Қазақстан Республикасында шетел инвестициясының таратудың мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 10:08, курсовая работа

Описание

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн: жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу; инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Содержание

Кіріспе
Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары
Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретiнде
Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және оның перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Дайын шетел инвестициясы.docx

— 86.45 Кб (Скачать документ)

       Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар  инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала  алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер  компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып  қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға  келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.[5; 97-99]

       Екінші  типті инвестициялық банктер  соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның  экономикасын қалпына келтіруде  және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп  көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия  елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер  өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің  және онда жаңа салалардың құрылуының жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.

       Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен 1960 жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады. Сонымен қатар, бірқатар елдердің бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын қатар асыратын банктер қызмет етуде.

       Көптеген  елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер  атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Шетел инвестицияларын  тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

   Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің  ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

  Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.

     Несиелік  келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

     Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар қозғалысы  механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол  қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені  игеру және ол бойынша қарызды  өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің  болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

     Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі  – таңдаудың нақты белгілері  мен қарапайым бағыт - бағдардың  жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.

     Мүмкін  боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы  шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау  сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар  түсімі көлемін сипаттаушы негізгі  статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.

     Пайдасыз  келісім шарттар жасау, қорлардың  шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника  және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет  етеді.

     Сыртқы  қарызды бақылау және басқару  бойынша жұмыстардың маңызды  бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен  тиянақты таңдалып алынған және дайындалған  нақты жобаларды жүзеге асыру  үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы) нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын  игеру, шағын кәсіпорындарды , білім  және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға  қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз  қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.

     Осымен  байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық  жобаларға алдын - ала сараптама  жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.

     Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері  анықталуы керек: оның пайдасы мен  шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық  мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың  төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің  бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.

     Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық  және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі  белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға  салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін  жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын  ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды  оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.

     Жобаны  мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық  пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен  қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы  кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу  қажет.

     Сыртқы  қарызды бақылау және басқару  бойынша жұмыстардың маңызды  бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.

   Экономикамыздағы шетелдік инвестиция тарту үрдісін одан әрі дамуы үшін инвестициялық саланы мемлекеттік қолдау мен реттеудің келесідей бірқатар шараларын жүзеге асыруды талап етеді: инвестициялық ахуалдың, инвестициялық әлеуеттің және инвестициялық қызметте қатысушылардың белсенділігінің мониторингі, инвестициялық қызметті ынталандырудың және реттеудің республикалық және аймақтық кешенді қолдау бағдарламаларын жасау, инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды өңдеу, нормативтік-құқықтық реттеуді және инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіру қажет. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті және жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дәрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін анықтайды.

   Экономиканың  инвестициялық саласындағы мєселелер, негізінен қалыптаспаған нарықтық тетіктер жағдайында мемлекеттік басқару жүйесінің әлсіреуіне және ел дамуындағы мемлекеттің экономикалық рөлінің төмендеуіне елеулі дәрежеде байланысты болып келеді. Нақты сектордың соның ішінде мұнай өндіру саласының көтерілуін қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы ақшалай ағымдарды тиімді нарыќтық басқару тетігінің жоқтығы қазіргі таңда инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің күшейтілуін талап етеді.

      1-суретте көріп отырғанымыздай, әлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан, Қазақстанға жасалған шетел инвестицияларының көлемі артуда. Мысалға, 2008 жыл шетел инвестицияларының көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 23%-ға немесе 44598 млн доллардан 58376 млн долларға дейін жоғарылап отыр.

 
 
 
 
 
 
 

       
 
 
 
 
 
 

     Сурет1- Қазақстанға жасалған шетел инвестицияларының ағыны, млн АҚШ доллары

     Бұл жағдай Қазақстандағы жағымды инвестициялық  ахуалмен сипатталады. Шетелдік инвестициялардың жалпы республикалық көлемінің  қомақты үлесі Атырау (55,4%) және Батыс  Қазақстан (14,9%) областарында игерілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының  перспективалары мен болжамдары

   Бірлескен кәсіпорындардың кемшілігіне қазақстандық кәсіпкерлер - қатысушыларының кәсіпорынды  басқару деңгейінен айрылуын жатқызуға  болады. Табыстың маңызды бөлігі шетелдік инвестор меншігіне айналып, ол жарғылық қордағы үлесіне сәйкес пропорционалды түрде төленеді. Осымен байланысты бірлескен кәсіпорындар құруға жаңа жолдарды іздестіру, олардың қызмет түрін тұтас өзгерту мәселесі туындап отыр.

   Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық мәнге  ие емес салаларда (жеңіл және тамақ  өнеркәсібі, ағаш өңдеу, халыққа тұрмыстық  қызмет көрсету) шетел капиталына жататын  шағын және орта кәсіпорындарды құруға бет - бұрыс берілуі керек.

   Шетелдік  саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен  анықталады. Шетел капиталын тарту  саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін  маңызды көлемде көтеруге қол  ұшын беру қажеттілігінен туындайды.

   Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел  капиталын тарту үшін қажетті  құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан. 2003 жылы Қазақстан Республикасында  “Шетел инвестициялары туралы” Заң  қабылданған. “Шетел инвестицияларын  тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының  тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен  келісім жасауда жеңілдіктер  мен преференциялар жүйесі және оны  беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын  тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың  негізгі мақсаты - маңызды өндіріс  пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының  шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық  белсенділікті көтеру мәселесін  шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар ағымына қолайлы жағдай жасау.

   Шетел инвестициялары ағымын ынталандыру  бойынша жүргізіліп отырған іс - шаралар арқасында капитал салымы көрсеткіштері жоғарлауда. Бұл инвестициялық  ахуалдың жақсаруын, іскерлік белсенділіктің жоғарлауын, біздің елімізге шетелдік және отандық инвесторлар жағынан  сенімділіктің өсуін дәлелдейді. Жағдайды жақсартуда инвестициялар  жөніндегі Комитеттің құрылуының маңызы өте зор. Сонымен бірге, Қазақстанға  шетел капиталын тарту көлемі республика экономикасында ірі құрылымдық қайтақұруларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз, олардың қолданылу бағыты мен  тиімділігі қоғамдық мүддеге сәйкес келмейді.

   Шетел инвесторы үшін басты тәуекелдердің  бірі – құқықтық тәртіпсіздік. Бұл  тұрақты заңнамалық режимнің қажеттілігін айқын көрсетеді. Соңғы кезде  меншікке, инвестициялық қызметке, салық салуға, пайдалы қазбаны  қолдануға қатысты әр түрлі аспектілерді реттейтін бірқатар жарлықтар қабылданған. Бірақ реформалық жарлықтардың өзі, шетел инвесторымен кең ауқымды  қызметті қамтамасыз ету үшін жеткілікті құқықтық акт ретінде қабылданбайды. Шетел инвесторы үшін қабылдайтын  мемлекетте заңның Президенттен жоғары болуы маңызды мәнге ие.

   Бізде заңның девальвациясы жүргізілуде. Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициялары туралы” Заңы шетел инвесторлары үшін ұлттық режимді көздейді, яғни ұлттық және шетел инвесторларының  қызмет шарттарын теңдестіреді. Біздің заңнамаларымызда отандық кәсіпкерлер  үшін протекционистік шаралар қолданбаған. Бұл дамыған батыс елдерінің  заңнамаларына тән емес белгі.

Информация о работе Қазақстан Республикасында шетел инвестициясының таратудың мәселелері