Банкралық ақша аударымдар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 00:48, реферат

Описание

Сенімді және қауіпсіз төлем жүйелері тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік жасайды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар арасында уақтылы есеп айырысуға кепілдік береді. Төлем жүйесін жетілдіру, оның ордан әрі дамуын таңдау Қазақстан Ұлттық Банкінің маңызды басымдығы болып табылады.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне жатқызылған.

Содержание

Кіріспе


Негізгі бөлім


1. Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ)

2.БААЖ- дың Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің қағидаттары

3. БААЖ-да тәуекелдер және оларды басқару әдістері

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

БААЖ.doc

— 788.00 Кб (Скачать документ)


 

 

             

              ЖОСПАРЫ

 

 

Кіріспе

 

 

Негізгі бөлім

 

 

1. Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ)

       

2.БААЖ- дың Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің қағидаттары

 

3. БААЖ-да тәуекелдер және оларды басқару әдістері

             

Қорытынды              

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

Кіріспе

 

Сенімді және қауіпсіз төлем жүйелері тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік жасайды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар арасында уақтылы есеп айырысуға кепілдік береді. Төлем жүйесін жетілдіру, оның ордан әрі дамуын таңдау Қазақстан Ұлттық Банкінің маңызды басымдығы болып табылады.

   Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне жатқызылған.

Шаруашылық жүргізетін субъектілер арасында уақтылы есеп айырысуды қамтамасыз ететін және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде ең төменгі тәуекелдермен сипатталатын төлем жүйелерін құру  бойынша  жұмысты  Ұлттық Банк 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бастады және жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша он жылдан астам бойы Қазақстан аумағында мынадай екі ұлттық төлем жүйесі ойдағыдай жұмыс істеуде және даму үстінде: Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесі. Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымдарының (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк) сарапшылары ақша төлемі мен аударымын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ететін Қазақстанның төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін және сенімділігін бірнеше рет атап өтті. Халықаралық Валюта Қоры консультанттарының бағалауы бойынша Қазақстанның төлем жүйелері жүйелік маңызды төлем жүйелері үшін Халықаралық Есеп айырысу Банкі белгілеген барлық 10 Басты қағидатқа (төлем жүйелері саласындағы халықаралық стандарттар) толық сәйкес келеді.

Төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында Ұлттық Банк ақша төлемі мен аударымының жекелеген мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекітеді. Бұл ретте төлем жүйелерінің техникалық сипаттамаларын жетілдіруге, жаңа төлем құралдарын ендіруге бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын пайдалануға арналған жеткілікті құқықтық базасын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Ұлттық Банктің ақша төлемі мен аударымы саласындағы негізгі функцияларының бірі төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) болып табылады, бұл елде төлем жүйелерінің жұмыс істеу деңгейін бағалауға, сондай-ақ төлем механизмдерінің қандай да болсын нарықтарының даму тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) жинағы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және ұлттық төлем жүйелері мен өзге төлем механизмдерінің соңғы он жылдағы даму нәтижелерін көрсетеді.

 

Негізгі бөлім

 

1. Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ)

 

    Қазақстандағы әрбір төлем жүйесі жұмыс істеуінің өз ерекшелігі бар және нарықтың белгілі бір бөлігіне бағдарланған. Елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ-да төлемдері есептеу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге келіп түскеннен кейін дереу бірнеше секунд ішінде есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерін қоспағанда аптаның барлық күнінде жұмыс істейді.

    БААЖ-ның операциялық күні сағат 9:00 басталады. Ұлттық Банк операциялық күн басталар алдында пайдаланушылардың төлем тапсырмалары негізінде олардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарынан Ұлттық Банктегі БААЖ-ның арнайы шотына ақша аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте пайдаланушымен жасалған шарт бойынша ақша аударымдары тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырыла алады, бұл тапсырма пайдаланушы оның күшін жою туралы жазбаша нұсқау бергенге дейін қолданылады. Әрбір пайдаланушы бойынша аударылған ақша сомасы туралы ақпаратты Ұлттық Банк ҚБЕО-ға жібереді. ҚБЕО осы ақпараттың негізінде БААЖ-ның шотынан сомаларды ҚБЕО-дағы пайдаланушылар позициясында көрсетеді және осы сәттен бастап операциялық күн басталады.

    БААЖ операциялық күн ішінде нақты уақыт режимінде қайтарымсыз және түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз етеді. БААЖ-ға ақша аудару пайдаланушының  Ұлттық Банктегі БААЖ шотына олар аударған ақша сомасы, сондай-ақ БААЖ басқа пайдаланушыларынан түскен ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.

 

БААЖ мынадай схема бойынша жұмыс істейді:                             

 

 

Кепілгер Банк (А Банкі) БААЖ-ға ақша аудару туралы хабарлама (электрондық төлем тапсырмасы түрінде) жібереді. БААЖ хабарламада көрсетілген ақша сомасының ҚБЕО-дағы пайдаланушының позициясы бойынша ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді. Жүйе пайдаланушының позициясында ақша сомасы жеткілікті болған кезде ақшаны аударады және  Кепілгер Банк (Банк А) оның шотын дебеттеу туралы және Бенефициар Банкті (Б Банкі) оның шотын кредиттеу туралы хабардар етеді.

   Төлемді жүзеге асыру үшін ақша жеткіліксіз болған жағдайда төлем құжаты кезекке қойылады. Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шегінде төлем құжаттарын орындау олардың кезекке келіп түсу тәртібімен  FIFO қағидаты бойынша (кіріске бірінші, шығысқа бірінші) жүзеге асырылады. Жүйенің пайдаланушылары төлем құжаттарын орындаудың кезектілігін белгілеуге және ауыстыруға құқылы. Бұған қоса, пайдаланушылар кезекте тұрған төлем құжаттарын қайтарып ала алады. Осыған байланысты, пайдаланушылардың жүйедегі шотына басқа пайдаланушылардан ақша келіп түскеннен кейін БААЖ кезекте тұрған осы пайдаланушының-алушының төлемдерін өткізу мүмкіндігін тексереді.

   Операциялық күн ішінде пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша  орындалған төлемдер туралы, кезекте тіркелген төлем құжаттары туралы пайдаланушының жүйедегі ақша қалдығы туралы ақпаратты береді. Сондай-ақ БААЖ-де Бөлшек төлемдер жүйесі клирингінің нәтижелері бойынша қалыптастырылған пайдаланушылардың таза позицияларын аудару жүзеге асырылатындығын атап айту қажет.  

    Операциялық күнді жабу сағат 19:00 жүзеге асырылады. Алайда жүйені пайдаланушының өтінімі бойынша Ұлттық Банк операциялық күнді ұзарта алады. БААЖ операциялық күн аяқталғаннан кейін жүйенің әрбір пайдаланушысына операциялық күнді аяқтайтын құжатты қалыптастырады. Бұл ретте Ұлттық Банк пайдаланушылардың позицияларымен сальдоның электрондық ведомосын жібереді. Ұлттық Банк осы ведомості тексереді және тексеру нәтижелері туралы ҚБЕО-ға хабарлайды, бұдан кейін Ұлттық Банк Ұлттық Банктегі БААЖ шотынан позициялар сальдосы сомасындағы ақшаны осы пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған шотына аударуды жүзеге асырады.

   БААЖ-да әрбір төлемді жеке есептеу жүзеге асырылатынын ескере отырып,  және тиісінше техникалық ресурстар көбірек пайдаланылады, бұл жүйеде төлем құжаттарын өңдеуге неғұрлым жоғары тарифтер белгіленген (3-кесте).  

                         

                                                                                                                      3-кесте.             

БААЖ-да бір төлем құжатын өңдеуге арналған тарифтер

 

Төлемді өңдеу уақыты

Құны, теңге

сағат 8-00 - 13-00 аралығында

57-00

сағат13-00 - 19-00 аралығында

114-00

сағат 19-00 - 8-00 аралығында (операциялық күн ұзартылған кезде)

740-00

  

БААЖ пайдаланушысы Ұлттық Банкте теңгедегі корреспонденттік шот ашылған кез келген банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болуы мүмкін. Бұл ретте жүйеге кіруге рұқсат алу үшін төлем жүйесінің операторымен – «ҚБЕО» РМК-мен шарт жасау қажет. БААЖ пайдаланушыларының саны 01.01.2011 жылғы жағдай бойынша 51 болды, оның ішінде  екінші деңгейдегі 39 банк және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Мемлекетаралық банк және Еуразия даму банкі, Ұлттық Банк, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Қазпочта» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстанның қор биржасы» АҚ, «ҚБЕО» РМК және ҚБЕО клиринг палатасы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.БААЖ- дың Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің қағидаттары

 

   Ел экономикасы үшін жүйелік маңызы бар БААЖ-дың «Ондық топ» орталық банктерінің Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитеті әзірлеген және қауіпсіз әрі тиімді төлем жүйелерін құруға ықпал ету мақсатындағы директивалар ретінде арналған Негізгі Қағидаттарға сәйкестігіне аса мән беріледі. Қазақстан Ұлттық Банкінің БААЖ-ды жетілдіру бойынша халықаралық стандарттарға бағдарланған жұмысын Халықаралық қаржы ұйымдарының консультанттары жоғары бағалады. БААЖ-дың Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің Негізгі Қағидаттарына сәйкестігі мынадай фактілерге негізделген.

1.       Жүйенің барлық тиісті юрисдикцияларда жақсы пысықталған нормативтік базасы болуы тиіс.

   БААЖ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Банктер және банк қызметі туралы» және «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында берілген мықты құқықтық негізге негізделген. Сондай- ақ БААЖ ақша аударымы ережесі[1], Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «ҚБЕО» РМК[2] төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық, өзге де ережелер мен стандарттар, сондай-ақ жүйенің рәсімдері дәл ашылған шарттар әзірленді және қазір қолданыста.

2.       Жүйенің ережелері мен рәсімдері қатысушыларға олар жүйеге қатысу салдарынан өздеріне алатын қаржы тәуекелдерінің әрқайсысына жүйенің ықпалы туралы анық түсінік беру тиіс. 

   БААЖ ережелері мен рәсімдері жүйеге барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне анық айқындама береді. Барлық ережелер мен рәсімдер тиісті құжаттар түрінде рәсімделген және жүйенің барлық қатысушылары үшін қол жетімді. Мәселен,  БААЖ-ға ақша аудару ережелерінде жүйенің жұмыс істеу сипаттамасы, жүйенің әрбір қатысушысының жауапкершілігі, сондай-ақ олар ұшырауы ықтимал тәуекелдер, мониторинг және тәуекелдерді басқару әдістері нақты берілген. 

3.       Жүйеде кредиттік тәуекелді және өтімділік тәуекелін басқарудың нақты айқындалған рәсімдері болуы тиіс, оларда жүйе операторының және оған қатысушылардың тиісті міндеттері келісілген, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқаруға және оларды шектеуге тиісті ынталандыру болуы тиіс.

   Кредиттік тәуекелді және өтімділік тәуекелін басқару үшін кезекті басқару, нақты уақыт режимінде жүйенің мониторингі тетіктері пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілгендей, жүйені пайдаланушының өз кезегін басқару мүмкіндігі болады: төлем құжаттарын орындау кезектілігін белгілеу, кезекте тұрған төлем құжатын кез келген сәтте қайтарып алу. Пайдаланушы операциялық күннің ішінде олардың сұратуы бойынша орындалған төлемдер туралы, кезекке тіркелген төлем құжаттары туралы және пайдаланушының жүйедегі ақша қалдығы туралы ақпарат беріледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  тәуекелдерді басқару мақсатында нақты уақыт режимінде пайдаланушылар жүйесі позицияларының мониторингін жүзеге асырады.

4.       Жүйе валюталау күнгі жедел түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз етуі, күн ішінде артықшылықпен немесе кем дегенде күннің аяғында қамтамасыз етуі тиіс.

   БААЖ нақты уақыт режимінде есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Шотта аударымды жүзеге асыру үшін ақша жеткілікті төлем құжаты қолма-қол есептеледі.  Шотта ақша жеткіліксіз болған кезде төлем құжаты кезекке қойылады және жеткілікті сома шотқа түскен кезде осы төлемді жүзеге асыру үшін  күн ішінде есептеледі.

5.       Көпжақты клиринг жүзеге асырылатын жүйе ең аз дегенде  қатысушының ірі жекелеген есептік міндеттемемен есеп айырысуды жүргізуге қабілетсіз болған жағдайда күн сайынғы есеп айырысуларды уақтылы аяқтауды қамтамасыз етуге қабілетті болуы тиіс.

   БААЖ есеп айырысуды жалпы негізде нақты уақыт режимінде жүзеге асырады. 

6.       Есеп айырысу үшін пайдаланылатын активтер  негізінен орталық банкке талаптар болуы тиіс; егер өзге активтер пайдаланылса, олардың аз ғана немесе нөлдік кредиттік тәуекелі, аз ғана немесе нөлдік өтімділік тәуекелі болуы тиіс.

Информация о работе Банкралық ақша аударымдар жүйесі