Үндістан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:13, реферат

Описание

Үндістан - таң ғажайып ел, тіпті мыңдаған жылдарға ұласқан мәдениет, дәстүрлерін қазіргі таңға дейін өзгеріссіз ұрпағына жеткізе білген бірде-бір ел десекте артық болмайды. Индия, оның тарихы және мәдениеті қазіргі бар мәдениеттерге мағыналы түрде ықпалын тигізуде.

Содержание

Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ежелгі Үндістан
Үндi-будда мәдениетi
Әдебиеті
Өнері
Музыка және би
Театр мен кино
III. Қолданылған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

ЖОСПАР.docx

— 63.69 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР  
 
Кіріспе  
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ежелгі Үндістан
  2. Үндi-будда мәдениетi
  3. Әдебиеті
  4. Өнері
  5. Музыка және би
  6. Театр мен кино 
    III. Қолданылған әдебиет

Үндістан - таң ғажайып ел, тіпті мыңдаған жылдарға ұласқан мәдениет, дәстүрлерін қазіргі таңға дейін өзгеріссіз ұрпағына жеткізе білген бірде-бір ел десекте артық болмайды. Индия, оның тарихы және мәдениеті   қазіргі бар мәдениеттерге мағыналы түрде ықпалын тигізуде.

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. 

      Ежелгі  Үндістан – адамзат өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.

      Үнді  мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі  IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра негіздері белгілі болған. Астрономдар жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған, жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын 13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының әр алуан ендіктерінде күн мен түн ұзақтығының айырмашылығы белгілі болды. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.

      Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І  мыңжылдықтың басынан бізге ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері  жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің  діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата”  мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші  ғасырларында санскритте жазылған, бірақ  олар б.з. дейінгі IV ғасырда пайда болған.

      Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы  ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта  шыққан ескі әдебиет көздерінде құл  иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі  VI ғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған.

      Әлеуметтік  шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен  аяқталды: сословиелер бойынша –  варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша  – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің  өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық  вайшьилер мен шудралар варнасына  кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен  шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі –  басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз  қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.

      Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары –  Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны  сақтаушы), Шива (оны бұзушы).

      Б.з. дейінгі VI ғ. дамыған құл иеленуші қоғамның идеологиясы буддизм болады. Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі 563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха Гаутама. Гаутама өз ілімінің мәнін төрт игілікті шындықта айтқан. 1. Өмір мәні қайғы-қасірет көру. 2. Қайғы-қасірет көру себебі, көзі - өмір сүруді көксеу: ләззат алуды, билік жүргізуді көксеу, тілек тілеу, құштарлық. 3. Қайғы-қасіреттен құтылу үшін тілек пен құштарлықты түп тамырымен жұлып алып, одан құтылу керек. 4. Ол үшін алдымен көзін ашатын, одан соң нирванаға әкелетін сегіз сатыдан тұратын өзін-өзі қайта құру жолы бар. Нирвана – бұл ішкі күй, онда барлық сезім мен құштарлық жоғалып, онымен бірге адамға ашылатын әлем есігі де жабылады. «Нирвана» сөзі «сөну», «өшу» деген мағынаны береді. Іштен сөну адамды қайғы-қасірет шегуші «меннен» және барлық тірі жандарды жаңа өзгерістерге тартатын өмірге құштарлықтан босатады. Сонымен карма билігі үзіліп, данышпан абсолютті тыныштықтың шат-шадыман бос кеңістігінде соңына дейін жоғалып кетеді. Көзін ашу - өмірмен кез-келген байланысты толық үзетін соңғы нирвананың бастауы. Түсінбеген бақылаушы үшін нирванаға жету болмыстың жоқтығы, өлім ретінде (шат-шадыман өлім болса да) қабылданады. Алайда нирванаға кірушінің көзқарасы жағынан – бұл күйде өмір мен өлім, «мен» және «мен еместің», жақсылық пен зұлымдықтың арасында айырмашылық жоқ, тек осындай ішкі көзқарас қана буддист үшін мәні бар.

      Буддизмнің  универсальдығы мен иілімділігі  оның әлемге алуан бағыттарда тарауына мүмкіндік берді (ламаизм, дзен-буддизм, тантризм және т.б.). Буддизмнің Батыста  ізбасарлары аз емес: кейде адамдар  бөтен мәдениет жолдарында өзінің рухани проблемаларын жеңіл шешуге болады деген үмітте болады. 

Үнді — будда мәдениеті.

Жер шарындағы  қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үнді-будда мөдениетіне  тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

Бір-бірімен  өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның  әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің  түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады. 
Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бүл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер — жыртқыш аңдарға, ет үрлаушылар — қаршыға- ға, астық үрлаушылар — сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер — ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе үрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брах- мандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі үстай білуі, мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. 
Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен 
дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.

 
Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.

 
Будда өзінің 
діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар:адал сенімәділ шешімшындық сөзшындық өміршыншыл ұмтылысшындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады. 

Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.

Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен  қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дінҮндістан мен ҚытайдаТибет пен ЖапониядаНепал мен ТайландтаЦейлон мен ВьетнамдаМонғолия мен Комбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.

 
Индуизм — бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым. Оның негізінде — БрахманғаВишнуғаШивағатабыну мен тантризм жатыр. Осы- лардың ішінде Вишну мен Шиваның мерейі үстем болды.

 
Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адам- дарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп- қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап оты- рады. Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтіп Будданың беделі көтеріліп, құдай дәрежесіне жеткізілді.

 
Шива — қатал да, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында — бас сүйектер. Шива — өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының құдайы. Үнді халқының санасындағы құдайлардың басқа діндердегі (христиан, ислам) құдайлардан басты айырмашылығы — олардың Жер бетіндегі тіршіліктің қайнаған ортасында болуы және оған белсене араласуы болып саналады. Вишнудің әйелі Лакшми әсемдік пен бақыт құдайы, ал Шиваның әйелі Кали қырып- жою мен өлім құдайы.

Үнді-будда дініндегі  бүл дүниеге көзқарастар қарама-қайшылықтарға  толы болып келеді. Будда дінінде  ғана емес, тіпті сансаралардың өзінде де өмірдің қайғы-қасіретке, жамандық пен жауыздыққа және тағы да басқа  келеңсіз көріністерге толы екендігі жан-жақты сипатталады. Үнді-будда  дініндегі адамдар төрт этикалық нормаларды негізге алуы қажет. Олар: дхармаартхакама және мокша.

Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз- міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.

Артха — адамның күнделікті түрмыс-тіршілігіндегі іс- әрекеттердің нормалары болып табылады.

 
Кама — адамның көңіл-күйінің талаптарын қанағаттандыру құндылықтарын анықтайды, солардың жолдарын белгілейді.

 
Мокша — торығып-түңілуден, жалғыздықтан қалай құтылу жайындағы ілім.

Информация о работе Үндістан мәдениеті