«Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
I Бөлім. Банктердің меншікті қаражаттары және олардың қызметтері
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы………..................
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі және жарғылық капиталының құру тәртібі......................................................
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі..........................
II Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы
2.1 «Темірбанк» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы
2.2 «Темірбанк» АҚ-ның атқаратын қызметтері және жүргізетін операциялары
2.4 «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы
III Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................

Работа состоит из  1 файл

Ризза кур.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

       «Темірбанк» АҚ 1992 жылы 26 наурызда тіркелді. Бүгінгі күні бұл әмбебап қаржы институты, ол корпоративті және жеке клиенттерге көптеген қызмет түрлерін көрсетуде.

    Банктің 2008 жыл 31 желтоқсанға жағдайы бойынша Репо келісімі бойынша клиенттердің салған қаражаттары орын алмаған (2007 жыл 31 желтоқсанға 1980622 мың теңге). «Temir capital BV» екінші деңгейлі компаниясындағы  100% үлесін сату нәтижесінде клиенттердің қаражаттары

    «Temir capital BV»- дан тартылған салымдардың 112908789 мың теңгедей соммасын құрап отыр.

          Жедел салымдардың  құрамына жеке тұлғалардың салымдары  кіреді, бұл 22561731 мың теңгені құрайды (2007 жылы 18538512 мың теңге). 
 

    Қазақстандық  Темірбанк 2010 жылғы көрсеткіш бойынша  алдыңғы жылмен салыстырғанда 80,9 млрд теңге таза табыс тапты, деп көрсетілген банктің дыбыстық есебінде.  

    Банктің активтері есептік кезеңде 7,7% - ден 243,999 миллиард теңгеге дейін өсіп, міндеттемелер 32% - ден 188,386 миллиард теңгеге  дейін қысқарған. Банктің жеке қаржысы 2011 жылы  өткен жылғы 50,531 миллиард теңге шығынмен салыстырғанда 55,613 миллиард теңгені құраған.

    Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Темiрбанк  басшысы директорлар кеңесінің  мүшесі болып тағайындалды. Банк баспасөз қызметі бейсенбі күні осындай ақпарат таратты.

    «2009 жылы 2-ші желтоқсанда «Темірбанк»  АҚ кредиторларының кезектен тыс  жиналысы өтіп, онда директорлар кеңесінің  жаңа мүшесі етіп, қазір банк басқармасының  төрағасы қызметін атқаратын Ержан  Шайкенов сайланды», - делінген бан  таратқан хабарда. 

    ҚР  қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) мәліметтеріне сәйкес, «Темiрбанк» активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы  банктердің арасында оныншы орында. 2009 жылдың қаңтар-қазанында оның активтері 204,7 млрд теңгені,  жеке капиталының дефициті 61,17 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңдегі жабылмаған шығыны 110,8 млрд теңге болды. Банктің негізгі акционері – «Темірбанк» қарапайым акцияларының 70% жуық иелік ететін БТА банк. 2009 жылдың 23 қарашасында банк өзінің міндеттемелері бойынша дефолтқа жол беріп, өз міндеттемелерін қайта құрылымдауды жоспарлап отырғанын жариялады. ҚҚА-мен келісімге сәйкес, банк 2009 жылдың соңына дейін қайта құрылымдау шарасын аяқтауға тиіс.

    Темірбанк бөлшек банктік сегментте қарқын танытуда

    Темірбанк     2008 жылдың аяғына дейін Қазақстанда  бөлшек несие рыногының 15%-ын алуды  жоспарлап отыр. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің мәліметі бойынша,  «Темiрбанк» АҚ  активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы сегізінші банк болып табылады. 2009 жылдың қаңтар-шілде айларында оның активтері 283,5 млрд теңгені, жеке капиталы 15,1 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңдегі жабылмаған шығыны 34,5 млрд теңге болды. Банктің негізгі акционері БТА банк болып табылады, «Темiрбанктің» қарапайым акцияларының 70%  соның иелігінде. 
 
 

     2 қыркүйек.2010 ҚазТАГ – «Темірбанк» АҚ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 2,15 млрд теңге қаржыны игерді. Банктің баспасөз қызметі сейсенбі күні осындай ақпарат таратты.

    «Темірбанк 1-ші қыркүйекте үкіметтің ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының  екінші кезеңі аясында бөлген қаражатты  игерудің алдын ала қортындысын  шығарды. Қазір банк 2,15 млрд теңге  игерді», - делінген банк таратқан хабарламада.     

      Темірбанк АҚ кәсіпкерлік несие секторы.  
Несиені, айлық кірісті көрсетпей-ақ алуға болады. Сонымен бірге көрсетілген уақытқа жетпей қарызыңды жапқан күнде де айыппұл төлемейсің. Ерлан Маханов үшін, бұл шарттар тиімді. Өйткені ол алған қаржыны 2 жылда өтеймін, - дейді.  
Кәсіпкерлермен өз ісімді бастаймын деген азаматтарға Темірбанк арнайы "Бастау" және "Кәсіпкер" несие жүйелерін ұсынады. Жылжымайтын мүлік немесе ауылшаруашылық заттарын кепілдікке қойған тұтынушылар, екі аптаның ішінде қойылған заттың негізгі бағасынан 70 пайызын несиеге алады. Оның үш жылға қойылатын пайыздық көрсеткіші - несие доллармен берілсе 14 пайызды, ал теңгемен берілген жағдайда 17пайызды құрайды. Сондай- ақ жаңа Автолюкс бағдарламасы бойынша, тәулік ішінде автокөлік сатып алуға да мүмкіндігіңіз бар. Ал пайыздық көрсеткіш бастапқы төлем бойынша анықталады.

     20.10.2010жж «Темiрбанк» АҚ «ҚазЭкспортГарант» Экпорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы»  АҚ аккредитивтерін сақтандыру, сонымен қатар, кепілдіктерді сақтандыру мен шартты банктік салымдар туралы келісімдерге қол қойды. 
Бұл келісімдердің мақсаты - шетелдік банктердің шығарған аккредитивтері мен кепілдіктерді сақтандыру, сондай-ақ шикізаттық емес өнімдерді өндіруші қазақстандық кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы аясында қаржыландыру болып табылады. 
«ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ корпорациясы 2010 жылы аталған бағдарламаны 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында дайындады. Оның басты мақсаттарының бірі - жеңілдікті шарттар негізінде сауданы қаржыландыру жолымен шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімге сұраныс тудыру болып табылады. Бұл бағдарлама аясында «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ сауданы қаржыландыру үшін Темірбанкте шартты салымдар салу жолымен іске асырылып отырған экспорттық тапсырыстар бойынша қаржы бөлетін болады.  
Бұдан басқа, осы бағдарлама аясындағы қаржыландыру сатып алушылар міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ шетелдік банктердің шикізаттық емес өнім өндіретін экспорттаушы кәсіпорындар пайдасына шығарған құжаттамалық аккредитивтері бойынша коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандырады. Бұл ретте қазақстандық экспорттаушы компания тауардың жөнелтілгенін растайтын құжаттар қолына тигеннен кейін төлемін алса,  сатып алушының тауарды алғаннан кейін есеп айырысуына мүмкіндігі болады. 
Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін шикізаттық емес өнім өндіретін экспорттаушы кәсіпорындар «Темірбанк» АҚ немесе «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ-ның қаржы институты басқармасына хабарласа алады. 
Банк миссиясы – ҚР экономикасының тұрақты дамытуда банк жүйесінің қызметін көтеру, Қазақстан аумағындағы банктік қызмет көрсетулердің жоғары сапалы және тұрақты болуын және клиенттердің қажеттілігін қамтамасыз ету.

Банктің төрт ұстамы.

    1. Темірбанк – бұл жеке салымшылар мен қарыз алушылардың өз банкі.
    2. Темірбанк – бұл корпоративті клиенттер үшін қолдау.
    3. Темірбанк – бұл мемелекет үшін сүйемелмен көмекші.
    4. Темірбанк – бұл инвесторлар үшін сенімді әріптес.

Келешегі зор  банктердін бірі.

    Басқарма  дегеніміз – бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құрылған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің  басқарушы директорларынан тұрады.

    Банктің республика аумағындағы  филиалының бірі үздіксіз қала және аймақтық тұрғындарына кызмет етіп келе жаткан Тараз қаласындағы Жамбыл филиалы болып табылады. Аталған филиалда  банк саласының білікті мамандары кызмет атқарады. Қала және аймақтық зейнеткерлерге және облыс көлеміндегі барлык кызметкерлер мен жұмысшыларға зейнет ақыларын, енбек ақыларын және сондай-ак түрлі жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асырады.

    Банктің Жамбыл филиалын  филиал менгерушісі  басқарады. Оның міндеті заң талаптарын сақтай отырып,  банк жұмысына толық  бақылау, қадағалау жүргізу, банк қызметін одан ары жақсарту мақсатымен түрлі жолдарды қарастыру болып табылады.  Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатынасады. Банктің басқару құрылымы 1- сызбада көрсетіліп отыр.

    Банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жиналысы болып табылады. Акционерлер жиналысында  келесі міндеттер шешіледі: банк жарғысына  өзгерістер енгізу, банктің жарғылық капиталы өзгерту, банк Кеңесін сайлау, банктің жылдық есебін бекіту, банк табысын бөлу және т.б.

    Екінші  басқару органы банктің қадағалау  кеңесі, ол бақылау жасау органы ретінде келесі қызметтерді атқарады: нормативтік актілерді бекітеді, Басқарма немесе Басқарма төрағасының  шешімі бойынша жасалған мәмілелерді енгізеді.

    Басқарма  – атқарушы немесе өкілетті орган  болып табылады, яғни банктің стратегиялық мақсатын анықтайды, банк саясатын жасайды, жетекшілік қызметке кадрлар тағайындайды, комитеттерді құрайды, ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасайды.

    Банктің басқарма төрағасы банк қызметіне қатысты  барлық мәселелер бойынша бұйрықтар  шығарады, нұсқаулар береді, банк мүлкі мен қаражаттарына иелік жасайды, банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекітеді.

    Ревизиялық  комиссия банк қызметіне қаржылық есептің  дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы  орган болып табылады.

    Несиелік  комитет  - бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган болып табылады. Ол келесі міндеттерді атқарады: несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру қорытындысын қарайды, несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды, несиелеу формаларын анықтайды, несие қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдерін белгілейді, несиелеу шартын бекітеді, банктің несиелік стратегиясын бекітеді, бөлімшелер жұмысын талдайды және тағы басқалары.

    Банктің қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлім және басқалары кіреді.

    Банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады. Тараз қаласындағы  банктің филиалында келесі негізгі  бөлімдер қызмет атқарады:  шағын  және орта бизнесті қаржыландыру басқармасы, құрылымдық қаржыландыру басқармасы, аймақтық қаржыландыру басқармасы, корпоративтік банкинг басқармасы, қазыналық операцияларды есепке алу бөлімі, несиелік операцияларды есепке алу бөлімі, құжаттау операциялау бөлімі, корршот және төлемдер бөлімі, кастодиандық операциялар бөлімі, қаржылық талдау басқармасы, сыртық талдау және маркетинг бөлімі, ішкі талдау бөлімі,  қаржылық жоспарлау бөлімі, филиалдар бюджет бөлімі, заң департаменті, заемдық операцияларды құқықтық сараптау бөлімі, келісім-шарттарды және банктік шоттарды құқықтық сараптау бөлімі, ішкі аудит басқармасы, жарнама бөлімі, несиелік тәуекелдер басқармасы, ақпараттық технологиялар бөлімі, банктік жүйе бөлімі, телекоммуникация бөлімі, проблемалық несиелер бөлімі, операциялық бөлім, бухгалтерия және тағы басқалары.

    Несиені беруді, оларды есепке алуды, бакылауды, несие мәселелерін реттеу бойынша  шараларды банктің несие бөлімі жүзеге асырады. Сонымен бірге несие  бөлімі заңды және жеке тұлғаларға несие беру жұмысын аткарады. Сондай-ақ, несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелердің қайтарымдылығы айыпақымен, кепілмен, кепілдемемен және зандармен немесе шартпен көзделген баска әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Клиенттің несиені кайтаруға жоғары кабілеттілігі мен сенімділігі болған жағдайда банк несиені камтамасыз етусіз-ақ (банктік  несие) беру туралы шешім кабылдауға қуқылы. Банктің несие саясатының мақсаты - банктің несие қызметіндегі алғы шарттарды, банктің несие мен тәуекелділікті баскару стандарттарын, нормативтерін және принциптерін  анықтау болып табылады.

    Операциялық бөлімде бақылаушы кассирлер  жұмыс аткарады. Олардың міндеті  банктегі барлық есеп айырысуды, тұрғындарға  еңбек акы, зейнет акы, жәрдем ақы  беруді жузеге асырады. Сондай-ақ, олардан  салымдар қабылдау, ақшаларын аудару, коммуналдық қызмет үшін төлем қабылдауды жүргізеді. 

    Заңға сәйкес банктің ішкі ережелері банк бөлімшелерінің, ішкі аудит кызметінің, несие комитеті мен баска да органдар кызметінің кұрылымын, міндеттерін, кызметі  мен өкілеттігін; кұрылымдық бөлімшелер басшыларынын құқықтары мен міндеттерін; банктін атынан мәміле жасаган кездегі лауазымды адамдар мен банк кызметкерлерінің өкілеттігін белгілеуге тиіс.

    Банктің Тараз филиалының банк операцияларына мыналар жатады: заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау; ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу; кассалық, аудару, есептеу, заем, сенім, клиринг, сейфтік, ломбард операциялары; жеке және заңды тұлгалардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; төлем карточкаларын шығару; шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару; бағалы кағаздар нарығындағы клирингтік кызмет; банк кепілдіктерін беру; аккредитивті ашу мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру; үшінші тұлгалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру. Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банктерге лицензияны Ұлттық Банк ғана бере алатындығы белгілі.     

    2.3 «Темірбанк» АҚ-ның атқаратын қызметтері және жүргізетін операциялары 

    Қазақстанның  экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруын және ертеңгі  күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда «Темірбанкі» АҚ клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.

    Темірбанктің  несиелендірілмейтін өнімдер бөлігінде депозиттердің бірнеше түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, банк барлық клиенттерінің ыңғайына қарай, жеке қызмет көрсетеді.

Информация о работе «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары