Халықаралық валюталық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:25, контрольная работа

Описание

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Валюталық қатынастар және валюта жүйесі түсінігі, түрлерi
2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
3. Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар
4. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
5. Валюталық нарық
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық валюталық қатынастар.docx

— 147.80 Кб (Скачать документ)

1922—1928 жылдарға дейінгі вал ютал ық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ, бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:

Алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын  монометализмінің қысқарған нысандары  енгізілуі;

Валюталарды тұрақтандырудың  бірнеше жылға созылуы;

Валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір валюталардың (функ стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта қалпына келтірілді;

Валюталардың тұрақтылығы  шетел несиелерінің көмегімен жүзеге асырылды;

Бұл валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады. 1929—19З6 жылдары дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері келесідей:

циклдік сипат: валюталық  дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;

құрылымдық сипат; дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;

ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;

30 жылдардағы дағдарыс  нәтижесінде, Генуэз валюталық  жүйесі, өзінің қатысты икемділігі  мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сейтіп, барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа 9шырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын терендете түсіп, соғыс жылдарында 1943 жылы жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.

БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы (АҚШ) 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған Халыкаралық валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудс валюталық жүйенің келесідей қағидаларын анықтады:

алтынға және екі резервтік  валютаға — АҚШ доллары және фунт стерлингке негізделген алтын-девиз стандарты енгізілді;

Бреттон-вудс келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтынды пайдаланудың төрт нысанын карастырды:

валюталардың алтынның құрамы сақталып, оларды ХВҚ-да тіркеу енгізілді.

алтын халықаралық төлем  және резервтік құрал қызметінде қала берді.

АҚШ өзінің валюталық-экономикалық әлеуетінің және алтын қорының өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріп, оған басты резервтік валюта мәртебесін талап етгі.

осы мақсатта, АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық банктерінің алтындарына ауыстыра бастады, ол кезде АҚШ долларының алтындық құрамы 1 троиск ункциясы 31,1035г=35 долларға тең болатын.

валюталардың бағамдық шекті  қатынасы мен олардың алмастырылуы долларға бейнеленген валюталық құрамы незгізінде жүзеге асырылды.

бірінші рет тарихта халыкаралық валюталық-несиелік ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежузілік қайта құру және даму банкісь(ДКДБ) құрылды.

60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі  дағдарысқа ұщырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері келесідей:

  • Экономкалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;
  • Бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;
  • Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);
  • Бреттон-вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі.

Евродоллар нарығының  активизациялануы. Қаншалықты АҚШ, өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір белігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд. доллар).

1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға  мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка) келісімі ХВҚ-дың жарғысына езгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:

Алтын-девиз стандарты  орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді, сөйтіп, жаңа Халықаралық валюталық есептесу бірлігін енгізу туралы 1967 жылы кол қойылған болатын;

Алтынды демонетизациялау занды  түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын күн өлшемі қызметін атқармайтын болды;

Елдерге кез-келген валюталық  бағам режімін тандауға құқық берілді;

ХВҚ Бретгон-вудс жүйесінен  сақталған мемлекетаралық валюталық  реттеуді күшейтуге шақырды.

СДР-дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:

  • эмиссиялау және бөлу;
  • қамтамасыз ету;
  • бағамды анықтау әдісі;
  • СДР-дің пайдалану ауқымы;

1 СДР бірлігі 1970 жылдары  0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана, халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

Доллар бағамының  төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:

АҚШ экономикасы өсуінің баяулануы;

  • доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда 15—30%-ке жоғарылауы;
  • АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі;
  • Инфляцияның ұлғаюы;
  • АҚШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі;

Сонымен, Ямайка валюталық  реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.

Ямайка валюталық жүйесінің  тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық  қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.

Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану үдерісінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық түрақсыздық жатады.

Еуропалық экономикалық қоғамдастық — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтык интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957 жылы наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.

1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа  Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері  кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия және Испания қосылған.

ЕҚ-тың максаты:

шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық және саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;

Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы монополияларымен күресуде ұстанымдарын нығайту;

Батыс Еуропалардың бұрынғы  отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште  ұстау.

Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:

Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интефалданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15—16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және Орталық Еуропа елдері (ЕҚ-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде.

Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:

Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары  мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).

Министрлер кеңесі— заң  шығарушы орган.

ЕҚкомиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.

Еуропалық парламент —  кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;

ЕҚ Ерты — құқықтық нормалардың  сақталуын қадағалау ұйымы;

Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар екілдерінен құралған кеңес беруші орган.

Үшіншіден, интеграциялық  үдерістің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

Экономикалық интеграцияның  ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык  саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.

Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық  жүйе қағидалары мынадай болды:

ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалык  валюталық бірлікке негізделеді (1999жылға дейін). ЭКЮ-дің шартгы құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталар қоржынының әдісі бойынша анықталды.

ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша  төлем балансындағы тапшылықгы жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Валюта бағамы және оның қалыптасуына  әсер етуші факторлар

Валюта(итал. волұта — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).

Валюталар пайдаланылу тәртібіне  қарай :

  • айырбасталымды (конверсияланатын);
  • ішінара толық айырбасталымды ;
  • айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.

Бірінші топқа валюталық  шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ  доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара  айырбасталымды валютаға валюта операцияларын  жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы  топқа барлық операциялар бойынша  валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста  болады.

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;

фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

  • Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
  • Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.
  • Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:
  1. eлдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді;
  1. пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады.
  • Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
  • Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
  • Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.
  • Валютага деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі.
  • Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар