Банкралық ақша аударымдар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 00:48, реферат

Описание

Сенімді және қауіпсіз төлем жүйелері тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік жасайды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар арасында уақтылы есеп айырысуға кепілдік береді. Төлем жүйесін жетілдіру, оның ордан әрі дамуын таңдау Қазақстан Ұлттық Банкінің маңызды басымдығы болып табылады.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне жатқызылған.

Содержание

Кіріспе


Негізгі бөлім


1. Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ)

2.БААЖ- дың Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитетінің қағидаттары

3. БААЖ-да тәуекелдер және оларды басқару әдістері

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

БААЖ.doc

— 788.00 Кб (Скачать документ)

   Жүйедегі ақша аударымы пайдаланушының Ұлттық Банкте ашылған өзінің корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің арнайы белгіленген шотына аударылған ақша сомасы, сондай-ақ БААЖ басқа пайдаланушыларынан түскен ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.          Жүйенің шоты Ұлттық Банкте жүйедегі ақша аударымдарын орындау кезеңінде пайдаланушылардың ақшасын есепке алу үшін қызмет етеді.

   БААЖ-дың мақсаты елдегі неғұрлым ірі және басымдыққа ие төлемдерді өңдеу болып табылады. БААЖ арқылы кредиттік, сол сияқты дебеттік аударымдарды жүргізуге болады. Жүйе операциялық күн ішінде ұлттық валютамен (теңгемен) есеп айырысулар жүргізудің түбегейлілігін қамтамасыз етеді. БААЖ-да төлемдер тек қана  электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

   БААЖ-ды Ұлттық Банк басқарады, ал жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін оператор Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) болып табылады.

    БААЖ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңда және «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңда көрсетілген берік құқықтық базаға негізделген. Сондай-ақ БААЖ-да Ақша аудару ережесі, Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесі, сондай-ақ басқа ережелер мен стандарттар әзірленді және қолданылуда, мұнда жүйенің жұмыс істеу рәсімдері жан-жақты ашылған.

   БААЖ-де ҚБЕО бекіткен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сақталады,   электрондық хабарларды өткізу фактісін растауға және оларды өткізу кезінде қателерді анықтауға бағытталады. ҚБЕО және пайдаланушылар жіберілетін және алынатын электрондық хабарларды есепке алуды қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады. БААЖ-де өңделген барлық электрондық хабарлар аудиторлық із қалдырады.

 

 

             

 

 

 

 

 

  

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті

             

2 . www.kisc.kz  сайты

 

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сайты

 

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



[1] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылқы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен  бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi.

[2] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 95 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық.

 

 

[3] «Басқа да банктер» тобына Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі кірді

[4] Өтімділік тәуекелі – төлем жасаушының ақша аудару бойынша өз міндеттемелерін орындамау ықтималдығымен байланысты тәуекелі.

[5] Жүйелік тәуекел – бұл төлем жүйесін пайдаланушының бірі ақша аударымы бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелі төлем жүйесін басқа пайдаланушылардың (бір немесе бірнеше) өз міндеттемелерін орындамауын туындату тәуекелі.


Информация о работе Банкралық ақша аударымдар жүйесі