«Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
I Бөлім. Банктердің меншікті қаражаттары және олардың қызметтері
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы………..................
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі және жарғылық капиталының құру тәртібі......................................................
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі..........................
II Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы
2.1 «Темірбанк» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы
2.2 «Темірбанк» АҚ-ның атқаратын қызметтері және жүргізетін операциялары
2.4 «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы
III Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................

Работа состоит из  1 файл

Ризза кур.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

    Банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал  деп аталатының себебі, меншікті бағалы қағаздар шығару жолымен қалыптасуында. Жарғылық капиталдың көлемі акция ұстаушылар – акционер, қатысушылар жарғысынан жиналады.

    Банктің жарғылық капиталына төмендегілер кіреді: жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, артық капитал (акцияның курстық бағасы сомасы мен оның бастапқы бағасы арасындағы айырмашылық), бөлінбеген табыс.

    Акционерлік коммерциялық банктің акциясы, оның иесінің банктің жарғылық капиталыедағы үлесін және дивиент алуға құқығын, сондай-ақ банкті басқару ісіне қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

    Жай акциялар акционерге акционерлер жиналысымен  белгіленген мөлшерде дивидент алуға, сондай –ақ банк жойылған жағдайда банк мүлкінің бөлігін алуға құқық береді. Бұл жерде үлес пропорциялды жүргізіледі: «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша олар бірдей бастапқы баға құнына ие болуы тиіс.

    Қазақстан Республикасында банктің жарғылық капиталын қалыптастыру процессі төмендегі  заңдар мен нормативтік актілермен реттеледі: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акцияларды шығаруды рәсімдеу, заңды күшін жою тәртібі туралы ереже және Қазақстан Республикасында акциялар шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарц 1996 жылғы 29 қарашадағы №141 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында жегелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаратын акциялар мен облигацияларды эмиссия проспектілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде сараптамадан өту тәртібі туралы» 1995 жылғы 15 мамырдағы №251 уақытша нұсқау, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

    Алғашқы шығаруды тіркеу үшін банк құру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты негіз бола алады. Жекелеген  банк операцияларын іске асыратын банктер  мен ұйымдар шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптамадан өткен және аудиторлық қорытындысымен бекітілген қосымша шығару проспектісін ұсынады.

    Акцияларды  одан әрі (қосымша) шығарғанда:

  • Өтініш;
  • Акцияларды қосымша шығару туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  • Жарғылық капиталының көлемінің өзгергені туралы көрсетілген статистикалық карточканың көшірмесі;
  • Қосымшалар мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
  • Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген болса);
  • Әр акция түрінің үлгілері – шығару құжаттамасы нысаны түрінде екі данада;
  • Тәуелсіз тіркеушімен келісім-шарт көшірмесі және маманның біліктілік куәлігінің көшірмесі бар акционерлердің тізімін жүргізу туралы ішкі жағдай (атаулы акциялар шығарған кезде, егер алдыңғы шығаруларда бекітілмесе немесе өзгерістер барда);
  • Акцияларды шығаруды тіркеу кезінде бағалы қағаздармен жұмыс операциясына салық төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесі;
  • Бухгалтерлік баланстармен тігілген эмиссия проспектілері (шығару шарттары) екі данада;
  • Аудиторлық қорытынды;
  • Акциялардың бұрыңғы шығарудың мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
  • Қоғамды тіркеушісі берген, 5% жоғары акцияны иеленуші акционерлердің мәліметі тізімінен көшірме;

    Бағалы  қағаздарды шығару және шығарушы банк нақты өткізгенбағалы қағаздар құны қорытындылары туралы есепті тіркеуден  өткізген соң өкілетті орган төлемге түскен акциялар қаражатын пайдалану шектеулерін алып тастауға және оларды акционерлік ретінде жарғылық капиталына кірістеуге рұқсат береді. 

    1.4 Банктің меншікті  капиталының жеткіліктілігі 

    «Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің  жалпы тұрақтылығын және оның туекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ыңтасыз болып келеді.

    Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі  ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

    Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

    Банк  меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында  да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.

    Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған.

    Базель  келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты  көрсеткіш ретінде, тәуекелді актевтер көрсеткіші болып саналады: 

    

      мұнда: - Тәуекелді активтер коэффициенті;

      - Банктің меншікті капиталы;

      - Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;

    Базель  келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:

    Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):

  • Тіркелген көлеміндегі төленген жарғылық капитал (Шоттар: 3001,3025 минус 3002,3026,3003,3027);
  • Қосымша капитал (3101 шот);
  • Өткен жылдардың таза кірісінің есебінен құрылған қорлар мен резервтер, өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;

    Минус:

  • Материалды емес активтер (1659 минус 1699 шот);
  • Өткен жылдың шығындары (3599 шот);
  • Ағымды жылдың шығындарының ағымды жылдың кірістерінен асуы;

    Екінші  деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):

  • Ағымды жылда шығындардың кірістердің асуы;
  • Негізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау (3540,3560);
  • Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар) (1465,1469 шоттар);
  • Бірінші деңгейлі капиталдың сомасының 50% аспайтын субординарлық қарыз (2402 шот);
 

    Активтерді  тәуекелділігі бойынша бес топқа  бөлінеді:

  1. 1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді -0
  2. 2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%
  3. 3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%
  4. 4 топқа – тәекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%
  5. 5 топқа - тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді -100, 150%

    Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады:

      
мұнда:

     - жеке операциялар бойынша активтер;

     - туекелділік коэффициенті(деңгейі);

    Тәекелділігі  бойынша өлшенетін активтер банктің  меншікті капиталын есептеуінде және банк капиталының жеткіліктілігін анықтау үшін қолданылады.

    Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі оның сенімділігін көрсетеді.Капитал  банкке оның акционерлер алдындағы  міндеттемелерін қамтамасыз ету  үшін, банк салымшыларын мүддесін қорғау үшін қажет.

    Меншікті  капиталдың минималдық мөлшері келесідей (2010 жылдың 1 тамызынан бастап):

    Лицензиясы  бар бантер үшін 5000.000.000 теңге;

    Аймақтық  банктер үшін (Алматы және Астана қалаларынан  тыс орналасқан)-2000.000.000 теңге.

    Барлық  банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшер келесідей:Бір филиал және /немесе бір есеп–кассалық бөлімінен кп болуында- 2000.000.000 теңге оған қосу:

    300.000.000 теңге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір филиалдар үшін;

    15.000.000 теңге-басқа қалалада орналасқан әр бір филиалдар үшін;

    50.000.000 теңге-басқа елді мекендерде орналасқан әр бір филиалдар үшін;

    15.000.000 теңге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін;

    7.000.000 теңге – басқа елді мекендерде орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін.

    Келесіде, капитал жеткіліктілігін мінездейтін  пруденциялдық нормативтер орындалуы  анықталады- олар КI және КII коэффициенттері.

    Пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес меншікті капитал келесі формуламен анықталады:

    МК = КI + КII – ИК ;

    Мұнда:

    КI – бірінші деңгейлі капитал;

    КII – екінші деңгейлі капитал;

    ИК  – басқа заңды тұлғалардың  капиталына инвестиция және сүбординарлық  қарыздары (сатып алынған акциялар мен сүбординарлық қарыздар);

    Капитал жеткіліктілігін мінездейтін  және коэффициенттері келесідей анықталады:

      бірінші деңгейлі капитал  мен меншікті капиталдың есебіне  кірген екінші деңгейлі капиталдың жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдвң мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген бірінші деңгейлі капиталды бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген активтерге сәйкестендіру арқылы анықталады; 

      

      коэффициентінің мағынасы 0,06 (6%)-дан кем болмауы керек. 

      банктің меншікті капиталын арнайы резервтерге, тағыда екінші деңгейлі капиталдың құрамына кірмеген жалпы және банктің меншікті капиталының есебіне кірмеген екінші деңгейлі капиталға кемітілген тәуекелділігі бойынша өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге сәйкестендіру арқылы анықталады: 

      

      коэффициентінің мағынасы 0,12 (12%)-дан кем болмауы керек. 

    Капитал жеткіліктілігін мінездейтін нормативтік  талаптардың орындалуына бағалап  капитал құрамының үлесіне, олардың  динамикасына көңіл аудару керек. Келесіде капитал жеткіліктілігіне талдау CAMEL және BOSS дистанциялық банктік қадағалау жүйесі (BOSS ДБҚЖ) арқылы жүргізіледі. CAMEL және BOSS ДБҚЖ –інде капитал жеткіліктілігін мінездейді келесі көрсеткіштер бар:

  1.                     
 
  1.                     

    Мұндағы,

    МК  – меншікті капитал 

  1.                     
 

    Сыныпталатын  активтер дегеніміз – үмітсіз  және күмәнді активтердің сомасы, яғни сенімділігі төмен, банкке зияндар және қауіп әклетін несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, басқа банктердің корреспонденттік шотындағы қаржылар және басқа банктерге салымдар. 

  1.                
 

    ІІ  Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы

    2.1 «Темірбанк» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы 

Информация о работе «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары