Христиан діні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 22:05, реферат

Описание

Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді.

Работа состоит из  1 файл

христиан.docx

— 33.80 Кб (Скачать документ)

            Исауилік шыққан кезде бұл  үш тəңірі сенімі жоқ болатын.  Абдуллаһ бин Дастан Мустафа  (рахима-һуллаһ) былай дейді: «Тəслис  (үш құдай) пікірін алғаш рет  философ Платон ойлап шығарды.  Павлос деген яһуди оны христиандыққа  араластырды. Милаттан 200 жылдан  кейін Сибелиус деген пірəдар  бұл бұрыс сенімді қайта жаңғыртты.  Ол кезде имандылар тек бір  Аллаһқа жəне пайғамбар ретінде  Иса алейһиссаламға сенетін. Сибелиустың  ұсынысына көптеген христиандар  қарсы шықты, ширкеулер арасында  қанды қақтығыстар орын алды. Французшадан арапшаға аударылған  сол дəуірдің бір тарих кітабында  осы соғыстар кеңінен түсіндірілген. 200 жылы дінде тек “əке” жəне  “ұл” туралы пікірлер айтылған. Оған “қасиетті рух” сенімі  одан 181 жылдан кейін, яғни, 381 жылы  Византия императоры Теодосиус  дəуірінде Константинопольде болған  рухани мəжілісте енгізілді. Бұл  шешімге қарсы шыққан бірқатар  папалар болды. Папа Гонорий  (Honorius) ешқашан үш тəңірі жүйесін  қабылдамаған. Ол қайтыс болғаннан  біраз жылдан кейін “дінсіз”  деп жарияланғанымен, үш тəңір  сенімін қабылдамағандар жаңа  мазһабтар (жолдар) құрған. Иса алейһиссаламның  жалған суреттерін салу, мүсінін  жасау жəне оларды ширкеулерге  қою жəне крест белгісінің  қасиетті белгі деп танылуы  сияқты мəселелер бірқатар қарама-қайшылықтарға,  тіпті қанды соғыстарға себеп  болып, ширкеулер бұларды тек  милаттан 700 жыл өтіп қана қабылдаған.

            Христиандардың Исашылдық (Насрани)  дінінің негізін өзгертуі, папаны  күнəсіз деп есептеуі, пірəдарларға  күнə жуу сияқты құқық беруі,  адамдардың күнəһар болып туылатындығын  айтуы, Інжілде жазылып көрсетілсе  де, соңғы пайғамбар Мұхаммед  алейһиссаламды  қабылдамаулары, қазіргі  кезде де Інжіл деп санаған  кітаптарына өзгертулер енгізуі  Аллаһу Та’аланың азабына себеп  болуда. “Ниса” сүресінің 171-аятында:  «Əй, кітап иелері! Діндеріңде  артық кетпеңдер. Аллаһ үшін  тек шындықты айтыңдар! (Оны кемшіліктерден  ұзақ деп біліп, ұлылаңдар.  “Ұлы бар” деп жала жаппаңдар)  Мəсих Иса - Мəриямның ұлы, Аллаһу  Та’аланың расулы, пайғамбары. “Бол”  деген бұйрықпен жаратылған ол  құлды, Мəриямға берді. Ол Аллаһу  та’аладан берілген басқа рухтар  сияқты бір рух. Аллаһқа жəне  оның  пайғамбарларына сеніңдер! Тəңірі үшеу демеңдер! Бұл сөзден  бас тартқандарың өздеріңе жақсы.  Аллаһ - тек бір құдай! Құдайдың  баласы болмайды. Көк пен жердегі  барлық нəрсе Онікі, бəрін Сол  жаратты» деп бұйырылған.

            Інжілді өзгерткендер үшін “Бақара”  сүресінің 79-аятында: «Кітапты  өз қолдарымен жазып, арзымайтын  бағаға сату үшін “Аллаһтың  сөзі” дегендерге қандай өкініш! Жазған қолдарына, тапқан табыстарына  нендей өкініш!» делінген. Жəне  де “Ихлас” (Ықылас) сүресінің  1-4- аяттарында: «Айт, Аллаһ бір. Ол  ешнəрсеге мұқтаж емес, барлық  нəрсе Оған мұқтаж. Тумаған, туылмаған,  Оған ұқсаған (тең болған) ешнəрсе  жоқ» деп бұйырылған.

            Құран Кəрім Иса алейһиссаламның  адал қыз - Мəриямның ұлы екендігін  айқын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай  Аллаһу Та’ала оған қасиетті  рухтан үлес сыйлаған. Бұл жағдай  сондай-ақ, “Бақара” сүресінің 87- жəне 253- аяттарында да көрсетіледі.  Бұл аяттарда: «Мəриям ұлы Исаға  ашық мұғжизалар бердік. Қасиетті  рухпен қуаттандырдық» делінген. “Али-Имран” сүресінің 48-аятында,  “Маида” сүресінің 46- жəне 110-аяттарында  жəне “Хадид” сүресінің 27-аяттарында  Иса алейһиссаламға Інжіл кітабының  берілгендігі айқын көрсетілген.  Адал қыз болған Мəриямнан  туылғаны туралы “Али-Имран”  сүресінің 45-аятында жəне жалғасында  білдірілген: «Періштелер: “Əй,  Мəриям! Аллаһ саған “Бол” дегенде  дереу жаратылатын, есімі  Мəримұлы  Иса Мəсих болатын, дүние мен  ақыретте қадірлі жəне Аллаһу  Та’алаға жақын болатын, адамдармен  бесікте жатып, кейін жігіт  кезінде сөйлесетін, салих, тақуа,  жақсы бала береді” деп, сүйінші  берді. Мəриям: “Ей Раббым! Маған  ешқандай еркек жақындамаса, қалайша  балам болады?” деді. Періште:  “Аллаһу Та’ала осылайша қалаған  нəрсесін жаратады. Бір нəрсені  қаласа “Бол” дейді. Ол бар  болады” дейді».

            Иса алейһиссаламның бесікте  жатып тілі шықты. Сəби кезінде  зерек болды. Сұрақтарға таңқаларлық  жауаптар беретін. Бұл оның  болашақта ерекше бір адам  болатынына белгі беруде еді.  Құдыста уағыз жүргізе бастайды. Бар болғаны үш-ақ жылға созылған  пайғамбарлығы кезінде Құран  Кəрімде айтылған бірқатар мұғжизаларды  көрсетті. Өлгендерді тірілтті, ауруларды  жазды, соқырлардың көзін ашты. Иса алейһиссалам үйі жоқ, тоқтамай  кезумен жүретін, күн батқан  жерде түнді ғибадатпен, дұға етумен өткізетін пайғамбар еді. Өте мейірімді, өте жұмсақ мінезді, өте қарапайым жəне қайырымды еді. Көрсеткен мұғжизаларына ұялатын, емдеген ауруларының өзіне рахмет айтуларының алдые алу үшін, күтпей тез кетіп қалатын.

            Інжілде үкімдер (бұйырықтар жəне  тыйымдар) өте аз болатын. Иса  алейһиссалам жаңа дін əкелгендігі  туралы айтпаған. «Мен жаңа дін  құрып жатқан жоқпын. Мен Исраил  ұлдарының пайғамбарлары əкелген,  қазір бұзыла бастаған, бір Аллаһқа  сенетін Хақ дінді түсіндіру  үшін келдім» дейтін. Олай болса,  Исашылдықты жаңа дін деп қабылдау  дұрыс емес. Исауилік бір Аллаһ  діні болған Ибрахим мен Мұсаның  (алейһимуссалам) діндерімен бірдей. Иса алейһиссалам өзінің уағыздарын  жазбаған. Аллаһу Та’аланың жіберген  Інжілі де қолда жоқ. Қазір  христиандардың қолындағы “Китаби  муқаддас” (қасиетті кітап) Тəураттан  алынған “Ескі өсиеттер” секілді  бөлімдер мен Матай, Марка,  Лука жəне Жоханның жазған  Інжілдері мен “елшілер” деп  аталатын шəкірттердің жазған  кітапша жəне хаттарынан тұратын  “Жаңа өсиеттен” құралған. Бұл  төрт автордың кітаптары бір-бірімен  сəйкеспейді. Бір оқиға туралы  түрліше жазған. Басқа хауарилердің  жазған Інжілдері жиғызып алынып, өртелген. Бұл оқиға жоғарыда  айтылғандай 381 жылы Константинопольде  (Стамбул) құрылған, тіпті одан  да бұрың 325ші жəне 364 жылдарда  жиналған король Константин, король  Теодосиус заманындағы діни мəжілістерде  болған. Сол жиындардың шешімімен  өртелген осы Інжілдердің ішінде  Мұхаммед алейһиссаламның келетінін  ұзақ түсіндірген Барнабас Інжілі  де жоқ етілген. Кейіннен жазылған  осы төрт кітаптың авторларының  Жоханнан басқасы, Иса алейһиссаламды  өмірінде көрмеген.

            Христиандар Иса алейһиссаламның  креске керіліп, сол жерде қайтыс  болғанына, кейіннен тіріліп көкке  шыққанына сенсе, мұсылмандар  Исаның креске керілмегендігіне, тікелей көкке шығарылғандығына, креске керілген адамның римдіктерге  Иса пайғамбар жасырынған жерді  ақшаға сатып берген Яһуда  (Judas) екендігіне сенеді. Құран Кəрімде  бұл мəселе туралы “Ниса”  сүресінің 156-158- аяттарында айтылған: «Яһудилердің Исаны(-ң пайғамбарлығын) қабылдамауына, Мəриямға жала  жабуына жəне Аллаһтың расулы  Мəриям ұлы Исаны өлтірдік  деулеріне байланысты оларды  қарғадық, рахметімізден қудық. Негізінде  олар Исаны өлтірген жоқ жəне  креске де керген жоқ. Бірақ,  бұл істе оларға бір ұқсату  жасалды (Яһуда Иса алейһиссаламға  ұқсатып қойылғандықтан соны  асты). Бұл мəселеде өздері де  күмəнданады. Олардың бұл туралы  мəліметтері де жоқ, тек ойлары  ғана. Олар шындығында Исаны өлтірмеген. Аллаһ оны өзінің қабатына  көтерді. Аллаһ қадірлі, үкімінде  даналық иесі»

            Иса алейһиссалам аспанға көтерілгеннен  кейін Насрани діні біртіндеп  əлемге тарай бастады. Алғашқыда  бұл жаңа дін пұтқа табынушы  римдіктер мен гректер тарапынан  өте қаталдықпен күтіп алынды. Исаға сенетіндер ұстап, өлтірілді.  Ареналарда жыртқыштарға жем  қылынды. Алайда, хақ дін халық  арасында өзіне деген сүйіспеншілікпен  құрметті арттырып, таныла берді.  Өкінішке орай, уақыт өте келе  ақиқат Інжіл жойылды. Мұнафық  болған Павлостың “Исаның креске  керілуі – құдайдың бір даналығы, əділеттілігі жəне адамзаттың  құтылуы. Өйткені, Аллаһ адамдардың  күнəларын кешіру үшін өзінің  ұлын құрбан еткен” деп алға  сүрген мəнсіз көзқарасы қазіргі  христиан дінінің сенім негізін  қалыптастырған

Информация о работе Христиан діні