Халықаралық валюталық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:25, контрольная работа

Описание

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Валюталық қатынастар және валюта жүйесі түсінігі, түрлерi
2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
3. Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар
4. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
5. Валюталық нарық
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық валюталық қатынастар.docx

— 147.80 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1. Валюталық қатынастар және валюта жүйесі түсінігі, түрлерi

2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері

3. Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар

4. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

5. Валюталық нарық

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде  халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйелер үш түрге  бөлінеді:

Ұлттық валюталық жүйе;

Дуниежүзілік валюталық  жүйе;

Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Валюталық жүйелердің даму зандылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне  байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі  даму кезендерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының  әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда  туындайды. Соған байланысты әлемдік  валюталық жүйенің құлдырауы  басталады.Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.

Жаңа дүниежүзілік валюталық  жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:

  • I кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
  • II кезең — жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.
  • III кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

нарықтық реттеу;

мемлекет тарапынан реттеу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Валюталық  қатынастар және валюта жүйесі  түсінігі, түрлері

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік  нарыкка қосылуы нәтижесінде  ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай  капиталының бір белігі шетел  валютасына айналады неме- се керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валю- талық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел  капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан  да, бұл валюталық қатынастар мен  ұдайы өндірістің арасында тікелей  және кері байланыстың болатынын  көрсетеді.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге  бөлінеді:

  1. Ұлттық валюталық жүйе;
  2. Дуниежүзілік валюталық жүйе;
  3. Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық  жүйе ең бірінші қалыптаскан.

Ұлттық валюталық  жүйе—халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен  тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе ХЫХ ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежузілік  валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.

Дүниежүзілік валюталық  жүйелердің қызмет ету сипаты мен  тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың  құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы  елдердің мүдделеріне байланысты болып  келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың  негізгі элементтерінен көрінеді.

 

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық  жүйе

Ұлттық валюта

Резервтік валюталар

Ұлттық валютаның алмастырылу  шарты

Валюталардың өзара алмастырылу 

шарты

Ұлттық валюта паритеті

Валюталық паритеттерінің ортақ  режимі

Ұлттық валюта бағамының  режимі

Валюталық бағамдар режимінің  регламентациясы

Валюталық шектеудің, валюталық

 бақылаудың болуы немесе  болмаүы

Валюталық шектеуді

 мемлекетаралық реттеу

Елдің халыкаралық валюталық

 өтімділігін ұлттық  реттеу

Халыкаралық валюталық өтімділікті

 мемлекетаралык реттеу

Халыкаралық несиелік айналыс

 құралдарын пайдалануды  регламенттеу

Халыкаралық несиелік айналыс

 құралдарды пайдаланудың  ережелерінің

 біртұтастығы

Елдің халықаралық есеп

 айырысуларын регламенттеу

Халыкаралық есеп айырысудың негізгі

 нысандарының біртұтастығы

Ұлттық валюталық нарық  пен

 алтын нарығының режимі

Дүниежүзілік валюталық  нарықтар

 мен алтын нарықтарының  режимі

Елдің валюталық қатынастарын

 басқаратын және реттейтін

 ұлттық ұйымдары

Мемлекетаралық валюталық

 реттеуді жүзеге асыратын

 халыкаралық ұйымдар


 

Аумақтық валюталық  жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.

ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.

Егер де, ұлттық валюталық  жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше  резервтік валюталарға немесе халықаралық  есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық багшды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің  даму кезеңдері

Валюталық жүйелердің даму зандылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне  байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі  даму кезендерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының  әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда  туындайды. Соған байланысты әлемдік  валюталық жүйенің құлдырауы  басталады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті  бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар  орын алады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып  және оның орнына валюталық тұрақтылықты камтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.

Жаңа дүниежүзілік валюталық  жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:

  • I кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
  • II кезең — жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.
  • III кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

Дүниежүзілік  валюталык жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:

Парилсдің валюталық жүйесі (1867 жылы)

Генуэз ваяюталық жүйесі (1922 жылы)

Бреттон-вудс валюталык, жүйесі (1944 жылы)

Ямайск валюталық жүйесі (1976—1978 жылдары)

Еуропалық валюталық жүйе (1979 жылы)

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде ХIХ ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін, алтын монета стандарты нысанында, яғни алтын монеметализмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана нысаны ретінде танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

Париж валюталық жүйесі мынадай  құрылымдық қағидаларға негізделеді:

оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;

әр валютаның езіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді (Ұлыбритания - 1816 жылы, АҚШ - 1837 жылы, Германия - 1875 жылы, Франция - 1878 жылы, Ресей — 1895 жылы белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;

нарықтық сұраныс пен  ұсынысты ескере отырып валюталарды  еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.

Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол, ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағдарыстан кейін алтынға және жетекші валюталарға негізделген алтын девиз стандарты бекітілді.

Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүние жүзілік валюталық жүйеге занды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 жылы Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында қол жеткізілді.

Генуэз валюталық жүйесі мынадай кағидаларда қызмететгі:

оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды. Бұл кезенде 30 елдің ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа негізделді. Ұлтгық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды. Бірақ та, соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметге жүрді.

алтын валюталардың құрамы сақталды;

еркін валюталық бағам  режимі қайта қалпына келтірілді;

валюталық ретгеу, валюталық  саясат халықаралық конференциялар, мәжілістер нысанында жүзеге асырылды;

Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар