Орта ғасырдағы қазақстан қалалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:16, курсовая работа

Описание

Берілген курстық жобада орта ғасырдағы Қазақстан қалалары жайлы сөз етіледі. Ең алдымен орта ғасырдағы Қазақстан қалаларына қысқаша тоқталайық. VI – XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым – қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі – Исфиджаб ( қазіргі сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл – Макдиси берген.

Работа состоит из  1 файл

мәдениеттану.docx

— 58.15 Кб (Скачать документ)

Абу-л-Фед Исмаил Ибн ал-Али ал-Айюбидің (1273-1331)  «Китап таквил ал булдан» атты еңбегінде Тараз, Шельджи, Баласағұн қалаларының орналасқан бойлығы мен ендігі көрсетіліп, Джикил, Шельджи қалаларының Тараздың жанында екендігі айтылған. Кейінгі ортағасырлар кезіндегі Шу, Талас өңірлері мен Қаратаудың қалалары туралы жазба деректер өте аз, олардың өзі қысқа. Мысалы, араб зерттеушісі Махмуд бен Эмир Вали Баласағұн қаласының бұзылып жатқандығы жайлы былай дейді: «После нашествия монголов до тех пор, пока обычай монголов не повредили ему, был он благоустроенным и цветущим. И с тех времен до сегодняшнего дня он находится в опустошенном и заброшенном состоянии. Некий путешественник, кашгарец вторгся Моголистан, чтобы осудить и наказать калмыков, спустя два месяца, следуя по направлению с востока на север, домам до какой-то местности, где из под песка на четыре-пять зира выступали крыши высоких зданий, минаретов, дворцов, арок, медресе и приметы их были видны с расстояния четырех фарсангов. Недалеко от той местности мы настигли калмыков, и между ними приключилось сражение. Схватили из числа этих неверных много пленников и при возвращении, когда дошли до того места, где раньше мы увидели остатки зданий, у пленников спросили название этой местности. Они сказали: нам известно лишь то, что здесь в прошлом был город под названием Баласагун.

Баласағұн туралы азды-көпті тарихи деректер ортағасырлық ғалымдардың, саяхатшылардың еңбегінде кездеседі. Мысалы, VII-XIII ғ.ғ. өмір сүрген Хорезмдік Мұхаммед Ибн-Мұса Әл-Хорезми (ІХ) өзінің дүние жүзілік географиялық картасында Шу, Талас, Жетісу өңірлеріндегі түркі қалалары туралы сөз қозғаған, оларды картаға түсірген. Солардың ішінде Баласағұнды да дәл көрсеткен. Сонымен бірге, Баласағұн туралы мәліметтер Ибн Абдуллах Хордрдбектің «Китап ал-ма-салик ал мамалик» деген еңбегінде кездеседі. ХІ ғасыр басындағы арабтың география танушысы, тарихшы Ибн Ал-Факиха ал Хамаданидің «Китап ахбар ал-булдан» атты еңбегінде, Х-ғасырдың ұлы географы Мұхаммед Ибн Ахмед ал Макдисидің «Ахсан ат-Такасим фима рифат әл акалим» еңбегінде де мол деректер бар.

ХVІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбектерінде Баласағұн қаласы тек кітаптар арқылы жазылғаны, олардың қай жерде орналасқаны қазіргідей сол кезде де белгісіз болғаны айтылған.

Мырза Мұхамед Хайдар Дулати өзінің белгілі «Тарихи-и Рашиди» деген еңбегінде: «Қарақытайлықтар келгенге дейін Баласағұн Афрасиабтың ұрпақтарының қол астында болған. Илек хан Афрасиабтың рухынан болып, бұл қаланы өзінің астанасына айналдырған. Тоқсан бес жыл бойына Баласағұн Қарақытайлардың астанасы болған. Джехунның төңірегіндегі және оның шығысындағы барлық елдер бұл қалаға салықтарын төлеп тұрған. Монғолдар Баласағұнды Каралич деп атаған... Менің әкем Баласағұндағы Хафиздардан шыққан. Ол өзінің «Мулкахат-и сурах» деген еңбегінде әр қалалардан шыққан ғалымдардан аттарын келтірген. Ол Самарқандтан шыққан ғалымдардың аттарын оңға жеткере алмады, ал Баласағұннан шыққан көптеген ұлы адамдардың кейбіреулері туралы сөйлеп берді. Осынша көп ғалымдардың бір уақытта және бір қалада болғанына адамның ақыл ойы жетпейді. Қазір Баласағұн туралы ешнәрсе жоқ. Мен Каралич деп аталған қоныстан еш нәрсе естімедім» деп жазды.

Ғалымның пікірі бойынша, Шу, Талас, Жетісу өңірлеріндегі көптеген қалалар, соның ішінде, Баласағұн  да бұрынғы тарихи мәнінен айырылып, уақыттың өтуімен қирап, олардың  аттары да және орналасқан жерлері  де жергілікті тұрғындардың естерінен  шығып қала берген. Тек, олардың жер  бетінде болғандығы туралы азды-көпті деректер ғана сақталған.[7, 176-177 бет]

Әйгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд «Энциклопедия ислама»  деген еңбегінде Орталық Азия, Солтүстік Кавказ жерлеріндегі ономастикалық  және ортағасырлық қалалардың тарихына қысқаша шолу жасап, «Баласағұн»  атты мақала берген. Осы еңбегінде  әдеби және археологиялық деректерге негіздеп, Баласағұн проблемасын  шешуге едәуір қызмет еткені байқалады. Әсіресе, араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған ғылыми еңбектер мен қолжазбаларды  кең пайдаланып, Баласағұн шаһарының  орналасқан жерін табуға ұмтылған. Бірақ қолдағы деректердің жетіспеуінің нәтижесінде, бұл мәселеге болжам айтумен  шектелген: «Баласагун – город в  Средней Азии, местонахождение которого не удается точно установить... Город  по – видимому, следует искать в западной части русской области, называемой ныне Семиречье, вероятно но Чу, где и поныне можно увидеть много городищ. Но это же, кажется, указывают приводимые Абу-л-Фидо». [7, 178 бет]

Орта Азия мен Қазақстандағы  ортағасырлық қалаларға, әсіресе, Ұлы  Жібек жолындағы шаһарларға ғалымдар, саяхатшылар жиі-жиі ат басын тіреген. Ортағасырлық үлкен қалалардың үш бөліктен құралғаны туралы арабтың ұлы географы Ибн-Хаукал жазған. Ол Ферғана қаласының құрылысын былайша суреттеген: «Ферғананың орталығында кухендиз (цитадель), оны қоршаған медина (шахристан), оның төңірегінде рабад орналасқан... Ферғана аймағында кухендизсіз бірде-бір қала жоқ». Баласағұнның да құрылысы осындай үш бөліктен құралған.

Цитадель (кухендиз) қаланың  қақ ортасында, Ақсу өзенінің сол  жағында жердің бетінен 20 метр биіктікте орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар, кейінгі кезде алыстан ағарып көрінгендіктен, Ақтөбе деп атап кеткен. Бұл төбе қаланың цитаделі. Оның сол түстік жағының биіктігі 35 м, батысы – 60 м, оңтүстігі – 80 м, шығысы – 50 м. Жалпы цитадельдің көлемі 7-8 гектар.

Цитадельдің бекініс дуалының салынуы үш кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезеңде Ақсу өзенінің сол жағасындағы құрылысқа арналған жерді тегістеп, арнайы нықтап, оның үстіне 2метр биіктікте платформа салынған. Оның төмені пахсадан 0.3 метр тұрғызып, үстіне көлемі 49*27*9-10, 50*27*9-10 см, 50*23*10см қам кірпіштен ені 4 м, биіктігі 3 м дуалды өрген. Осы қабатты қазғанда хумдардың, құмыралардың, диірменнің сынығы, қыш ыдыстар, шырақтар шықты. Аталған заттар VII-XII ғасырларға жататын Пенджикенттен және Отырардан шыққан қыш бұйымдарға ұқсайды.

Осы деректерге қарағанда, V-VIII ғасырларды цитадельдің құрылысы бітіп, ірі саяси, экономикалық және мәдени орталыққа айналған. Бұл осы ғасырларда Ақтөбе (Баласағұн) түркештердің, қарлұқтардың астансы болды деген пікірдің айқын дәлелі.

Екінші кезеңде цитадельді түгел қамтыған құрылыс кең көлемде  жүріп, оның дуалдарының бекемдігіне  және көлемнің кеңеюіне айрықша көніл  бөлінген. Бекініс қабырғаларының ұзындығы 7-8,5 метрге, ені 4 метрге жеткен. Құрылыс заттарында, оның салыну тәсілдеріне айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Қазба кезінде: хумдар, құмыралар, қыш қазанның сынықтары, садақтың ұшы, адамның қыштан салынған бейнесі, теңгелер сияқты жәдігерлер табылды.

Үшінші кезеңде цитадельдің  көлемі үлкейіп, дуалдары қалыңдап, биіктеп, ірі ортағасырлық қорғаныс орталығына айналды. Бұл ІХ-ХІІ ғасырлар мерзіміне сәйкес. Цитадельдің сыртқы қабырғаларын 1,5 м ендікте, 50*26-27*10, 45*26*10, 44*21*2 см қам кірпішпен өріп шыққан. Нәтижесінде  сыртқы дуалдың қалыңдығы 10 метрге жеткен. [3,98-100 бет]

Цитадель стратиграфиясын  зерттеу кезіндегі қолға тиген  археологиялық деректер Баласағұн  қаласының эволюциялық даму жолын  айқындайды. Бұл қаланың жалпы  құрылысының, соның ішінде цитаделінің  Орталық Азияның оңтүстігіндегі ортағасырлық шаһарлармен үндестігі  бар екендігі байқалады. Цитадельдің  негізі б.з. V ғасырларында салынып, сол кездегі Түркеш және Қарлұқ мемлекеттерінің басты астанасының орталығы болған. Уақыт көшімен бірге цитадельдің көлемі де ұлғайып, бекемденген.  [3,101 бет]

Шахристан (мәдина) қазіргі  заманның жер қазатын машиналарымен  ойрандалып, өзінің бұрынғы көрінісінен  біршама айырылған. Ол жалпы көлемі 20 гектар жерді алып жатыр.

Шахристандағы стратиграфиялық  зерттеу барысында табылған қыш  ыдыстарға қарағанда, бірінші кезең V-VI ғасырларға тура келеді. Табылған құмыралар Тараз, Отырар қалаларының қыш ыдыстарына ұқсас. Сондай-ақ шахристанның екінші кезеңі VI-VII ғасырларға, үшіншісі VII-VIII ғасырларға, соңғы төртіншісі Х-ХІ ғасырларға жататыны анықталды. Осы деректерге қарағанда, шахристан цитадельден бұрынырақ, V-VI ғасырларда салынған. [3,102 бет]

Рабад. Ақтөбе ескерткішінің  рабады 1500 гектар шамасындағы жерді алып жатыр. Қала тұрғындары цитадель мен шахристанның төңірегінде шоғырланып, Ақсу, Қарабалта өзендерінің Шуға құятын алқабына орналасқан. Рабадта орналасқан қарапайым құрылыстар: үйлер, олардың қасындағы шаруашылық құрылыстар, бау-бақшалар, су жинайтын хауыздар, көшелер және т.б. құрылыс орындары. [3,103 бет]

 

4. Баласағұндағы археологиялық зерттеулер

 

1941 жылы жергілікті археолог Г.И. Пацевич ортағасырлық Ақтөбе қаласының орнына барып, онда барлау жұмысын жүргізіп, ескерткіш туралы толығырақ мағлұмат қалдырған. Қала шартарапқа қарап орналасқан: солтүстігінің ұзындығы – 265 м, батысы – 250 м, оңтүстігі – 255 м, батысы –208 м. Ол биіктігі 1,5-2 м ормен қоршалған. Ескерткіштің дәл ортасында цитадель орналасқан. Оның ұзындығы: солтүстігі – 35 м, батысы – 60 м, оңтүстігі – 80 м, шығысы – 50 м. Бұл берілген деректерді өзінің зерттеу пікірі бойынша, шамамен беріп, VІ – ХІІІ ғ.ғ. ескерткішіне жатқызған.

Бұдан кейін, 1951-1953 жылдары П.Н.Кожемяко Шу өңіріндегі ортағасырлық қалаларды және қоныстарды археологиялық тұрғыдан зерттеп, оның нәтижесін өз алдына кітап етіп шығарған. Осы еңбегінде автор Ақтөбе ескерткіші туралы біршама мәліметтер берген...

Археолог П.Н.Кожемяко Ақтөбе ескерткішінің схемалық жобасын  жасап, қаланы қоршаған бекіністерді көрсеткен. Олардың жалпы ұзындығы 39 шақырымға жететінін айтқан. Бізге дейін сақталып қалған ордың тереңдігі 3-3,5 м, оның табанының ені 18-20 м. Ордың сыртынан жүргізіп қойған су жүйелерінің ені 8-10 м, тереңдігі 0,6-0,8 м екенін баяндаған.

Қаланы қоршаған орлардың 3 жерінде барлау қазба жұмыстарын жүргізген. Ішкі бекіністің үстінен 4*4 м археологиялық қазба жасаған және оны 2,5 метрге тереңдетіп, кездескен деректерге сүйеніп, бекініс бұзылмай тұрған кезде, ордың биіктігі 5-6 м болғанына көз жеткізген. Ор саз балшықтан пахса тәртібімен өріліп шығарылған. Бұл археологиялық барлау жұмысы Ақтөбедегі бекіністердің сырларын толық аша алмаса да, қала бекінісінің үлкен және мықты екенін дәлелдейді.

Бұдан кейін, археолог цитадельде барлау жүргізу үшін оның үстіндегі  шұңқырды 4-19 м тереңдетіп, кездескен заттарға негіздеп, Ақтөбе ескерткішін ІХ – ХІІІ ғ.ғ. жатқызған. Осы археологиялық шолу нәтижесінде, ізденуші Ақтөбенің цитаделі мен шахристаны жоқ, соған қарағанда, бұл феодалдардың мекені және әскери бекінісі болса керек деген қорытындыға келген. [7,179 бет]

1976-1983 жылдары цитадельдің үстіңгі қабатында кең көлемде қазба жұмыстары жүргізілді. Оның алдыңғы үш жылында цитадельдің үстіңгі қабатында жүргізілген қазба кезінде 13 бөлме ашылды. Салтанатты сарай, қонақ қабылдайтын бөлмелер, асханалар, намаз оқуға арналған бөлмелер, айван, дәліз, кең алаң, дарбазалар және т.б. Кешенді бекініс сарайдың сыртқы дуалының ені 1-1,5 м, оның ішкі қабырғаларының ені 0,25-1 м болып, 42*20*11 см, 45*21*17-18см, 48*21-22*17-21 см қалыпқа салынған қам кірпіштерден бөлмелердің қабырғалары тұрғызылған. Сарай кешенін салғанда өте сапалы күйдірілген кірпіштерді де пайдаланған. Оларды кейбір дуалдардың қажетті жеріне өрген және бөлмелердің еденіне төсеген.

Цитадельдің ең үстіңгі қабатынан  13 үлкенді-кішілі бөлмелер ашылды. Олардың ішінен 4,11-бөлмелерге айырықша тоқталуға тура келеді. Төртінші бөлменің дәлізін және он бірінші бөлмені аршығанда өрнектелген фриздер табылды. Осы ою-өрнектермен бөлмелердің төбелері мен қабырғаларын безеген. Фриздерде әр түрлі әдемі өрнектер салынған, оның басым көпшілігі өсімдіктердің бейнесі: гүлдер, қызғалдақ және сол сияқты көркем өрнектер. Ол өрнектерді салу үшін алебастр сияқты саз балшықты илеп, оны өздеріне қажетті үлгіге салып, оның бетіне қолмен ойып, өрнек салып, онан кейін кептіріп, бөлменің ішіне арнайы раствормен орнату арқылы көркемдеу жұмысын жүргізген. Бұндай тәсілмен сарайларды, кесенелерді, мұнараларды, мешіттерді және сол сияқты қоғамдық құрылыстарды әшекейлеу Орталық Азияда ІХ-ХІІ ғ.ғ. кең ең жайған. Безелген тақталардың қалыңдығы 1,5-3 см, көлемі төртбұрышты болып келген. Белгілі археолог, ортағасырлық ескерткіштерді кең көлемде зерттеген В.Л.Воронина Ақтөбеде жүргізілген бір жылдық қазба жұмысына қатысып, ақтөбе ескерткішінің кең көлемді алып жатқанын аңғарған. [3,109 бет]

Цитадельдің оңтүстік батыс  бөлігінен солтүстік және оңтүстік мұнара, намаз оқитын михрабымен үлкен  зал және көптеген әр түрлі көлемдегі  бөлмелер ашылды. Бөлменің ішінен тандыр, ошақ, малдардың сүйектері, қыш ыдыстар, олардың астынан үйілген құм  шықты. Цитадельдің оңтүстік шығысында  жүргізілген қазба жұмыстары  кезінде 5 адамның жерленген мәйіті ашылды. Бес адамды да ұзындығы 2 м, ені 1 м шұңқыр қазып жерлеген. Оларды қабырғасынан ұзақ жатқызып, бастарын солтүстік-батысқа қаратып, беттерін оңтүстік батысқа қисайтып жерлеген. Бұндай тәртіппен қайтыс болған адамдарды жерлеу ислам дініне енген халықтарға тән. Сол тәртіп қазірге дейін сақталған. ІХ ғ. Орталық Азияның оңтүстігіндегі түркілер ислам дінін қабылдаған. [3,112 бет]

Цитадель қазылмай тұрғанда, ол биік, жұмыр төбе бейнесінде болған. Осы жерде қазба жұмысы жүргізілген  кезде көміліп қалған сарайдың алаңы  екені анықталды. Оның еденіне көлемі 18*15 м, ені 40*40*5 см, 30*20*5 см келетін жоғары сапалы күйдірілген кірпіштер төселген. Осы алаңнан сарайдың барлық бөлмелеріне кіретін есіктер ашылды. Алаңға екі жақтан кірген: шығыстан және оңтүстіктен. Біріншісінің ені 10 метр, ұзындығы 16 метр. Шығыс жақтан алаңға кіргенде оң жақ қабырғаға тақап таудың тасынан төселіп, ені 0,75 метр келетін жол салынған. Оның сол жағында жүретін бос жер сақталған. Екінші сарайға кіретін есік алаңның оңтүстігінде орналасқан. Бұл кірменің баспалдақтары көлемі  30*20*5 см келетін күйдірілген кірпіштермен өріліп, баспалдақ етіп салынған. Бұл есіктен құрметті қонақтар, басшылар, сарай иесі кіретін болған.

Шахристанда жүргізілген  қазба кезінде көптеген өрнектелген  және өрнектелмеген қыштан жасалған бұйымдар табылды. Барлығы ұршық  сияқты станокта жасалған және әр түрлі  өсімдіктердің ою-өрнектерімен безендірілген. Шахристанда көптеген тұрғын үйлер үстіңгі қабатынан ашылды. Зерттеулердің барысында үй тұрмысына керекті қыштан істелген ыдыстар табылды.

Шахристан Ақтөбенің оңтүстік жағына орналасқан. Бұл жерден де үлкен  қоныс ашылды. Шахристан қонысы бір-біріне тіркес салған екі бөліктен құрылған.

Шахристанмен жалғаспаған, өз алдында алыстан оқшау көрінетін  ескерткіш – Төрткөлтөбе. Ол цитадельдің шығысында, Ақсу өзенінің оң жағасында 600 метр қашықтықта, Қожай тоғанының бойында орналасқан биік төртбұрышты төбе. Оның жалпы көлемі 50*70 метр, биіктігі 8-9 метр. Төбе бекініс түгел пахса дуалмен қоршалған. Бекініс қабырғасының ені 4 метр, биіктігі 1,5 метр тереңдікте қазылып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған дуалды жағалай салған сегіз бөлме ашылды. Олардың шығыс қабырғасы 4 метр пахса блогынан соғылған, сыртқа шығатын терезелердің орындары жоқ, бітеу.

Информация о работе Орта ғасырдағы қазақстан қалалары