Несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:52, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, коммерциялық банктерді, сонымен қатар банктік емес мекемелерді ( ломбардтар, несиелік серіктестіктер, сақтандыру компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қоры және т.б.), пошта- жинақ мекемелерін біріктіретін несие жүйесі қазіргі таңда елдегі ақша айналысын жүзеге асырады , жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызметтер көрсетеді, несие қатынастарын туғызады, әрі реттейді. Несие жүйесі елдегі барлық ақша активтерін басқарады десек те, артық айтқандық емес. Сондықтан да – жүйелі түрде құрылған несие жүйесі еліміздің нарықтағы орынын анықтайды, экономикасын жетілдіру мен мемлекетіміздің ақша – несие қатынастарын реттеуде маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................2

НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ

1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі мен мен құру қағидалары................................................................................................................3
1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында
алатын рөлі...............................................................................................................6
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері...........................................8


2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік және банктік емес мекемелер несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде..........................................................................................................13
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»
қызметіне талдау ...................................................................................................23
2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар...............................................................................................................27


3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы
мен ерекшеліктері.................................................................................................30
3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары....................................33
3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері.............................................................................................................39

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
ҚОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

KURSOVAYA.doc

— 669.50 Кб (Скачать документ)

Экономиканың тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік істі ұйымдастырудың өз типі, несие -ақша саясатында алатын орны біраз болсын өзгерістерге ұшырауда.  Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:

Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесіндн үлкен табыс табудан өсті. Осыдан несие жүйесінің рөлі ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен катар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.

Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенін күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына (яғни пайдалану мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ, клиенттерге банк қызметінің косымша түрлері көрсетіледі (мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр түрлі сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және т.с.с). Осыдан біз бәсекенің және монополияның дамуы несие жүйесінің жаңа маңызды жағын тудырады: монополия Орталық Банктің несие жүйесіндегі рөлін айқындай түссе, бәсекелестік несиелік және несиелік емес мекемелердің маңызын арттырады.

Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп каржы капиталын кұруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жүмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі:

    • өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі;
    • ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі;
    • эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары. [ 6]

Әрине, нарықтық экономикада несие жүйесінің маңызы жыл сайын арта түсуде. Себебі, әр түрлі  ішкі және сыртқы өзгерістерге икемді болып келетін нарықтық экономикада ақша – несие саясатын тұрақтандырушы ретіндегі  несие саясатының маңызы қазіргі кезде жаңа сипатқа ие болды.

 

 

1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері

Қазақстандағы несие жүйесі өзінің дамуында талай  кезеңдерді, қиыншылықтарды өткізіп, қазіргі  жағдайына жеткен. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамында болғандықтан, сол елдің экономикасы ретінде әр түрлі деңгейде дамып келеді. Казақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін катар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Казакстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған. Қазакстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалың байланысын одан әрі кеңейді.

Банк капиталының Казақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. XX ғасырдың басында Қазақстанның көп салалы экономикасында несиенің ар түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несилік жүйесінің бір бөлігі ретінде: мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, калалық коғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.

Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі — Орталық банк болып саналады және оның айналыска кағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялык банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялың банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп ғана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.

Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж.), Кызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып, жұмыс жасады.

Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп банкісінің (1916 ж.) бөлімшелері де Қызылжарда (1904 ж.), Қостанайда (1908 ж.), Оралда (1909 ж.) және Омскіде (1916 ж.) ашылды.Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия банкісінің (1910 ж.) филиалдары Омбыда (1898 ж.), Верныйда (1903 ж.) және 1907 ж. Семейде құрылды.

Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің — 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің 18 филиалдары, 12 — өзара несие беру қоғамдары, 8 — калалық коғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.

Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда қарапайым операцияларды жүргізу міндеті казына иелеріне жүктелді. Казына иелері тікелей қазыналы палаталарға, солар арқылы мемлекеттік казына иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп казына иелерінің жүргізетін операциялары жылдам өсе түсті, мысалға: жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу; жай және шартты ағымдық, шоттарды ашу; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға: Омбы, Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды.

1909 — 1913 жж. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында Мемлекеттік және акционерлік коммерциялық банктермен қатар сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара несие беру қоғамдары және калалық коғамдық банктер жүзеге асырып отырды. Олар несие жүйесіндегі ортаңғы буын ретінде орта және ұсақ буржуазияларға тікелей қызмет еткен. Қазақстанда Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда, өзара несие беру қоғамы кеш пайда болды.

Өзара несие беру қоғамының қаражаттары: мүшелік жарна қосудан, ағымдық шоттардағы каражаттар мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды. Бұл коғамның басты максаты өз мүшелеріне несие берумен шектелді. Осы қоғамның жарғысына сай, әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының он есе көлемінде несие алуға құқылы қалалық, қоғамдық банктер.

Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға енуі барысында көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы: несиелік кооперациялар пайда болды. Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі кезеңге бөліп карауға болады:

Бірінші кезең: XIX г. соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.

Екінші кезең: 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар катары жылдам қарқынмен үлғая түсті.

Несиелік кооперациялардың ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды. Несиелік кооперация негізінен шаруа шаруашылығында ауыл адамдарына тікелей кызмет көрсетті. Несиелік кооперативтердің капиталы айналым ңаражаттарынан (негізгі, ңосымша, арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.

1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялык және баска банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумактық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен кұрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.

1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру максатында қызмет көрсетті. 1924 жылы ауыл шаруаларының кооперацияларына несиелік оперрацияларды жүзеге асыру барысында барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берілді. 1922 жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсіпті несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік оңтүстік-шығыс банкі және шетелдік капиталдың қатыпасуымен Ресейдің коммерциялық банкі құрылды.

Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты.

1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер катары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды:

    • «Ауыл шаруашылық банкі» 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп берілді.
    • «Құрылыс банкі»
    • «Цекомбанк» 1959 жылы қысқарып, қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп берілді.
    • «Всекобанк» 1959 жылы жойылып, қызметі Сауда банкісіне беріледі. [3]

Сонымеп қатар, Мемлекеттік банктің рөлі несиелік жүйенің жетекшісі ретінде одан арі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады. Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін орталықтандыру кағидасына сай сақталады.

Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұсындағы дамуы КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформаға (1987— 1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Қүрылыс башстеріиіц мекемелері негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі,Агроөнеркәсіп және Тұрғын Үй Әлеуметтік банкі құрылыды.Сол

сияқты кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде — КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде — КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар меп ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды. Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып, қызмет ете бастады.  КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне және басқа да банктік емес мекемелерге несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді.

Сонымен қатар, осындай  коммерциялық банктермен қатар, банктік  емес мекемелер да құрыды. Алайда, 70 жыл бойы КСРО-ның несие жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде  орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік  әдістер кеңінен орын алды. Сол  уақыттардан қалыртасып келген ақша – несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сондықтан да, КСРО тарағанға дейін өз несие жүйесі болмады. Оның  аумағында дербес емес филиалдар, қатаң орталықтандырылған бөлімшелер, абсалют монопольді банк және банкіге жатпайтын мекемелер қызмет етті. Мұндай несие жүйесі оның төмен тиімділігін көрсеткенін атап кеткен жөн. Мұндай жағдайда 80-жылдардың ортасында екі деңгейлі несие жүйесін құру әрекеті жасалды. Жоғары деңгейде КСРО мемлекеттік банкі, екінші деңгейде бес мамадандырылған банк болды. Банкіге жатпайтын несие институттарының жүйесі іс жүзінде болмады.

Тек 1991 жылдан бастап, яғни Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономика қатынастарына  енгеннен кейін ғана өз несие жүйесін  қалыптастыра бастады. Алайда, нарыққа енудегі бастапқы кездегі қиындық тар несие жүйесінің, несие қатынастарының дамуына кедергі келтірді. Тек 1999 жылдан бастап, осы жүйеге байланысты бірнеше заң актілері қабылданғаннан кейін ғана, еліміздегі несие жүйесі бір жолға түсіп, қалыптаса бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1. Банктік  және банктік емес мекемелер  несие жүйесінің құрамдас                 бөлігі ретінде

 

Несие жүйесі үғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие жүйесінің құрылымы қалыптасады. Қазақсандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі — банктік жүйе, ал екіншісі — парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы мынадай сызбамен берілген:

Кесте -1

 

1-кестенің мазмұнын  екінші кесье арқылы ашуға  болады.

                                           Несие жүйесі

 

Иерархия деңгейі

Мекеме аты

Бөлімшелер аттары

Мекеменің қызметі

 

Банк жүйесі

 

І

 

Ұлттық банк

Орталық аппарат.

Ұлттық банктің басқармасы

1.Ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру. 

2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.

3.Алтын-валюта резервін басқару.

4.Ақша-несиелік реттеу.

 

ІІ

1.Екінші деңгейлі банктер

 

 

 

2.Мамандаған банктер

Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Еншілес банкі.

Бөлімшелері

Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.

 

 

 

Банк көрсететін қызметтің жекелеген  түріне ғана маманданған

 

Парабанк жүйесі

 

ІІІ

Банктік емес мекемелер

Орталық аппарат

Филиалдары.

Өкілдік.

Маманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету

 

IV

Пошта-жинақ мекемелер

Орталық аппарат

(АҚ Қазпошта)

Бөлімшелері

Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту.

Информация о работе Несие жүйесі