Христиан діні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 22:05, реферат

Описание

Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді.

Работа состоит из  1 файл

христиан.docx

— 33.80 Кб (Скачать документ)

            Қазір христиандардың қолындағы  Інжілдерде жəне «Ескі өсиетте»  соншама өзгертулер енгізіліуіне  қарамай, Иса алейһиссаламнан  кейін бір пайғамбар келетіндігі  туралы жазылған. Жохан (Юханна, Jahn) Інжілінің 16-бабының 12-13-аяттарында  былай делінеді: «Менің əлі айтатын  бірқатар нəрселерім бар. Бірақ,  сендер оларға төзе алмайсыңдар.  Бірақ, ол келген кезде ақиқатқа  жеткізеді» Жохан Інжілінің бұл  жазбасы ағылшын жəне американ  інжіл фирмалары тарапынан 1886 жылы Стамбулда Бояжиян Агоб  баспаханасында басылған. Қасиетті  кітаптың ибрани тілінен түрік  тіліне жасалған аудармасының 885-бетінде  былай жазылған: «Менің кеткенім  сендерге жақсы. Өйткені, мен  кетпейінше сіздерге қамқоршы  келмейді. Ол келген соң дүниені  күнə, жақсару жəне үкім мəселелеріне  сендіреді. Сендерге айтатын біраз  нəрселерім бар. Бірақ, қазір  оған шыдамайсыңдар. Алайда, сол  ақиқат рухы келген кезде сендерді, ақиқатқа жеткізеді. Өйткені,  ол өз сөзін емес, естіген сөздерін  айтады жəне болатын нəрселер  туралы хабар береді. Ол мені  қадірлі етеді, өйткені менен  алғанын сендерге хабарлайды».  Бұл жердегі «Ол» сөзі Інжілдің  аудармасы мен тəпсірлерінде  “рух” немесе “қасиетті рух”  деп көрсетіледі. Алайда, латынша  түпнұсқада “Paraclet” деп жазылған. Бұл сөз “жұбатушы” деген  мағынаға келеді. Демек, пірəдарлар, папалар барлық əрекеттеріне  қарамастан Інжілден «Менен кейін  бір жұбатушы келеді» деген  тіркесті алып тастай алмаған.  Бұдан басқа Павлостың жазған  хаттарындан (христиандар оны  Қасиетті кітаптың бір бөлімі  деп санайды) “Коринтослықтарға  бірінші хат”тың он үшінші  бабының 8- аяты жəне жалғасында: «Сүйіспеншілік таусылмайды, бірақ  пайғамбарлардың келуі тоқтайды. Тілдер де жоғалады (мысалы, латын  жəне көне грек тілі), ғылым  да өшеді (ортағасыр ғылымы  сияқты). Біз де олардың өте  аз бөлігін ғана білеміз. Алайда, сол кемел жан келген кезде  барлық кінəратты, қате, аяғына  жетпеген ілімдер жойылады» деп  жазылған. Бұл сөз түрікше “Қасиетті  кітаптың” 944-бетінде де жазылған. Олай болса, христиандар қазір  қолдарындағы өздері дұрыс деп  қабылдайтын Інжілдерде соңғы  пайғамбардың келетіндігін көрсететін  бөлімдерге сенуге мəжбүр.

            Інжіл ибрани тілінде жазылған  еді. Орта ғасырда “Итала”  деген атпен латын тіліне аударылды.  Насрани діні тарала бастаған  кезде пұтқа табынушылар мен  яһудилер оған қарсы шықты.  Насранилер дінді жасырын түрде  жалғастыруға мəжбүр болды. Жер  астында, үңгірлерде, жасырын жерлерде  ғибадат жасады. Яһудилер қанша  азаптаса да, Насрани (христиандықтың  бұзылмаған дəуіріндегі ескі  аты) дінінің таралуына кедергі  бола алмады.

            Алдыңғы қатарлы яһудилердің  бірі жəне христиан дінінің  ең үлкен дұшпандарының бірі  болған Сауль насрани дінін  қабылдағанын айтады жəне “өзін  Иса пайғамбардың яһуди емес  ұлттарды насранилік дініне шақыру  үшін шəкірт етіп сайлағаны”  туралы жалған сөз таратады. (Қасиетті  кітап,  “Расулдардың істері”, 9-баб). Есімін “Павлос” етіп өзгертеді.  Жақсы насрани болып көрініп  жүріп, Иса алейһиссаламның дінін  бұзды. Тəуһидті үштік сенімге  айналдырды. Насранилік жəне Исауилікті  христиандыққа айналдырды. Інжілді  өзгертті. «Иса - Құдайдың баласы»  деді. Шарап ішуді, доңыз етін  жеуді христиандарға халал қылды.  Құбыла бағытын шығысқа ауыстырды.  Иса алейһиссалам уағыздаған  дінде болмаған көптеген бұрыс  нəрселерді насрани дініне кіргізді. Оның қате жəне бұзық пікірлері  исауилер арасында тез тарала  бастады. Исауилер түрлі топтарға  бөлініп, Иса алейһиссаламның  тура жолынан адасты. Түрлі аңыздар  тоқып шығарып, Иса пайғамбардың  жалған суреттері мен мүсіндерін  жасады. Кресті символ етіп алды. Мүсіндер мен крестерге табына  бастады. Яғни, қайтадан пұтқа  табынушылыққа көшті. Исаны алейһиссалам, Аллаһтың баласы деп қабылдады.  Алайда, Иса алейһиссалам оларға  мұндай ешнəрсе айтпаған, оларға  тек қасиетті рух, яғни Аллаһу  Та’аланың өзіне берген құдіреті  туралы айтқан еді. Христиандар  Құдайға, Оның баласы деп қабылдаған  Исаға жəне қасиеті рухқа сенуге  мəжбүр болғаннан кейін барлық  ақиқат діндердің негізі болып  табылатын «Аллаһу Та’ала бір  жəне Ол өзгермейтін Жаратушы»  деген сенімнен алыстап, үш  тəңіріге бірден табынудай күлкілі  жағдайға душар болды. Бұл “тəслис”  деп аталады.

            Уақыт өте христиан діні ірі  мемлекеттердің ресми діні болып  жариялана бастағаннан кейін  орта ғасырда қараңғы жəне  үрейлі кезең басталды. Иса пайғамбар  уағыздаған адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық негіздері толығымен  ұмытылды. Оның орнына христиандар  фанатизмді, өшпенділік пен қаталдықты  өршітті. “Христиандық” деген  атпен ақылға сыйымсыз зұлымдықтарды  жүзеге асырды. Көне грек жəне  Рим мəдениетінің барлық туындыларын  жоюды қалады. Ғылым мен техникаға  қарсы шықты. Ислам ғалымдарының кітаптарын оқып, жердің айналатынын айтқан Галилейді дінсіз деп санап, “сөзін кері алмаса өлтіреміз” деп қорқытты. Отаны үшін күрескен Жанна д-Аркты “сиқыршы” деп тірідей отқа жақты.

            Испандық доктор жəне теолог  Мишель Сервенің үш құдайлық  пен Исаның тəңір екендігін  қабылдамай, оның тек пайғамбар  жəне құл екендігін көрсететін  кітап жазғандығы, оның протестанттардың  көсемі Келвиннің ұсынысымен  тірідей отқа жағылғандығы (1553 ж.  Женева) “Қамус-ул-алам” кітабында  жəне “Larousse”да жазылған. Жан  түршігерлік инквизициялық (Inquisition) соттар құрып, жүз мыңдаған  адамды дүние мүлкін алу үшін  жөн-жосақсыз дінсіз деп жариялап, əр түрлі қастандықтармен өлтірді.  Тек Аллаһу Та’алаға ғана тəн  болған “күнəні кешіру” ерекшелігін  паларға, пірəдарларға берді.  Олар сый-сияпат, ақша үшін күнəларды  «кешірді». Тіпті, жұмақтан жер  сатты. Діни көсемдері болған  папалар болса дүниеге билік  құрды. Əр түрлі сылтауларымен  корольдердің өзін “діннен шыққан”  деп жариялап, кешірім сұрау үшін  аяқтарына жығылуға мəжбүр ететін. 1077 жылы Папа Григорийге “дінсіздік”  күнəсін кешірту үшін Каноссаға  келген неміс королі IV Генрий  қыстың күні жалаң аяқ папаның  сарайының алдында бірнеше күн  бойы күтіп тұрған. Папалардың  ішінен көптеген жауыздар шыққан. Олардың бірі Боргио дұшпандарын  жəне олардың арасындағы поптарды  улап өлтіріп, дүние-мүлкін иемденіп  отырған. Өзінің қарындасымен  ерлі-зайыптыларша өмір сүрді.  Сонда да қасиетті жəне күнəсіз  папа болып есептелді. Христиан  дініне пірəдарлардың үйленбеуі,  үйленгендерінің ешқашан ажыраспауы, күнə шығару мəжбүрлігі сияқты  қисынсыз қағидалар енгізілді.  Дүниеде өмір сүру күнə болып  есептелді. 

            Жетінші ғасырда шыққан Ислам  діні осы қараңғылыққа тараған  жарық нұр сияқты болды. Ең  кемел жəне логикаға сай, адамгершілік  негіздеріне сəйкес құрылған  ұлы Ислам діні пұтқа табынушылық  пен негізі бұзылған христиан  дініне қарсы тез арада тарады. Ақылы толық əрбір адам осы  жаңа дінге бет бұрды. Ғылым  мен білімге құрметпен құшақ  ашқан мұсылмандар Аллаһу Та’ала  мен оның расулының бұйрықтарына  бағынып, көп істер атқарды.  Ғылымда көптеген жаңалықтар  ашылды. Сансыз дана, кемеңгерлер  жетілді. Қазірігі химия жəне  алгебра сөздері араб тілінен  алынған. Осындай көптеген мысалдар  мұсылмандардың ғылымға жасаған  қызметтерін айқын көрсетеді.  Мұсылмандар қысқа уақыттың ішнде  үлкен ғылыми орталықтар, медреселер  ашты. Бүкіл əлемге ғылым, пəн,  тазалық, ынсап, мəдениеттілікті  таратты. Грек философтарының  шығармаларын араб тіліне аударды.  Олардың дұрыс еместігін дəлелдеді.  Дүниеге танымал  философ   Хришфельд (Hrischfeld): “Ешбір ұлт  араптардың исламды қабылдағаны  себепті мəдениеттілікке қол  жеткізгеніндей қысқа уақытта  мəдениетті бола алмаған” деген.  Орта ғасырда христиан əлемі  қара түнек өмірді бастан кешіріп,  поптар адамзаттың өмірін зынданға  айналдырып жатқанда, мұсылмандар  жəне мұсылмандардың билігі астындағы  халықтар жан тыныштығында, бейбітшілікте  өмір сүрді. Христиандар Ислам  мемлекеттеріндегі байлыққа қол  салу үшін мұсылмандарға шабуылдар  жасады. Мұсылмандардың қолындағы  өздері қасиетті деп санайтын  Құдысты алу сылтауымен крест  жорықтарын ұйымдастырды (1096-1270).

            Крест жорықтарында қаншама мұсылманның  қанын төкті. Құдысқа кірген  кезде христиан тарихшылары айтқандай  мешіттерде өлтірілген мұсылмандардың  қаны ат сауырына дейін жетті.  Бірақ, кейін Құдысты олардан  қайтарып алған Салахиддин Айуби  христиандарға үлкен жомарттық  танытып, тұтқынға алған ағылшын  королі арыстан жүректі Ричардты  босатып жіберді. Кейбір христиан  фанаттары Осман империясына  қарсы жасалған жорықтарды да  мұсылмандарға қарсы жасалған  крест жорықтары деп санады. 1912-13 жылғы Балқан соғысын бір француз  тарихшысы “ең үлкен крест  жорығы” деп санау фанатизміне  дейін барған-ды. Андалусия мұсылман  мемлекеті 1492 жылы испандар тарапынан  басып алынған кезде испандар  ол жердегі мұсылмандарды қырған  не болмаса зорлап христиан  дінін қабылдатқан еді. Осы  тағылық əрекетті христиандар  Американың жергілікті халқы  инктерге де қолданған. Испандар  бұл шарасыз ұлтты мүлдем жойып  жіберді.

            Христиандардың Ислам дініне  жəне оның пайғамбарына жапқан  жалалары мен өтіріктері əлі  күнге дейін ең төмен, ең  əдепсіз тəсілдермен жалғасын  табуда. Үндістандық Рахметуллаһ  əфəнді “рахимаһуллаһу та’ала”  1854 жылы Делиде жəне кейінен  Стамбулда ағылшын протестант  дін басыларымен жасаған арадағы пікірталасында оларды жауап бере алмайтын дəрежеге жеткізген, ақырында поптар қашқан. Осы Ислам ғалымы бұл жеңісі туралы жəне оларға берген жауаптарын Стамбулда қағаз бетіне түсірген. Бұл кітап “Изхар-ул-хақ” деген атпен араб тілінде 2 том болып 1864 жылы басылды. Кейіннен Мысырда қайта басылды. Бірінші томының түрік тіліндегі аудармасы осы атпен Стамбулда, екінші томының түрікше аудармасы “Ибраз-ул-Хақ” деген атпен 1877 жылы Боснияда басылды. Ағылшын, француз, урду, парсы тіліндегі аудармалары да жарық көрген.

            Өзгертілген «Тəурат» жəне «Інжіл»  кітаптарындағы өтірік сенімдер  мен жалаларға дəлелдермен жауап  берген құнды Ислам кітаптарының  ішінде Абдуллаһ Тəржуманның  араб тіліндегі “Тухфат-ул-ариб”  кітабы, Нажаф Əлидің 1871 жылы Стамбулда  жазған “Мизан-ул-мауазин” кітабы, Имам Ғазалидің (рахметуллаһи  алейһ) “Əр-раддул-жəмил” кітабы  жəне Ибрахим Фасих Хайдаридің  “Əс-сыратул-мустақим” кітабы “Хақиқат  кітабүйі” атты баспа үй тарапынан  басылған. 

            Христиандардың ішінде де пірəдарлардың  (поптардың) зұлымдықтарына, ақылға  қонымсыз жəне қисынсыз сенімдеріне  қарсы шыққандар кездесті. 1517 жылы  Лютер деген пірəдар папаға  қарсы шықты, ол Інжілді неміс  тіліне аударып, Інжілде кездеспейтін  “пірəдарлардың үйленбеуі”, “үйленгендердің  еш уақытта ажыраспауы”, “күнə  шығару” жəне “креске табыну”  сияқты мəселелерді христиан  дінінен алып тастады. Осылайша 1524 жылы “протестант” деген жаңа  христиан бағытын құрды. Бірақ,  үштік сенімді (əке, бала, қасиетті  рух) сол қалпында қабылдады.

            1534 жылы ағылшын королі VIII Генрий  де папаға қарсы шықты жəне  оның ұсынысы жəне күштеуімен  ағылшын-американ ширкеуі салынды.  Атақты француз əдебиетшісі Вольтер  «Кандид» атты еңбегінде пірəдарлардың  қате түсіндірмелері, бұрмаланған  діни сенімдері мен əртүрлі  айлакерліктері туралы жазып,  оларды масқаралады. Бұдан кейін  жазылған осындай шығармалар  француз төңкерісінің (1789) жасалуына  үлкен ықпалын тигізді. Осы  төңкерістен кейін пірəдарлар  назардан тыс қалды. Амал не, мұсылмандар арасынан уаххаби  қарақшылары сияқты бұзық адамдар  шығып, Исламды жаман етіп танытқандықтан, христиандар Исламды қабылдаудың  орнына дінсіздікке бой алдырды. 1917 жылғы Ресейдегі большевик  төңкерісі де дінді жоюға бағытталған.  Бірақ, арада уақыт өтіп, төңкерістің  əсері азайғаннан кейін адамдар  қайтадан табынатын бір құдіретті  іздей бастады. Нобель сыйлығының  иегері орыс əдебиетшісі Солженицын  “Алғашқы шеңбер” атты еңбегінде:  «Екінші дүниежүзілік соғыста  Сталин де Аллаһқа сенген, жерге  сəжде етіп, жасырын түрде Одан  жəрдем тілейтін» деп жазады.

            Иса алейһиссалам көрсеткен алғашқы  Исауилік (исашылдық, мəсихшілік) туралы  мəліметтерді қамтитын алғашқы  Інжіл бірқатар өзгертулерге  ұшырап, оған адамдар тарапынан  басқа бөлімдер қосылған. Аллаһу  Та’аланың сөздері жоқ етілген.  Осылайша, Інжіл қасиеттілік сипатын  жоғалтқан. Ислам ғалымы Əлхаж  Абдуллаһ бин Дастан Мустафа  “Изах-ул Мəрам фи кашф-из-зулам”  атты түрікше еңбегінде былай  дейді: «Иса алейһиссаламды яһудилер  ұстап, өлтіргісі келген кезде  қасындағы Інжілді де отқа  жаққан немесе жыртып тастаған. Ол кезде Інжіл əлі əлемге  таралмаған еді, Иса алейһиссаламның  діні де əлі орнықпаған болатын.  Өйткені, Иса пайғамбар тек  екі жарым, үш жыл ғана дінді  уағыздай алды. Сол себептен Інжілдің  тағы бір нұсқасының жазылған  болуы мүмкін емес. Иса алейһиссаламның  сахабалары өте аз жəне көпшілігі  сауатсыз адамдар еді. Сол үшін  де оларда Інжілдің тағы бір  жазба нұсқасының болуы мүмкін  емес. Інжілді ешкім жаттаған  да жоқ болатын. Тағы бір  мүмкін нəрсе мынау: Иса алейһиссалам  дүниеге келгеннен 325 жыл өтіп, Изник мəжілісінде көптеп Інжіл  нұсқалары қате, негізсіз деп  өртелген болатын. Ақиқат Інжілдің  солардың ішінде жоғалтып жіберілген  болуы да мүмкін».

            Інжілге бірқатар бөтен нəрселердің  қосылғандығын жəне Аллаһу Та’аланың  бұйрықтарымен қоса бірнеше адамдар  тарапынан енген жазбалар да  бар екендігін қазір христиандар  да мойындайды. Інжілдің алғашқыда  ибрани тілінде жазылғандығы, кейіннен  латын жəне грек тілдеріне  аударылғаны ақиқат. Ибрани тіліндегі  нұсқасы грек тіліне аударылған  кезде бірқатар қателіктер жіберілген, пұтқа табынушы гректердің “бір  құдай” сеніміне қарсылығы жəне  Інжілді Платон философиясына  сəйкестендіруді қалауына байланысты  ақылға сыйымсыз үш тəңірі (тəслис) сенімі пайда болды.

Информация о работе Христиан діні