Халықаралық валюталық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:25, контрольная работа

Описание

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Валюталық қатынастар және валюта жүйесі түсінігі, түрлерi
2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
3. Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар
4. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
5. Валюталық нарық
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық валюталық қатынастар.docx

— 147.80 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық  валюталық қатынастарды реттеу екі  түрде жүзеге асырылады:

  • нарықтық реттеу;
  • мемлекет тарапынан реттеу;

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Бірақта, мемлекет ертеден  бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы ХХ ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

Нарықтық және мемлекеттік  валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды  орын алады.

Валюталық саясат—бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жузеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты  экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның  өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-тендікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясаттың басты  бағыттары мен нысандары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

Заңды түрде валюталық  саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты-валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.

Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы — валюталық реттеу болып табылады.

Тікелей валюталық реттеу — занды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, оның валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

Мемлекетаралық  валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және нысандарына байланысты екіге  бөлінеді:

  • құрылымдық валюталық саясат;
  • ағымдық валюталық саясат.

Құрылымдық валюталык  саясат—дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруға бағытталатың ұзақ мерзімді шаралар жиынтыгы.

Ол валюталық саясат реформа  нысанында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді. Ағымдық валюталық саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрдереттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Валюталық саясаттың келесідей  нысандары колданылады:

  • Дисконттық валюталық саясат;
  • Девиздік валюталық саясат.

Сонымен қатар, девиздік саясаттың  мынадай жүзеге асырылу нысандары  болады:

  • валюталық интервенция;
  • валюталық резервтерді диверсификациялау;
  • валюталық шектеу;
  • валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
  • валюталық бағам режииі;
  • девальвация;
  • ревальвация;

Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік төлем  балансы кезінде капиталдың еркін  орын ауыстыруы жағдайында есепке алу  мөлшерінің кетерілуі, ең төменгі пайыз  мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық  бағамды артгыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми  мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері  болады. Ал оның төмендеуі, төлем балансына  кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртка ағылуына жол береді.

Девиздік  саясат -мешекеттік ұйымдардьің немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын  көтеру мақсатында орталық банк шетел  валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция нысанында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция ХЫХ ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ, сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валютальіқ институт қ9рылды (1994 жылы)

Валюталық резервтерді  диверсифкациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жургізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мешекеттің және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде түрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация  — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатынасын төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарылату.

Девальвация пайызын есептеу  формуласы мынадай:

 

мұнда,

Б е — ескі бағам;

Бж — жаңа бағам.

Ревальвация пайызын есептеу  формуласы:

 

Мысалға: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік:

 

Сол сияқты, фунт стерлингтегі 1 доллардың бағамын аныктайық, 1 фунт ст.=2.8 доллар. Х = 1 доллар.

 

Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар = 0.35 функстерлинг тұрса, ал, девальвациялаудан кейін, ол, 0.41 фунт стерлингті құрады. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады:

Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.

Валюталық шектеу—резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларынзаңды түрде немесе әкімшілік турде тыйым салуы немесе шектеуі.

Валюталық шектеу, валюталық  бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Валюталық шектеу валюталық  заңдылықтармен бекітіледі.

Валюталықшектеудің мақсаттары келесідей:

  • телем балансын теңестіру;
  • валюталық бағамды қолдау;
  • ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді:

  • Валюталық операцияларды орталық және өкілетгі (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;
  • Валюталық операция жасау ушін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
  • Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
  • Валюталардың қайтарымдылығын шектеу;

Әлемдік валюта жүйесі – валюталық қатынастарды ұйымдастырудың және реттеудің мемлекетаралық келісіммен баянды етілген нысаны. Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты. Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады. Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымды сенімді төлемдік және есептесу қаражатымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты. Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді. Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады. Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 жылы Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді. Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды. Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэ халықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вуд келісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды. Бұл келісім Бреттен Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда (1944 жылы) қабылданды. Онда доллардың үстемдігіне негізделген долларлық стандарт бекітілді. Бреттен Вуд валюталық жүйесі әлемдік сауда мен өндірістің дамуына 25 жылдай септігін тигізді. Бұл жүйенің дағдарысы 1960 – 70 жылы басталды. Валюталық дағдарыстан шығу жолын ұзақ іздестіру нәтижесінде 1976 – 78 жылдары Ямайка валюталық жүйесі құрылды. 1999 жылы Еуропа экономикалық қоғамдастығына мүше елдер аймақтық Еуропа валюталық жүйесін құрды. Ол Әлемдік валюта жүйесі нің құрамдас бөлігі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Валюталық нарық

Валюта  нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюталық нарықтың негізгі  қатысушыларымен болып табылады:

  • Орталық банк
  • Сауда банктері
  • Фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын
  • Халықаралық инвестициялық серіктестіктер, зейнетақы және қорлар, сақтандыру компаниясының хеджевыесі.
  • Валюталық биржалар
  • Валюталық делдалдар
  • Жеке тұлғалар

Валюталық нарықты белгілеріне  қарай мынадай түрлерге жіктеледі:

  1. Орналасу аумағына қарай:
  • халықаралық;
  • ішкі;
  • аумақтық;
  1. Валюталық шектеуге қатысты:
  • еркін нарық;
  • еркін емес;
  1. Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:
  • бір режимді;
  • қос режимді.

Тіркемелі бағам - Ұлттық Банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа араласуы нәтижесінде анықталатын бағам.

Еркін өзгермелі  бағам - бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.

Еркін өзгермелі бағам  арқылы Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының теңгеге қатысты  бағамы анықталады. Осы биржада Рейтер агенттігінің кросс-бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға қатысты  бағамын анықтайды.

Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар