаңтар-маусым айларында    1993    жылдың   осыған   сәйкес кезеңнің 27%-ға, өнеркәсіп өндірісінін   көлемі   29,4%,   мемлекеттік   кәсіпорындармен мекемелердің күрделі каржылары 61,2%-ке кеміді.       Қазақстан мемлекетті көптеген ТМД-ға кіретін мемлеттерден табыс деңгейі бойынша артта қалып отыр. 1994 жылдың 1-ші сәуірінде Қазақстанда орташа жалақы 23,8 долларға тен болса, бұл көрсеткіш Өзбекстанда-39,6, Түркменияда-57,7, Ресейде-94 доллар болды. Экономикалық реформа осындай қиын жағдайда жүргізілуде.[7]        Экономикалык  реформаның барысы. Мемлекетте реформаны жүзеге асыруға бағытталған үш бағдарлама қабылданды. Оның 1991-1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы /1-кезең/. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы (экономиканы тұрақтандаруға және нарыққа көшу кезеңіне арналған) және мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы /2-кезен/.         Еліміздің президенті Н.А.Назарбаев "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде де қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы" деген кітапшасында экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды атады:       - меншіктің  негізгі  түрлеріне  (жеке  меншік  және  мемлекеттік меншік) үйлестіре және іс-қимыл жасай отырып, бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарық экономика құру;             - адамның экономикалық; тұрғыдан өзін айқындау принциптерін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасалады;                    - Қазақстанның   табиғи   ресурстарының   дүниежүзілік   тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу       - тұтыну нарығын толықтыру;                                         - Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту және оны тиімді пайдалану;            1994 жылдың маусымында  Қазақстанның президенті Н.Назарбаев «Қазақстан мемлекетінің жоғары кеңесіне Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы» жолдауын жіберді. Осы жоғарыда айтылған құжаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру қалай жүріп жатыр? Әрине, әлі де айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқпыз. Алайда, жүргізіліп жатқан шаралар аз емес. Мәселен, ұлттық валюта енгізгеннен бері экономикалық реформаны дамытып терендету мәселелері бойынша мемлекет басшысы мен үкімет нормативтік сипаттағы 200-ден астам жарлықтар, қаулылар және ережелер қабылдады.                          Сөйтіп, заң тұрғысындағы бірқатар елеулі проблемалар шешіліп, нормативтік база едәуір жаңартылды. Осындай көрсеткіштерге қарай отырып, біздің елімізде нарықтық экономика, оның негіздері қалыптасып, қарқынды дамуы байқалады. Біз болашақ бухгалтерлер бұл ұғыммен таныса отырып, оның әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз. 

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Әкімбеков К.Н. «Экономикалық теория» 2000 ж.           2 Кулыгин П.C. Социолистік экономикадағы нарық «Вопросы экономики»,1990ж.                          3 Журавлева Г. Р. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық «Экономические науки», 1990ж. №7             4 Саяси экономия - Алматы, «Ана тілі»,1991ж                  5 Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы. Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова 1992ж.                      6 «Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006                        7 Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісова, Ү.С.Байжомартов, Б.М.Комягин - «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж. 8 Н.М. Шанский, В.В.Ваванов, Т.В.шанская – «Краткий этимологический словарь русского языка» Москва 1961г.             9 Н.М. Шанский «Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігі», I том Москва 1973ж                10 Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2006 жыл 1 наурыз.       11 И. Комягин «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2005 ж.

Информация о работе Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары