Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2011 в 16:05, курсовая работа
Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондайақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып.
Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгелдеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорын-ның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізіледі.
Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдеріг және жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір құнды қағаздың реквезиттері кәсіпорынның бухгалтериясында сақталатын тізімдердің мәліметтерімен салыстырылады.
Банкке немесе депозитерийға өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитарийдің мәліметтерімен салыстырылады.
Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың нақты құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамның, қор нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.
Ел ішіндегі және шетелдегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде тиісті құжаттармен куәландырылады.
Қаржылық инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері “Құндылықтар мен қатаң есеп беру” құжаттарының бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.
Егер мүліктік түгелдеу кезінде әртүрлі дебиторлармен және басқалармен есеп айырысу шоттарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестицияларды тиісті шоттарына аударады.
Мүліктік түгелдеу кезінде банкрот болып жарияланған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар анықталуы мүмкін.
Мүліктік түгелдеу комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындардағы өзгерістерді, меншік түрінің ауысуын, инвестиция салыған кәсіпорындарды шетелдік инвестордың сатып алуын және басқа да жағдайлары анықтауы мүмкін. Осы да және басқа да жағдайларда мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер қабылдауы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек.
Есеп беруде инвестицияларды ашып көрсету. Шаруашылық жүргізуші субъект қаржылық есеп беру барысында өзінің баланстық құнын, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларын есептен шығарғаннан кейін қайта бағалаудан түскен табысын есеп саясатында ашып көрсетуі қажет.
Сондай-ақ, пайыздар, роялти, дивидендтер, ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа мерзімді қаржылық инвестицияладың есептен шығуынан түскен табыстар мен шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс.
Жылжымайтын
мүлікке салынған инвестициялардың
ағымдағы құны, сондай-ақ, инвестицияларды
өткізудегі айтарлықтай шектеулердің
жайы, алатын табысы; олардың сатылуынан
түсетін пайдасы; есеп беру кезінде қайта
бағаланудан түскен соманың қозғалысы
және бұл қозғалыстың сипаты; қайта бағалауды
есепке алғандағы құнымен есептеген кезіндегі
ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялары
бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі,
соңғы қайта бағалаудың күні, қайта бағалаудың
негізгі есебі ашылуы тиіс.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы,
теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1. | Сату құны бойынша сатып алынған акциялар | 100 000 | 2040 | 1010
1030 1050 |
2. | Акция бойынша дивидендтердің есептік шотына түсті | 20 000 | 1030 | 6120 |
3. | Акцияны сату:
- акцияны баланстық құны есептен шығарды - акцияны өткізуден табысты есептеу |
100 000 150 000 |
7040 1010 1030 1050 |
1150 6210 |
4. | Облигацияны және басқа құнды қағаздарды сату құны бойынша сатып алу | 200 000 |
1130 1150 |
1010 1030 |
5. | Облигация мен
басқа құнды қағаздар сатып алудан
тиесілі әрбір табысты
|
20 000 |
7470 1130 |
1130 6260 |
6. | Қайта бағалау нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның бастапқы құнын өсіру | |
1150 |
5320 |
Кіріспе
XX ғасырдың соңында басқарушы шаруашыдықты халықаралық дәрежеде ұстау жаңа даму деңгейіне өтті – ол әлемдік.
Экономикалық жаһандану деңгейі. Бұл жаһандану жағдайында және халықаралық интеграция кезінде әлемнің кез келген елі үшін әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстылығы инвестицияны тиімді пайдалануына байланысты.
Қазақстан өзінің егемендігін алған кезде өте ауыр дағдарыс болды және одан шығу өте қиын болды. Себебі, Қазақстандағы жоспарлы экономиканың қалдығы өте көп еді. Еліміздің тұрғындары өз еңбегі үшін жалақысын ала алмады, жұмыссыздық деңгейі өсті, зауыт – фабрикалар жабылды. Барлық кәсіборындар тек өндіру саласында қызмет етті, ал дайын өнім шығару және өңдеу салалары, барлық капиталымен қоса Ресей қалып қалды. Осы жағдайдан шығу үшін, еліміздің экономикасын инвестициялауды жүргізу үшін, ішкі және сыртқы шикізат ағымын арттыру керек болды. Енді біздің дағдарыстан шығуымызға бірден – бір мүмкіндік туды; ол тек ұлттық емес, шетелдік инвестицияларды да экономикаға тарту болатын. Қазақстан үшін инвестциялар тек дағдарыстан шығуды, экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қайнар көзі ғана емес еді.
Ол өз алдында әлемдік экономикаға аяқ басудың алғы шарты еді.
ҚР – дың Президенті Қазақстан Республикасының халқына жолдауында қоғамды дамытудың негізгі бағыты экономикалық өсуді бөліп көрсетеді.
Сонымен,
менің курстық жұмысымның бастапқыда
айтылып кеткен инвестициялық жағдайларға
байланысты, қазіргі кездегі компаниялардың
портфельдеріне үлкен мән бердім. Яғни
мұнда әр шаруашылық жүргізуші субъектілер
тәуекелге бара отырып, түрлі бағалы қағаздар
портфелін инвестициялау арқылы максималды
ақша түсімін немесе табыс табу болып
келеді. Бұл мақсатқа жету үшін олардың
бірнеше кезеңдерден өтуді қамтамасыз
етуді талап етеді.
Қорытынды
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, қазіргі нарықтың даму жағдайында көптеген қиыншылықтар болып жатыр. Соның бірін айта кететін болсақ әлі күнге дейін қаржылық инвестициялрға дұрыс көзқарастар болмай жүр және осының салдарынан нарық субъектілерінің осыған деген иқызушылықтары әліде төмен деуге болады. Яғни қаржылық құралдардың жетіспеушілігі және жалпы базаның жоқтығынан осындай қиыншылықтар болып жатыр.
Тағы бір айтатын жай, біздің Қазақстанымызда әлі күнге дейін портфельді менеджментпен айналысатын ұйымдардың дұрыс бұл іске айналысуының төмендігі. Міне осындай жағдайлардың нәтижесінде біздің елімізде қаржылық инвестиция жекешелеген саласы дами алмай жатыр.
Жалпы
осы курстық жұмысымды қорыта
келе, мен мынандай ұсыныстар айтқым келеді
және осы айтқаным болашақта орындалса
деп ойлаймын. Яғни Қазақстан Республикасында
жекешелеген, мемлекеттік кәсіпорындарда,
фирмаларда, сонымен қатар, көптеген шағын
және орта кәсіпкерлікті шаруашылықтарда
осы инвестициялық портфельдің маңыздылығы
мен тиімділігінің артуын қалаймын. Яғни
бұның өзі шет жерлерден көптеген инвесторлар
келіп өз капиталдарын осы салаға сала
отырып, тәуекелге бара отырып, табыстылықты
ұлғайту болып табылады, ал бұл әрине біздің
экономикамыздың бір бөлігінің ұлғаюы
болып табылады. Сол себептен біз осы салаға
көп көңіл бөліп, оның ары қарай дамуына
өз үлестерімізді қосуымыз керек деп ойлаймын.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі. Инвестиция есебі
1. Нақты
және қаржылық инвестициялардың ұғылы
және олардың
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің, инвестициясының есебі.
3. Қаржылық инвестициялардың есебі.
4. Қысқа
мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын
және ұзақ мерзімді
III. Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
«Қазақстан – орталық аудит» тәуелсіз аудиторлық компаниясы
В.К. Радостовец
Т.Ғ. Ғабдуллин
В.В. Радостовец
О.И. Шмидт
В.Л. Назарова
Қ.К. Кеулімжанов
Н.А.
Құдайбергенов
4. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі
Б.С. Мырзалиев
А.А. Сәтмырзаев
Р.С. Әбдішүкіров
5. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы” 2002 жылдың
24-ші маусымындағы Қазақстан Республикасының
Заңы
6. “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” 1998- жылғы 20-қараша Заң күші бар №20 жарлығы (2001 ж. 15-қарашадағы өзгертулер мен толықтырулармен)
7. Қазақстан Республикасы “Акционерлік қоғамдар туралы” заңы 1998- жылғы 10- шілде №2811
8. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы бекіткен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ-нің экономикалық колледжі
«Бухгалтерлік есеп» пәнінен
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
«Инвестиция есебі»
Тексерген: Тойлыбаева Ж.