Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып.

Работа состоит из  1 файл

инвестиция есеби.doc

— 892.50 Кб (Скачать документ)

      Фьючерлік контракт – мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контрат мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады. Фьючертік контракттар бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндеттеме-лерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу палатасы арқылы жүзеге асырылады.

      §4. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу 

      Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау. Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иелігіндегі алынған қаржылық инвести-циялары листингтік биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса,онда нарықтық құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.

      Табыстың  тіркелген (фиксажалған) деңгейі бар облигациялардың құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқынының құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пацыздық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облиғацияны бағалау үшін мынадай теңдік пайдаланылады: 

, 

      Мұндағы: Р – облигацияның ағымдағы құны;

                            С – жыл сайынғы төлеуге  жататын номиналдық табыс пайызы;

                            k – жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс;

                            n – облигацияны өтеу мерзіміне дейінгі қалған мерзімі.

      Облигациялардың басым бөлігі юойыншапроценттер  жылына бір рет емес, екі рет төленеді. Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге болады: 

. 
 

      Мерзімі шектелмеген облигациялардың  ағымдағы құнын анықтау. XIX ғасырдың басында шығарылған британдық консоли, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіңленген проценттік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылған. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік алып отыруды қамтамасыз етеін болса, онда оның ағымдағы құны  р= С/к-ге тең, мұндағы к – тәуелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.

     Табыстың  қолданыс таба алатын деңгейі өзгерген кезде (табыстылықтың нарықтық деңгейі) облигациялардың да құны өзгереді.

      Шартты бағалы қағаздардың құнын анықтау. Варрант белгілі бір акциялар саны бойынша белгілі бір акциялардың бағасын анықтауға болатындығын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір бағасы бойынша белгілі санын анықтайды. Акциялардың нарықтық бағасы р-ға тең, варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы П, бір варрантқа V акцияларын сатып алуға болады, онда варрант бағасы:

Цв=(р-П)*V,

     мұндағы Цв – варрант құны.

     Акциялардың нарықтық бағаларының әрбір өзгерісі кезінде варранттың ағымдағы құны да өзгереді.

     Опцион  – бұл бағалы қағаз, белгіленген мерзімде белгілі бір баға бойынша, белгілі бір акцияның санын сату немесе сатып алу құқығын көрсетеді: 

     Цо=(p-)*k-S,

     Мұндағы:

     р – контракт біткен күндегі акцияның бағасы;

     П – опциондық контракт жасалған кездегі акцияның бағасы;

     k – опциондық контракт бойынша акцияның сомасы;

     S – опционның сатылатын бағасы.

     Акцияның  ағымдағы құнын анықтау. Акцияның әрекет ету мерзімі шектелмейтіндіктен, жыл сайынғы алынатын дивиденд тұрақты болсын делік және оның абсолюттік деңгейі «Д» - ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула мынадай болады: 

      ,

     Мұндағы:

       – акцияның құны:

       – пайыздық мөлшерлемесі.

     Акцияның  нарықтық құны әртүрлі әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың екі типі бар деп топшыланады. Олардың бірі дивидендті жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының өсімін көздейді. Осыған сәйкес, акцияның нарықтық бағасының орташа сомасын анықтайық:

 

ρ

      Мұндағы:

      ρ - акцияның нарықтық құны;

      x – жоғары дивиденд алуға ниет білдірген инвесторлардың үлес салмағы, дивиденттік ( x~1);

       - бұрындары сатылып кеткен  акциялардың бағасы.

      Акцияның  нарықтық бағасын шығарған кезде x пен y деңгейінің тәуел-ділігі байқалады: бір кезде “бағамдық” басым болса, ал бір кезде керісінше, “дивидендтік” басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты бағасын бағалай алмайды.

      Акцияның  ағымдағы құнын есептейтін әрі танылған моделі қалыптасқан жоқ. Акцияның нарықтық бағасын болашақта күтілетін дивидендтер ағыны бойынша есептеуге болады деп топшыланған пікірлер де жоқ емес. Ол, негізінен өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның нарықтық құнын анықтайтын формуланың түрі мынандай болады: 

,

      Мұндағы:

       - кезең үшін күтілетін дивиденд;

      к - акция бойынша қажетті табыс  деңгейі;

       - 1 ден  дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дискщнтталған құнының сомасы.

      Егер  инвестор акцияны бір жыл ұстап  және акцияның құнын n мөлшер-лемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынадай болады: 

      Мұндағы:

      Д - жыл соңына күтілетін дивиденд;

      n - жыл бойындағы акцияның өсу қарқыны, %;

      i – дисконттың мөлшерлемесі. 

      Инветицияларды  қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржылық инвести-цияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.

      Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың үстеме бағасының сомасы меншік капиталын өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвести-цияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі болмаса, онда ол шығынға жатқызылады.

      Бұрындары төмендетілген инвестиция құны осы кездегі инвестицияның үстемесінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.

      Егер  де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның  құны қайта бағалаудың нәтижесінде  азайса, содан соң көбейсе, алдыңғы  ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның азайған құны өзінің бастапқы қалпына келтіріледі. Сол қалпына келтірілген сома қабылданған есеп саясатына байланысты табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.

      Қаржылық  инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі  әрбір субъектінің есептілік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылық туғызатын қаржылық мәселелер б.т. Инвестор әрқашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі ақша қаражатынан бас тартып, болашаққа табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған әдістің 4 әдісін пайдаланады:

    • инвестициялық табыстың орташа нормасы;
    • өтеушілік;
    • табыстың ішкі нормасы;
    • таза ағымдағы құны.

      Инвестициялық табыстың орташа нормасының әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорынның белгілі  бір уақыт кезеңіндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық деңгейі мен жүзеге асырылған қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялық табыстың орташа нормасы инвестицияның не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайған кезде оларды қайта бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.

      Инвестицияның өтеушілік мерзімін есептеу әдісі негізінен инвести-цияның бастапқы салынған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция сомасына тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.

      Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның  тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын ала жауап береді, ал тәуекелділік өз кезегінде инвестициялық сомаларды қайтару мерзімінің ұзақтылығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қысқа болған сайын, жобадан түсетін ақшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, яғни шаруашылық субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылық субъектілерінің т2ж3рибес3нде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады, ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылжы құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер керек.

      Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаныңәртүрлі құнын ескермейді (дисконттау процесі онда қолданбайды), сондай-ақ өтелу мерзімі яақталғаннан кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің бірі ретінде ғана қарастырылады.

      Шаруашылық  субъектісінің ішкі табыстар нормасы  өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициядан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындыңын көрсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталған құны сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.

      Егер  де алғашқы бастау алатын шығыны 0 уақытына сәйкес келетін болса, ал оның ішкі табыстық нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны келесі формула бойынша анықтауға болады: 

       ,

      Сонымен, 1 – бұл болашақ кезеңде болатын  ақша ағынының дисконтталған деңгейінің мөлшерлемесі дейін, бірақ ол кезде бастау алған шығынын олардың ағымдағы құнына теңестіру керек.

      Егер  де табыстың ішкі нормасы артатын  болса, онда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалауға тура келеді, өйткені  жобаның рентабельділігі төмендейді, демек одан алынатын табыстың да деңгейі азаяды.

      Таза  ағымдағы құн – бұл ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау  мақсатында ақша ағындарын дисконттау әдісі. Таза ағымдағы құн келіп түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына тең.

      Ал  инвестициялық жобаның таза ағымдағы құнын мына формула бойынша анықтайды: 

       ,

      Мұндағы: l – табыстың қажетті нормасы.

      Кәсіпорынның  табыс нормасы салық салынғаннан  соң 12% құрады делік, ал инвестицияның деңгейі 180 мың теңге құраған және жыл бойына жыл сайынғы төлемі 57 мың теңге болған, яғни оның ағымдағы құны мынаған тең: 

        

      Инвестицияларды мүліктік түгелдеу. Түгелдеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдары, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауға мүмкіндік береді.

      Құнды қазаздардың (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер  және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар) нақты барын тексергенде: құнды қағаздың баланста есептелген құнының дұрыстығы; құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен); құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды.

Информация о работе Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі