Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 21:11, реферат

Описание

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары.doc

— 243.00 Кб (Скачать документ)

    Балама  таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариантты таңдап алынуы. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

    Экономикалық рационалдық принцип табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Раңионалдық талдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдыктың критериі - табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар - капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің хал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс – нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді колдануға негізделеді: бір жақтан сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан нарықтағы бағаны.[11]

    Сирек кездесулік мәселесі нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. "Сиректік" деген түсінік - экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе, тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын құрал. Демек, шекті пайдалылық теориясында "сиректік'' деген негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

    Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит "сиректік" түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында "сиректіктік" түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректік табиғи және әлеуметтік факторлармен баланыстырылған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет өту мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен кажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі бір уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректік мол болған сайын, осы игіліктің кажет санын өндіруге соншама мол уакыт керек. 
 
 

2.3 Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы

    Нарық құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында өз әрекетін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:                                                                           - меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);                                                  - шаруашылық субьектілерінің  әр түрлі  формаларының экономикадағы үлес салмағымен  белгіленетін, тауар өндірушілердің  құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары т.б.);                                                                                                      - тауар айналымы сферасының  ерекшеліктерімен;                                                          - шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;                                                                                                   - осы елде  пайдаланылатын сауданың  түрлерімен; Осы жағдайлар  нарық жүйесіне ерекше  қасиеттер  береді.               Құрылымы  жағынан  нарықты мынадай  критериялар  арқылы бөлуге болады:        Нарық қатынастары обьектілерінің атқаратын экономикалық қызметі  бойынша:                  - иеліктер мен қызметтер нарығы;                                                                               - өндіріс құралдарының нарығы;                                   - ғылыми-техникалық  жұмыстар нарығы;                                                   - құнды қағаздар  нарығы;                             - жұмыс күші нарығы;          Нарықтың  көп түрлілігі  кәсіпорындардың өзара  әсер өтуінің  барлық жүйесіне  күрделі өзгерістер  енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін  тікелей  байланыс  негізінде  жүргізуді, сату және сатып  алудағы  бейнелеп - есептеу  сипатын  нақты сату және сатып  алумен алмастыруды,  шаруашылық  байланыстарындағы  серіктестерді  еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың  құралдарына тауар және  қор биржалары, маманданған  қоймалар, коммерциялық орталықтар,  көтерме сауда орындары және т.б. жатады.   Нарықтарды  тауарлық  топтар бойынша  классификациялауға  болады:     - өндірістік қызметке бағытталған  тауарлар нарығы;                   - халық тұтынатын  тауарлар, азық-түлік тауарлар нарығы;         - шикізат пен материалдар  және т.б.  нарықтары;            Ауыл    шикізаттарына қажеттіліктерді  қамтамасыз ететін, ауыл шаруашылық өнімдер қоры қалыптасады. Тұтұну тауарлары нарығының қалыптасуы  осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде  өсуін тілейді, сатып  алушылық  сұранысты қанағаттандыру  үшін бәсекелестің кең  пайдалануын, фирмалық  дүкендердің көбеюін тілейді.                       Кеңістік   критерия бойынша мынадай  нарықтары  болады:                  - аймақтық ішіндегі;                - аймақаралық;                - республикалық;                  - республикааралық;                        - халықаралық (әлемдік) нарықтар.        Осындай нарықтардың  қалыптасуы  республиканың  мемлекеттік  егемендігін қамтамасыз етеді.                              Бәсекенің шектеулі  дәрежесі  бойынша  мынадай нарықтар  болады:        - монополиялык;                 - олигополиялық;                              - салааралық нарықтар.                        Нарық қатынастарының  субьектілері  бойынша  мынадай  нарықтар  болады:                               - Көтерме сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар мен сатушылар  болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.             - Бөлшек сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар - жеке азаматтар.                   - Ауылшаруашалық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Мұнда   сатып   алушы  - мемлекет, сатушылар - ауыл   шаруашылық өнімдерін   тікелей   өндірушілер:   совхоздар,   колхоздар,   фермерлер, агрокешендер т.б. Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі-жабдықтаушы (жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр енбек кооперациясының тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын заводтар). Мұндай байланыстарда келісім шарт нарықты калыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі -коммерциялық орталыктар, биржалар. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметтік жағдайларда мүмкін болады. [4]         Экономикада    заңдылықты    сақтау   жағынан    мынадай нарықтар болады:      - занды, ресми нарықтар;                  --занды емес, көлеңкеленген нарықтар т.б. Нарықтардың    құрылымын   зерттеу   оларды   негізгі   түрге   бөлуге мүмкіндік береді.                    Тауарлар  мен кызметтер нарығы. Бұл топка жататын нарықтар:                - қызметтер нарығы                - тұрмыстың, көлік, коммуналдық қызметтер; - тұрғын ұй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.              Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:                     - жылжымайтын мүліктер нарығы;              - еңбек құралдарының нарығы;             - шикізат пен материалдардың;                   - қуат ресурстарының;               - пайдалы қазбалардың нарықтары.                      Қаржылар  нарығы:                         - капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар; несие нарықтары;           --құнды қағаздар нарықтары - акциялар, облигациялар т.б.          - валюта - ақша нарықтары.                   Интеллектуалдық өнімдер нарығы инвестициялардың ойлап табулардың информациялық қызметтердің әдебиет және өнер еңбектердің нарықтары. Жұмыс күші нарығы. Бұл енбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады. Аймактық  нарықтар: жергіліктік, ішкі, ұлттық, сыртқы, халыкаралық нарықтар.                        Нарықтарды сегменттеу.          Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға қосалқы нарыктық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу тауарларға бірдей емес талаптар қоятын, осы тауарлардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) колдану аркылы жургізіледі. Осылардың, негізгілері:              1) Географиялық:                 - аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Онтүстік;       - әкімшілік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;                         - тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы;                        - климат бойынша: теңіз, континентальдық, орташа, ыстық т.б. 2) Демографиялық:               -  адамдардың жасына сәйкес топтау;                               - жыныстық топтау;                        - отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;                     - табыстар дәрежесіне карай;                       - кәсіби құрамына сәйкес: ғылыми қызметткерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың  жұмысшылары,  қызметкерлер, зейнеткерлер т.б.                - білім дәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;                    -  ұлттық құрамға сәйкес топтаулар;           3) Психологиялық:               - халықты әлеументтік құрамына сәйкес топтау;            - табыстардың дәрежесіне сәйкес;               - өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар,                   аксүйектер;                          - жеке басының қасиеттеріне сәйкес: ашуланшақтар,  өз - өзіншілдігі молдар. 4) Мінезқұлықтық (тауарларды таңдауда):           - тауарды кездейсоқ сатып алады;                                         - сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;                                     - сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;                                    - клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің кажетінше үнемі керек,   анда-санда керек;                                                                  - өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік көзқарас. 
 
 
 

    2.4 Мемлекеттің   нарықтық экономикада атқаратын рөлі.

    Мемлекеттің макроэкономикалық процеске қатысуы осы  процестің бө-лінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі және ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан, бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сактауда.   Осыған  байланысты «экономика-мемлекет» қарым-қатынастары қарама-қайшылықты мазмұндағы құбылыс.         Неге? Себебі аталған қарым-қатынастардың екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді. Шын мәнінде, нарықтық экономика таңдау және еркін кәсіпкерлікке негізделген.  Мемлекет - еркін таңдаушылықты шектейтін күш. Еркін таңдау қашанда және барлық, субъектілермен жоғары бағалылықпен таңдау ретінде танылады, ал күштеу (ықтиярсыз көндіру) - осы бағалылықты теріске шығару деп түсіндіріледі.    Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады:       Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Расында, бәсекелестік монополияның пайда болуы факторларының бірі екені белгілі. Монополияның дамуы - нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Бұдан келіп, бәсекелестік бастаманы арнаулы қорғау және экономикадағы монопольдік тенденцияны шектеу қажеттілігі пайда болады. Мұндай қиыншылықты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.       Екіншіден, нарық экономикасына "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен, олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындыктар туғызады.  Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-тендігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сактауға, акша айналымын бақылауға және т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.           Бүгінгі таңдағы дүниежүзілік экономикаға  тән нәрсе-нарықты жүйе ешқандай елде таза түрінде кездеспейді, тіпті ол А.Смит пен К.Маркстің заманында да болған жоқ. Мәселен, нарықтық қатынастар қалыптаскан елдерге қарағанда, әміршілдік-әкімшілдік  жүйеге негізделген мемлекет бұл жүйенің жеткілікті дамымау себебіне байланысты бар жауапкершілікті қоғамның қарапайым мүшелерінің иығына салып қойды.       Әміршілдік-әкімшілдік жүйе нарық құрылымын ығыстыра немесе оның сипатын бұза отырып (деформациялау), шаруашылық субъектісін экономикалық тұрғыдан ынталандырудың орнына, пайдаға деген "қамкорлықтан" ғана емес, сонымен қатар банкротқа (зиян шегу, дәрменсіздік) ұшырау қауіпінен «құтқару».         Бұл жүйе ондаған жылдар бойы кәсіпорындардың зиян шеккен шығындарының орнын мемлекет тарапынан толтырып келді, тіпті әлі де болса осындай саясат жүргізуде.          Мәселен:               1) басым көпшілік мемлекеттік бюджетін қаржыландыруда.                          2) өндіргіш ресурстарды орынсыз шығындап, ысырапшыл пайдалану әдісі әлі де болса қолданылуда;                       3) жаңа және прогрессивтік технологияны енгізу қажеттілігіне үстірт көзқараспен қарау күні бүгінге дейін басым түсуде.      20 ғасыр дәлелдеп отырған ақиқат  қандай да болсын, дамыған елдер ертерек немесе кейінірек дағдарыс және күйзеліс кезеңнен өтеді. Мәселен, АҚШ президенті Рузвельттің "адалдық бәсекелестік" және 1929-1933 жылдардағы тоқыраудан шығу тәсілдері сол кезде түбегейлі қауіпті деп саналды. Ал Рузвельттің өзін "түкті социалист" атандырды. Күні бүгін ғана айқын дәлелденіп отырғандай, қазіргі заманның барша ұмтылыс, мүмкіндігіне қарамастан, 19-ғасырдағы асқақ арманшыл дәуірге қайта оралуға жол жоқ екені белгілі болды. Мұны қарапайым түсіндіруге өте қиын, себебі 20-ғасырдың соңында тарих өзінің қарама-қарсы жағына бұрылып отыр.    Бұрыңғы одақтағы және Шығыс  Еуропа елдеріндегі  қалыптаскан әміршілдік-әкімшілдік жүйесін дағдарысқа ұшырап күйреуі, олардың нарыктық экономикаға бет бұрылысы баламасыз екендігі бәрімізге әйгілі болып отыр және оның тиімділігінің сөзсіздігі сондай: қоғам мүшелерінің бір бөлігі оны 19 ғасырдағы капитализмге қайта оралу деп есептейді. Әміршілдік-әкімшілдік жүйесіне тән қатаң қағида бойынша, нарықтық жүйе-экономика емес, тек қана капитализмнің игілігі ретінде түсіндіріледі. Осыған орай, нарық жұмыссыздықты жою жеке меншікті ендіруге, сондай-ақ экономиканың әр түрлі секторларында еңбек жалдаудың көптеген формаларын қолдануға кең жол ашады.                         Ендігі күрделі мәселе: нарық жүйесін реттеу процесінде мемлекет қандай қызметтер атқарады? Мемлекет  белгілі бір таптардың мүдделерін қорғай отырып, бір жағынан, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайды, ал екінші жағынан, осы қажеттілікті қамтамасыз ету жолдарын іздестіріп жүзеге асырады.          Бұл тұста мемлекеттің, әсіресе, қоғам  таптары мен қалың бұқара топтарының арасындағы қарама-қайшылықтарды басуға бағытталған әлеуметтік міндетін ерекше бөліп айтуға болады.[5]     Бүгінгі  таңда буржуазиялық мемлекет жеке меншік капиталды пайдаланудың тиімділігі төмен болатын өндіріс сферасында шаруашылық жүргізу міндетін атқарады. Осыған байланысты меншіктің ерекше секторы мемлекеттік меншік пайда болды. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізудің ерекше секторы мемлекеттік сектор әрекет жасайды. Дамыған капиталист елдерде олардың үлесі әр түрлі. Мысалы, олар 80-жылдары АҚШ-та мемлекет кәсіпорындары өндірген өнімдерінің ұлттық табыстағы үлесі 1-2% ғана болды. Ал Батыс Еуропа елдерінде бұдан басқаша жағдай қалыптасқан. Австриядағы мемлекет секторы барлық өндіріс күштерінің 37% қамтиды. Батыс Германияда оның үлесі ұлттық байлықтың 21%-не тең. Басқа елдерде мемлекеттік сектодың жалпы ұлттық өнімдегі үлесі мынаған тең: Австрияда 12%, Фраицияда-20%, Швецияда-14%, Италияда-12%.[10]       Жоғарыда айтылғандарды түйіндей отырып, мемлекеттің  нарықты экономикада атқаратын қызметтерін мына топтарға белуге болады:                        --тиімділікті  қамтамасыз  ете отырумен  қатар,  нарықтың бір қателігі монополиялыққа   жол бермеу. Қазіргі таңдағы экономика, шын мәнінде, нарық   конъюнктурасы   анықтағандай,   көптеген қателіктер жібереді. Бұндай   қателіктердің   себебі   өндіріс   пен тұтынудың тиімсіздігі. Бұл жағдайда мемлекет тарапынан байқалатын әрекет-бағыты аз емес. Бірақ экономика сырқатын жоюдағы мемлекет әрекетін еске сала отырып, оның өз қатесін елеусіз қалдыруға болмайды, яғни мемлекеттің өзі әдейі тудыратын жағдайды ескерту қажет. Мемлекеттің экономикаға араласатын маңызды құралдары: салық, баға және проценттік ставкалар;                       - нарықты жүйе балалар мен қарттарды және кедейленген жұртшылықты сырт   қалдырып,   тауарларды   "қалталы"   қоғам топтарына жіберетіндіктен, мемлекет әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге тырысады. Нарықтың  бағалық механизмін жақтаушылар  және оны сынаушылар нарық жүйесінің тиімділігіне қарамастан, ол елеулі теңсіздікке жол ашатындығын мойындаулары қажет. Бұл нарықтың кемістігі емес, бөлудің кемістігі. Мемлекет ол жағдайды өзгерте алады және өзгертуге міндетті де. Мұндай ситуацияны өзгертуде мынадай екі жолы бар:                                                        1) прогрессивті салық салу;            2) зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз көп балалы жұмыссыздар және т.б. мұқтаж азаматтардың табыстарын қорғау шараларын қарастыру;    Мемлекеттің тағы бір аткаратын қызметі-экономикалық тұрақтылықты аса ауқымды мөлшерде (макроэкономикалық) сактаумен байланысты. Бұл экономикалық циклдің шарықтап өсуін және оның құлдырап төмендеуін реттеу және бақылаумен байланысты. Мұнда мемлекеттің қолданатын басты тәсілі  өндіріс,  жұмыссыздық және  құнсыздану деңгейін  қаржылау және салық салу арқылы реттеу. Нарықтық экономикаға көшу процесінде мемлекеттің  атқаратын экономикалық қызметі және оған әсер ететін әдістері көп қырлы. Мемлекет бұл бағытта әр түрлі тәсілдер қолданады. Олар: құкықтық мөлшерлер, акпарат хабарларымен қамтамасыз ету, қаржы бөлу, экономикалық салық, несие, процент, баға т.б. Тетіктер: мемлекеттік тапсырыс, заттай салық, лимиттер мен квоталар және т.б. Мемлекеттің басты қызметі - шаруашылық жүргізу туралы бекітілген шешімдерді заңдылық - құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Ол үшін нақты заңдар және заңға сәйкес қаулылар, нұсқаулар және т.б. қабылдайды.Нарықтық  экономика жағдайында мемлекеттің  жоспар жасаудағы әрекеті түпкілікті өзгереді. Жоспарлаудың жаңа құрамына мыналар кіреді: ұзақ мерзімді болжау, әлеуметтік - экономикалық дамудың индикаторлық әдіспен жоспарлау: экономика дамуының өзекті проблемаларын анықтау және оны шешу концепцияларын жасау.      Нарықтың  қалыптасуында ақша және қаржы-кредит жүйелері де маңызды рөл аткарады. Мұнда айта кететін жай, қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикамызды сауықтыру бағытындағы, қаржы-кредит жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалары. Олар - халық шаруашылығында қолданатын икемді салық жүйесін қалыптастыру, экономикаға тиімді әсер ететін несие саясатын жүргізу, республикада ақша айналымын тұрақтандырып, оны сауықтыру.            Сонымен қатар, мемлекет саладағы саясатын өзгертеді.  Бұл процесс екі бағытта жүргізілуде. Бір жағынан, білім беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделі мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бекітіліп жүзеге асырылуда, ал екінші жағынан нарыққа көшуге байланысты халықты әлеуметтік жағынан қорғау шаралары да енгізілуде.    Қорытынды: Мемлекет экономикалық қызметті кәсіпкерлерді (жеке, шағын кәсіпорындар, фирмалар және мемлекеттік кәсіпорындарды) экономика саласындағы әрекеттерін тәртіпке келтіріп және реттеп отырады. Бірақ ел ешбір жағдайда кәсіпкерлердің іс-әрекетіне араласпайды. Нарық механизмі - бағаны және өндірісті анықтайды; мемлекет салық салуды, шығындарды реттеп отыру аркылы нарықты үйлесімді пайдалану жолдарын іздестіреді. 
 

3 Қазақстанда  нарықтың экономика жүйесінің  қалыптасуы мен дамуының мәселелері

3.1 Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі

    Жалпы нарықтық экономикалық жүйе – шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігіне, жекеменшік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталынуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, рынок табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді                        Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру - азаматтардың немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж.ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.[8] 
 

    3.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері

    Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жеке меншік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып - дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заң үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған.       Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1) Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2) Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3) Нарықтық  құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5) Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс). 6) Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7) Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады.   «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.  Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иелік артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды "сонан кейін" деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, сол себептен “голландық ауруға” немесе «семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру керек.           Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі – Қазақстан Республиксының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында - «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру. Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз керек. Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет.  Келісім–шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін қолданылуға тиіс. Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара – бар заңнаманың болуы өте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет. «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді» делінген. Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.              
                                                             Қорытынды

Информация о работе Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары