Несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:52, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, коммерциялық банктерді, сонымен қатар банктік емес мекемелерді ( ломбардтар, несиелік серіктестіктер, сақтандыру компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қоры және т.б.), пошта- жинақ мекемелерін біріктіретін несие жүйесі қазіргі таңда елдегі ақша айналысын жүзеге асырады , жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызметтер көрсетеді, несие қатынастарын туғызады, әрі реттейді. Несие жүйесі елдегі барлық ақша активтерін басқарады десек те, артық айтқандық емес. Сондықтан да – жүйелі түрде құрылған несие жүйесі еліміздің нарықтағы орынын анықтайды, экономикасын жетілдіру мен мемлекетіміздің ақша – несие қатынастарын реттеуде маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................2

НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ

1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі мен мен құру қағидалары................................................................................................................3
1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында
алатын рөлі...............................................................................................................6
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері...........................................8


2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік және банктік емес мекемелер несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде..........................................................................................................13
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»
қызметіне талдау ...................................................................................................23
2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар...............................................................................................................27


3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы
мен ерекшеліктері.................................................................................................30
3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары....................................33
3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері.............................................................................................................39

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
ҚОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

KURSOVAYA.doc

— 669.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ...............................................................................................................2

 

  1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ

 

1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі мен мен құру қағидалары................................................................................................................3

1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында 

алатын рөлі...............................................................................................................6

1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері...........................................8

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1. Банктік және банктік емес мекемелер несие жүйесінің құрамдас                 бөлігі ретінде..........................................................................................................13

2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»

қызметіне талдау ...................................................................................................23

2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар...............................................................................................................27

 

 

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы

мен ерекшеліктері.................................................................................................30

3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары....................................33

3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін  дамытудың жекелеген  аспектілері.............................................................................................................39

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42

ҚОСЫМША

 

КІРІСПЕ

Несие жүйесі – дүние  жүзіндегі әрбір мемлекет үшін оның экономикасын реттеуші,дамытушы болып табылады. Тәуелсіздік алғанына небары 18 жыл болған, алайда қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үшін де, жүйелі түрде құрылып, ақша-несие қатынастарын бақылып отырған несие жүйесі ел экономикасын реттеуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкін, коммерциялық банктерді, сонымен қатар банктік емес мекемелерді ( ломбардтар, несиелік серіктестіктер, сақтандыру компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қоры және т.б.), пошта- жинақ мекемелерін біріктіретін несие жүйесі қазіргі таңда елдегі ақша айналысын жүзеге асырады , жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызметтер көрсетеді, несие қатынастарын туғызады, әрі реттейді. Несие жүйесі елдегі барлық ақша активтерін басқарады десек те, артық айтқандық емес. Сондықтан да – жүйелі түрде құрылған несие жүйесі еліміздің нарықтағы орынын анықтайды, экономикасын жетілдіру мен мемлекетіміздің ақша – несие қатынастарын реттеуде маңызы зор.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде дамып келген Қазақстан экономикасында тұрақты несие жүйесі болмады. КСРО ыдырап, еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін ғана жүйелі түрде қалыптасып, тұрақтана бастаған несие жүйесі әлі даму үстінде. Сондықтан да, қазіргі нарық заманында еліміздегі несие жүйесінің жағдайын, оған әсер етіп отырған факторларды зерттеу, дағдарыс жылдарындағы өзгерісін анықтап, сараптама жасау маңызды мәселе.

Зерттеу мақсаты. Жұмыстың ең басты  зерттеу мақсаты болып Қазақстандағы несие жүйесін, оның  құрамдас бөліктерін зерттеп,олардың Қазақстанның экономикасындағы алатын орнын анықтау, сонымен қатар әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі еліміздің несие жүйесіндегі жағдайына сараптама жасау болып табылады. Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу мақсатында оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, мәнін ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Сондықтан да, еліміздегі несие жүйесінің құрылымын, оның даму проблемалары мен  болашақтағы даму жағдайын зерттеп, Қазақстандағы несие жүйесінің мәнін ашу – менің жұмыс жазғандағы басты мақсатым болып табылады.

     Берілген курсық жұмыс кіріспеден, несие ұғымын ашатын,еліміздегі несие жүйесінің мазмұнын көрсететін және несие жүйесінің ағымдағы жылдағы жағдайы сарапталған үш бөлімнен, қорытындыдан және жұмысқа тіркелеген қосымшалардан тұрады.

 

  1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ

 

1.1. Несие жүйесі:экономикалық  сипаттамасы,қызметі мен мен құру  қағидалары

 

Несие жүйесі түсінігінің экономикалық сипаттамасын беру үшін бірнеше анықтаманы алып қарауға болады. Үлкен американдық экономикалық сөздігінде несие жүйесі дегеніміз – несиелік қатынастардың, несиелеу әдістері мен формаларының , сонымен қатар, несиелік мекемелердің жиынтығы 1 деп түсіндірілген. Ал қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде несие жүйесінің төмендегідей анықтамалары  көрсетілген:

Несие жүйесі — жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. 2

Кредиттік қатынастардың, кредит формаларының және кредит мекемелердің жиынтығы кең мағынадагы кредит жүйесі түсінігін құрайды. Тар мағынадағы кредит жүйесі - бұл кредит-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші кредит мекемелерінің желісі.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі - банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. 3

Несие жүйесі - валюта қаржылық- мекемелердің кешені ,бұл кешен айналымдағы бар ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді.4

Несие жүйесінің басқа да көп анықтамалары бар. Сол анықтамалардың бәрі несие жүйесінің экономикалық сиппатамасын толықтай ашып бере алады. Ал осы түсініктердің бәрін жүйелей келе мен несие жүйесіне келесідей бір толықтырылған анықтама беремін:

Несие жүйесі ­ несиелік қатынастарды, несиелендіру формалары мен несиелік қаржы институттарының жиынтығынан тұратын, сонымен қатар мемлекеттің аумағында және одан тыс аймақтардағы сол мемлекеттің ақшалай ресурстарын басқарып,ақша ­ несие саясатының негізгі бөлігі болып табылатын біртұтас жүйе.

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі - несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының калыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.5 Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

Несиелік жүйенің мынадай қызметтерін атап көрсетуге болады:

    • Ақшалай шаруашылық қызметі - салушылардың ақшамен жұмыстары:сақтау туралы келісімшарт, несие беру, ақпаратпен қамтамасыз ету, кеңес беру және т.б. несиелік институттармен жүзеге асады;
    • Реттеуші функциясы - тіркелу мөлшерін кұру,резерв құру бұл қызмет орталық банкпен және қадағалау ведомстволарымен жүзеге асады;
    • Тәртіп белгілеу қызметі - жеке банктерге және банктік емес мекемелерге бақылау жасау Орталық банкпен және қаржы министрлігімен жүзеге асады.

Несие жүйесінің қызметінен несие катынастары туындайды. Несие катынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және тағы басқа көптеген операциялар өтеді.6

Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануының артуы және өркендеуінің нәтижесінде несие жүйесінің экономикалық сипаттамасы жаңа көрініс тапты. Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, кредит жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың кұрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиеләк мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердін несиелік мекемелері арасында.

Жоғарыда анықтағанымдай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік катынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады : тауарлық жэне ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгерді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа кұжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің ,ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.

Сонымен қатар кез келген дамыған және дамып келе жатқан мемлекетте несие жүйесі белгілі бір принциптер арқылы құрылады. Бірінші принципке мемлекеттегі бір банктің ақша несие қатынастарын басқарудағы монополист болып табылуы жатады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында монополист банк қызметін Федералды резервтік жүйе, Ресей Федерациясында  Ресейдің орталық банкі, Қазақстанда Ұлттық Банк атқарады.

Кез келген нарықтық экономикада несие жүйесі банктік емес мекемелерсіз өз қызметін толығымен жүзеге асыра алмайды, сондықтан да несие жүйесін құрудың екінші принципіне - несиелік жүйеде банктік емес мекемелер мен олардың компаниялары, несиелік одақтар, зейнетақы қорларының , сақтандыру компаниялары және басқа маманданған несиелік институттардың болуы жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтың жинақтарын жұмылдыруға және оларды ипотекалык тұтыну несиесін қолдануға маманданады.

Несие жүйесінің үшінші принципі- валюталық монополия принципі. Бұл принцип- елдің тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталық резервтердің жинақталу құралы және ақша айналымын басқа  елдердің валюталарының ықпалынан сенімді қорғаушы болып табылады.

Төртінші принципке- несие мекемелерінің желісін барынша дамыту және оларға барлық ақша oперацияларын шоғырландыру, яғни шаруашылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп айырысуларды қолма-қолсыз жолмен жүргізу қағидасы жатады.

Осы берілген қағидалар несие жүйесінің дұрыс құрылуын, тұрақты әрі дұрыс жұмыс істеуін  қамтамасыз ете алады.

 

 

 

1.2.Несие жүйесінің  маңызы мен ақша-несие қатынастарында  алатын рөлі

 

Нарыктық экономикада несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халыктың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, кредит жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етеді. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.

Кредит жүйесінің рөлі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: кредиттік қаражаттардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

Мәселен, АҚШ кредиттік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялардың шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, несиелік мекемелер жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарының қуаты бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді. Американдық несие жүйесінің әрекет ету ауқымы жөнінде төмендегі цифрлар тусінік бере алады. Несие мекемелері арқылы қолма қолсыз есеп аудару жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлемдік айналымның басым бөлігі 2009 жылдардың басына қарай 160-165 трлн доллар деп бағаланған. Несие жүйесі арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша капиталының орташа есеппен ½ бөлігі өтеді. Осыдан біз несие жүйесінің кез келген мемлекет үшін маңызы зор екенін байқаймыз.

Несие жүйесінің экономикадағы рөлі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген субъектілеріне ұсынылатын қаржы-кредит қызметтерінің санымен және сол мекемелердің жүйелі түрде жұмыс істеуінің арқасында банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуымен сипатталады.

Информация о работе Несие жүйесі