Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:49, контрольная работа

Описание

Инвестицияның мәні. Инвестициялар кәсіпкерлік қызметінің объектілеріне бағытталған барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардын түрлері, яғни сонын нәтижесінде пайда (кірістер) туады немесе құнарлы тиімділікке қол жетерлік .

Работа состоит из  1 файл

инвестиция.docx

— 129.82 Кб (Скачать документ)

 Инвестициялардың  экономикалық маңызы мен жіктелуі 

Инвестицияның мәні. Инвестициялар  кәсіпкерлік қызметінің объектілеріне  бағытталған барлық мүліктік және интеллектуалдық  құндылықтардын түрлері, яғни сонын  нәтижесінде пайда (кірістер) туады  немесе құнарлы тиімділікке қол  жетерлік .Инвестициялар экономикалық категориясы ретінде келесі сипаттамаларын білдіреді:

   Капиталды өсіру мақсатында кәсіпкерлік қызметіне салымдар жасау;

Инвестициялық жобаларды іске асыру процессінде инвестициялық қызметінде қатысушылар арасында (банктер, мемлекет және инвестициялық жобаны тапсырушылар)  туатын ақша катынастары.   Инвестицияның мәні инвестициялық қызметінің екі жағын білдіреді: ресурс шығындары мен табатын нәтиже (пайда). Инвестициялар нәтиже табу мақсатында екі жақты қарастырылады: саналық (пайда) және сапалық (білім беру саласында – мектеп салу және білімді мамандар саның көбейту, кәсіпкерлікте -  өнім шығару мақсатында кәсіпорындардын саның көбейту. Инвестициялық қызметтің объектілері:

- мүліктік құқық;

өндірілетін және модернизацияланатын негізгі құралдар;

бағалы қағаздар;

мақсатты ақша салымдары;

ғылыми – техникалық өнім;

интеллектуалдық меншікке құқық;

меншікті басқа да объектілері.

    Инвестициялық қызметтің субъектілері: инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектілерін қолданушылар, жабдықтаушылар, әр түрлі қаржы мекемелері – банктер, сақтандыру компаниялар, делдалдар.

Инвестициялаудын негізгі этаптары:

   Ресурстарды капиталдық шығындарға айналдыру, яғни инвестицияларды нақты инвестициялық объектілеріне салу процессі (инвестициялаудын өзі);

   Салынған қаражаттарды капиталдық құндылыққа айналдыру, яғни  инвестицияларды пайдалану және жаңа тұтынушылық құнын алу (ғимарат пен құрылыстар, жаңа өнім және т.б.);

   Капиталдық құндылықтын пайдаға айналуы, яғни инвестициялаудың соңғы мақсаты. Капиталды өсіру көзі және инвестициялаудын мақсаты жобаны сатудан түскен пайда (кіріс) болып табылады. Тәжірибиеде пайда (П) массасын инвестициялық шығындармен салыстырады (ИШ) және олардын тиімділігін (ИТ) есептейді:

   ИТ (%)=П/ИШ*100.

    Инвестицияның көлеміне әсерін тигізетін факторлар.

Азаматтар кірістерінің жоғарлауы, олардың бір бөлігін сақтап қалуына  арналған және инвестициялық ресурстарының  көздері болады.   Сондықтан, Салымдар (сбережения) үлесінің барлық кірістердін  ішінде жоғарлауы инвестициялар  көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше  болуы мүмкін. Бұл жағдай азаматтардын мемлекетке сенім арттыру нәтижесінде  камтамасыз етіледі және мемлекет өзі  жағына инвестициялық белсенділікке  мүмкіндік беруі тиіс. 

   Инвестицияның көлеміне күткен табыстылық нормасы әсерін тигізеді, өйткені пайда қызығушылықты тудыратын негізгі себеп. Күткен табыстылық нормасы жоғары болған сайын инвестициялау көлемі де жоғарлайды, және керісінше. 

   Инвестиция процессінде меншікті қаражаттарымен қатар қарыз қаражаттарын қолдануға мүмкіншілік болғандықтан инвестицияның көлеміне ссудалық  пайыздың қойылымы әсерін тигізеді. Егер күткен табыстылық нормасы орташа ссудалық  пайыздың қойылымынан жоғары болса, онда мұндай салымдар инвесторға тиімді болғаны.   Сондықтан, орташа ссудалық  пайыздың қойылымының өсуі мемлекеттің экономикасына инвестициялар көлемінің төмендеуіне әкеледі. 

   Инвестициялық жобаның мазмұны кез келген инвестициялық қызметі болуы мүмкін – жаңа кәсіпорынды құру жоспары мен жылжымайтын мүлікке лицензиялар мен патенттерді сатып алу бағдарламасы.  

    Инвестициялық жобаларды келесі белгілерімен жіктеуге болады: 

- масштаб (көлемі);

іске асыру мерзімі;

орындау сапасы;

ресурстардын шектелуі;

іске асыру мерзімі  және орны.

  Негізгі этаптар:

- инвестициялық идеяның  тууы;

- инвестициялық мүмкіншілікті  зерттеу; 

- құрылыстың, объектіні қайта  құру, техникалық қайта қаруландыру  жұмыстарының техникалық – экономикалық негіздемесін құрастыру;

- келісім шарт құжаттарын  әзірлеу; 

- құрылыстық- монтаждық жұмыстар;

- объектіні эксплуатациялау  және экономикалық көрсеткіштердің  мониторингі. 

  

 

Инвестициялық жобалар

   Инвестициялық жобалар ұғымы, оларды әзірлеу этаптары.

 Нақты инвестициялаудын  барлық формалары негізгі үш этаптан тұрады, олардын жиыны инвестициялық цикл деп аталады:

1) инвестициялаудын алдындағы  стадия, мұнда альтернативті шешімдер  нұсқаулары әзірленіп оларға  баға беріліп, іске қосылуға  нақты бір нұсқа қабылданады; 

2) инвестициялық стадия  – инвестициялық шешімінің іске  асырылуы; 

3) инвестициялық стадиясынан  кейн – объектіні эксплуатациялау  процессін бақылау. 

   Инвестициялаудын алдындағы стадиясы дегеніміз инвестициялық жобаны дайындау, яғни бизнес – жоспарын, техникалық – экономикалық незідемесін әзірлеуден тұрады. 

  Жоба (лат. рrojectus – брошенный вперед) – техникалық құжаттар – жаңадан құрылатын ғимараттардын, құрылыстардын, машиналардын, цехтердің, зауыттардын, фабрикалардын макеттері, сызулары, экономикалық және техникалық есептері мен өндірістік пен әкімшілік құрылыстарының орналасу генералдық жоспары. Басқаша жобаны техникалық – экономикалық құжаттарының синтетикалық жиыны деп атауға болады.

   Инвестициялық жоба ұғымын екі жақты қарастыруға болады:

1) қойылған нәтижеге жету  мақсатында әзірленген кез келген  іс, қызмет, шаралар кешені; 

2) қойылған нәтижеге жету  мақсатында әзірленген есептік  - қаржылық және құқықтық –  ұйымдастырушылық жүйесі.

   Сондықтан, инвестициялық жоба деп нақты инвстициялауды жұргізуге қажетті негізгі құжат, яғни онда жобаның сипаттамасы, қаржы көрсеткіштері беріледі. 

   Инвестициялық жобаны дайындау, әзірлеу, іске асыру мәнінде және оларды экономикалық бағалауда қолданылатын әдістерін зерттеуде бірнеше этаптардан өту керек: 

- инвестициялық идеяның  тууы;

- инвестициялық мүмкіншілікті  зерттеу; 

- құрылыстың, объектіні қайта  құру, техникалық қайта қаруландыру  жұмыстарының техникалық – экономикалық  негіздемесің құрастыру; 

- келісім шарт құжаттарын  әзірлеу; 

- құрылыстық- монтаждық жұмыстар;

- объектіні эксплуатациялау  және экономикалық көрсеткіштердің  мониторингі. 

   Инвестициялық идеяның тууы дегеңіміз:

- идеяны тандау және  алдын ала бағалау; 

- техникалық шешімді (техника,  ресурстар мен қызметтер объектілерің) инновациялық, патенттік, экологиялық  талдау; 

- сертификациялық талаптардың  орындалу қажеттілігін тексеру;  

- инвестициялық идеяны  алдын ала келістіру; 

- жобаны іске асыралатын  кәсіпорында, мекемені алдын ала  таңдау;

- рецепиенттің ақпараттық  меморандумын дайындау. Рецепиент  – инвестицияның субъектісі –  инвестицияны қолданатын кәсіпорын,  мекеме. 

   Инвестициялық жобаның жіктелу. Инвестициялық жобаларды бірнеше белгілерімен жіктеуге болады:    

1) инвестициялау мақсаты  бойынша

- өнімді өндіру көлемін  ұлғайтуға арналған инвестициялық  жоба;

-  өнім ассортиментің  кеңейтуге (жаңартуға) арналған  инвестициялық жоба;

- өнім сапасын жоғарлатуға  арналған инвестициялық жоба;

- өнімнің өзіндік құнын  төмендетуге арналған инвестициялық  жоба;

- әлеуметтік, экологиялық  және басқа да тапсырмаларды  шешуге арналған инвестициялық  жоба.

2) іске асыру автономиясы  бойынша

- кәсіпорынның басқада  жобаларын іске асырудан тәуелсіз  инвестициялық жобалар; 

- кәсіпорынның басқада  жобаларын іске асырудан тәуелді  инвестициялық жобалар.

3) іске асыру уақыты  бойынша

- қысқамерзімді – 1 жылға  дейін;

- ортамерзімді – бір  жылдан үш жылға дейін;

- ұзақмерзімді -  үш жыл  және жоғары.

4) инвестициялық ресурстарының  қажетті көлемі бойынша

- үлкен емес инвестициялық  жобалар –1000 долл. дейін;

- орташа инвестициялық  жобалар -  1000 доллардаң 100 000 долларға дейін.;

- үлкен –100 000 доллардаң  жоғары.

5) қаржыландыру схемасы  бойынша

- ішкі қаражаттар көздерімен  қаржыландырылатын инвестициялық  жобалар;

- акционерлеу арқылы қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар ;

- несие қаражаттарымен  қаржыландырылатын инвестициялық  жобалар;

- қаржыландырудын аралас  формаларымен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар. 

   ЮНИДО (Организации Объединенных Нации по Промышленному развитию) ұсыныстарына сәйкес инвестициялық жобалар келесі тараулардан тұруы қажет:

   Инвестициялық жобаларды қаржыландыру нұсқалары. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру схемасын әзірлеу кезінде оның бес негізгі нұсқалары қарастырылады.  

1) толығымен өзін өзі  қаржыландыру – көбінде үлкен  емес инвестициялық жобаларды  қаржыландыру кезінде қолданылады.

2) акционерлеу – үлкен  инвестициялық жобаларды қаржыландыру  кезінде қолданылады.

3) несиелік қаржыландыру  – үлкен емес қысқа мерзімді  және рентабелділік нормасы жоғары  инвестициялық жобаларды қаржыландыру  кезінде қолданылады. Рентабелділік  нормасының деңгейі ұзақ мерзімді  қаржы несиенің пайызынан жоғары  болуы тиіс. 

4) лизинг немесе селенг  – меншікті қаржы қаражаттары  жетіспеушілік  кезінде немесе  қаржы несиенің құны жоғары  болған жағдайда қолданылады.         Кәсіпорынды қайта құру немесе жаңарту мен модернизациялауға ивестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде қолданылады.

5) үлестік қаржыландыру  – инвестициялық жобалардын барлық  түрлеріне қолданылады -  жоғарыда  аталып кеткен нұсқалардын комбинациясы.

    Аталып кеткен қаржыландыру схемасын есепке ала отырып инвестициялық ресурстар көздерінің құрамында пропорциялар белгіленеді. 

   Инвестициялық жобалардын экономикалық тиімділігін бағалаудын негізгі принциптері

   Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің мәні.       Тиімділік дегеніміз нәтижені шығындарға салыстыру.  Бірінші көз қарас тиімділік туралы анықтамаға бұл сұрақтын күрделілігін көрсетпейді. Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау кезінде шығындарды дұрыс есептеу мен қоғамдық еңбек нәтижесін анықтау дұрыс есептеудің  нәтижесіне жету жслдары болады. 

   Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігінін мәні қоғамдық еңбек өнімділігін жоғарлатуда берілген, яғни өнімнің құңын төмеңдетуде.  Кәзіргі қоғамда капиталдық салымдардын тиімділігі екі аспектіден тұрады - экономикалық және әлеуметтік.        Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің аспектісін анықтау кезінде шығындар (негізгі және қосымша) толығымен өндірушіде де тұтынушыларда да есепке алынуы тиіс. Жалпы экономикалық тиімділік тиімділіктін (эффект) капиталдық салымдарға қатынасы.  Жалпы көрсеткіштерге келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады: капиталдық салымдардын өтелу көрсеткіші, яғни салынған қаражаттардын өтелу (қайтарылу) мерзімін білдіреді, және капиталдық салымдардың үлесі, яғни капитал салымдылығын білдіреді (өнімнің, қызметтің, жұмыстын бір тенгесіне келетін ресурс мөлшері). Аталып кеткен көрсеткіштерден басқа бағалау көрсеткіштер жиынына келесілер жатады: еңбек өнімділігі; қор қайтарылымы; өнімнің өзіндік құны; өнімнің сапасы мен техникалық деңгейі; өнімнің, қызметтің, жұмыстын материал– және энерго сиымдылығы; жоба қуатын игеру ұзақтылығы; әлеуметтік тиімділігің әлеуметтік нормалармен салыстырудағы көрсеткіштер; еңбек жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты көрсеткіштер. Капиталдық салымдардың тиімділігін есептеуде инвестициялық емес факторлаға байланысты тиімділіктерді (эффект) шегеру керек. Мысалы,  бұрындағы жобалардын өндіріс қуаты немесе еңбекті ұйымдастыруды алдында енгізіген шаралары,   кәсіпорынның сменалығын жоғарлату, өндіріс пен еңбекті прогрессивті басқару және ұйымдастыру формаларын игеру, сонымен қатар капиталдық салымдарды қажет етпейтін шаралар.  Инвестициялардын әлеуметтік нәтижесін бағалау дегеңіміз адамнын құқығын, әлеуметтік жағдай нормасын, стандартын сақтайтын жоба. Жұмыскерлерге жақсы еңбек ету мен дем алу жағдайларын жасау жөнінде, оларды азық түлікпен, тұрғын үймен және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар міңдетті болғанымен жеке бағалануға жатпайды.   Жобаларда орын табуы тиіс инвестициялардын әлеуметтік нәтижелердің негізгі түрлері:

- аумақта жұмыскерлер  орнының өзгеруі;

- жұмыскерлердің тұрғындық  және мәдениет – тұрмыстық  жағдайларының жақсаруы;

- жұмыскерлердің еңбек  жағдайының жақсаруы;

- өндірістік персонал  құрылымының өзгеруі;

- халықтын тауралармен  жабдықталуы (отын – энергетикалық  кешенінің жобалары үшін –  отын мен энергия; аграрлық  сектор мен азық түлік кәсіби  жобалары үшін – азық түлікпен  және т.б.);

- жұмыскерлер мен қоғамның  жалпы денсаулығы;

Информация о работе Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі