Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2011 в 16:05, курсовая работа
Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондайақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып.
Инвестициялардың мақсаты ― жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
Қазақстан
Республикасының экономикасын көтеруде
және оны одан әрі дамытуда шетелдік
инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік
инвестициялар-ға табыс алу мақсатында
кәсіпкерлік қызметтің
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капииалына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік
инвесторлар заңға қайшы
Шетелдік
инвесторлар өздерінің қызметінен алған
табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға
құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру
үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар
үшін, яғни Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған кез келген
қызметпен айналысуыына болады.
§2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,
еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің
инвестициясының
есебі
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Бақылау – бұл оның қызметінен пайда алу мақсатында серіктестіктің қаржылық және басқа саясатын анықтау құқы.
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржылан-дырылатын объекеті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-дан астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50%-дан аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 2-бөлім «Ұзақ мерзімді активтер» шоттарында жүргізіледі, оның құрамына:
Тәуелді шаруашылық серіктестердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал еткінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да бола алмайды. Субъектінің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-дан астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвести-циясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
Үлестік қатысу әдісі – инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инверсордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серік- тестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығысға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтері қайта бағаласа, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсіі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. “Шығыс” ААҚ қоғамы “Темір” ААҚ-ның 33% және “Цемент” ААҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акйияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге құраған.
“Шығыс” ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша “Темір” ААҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал “Цемент” ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен. Ал келесі жылы “Темір” ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “Цемент” ААҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.
Екінші
жылдың қорытындысы бойынша “Темір”
ААҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып,
200 мың теңгеге дивидендті жария еткен,
ал “Цемент” ААҚ – 1500 мың теңге деңгейінде
зиян шеккен.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы,
теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Заңды тұлғалардан
оларда қалыптасқан (немесе олардан
алынған) баға бойынша акциялары сатып
алынды:
- “Темір” ААҚ - 33% айналыстағы акциясы - “Цемент” ААҚ - 28% айналыстағы акциясы |
3 110 000 4 600 000 |
2210 |
3310 |
Жиыны | 7 710 000 | |||
Бірінші жылы | ||||
2. | “Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының объектілерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып, инвестицияның құны өскен. “Шығыс” ААҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99 000 теңге құраған (300 000 * 33%) | 99 000 |
2210 |
5320 |
3. | Бірінші жылдық
нәтижесі бойынша:
- инвестицияның құнының өсуімен бірге “Шығыс” ААҚ үлесі де өскен, өйткені “Цемент” ААҚ үлесі 1 400 000 теңге құраған (5 000 000 * 28%) - “Темір” ААҚ
зиян шеккендіктен, “Шығыс” ААҚ
инвестициясының құны да - Шеккен зиянның үлесі инвестицияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58 000 теңге сомасы баланстан тыс шотта есепке алынған (3 267 000 – 3 110 000 – 99 000) - “Цемент” ААҚ-тан
“Шығыс” ААҚ-на тиесілі |
1 400 000 3 209 000 58 000 560 000 |
2210 7610 011 2140 |
7610 2210 - 2210 |
4. | Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс” ААҚ өз балансында “Цемент” ААҚ 5 440 000 теңге сомасындағы инвестициясын ғана көрсеткен (4 600 000 + 1 400 000 – 560 000) | |||
Екінші жылы | ||||
5. | “Шығыс” ААҚ-ында
инвестициясының құны азайған, өйткені
“Темір” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының
құнын арзандатқан:
- бұрындары жасалған
қайта бағаланған сомасының - бұрындары артық
жасалған соманың негізінде 36 |
99 000 36 300 |
5320 7450 |
2210 2210 |
6. | “Цемент” ААҚ өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, “Шығыс” ААҚ-ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны өскен | 140 000 |
2210 |
5320 |
7. | Екінші жылдың
нәтижесі бойынша:
- “Темір” ААҚ таза табысында “Шығыс” ААҚ қатысу үлесі өсуіне байланысты инвестицияның құны өскен. Қатысу үлесі 33 000 теңге құраған (1 000 000 * 33%). Өткен кезеңде зиян шеккендіктен, осы ағымдағы кезеңдегі инвестицияның өскен құны баланстан тыс шотта есепке алынған, сол зиян сомасы ескерілген соң барып, өскен құны көрсетіледі [272 000 (330 000 – 58 000)]. - “Темір” ААҚ-нан
“Шығыс” ААҚ-ның алатын - “Цемент” ААҚ
зиян шеккендіктен ондағы “ |
272 000 58 000 66 000 420 000 |
2210 - 2140 7610 |
7610 011 2210 2210 |
Екінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс” ААҚ балансында 5 160 000 теңгеге “Цемент” ААҚ-ның және 70 700 теңге “Темір” ААҚ-ның инвестициясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5 230 700 теңге құрады |
Құн әдісі – инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсе-тілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктесті-гінің жинақталған жалпы таза табысының дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатиып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе нивестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеу-лерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивиденттерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табысмтарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инестордың балансы сол сомаға азаяды.
Енді
біз жоғарыда келтірілген мысалға
ораламаыз. Екінші жылдың наурызында “Темір”
ААҚ – 3500000 теңгеге, ал “Цемент” ААҚ –
5000000 теңгеге өз акцияларын сатқан. Енді
осы бойынша шоттар корреспонденциясын
жасап көрейік:
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы,
теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Заңды тұлғалардан,
онда қалыптасқан (немесе олардан алынған)
бағасы бойынша акциялары сатып
алынды:
- “Темір” ААҚ - 33% айналыстағы акциясы - “Цемент” ААҚ - 28% айналыстағы акциясы |
3 110 000 4 600 000 |
2210 |
4110 |
Жиыны | 7710000 | |||
2. | Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Цемент” ААҚ 2000 мың теңгеге дивидендті жария еткен, сондықтан “Шығыс” ААҚ оны табыс ретінде көрсетуі керек 373 333 теңге (2 000 000 * 28%/12) яғни инвестицияны алғанға дейін алынған табыс – 186 667 теңге (2 000 000 * 28% * 4/12), инвестицияның баланстық құнын азайтады | 373 333 186 667 |
2170 2170 |
6120 2210 |
3. | Келесі жылдың
наурызында сатылған инвестиция:
- инвестицияның баланстық құнының сомасына - инвестицияны
сатқан кездегі, оның |
7 523 333 8 500 000 |
4710 2110 |
2210 6210 |
4. | Сатып алушылар ұсынылған шотты төледі | 8 500 000 | 1030 | 2110 |
Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.
Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Енші-лес шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі секріктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестицияны бөліп, біріктірілген қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлоық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
Негізгі серіктестіктің біріктірілген есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі боцынша ескеріледі.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестиция-сының есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзегеасыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісімшартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады: